Iшкi су көлiгi туралы
2004 жылғы 6 шілдедегі № 574-II Қазақстан Республикасының Заңы
(2013.03.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 4 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережелеріне», «кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережелерін», «кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережелеріне», «кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережелерімен», «кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережелерінде», «Кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережелерін» деген сөздер тиісінше «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасына», «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жән оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасын», «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында», «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жән оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасымен» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң кеме қатынасын, жолаушыларды, багажды және жүк тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде ішкі су көлiгi саласында мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ олардың құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) айлақ - кемелердің қауіпсіз кіруіне арналған құрылғылары бар және кемелердің қауіпсіз тоқтап тұруына, оларға жүк тиеуге, жүк түсіруге және қызмет көрсетуге, сондай-ақ жолаушыларды кемеге отырғызуға және кемеден түсіруге арналған гидротехникалық құрылыс;
2) арқандап байлау - кеменің айлаққа, пирске немесе басқа кемеге жақындап келуі және кемені осыларға бекіту жөніндегі іс-қимылдар;
2-1) әлеуметтік мәні бар тасымалдаулар - халықтың тасымалдауларға сұранымын қанағатандыратын және жергілікті атқарушы органдар айқындайтын жолаушыларды тұрақты қатынаста ішкі су көлігімен тасымалдау;
3) дебаркадер - жолаушылар кемелерін немесе жүк кемелерін арқандап байлауға және оларға қызмет көрсетуге арналған жүзбелі айлақ;
4) диспаша - тасымалдауға қатысатын тараптар арасында жалпы авария бойынша бөлінетін шығындарының есебі;
5) диспашерлер - ішкі су көлігі саласында білімі мен тәжірибесі бар, диспашаны айқындау жөніндегі есепті жасайтын адамдар;
6) жағалау белдеуі - экологиялық талаптарды сақтай отырып, навигациялық белгілер мен жабдықтарды орнатуға арналған, жағалау сызығынан бастап ені жиырма метрге тең, су объектiлері жағалауы бойындағы құрлық белдеуі;
6-1) жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмi - осы Заңның 26-бабының 5-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін шетелдік кемелер тіркелетін құжат;
7) жол жұмыстары - iшкi су жолдарындағы су түбiн тереңдету, түзеп-жөндеу, тральдау, су түбiн тазарту, iздестiру жұмыстары және навигациялық құрал-жабдықтарды орналастыру мен күтiп ұстау жөніндегі басқа да жұмыстар;
8) жолаушы - тасымалдаушымен шарттық қатынастарда тұрған және билетте немесе оның жол жүру құқығын растайтын өзге де құжатта көрсетiлген не жүк тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушының келісімiмен автокөлiк құралын, жануарларды және өзге де жүктi алып жүруге оның құқығы расталған адам;
8-1) жолаушы куәлiгі - кемедегі жолаушылардың рұқсат етілген ең көп саны туралы мәлiметтерді қамтитын кеме құжаты;
8-2) жолаушылар кемесі - он екiден артық жолаушыны тасымалдауға арналған кеме;
9) жүзуге жарамдылығы туралы куәлік - Кеме қатынасы тіркелімінің ережелеріне сәйкес берілетін Кеме қатынасы тіркелімінің негізгі құжаттарының бірі;
10) кеме - Кеме қатынасы тiркелiмiнiң техникалық бақылауындағы, ішкі суларда жүзетін кеме, кеме қатынасы мақсатында пайдаланылатын өздігінен жүзетiн немесе өздігінен жүзбейтiн жүзбелi құрылғы, оның iшiнде «өзен-теңiзде» жүзетiн кеме, паром, техникалық флот кемесі (су түбiн тереңдетушi және су түбiн тазартушы снарядтар, жүзбелi кран және басқа да осы сияқты техникалық құрылғылар);
11) кеме жолы - белгілі бір көлемдегі кемелердің кедергісіз жүзуіне жол берілетін шектерде жолдың бағыты мен шекараларын көрсететін навигациялық жағдайдың белгілері қойылған ішкі су жолдарындағы су беті;
12) кеме жүргізу - ішкі су жолдарымен жүзуді жүзеге асыратын кемені басқаруға байланысты қызмет;
13) кеме иесі - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кемені өз атынан иелену және пайдалану құқығымен пайдаланатын тұлға;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 13-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-1) кеме ипотекасы - мемлекеттiк тiркеуге жататын ішкі суда жүзетiн кеменiң, шағын көлемдi кеменің, «өзен-теңiзде» жүзетiн кеменiң тиiстi тiзiлiмде тiркелген шарт негiзiнде туындайтын ипотекасы;
