Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 қыркүйектегі № 1359 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 21 ақпандағы № 85 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 18, 185-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақтың 5) тармақшасындағы «республикалық» деген сөз алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Алдын алуы, диагностикасы және жойылуы республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың ерекше қауіпті ауруларының тізбесінде:
тақырыбындағы «республикалық бюджет» деген сөздер «бюджет қаражаты» деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы «африка обасы (экзотикалық ауру)» деген сөздерден кейін «, тұмау» деген сөзбен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |