ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 21 ақпандағы № 85 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 28 cәуipдегі № 407
қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 16.11.04 ж. № 1207 қаулысымен тақырыбы өзгертілді
Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн кездегi жануарлардың ерекше қауiптi ауруларының
тiзбесi
(2005.16.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 16.11.04 ж. № 1207 қаулысымен тізбе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2005.16.09 № 922 қаулысымен тізбе толықтырылды
Жануарларға және адам денсаулығы үшiн ерекше қауiп төндiретiн ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою кезiнде жануарлардың ерекше қауiптi жұқпалы аурулары өртеп жiберу арқылы жойылады:
Жануарлардың бiрнеше түрiне ортақ аурулар - мелиоидоз, құтыру, топалаң, туляремия, аусыл.
Ірi қара малдың аурулары - iрi қара мал обасы, қарасан, қатерлi iсiк, кемiктәрiздес энцефалопатия.
Жылқы аурулары - маңқа, iндеттi лимфангоит, бiр тұяқтылардың африка обасы.
Қой және ешкі аурулары - созылмалы инфекциялар (скрепи, маэди-висна, аденомотоз, шешек, күйiс қайыратын ұсақ малдардың обасы, бруцеллез)
Tүйe аурулары - түйе обасы.
Шошқа аурулары - шошқаның африка обасы.
Құс аурулары - құс обасы, құс орнитозы, құстардың жоғары патогендi тұмауы.
Ит және мысық аурулары - ит және мысық токсоплазмозы, мысық микроспориясы.
Терiсi бағалы аңдар мен үй қояндарының аурулары - үй қояндарының миксоматозы.