14) кеме кітабы - Мемлекеттік кеме тізіліміне енбеген кемелер мен оларға құқықтар тіркелетін құжат;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
15) кеме қатынасы - ішкі су жолдарында жүктерді, жолаушылар мен олардың багаждарын, почта жөнелтілімдерін тасымалдау, кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйреуге, пайдалы қазбаларды іздеу, барлау және өндіру, балық аулау және өзге де кәсіпшілік, құрылыс, жол, гидротехникалық, су асты-техникалық және басқа осы сияқты жұмыстар, кемелерді лоцмандық алып өту, құтқару операциялары, су объектілерін қорғау, оларды ластану мен қоқыстанудан сақтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, суға батқан мүлікті көтеру, санитарлық және басқа да бақылау және қадағалау, ғылыми зерттеулер жүргізу, оқу, спорттық, мәдени және өзге де мақсаттар үшін кемелерді пайдалануға байланысты қызмет;
16) кеме қатынасы шлюзi - кемелердi судың бір деңгейiнен екiншi деңгейiне көтеруге немесе түсiруге арналған гидротехникалық құрылыс;
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
17) Кеме қатынасының тiркелiмi - кемелердi жіктейтін және олардың техникалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
18) кемелерді лоцмандық алып өту - кемелердің ішкі су жолдарының аса күрделі учаскелері бойынша қауіпсіз өтуін қамтамасыз ететін қызмет;
19) кеменің меншік иесі - Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасына сәйкес кеменің меншік иесі ретінде тіркелген тұлға;
20) киль - кеменің негізгі ұзына бойы созылған элемент, ол кеменің түбін бойлай оның тұмсығынан артқы жағына дейін тартылып, оны екі симметриялы бөлікке бөледі;
21) көліктік жүкқұжат - тікелей су және аралас қатынастарда жүк тасымалдау кезінде ресімделетін тасымалдау құжаты;
22) куәландыру - кеменің арналуы мен жіктелімінің расталуын есепке ала отырып, оның жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, техникалық регламенттерде және Кеме қатынасы тіркелімінің ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкес кеменің техникалық жай-күйін анықтау мақсатында кемені қарап шығу;
23) Қазақстан Республикасының ішкі су жолдары (бұдан әрі - ішкі су жолдары) - кеме қатынасы мақсатында пайдалануға болатын табиғи немесе қолдан жасалған қатынас жолдары;
24) Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі (бұдан әрі - ішкі су көлігі) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және ішкі су жолдарында кеме қатынасы мен кеме қатынасына байланысты өзге де қызметті жүзеге асыратын көлік түрі;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 25) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25) қарап шығу - уәкiлеттi органның объектiнi қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарына сәйкестiгi тұрғысынан тексеруi;
26) қауіпті жүк - өзінің қасиеттері мен ерекшеліктеріне қарай тасымалдау, тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу және сақтау кезінде жарылыстың болуына, өрттің шығуына немесе техникалық құралдардың, құрылғылардың, үйлердің, құрылыстардың және ғимараттардың зақымдануына, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың өліміне, жарақаттануына немесе ауруға шалдығуына себеп болуы, қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін жүк;
27) лоцман - кемені арқандап байлау, зәкірге қою және оларды портта қайта орналастыру орнына қауіпсіз алып жүру саласындағы белгілі бір білімі мен дағдысы бар маман;
28) Мемлекеттік кеме тізілімі - осы Заңның 26-бабының 5-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес кемелер мен оларға құқықтар тіркелетін құжат;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 29) тармақша өзгертілді
29) мемлекеттік көліктік бақылау және қадағалау (бұдан әрі - көліктік бақылау және қадағалау) - жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтауын тексеру мақсатында уәкілетті орган жүргізетін іс-шаралардың жиынтығы;
30) навигация - кеме қатынасын жасау мүмкін болатын уақыт кезеңі;
31) «өзен-теңіз» суларында жүзетін кеме - техникалық сипаттамалары бойынша теңіз және ішкі су жолдарында кеме қатынасы мақсатында жарамды әрі белгіленген тәртіппен пайдалануға жіберілген кеме;
32) порт - жолаушылар мен кемелерге қызмет көрсету, жүктерді тиеу, түсіру, қабылдау, сақтау және беру, көліктің басқа да түрлерімен өзара іс-қимыл жасасу мақсатында жайластырылған және жабдықталған жер учаскесінде және ішкі су жолдары акваториясында орналасқан құрылыстар кешені;
33) порт акваториясы - кемелер мен құрамдар жүгінің өңделуін немесе рейске жөнелтуді күтіп тұратын, сондай-ақ қажетті операциялар орындалатын айлаққа және рейдтер құрылғысына кемелердің келуі мен онда тұруы үшін қызмет ететін су бетінің шектеулі учаскесі;
34) рейдтер - кемелердің зәкір салып тұруына, маневр жасауына немесе жүктерді қайта тиеуге арналған кеме жолы шегінен тыс порт акваториясының бөлігі;
35) рейс - белгілі бір уақыт аралығында географиялық пункттер немесе аудандар арасында жолаушыларды немесе жүктерді тасымалдаудың көліктік процесі;
35-1) судың жобалық деңгейі - кеме қатынасы қарқындылығының белгісі бойынша су жолдары тобына қарай көпжылдық қамтамасыз етудің белгіленген шамасы бар төменгі навигация деңгейлерінің бірі, оның негізінде кеме қатынасы өзендерінде кепілдік берілген кеме жүрісі габариттері белгіленеді;
36) такелаж - жүк көтеру жұмыстарына, тулар мен белгілерді көтеруге және түсіруге арналған кеме жабдықтарының жиынтығы;
37) тасымалдаушы - кемені меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздермен иеленуші, жолаушыларды, багаж бен жүктерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсететін және тасымал құжаттарында көрсетілген тұлға;
38) тез бүлінетін жүк - жарамдылық мерзімі шектеулі және тасымалдау мен сақтаудың ерекше шарттарын қажет ететін жүк;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 39) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
39) тексеру - кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасының талаптарын сақтауын айқындау мақсатында жасайтын бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың іс-әрекеті;
40) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
41) техникалық қадағалау - Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу және ішкі су көлігі туралы заңнамасының сақталуын кезең-кезеңмен тексеруді қамтитын кемелердің техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған сыныптау қызметінің құрамдас бөлігі;
42) тұру пункті - кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін жөндеу, олардың жылдың жазғы және қысқы мезгілінде тұруы, оларды техникалық байқаудан өткізу мақсатында жайластырылған және жабдықталған жер учаскесі мен су беті объектісінің акваториясы;
42-1) тіркеу нөмірі - кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру кезінде оған берілетін нөмірі;
43) уәкiлеттi орган - iшкi су көлiгi саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
44) уәкілетті органның кәсіпорны - қызмет көрсететін шекаралар шегінде кемелердің қауіпсіз жүзуін қамтамасыз ету мақсатында ішкі су жолдарын және кеме қатынасының гидротехникалық құрылыстарын (шлюздерін) тиісінше күтіп ұстау мен дамыту үшін өндірістік қызметті жүзеге асыру негізгі міндеті болып табылатын ішкі су көлігінің мемлекеттік кәсіпорны;
45) шағын көлемдi кеме - кеме қатынасына байланысты емес, демалыс, серуен, спорт және басқа қызмет үшін әдейі арналған, жолаушы сыйымдылығы он екі адамға дейін немесе жалпы сыйымдылығы сексен тіркелімдік тоннадан аспайтын қозғалтқыш қуатына және ұзындығына байланыссыз жүзбелі құрылыс, сондай-ақ аспалы моторы бар кемелер (қозғалтқыш қуатына қарамастан), жүк көтергіштiгi бір жүз елу килограмм және одан артық желкенді кемелер және өздігінен жүзбейтiн кемелер (жүк көтергіштігі бір жүз килограмм және одан артық ескектi қайықтар, жүк көтергіштігі бір жүз елу килограмм және одан артық - байдаркалар, жүк көтергіштігі екі жүз жиырма бес килограмм және одан артық - үрмелі кемелер).
2-бап. Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заң iшкi су жолдарындағы:
1) iшкi су жолдарында пайдаланылатын кемелердегi;
2) гидротехникалық құрылыстардағы;
3) iшкi су жолдарында орналасқан порттардағы қызметтi жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
2. Осы Заң Қазақстан Республикасы Әскери-теңiз күштерiнiң және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң туын көтеріп жүзушi кемелерге қолданылмайды.
3. Теңiз портына кiрген жағдайларда, құтқару операциясы кезiнде және теңiз кемесiмен iшкi суларда жүзетiн кемелердiң, сондай-ақ «өзен-теңiз» суларында жүзетiн кемелердің соқтығысуы кезінде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы заңдарымен реттеледi.
