Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдердi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 28 сәуірдегі № 407 қаулысы
(2009.11.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегі Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау туралы ереже;
2) Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоюсыз мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу ережесi;
3) Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою және жою нәтижесiнде жеке және заңды тұлғалар тартқан нұқсанды өтеу шарттары мен ережесi;
4) Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесi;
ҚР Үкіметінің 2009.11.09. № 1359 қаулысымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) Алдын алу, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесi;
6) Мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы жүктердi Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезiнде, мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру ережесi;
7) Шекара мен кеден пункттерiнде (мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерiнде) шекаралық ветеринариялық бақылау пункттерiн ұйымдастыру ережесi бекітiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Yкіметiнiң
2003 жылғы 28 сәуірдегі
№ 407 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi жойылған
кейбір шешiмдерiнiң тізбесі
1. "Ветеринария бойынша нормативтiк құқықтық және басқа кесiмдердi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 1996 жылғы 2 қазандағы № 1205 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 40, 379-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Президентінiң 1998 жылғы 27 сәуірдегі № 3928 Жарлығын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 1998 жылғы 9 шiлдедегi № 651 қаулысына өзгерістер мен толықтырудың 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 22, 190-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 1999 жылғы 7 маусымдағы № 708 кейбір шешiмдерiне енгiзiлген өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 26, 243-құжат).
4. "Қазақстан Республикасының әуежайларында халықаралық рейстердің жолаушыларына қызмет көрсетуді жақсарту жөніндегі шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 27 шiлдедегі № 1132 кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырудың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 31, 383-құжат).