Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдердi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 28 сәуірдегі № 407 Қаулысы
(2012.07.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 5 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегі Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау туралы ереже;
2) Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоюсыз мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу ережесi;
ҚР Үкіметінің 2012.07.03. № 301 Қаулысымен 3) тармақша жаңа редакцияда (жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 20 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады) (бұр.ред.қара)
3) Жеке және заңды тұлғаларға жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың құнын өтеу қағидалары мен шарттары;
4) Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесi;
ҚР Үкіметінің 2009.11.09. № 1359 қаулысымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) Алдын алу, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесi;
6) Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру ережесі;
7) Шекара мен кеден пункттерiнде (Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерiнде) ветеринариялық бақылау пункттерiн ұйымдастыру ережесi бекітiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Yкіметiнiң
2003 жылғы 28 сәуірдегі
№ 407 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң
тізбесі
1. «Ветеринария бойынша нормативтiк құқықтық және басқа кесiмдердi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 2 қазандағы № 1205 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 40, 379-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Президентінiң 1998 жылғы 27 сәуірдегі № 3928 Жарлығын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 9 шiлдедегi № 651 қаулысына өзгерістер мен толықтырудың 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 22, 190-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 7 маусымдағы № 708 кейбір шешiмдерiне енгiзiлген өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 26, 243-құжат).
4. «Қазақстан Республикасының әуежайларында халықаралық рейстердің жолаушыларына қызмет көрсетуді жақсарту жөніндегі шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2000 жылғы 27 шiлдедегі № 1132 кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырудың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 31, 383-құжат).