4-бап. Iшкi су көлiгi саласындағы қызметтi жүзеге асырудың негiзгi принциптерi
Iшкi су көлiгi саласындағы қызмет мынадай негiзгi принциптер:
1) кеме қатынасы қауiпсiздiгiнiң басымдығы, адамның өмiрi мен денсаулығын қорғау, табиғатты және экологиялық қауiпсiздiктi қорғау;
2) iшкi су көлiгiнде жұмыстар атқару мен қызметтер көрсету кезiнде жеке және заңды тұлғалар құқықтарының теңдiгі;
3) қызметтер көрсетудi тұтынушының тасымалдаушыны еркiн таңдауын қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстар атқару мен қызметтер көрсету бағаларының еркiндiгiн қамтамасыз ету негiзiнде жүзеге асырылады.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-бап. Iшкi су көлiгiнiң жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету және оны төтенше жағдайларды жоюға тарту
1. Iшкi су көлiгiнiң жұмылдыру дайындығын, азаматтық қорғаныс, авариялық-құтқару жұмыстары және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iс-шараларды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ төтенше жағдай енгiзiлген кезде мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шығыстарды кейіннен тең құнымен өтей отырып, тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға тартуға құқылы.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды
5-1-бап. Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға ішкі су көлігін беру міндеті
Жеке және заңды тұлғалар (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының оқиғалар, төтенше жағдайлар болған жерлерге бару және шұғыл медициналық жәрдемге мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін ішкі су көлігін пайдалану жөніндегі заңды талаптарын орындауға міндетті.
Осы бапта көзделген жағдайларда кеме иесіне көлікті пайдаланғаны үшін шығыстар, сондай-ақ келтірілген залал Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 2-тарау өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-тарау. Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау және қадағалау
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-бап. Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттік реттеудің, бақылау мен қадағалаудың негiзгi мiндеттерi
Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттік реттеудің, бақылау мен қадағалаудың негiзгi мiндеттерi:
1) республика экономикасының және халықтың тасымалдауларға, iшкi су көлiгіндегі жұмыстардың атқарылуы мен қызметтердiң көрсетiлуiне қажетiн қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) ішкі су көлігінің және оның өмірлік циклі процестерінің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ мемлекеттің ұлттық мүдделерiн қорғау;
3) iшкi су көлiгіндегі тасымалдаулардың iшкi рыногын қорғау;
4) iшкi су көлiгi мен iшкi су жолдарының инфрақұрылымын одан әрi дамыту;
5) iшкi су көлiгi саласындағы қызметке және кеме қатынасы қауiпсiздiгiне бақылау жасау болып табылады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-бап. Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау
2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 1-тармақ өзгертілді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау құқықтық қамтамасыз ету, техникалық реттеу, Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi туралы заңнамасының сақталуын бақылау арқылы жүзеге асырылады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Iшкi су көлiгіндегі мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретiне:
1) iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) iшкi су көлiгi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
4) Ішкi су жолдарын пайдалану қағидасын бекіту;
5) Кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеу қағидасын бекіту;
6) порттың мiндеттi қызмет көрсетулерiнiң тiзбесiн бекіту;
7) жағалау белдеуiн пайдалану тәртібін айқындау;
8) кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру тәртібін айқындау;
9) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) біліктілік комиссиялары туралы ережені, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту;
11) кемелермен тасымалдауға арналған қауiптi жүктер тiзбесiн бекіту;
12) Қауiптi жүктердi тасымалдау қағидасын бекіту;
13) Қазақстан Республикасының аумағымен транзиттiк жолаушы қатынасына тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау;
14) Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) багажды және жүктi әкелуге, әкетуге, олардың транзитіне тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау;
15) iшкi су көлiгi саласындағы техникалық регламенттердi бекіту;
2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды
15-1) нысанды киім (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар мемлекеттік қадағалау қызметкерлерiн онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту;
16) кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу;
17) Кемелердің портқа кіру және порттан шығу, кемелердің порт акваториясы мен порттағы тұрақ шегінде жүзуі қағидасын бекіту;
18) кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін айлаққа қою, тоқтату және олардың тұрақта тұруы үшін уақытша құрылғылар мен жүзу құрылыстарын қою, жолаушыларды кемеге отырғызу әрі одан түсіру, жүктерді тиеу, түсіру және сақтау тәртібін айқындау;
19) Ішкі су көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту;
20) Кемелердегі, оның ішінде ішкі су жолдарындағы шағын көлемді кемелердегі көлік оқиғаларын тергеуді, оларды сыныптауды және есепке алуды жүргізу қағидасын бекіту;
21) Ішкі суда жүзетін кемелерді техникалық пайдалану қағидасын бекіту;
22) Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына аттестаттау қағидасын бекіту;
23) Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасын бекіту;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24) шағын көлемдi кемелерге техникалық қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
25) Ішкі су жолдарында жүзу қағидасын бекіту;
26) Кемелердегі қызмет жарғысын бекіту;
27) Кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін сүйреу қағидасын бекіту;
28) Тасымалдаушылардың әлеуметтік мәні бар жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасын бекіту;
29) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де өкілеттіктерді орындау жатады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді
9-бап. Уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретi
1. Уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi, iшкi су көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi жеке және заңды тұлғалардың сақтауын және қадағалауды ұйымдастыру;