103A Ұйым 2006 жылғы 1 қаңтардан немесе осы мерзімнен кейін басталатын жыл сайынғы кезеңдер үшін 2(j) тармағындағы түзетулерді қолдануы тиіс. Егер ұйым 5 Объектілерді пайдалануды тоқтату, қалпына келтіру және қоршаган ортаны қайта жаңғыртуды қаржыландыру қорларына қатысудан туындайтын құқықтар ХҚЕСТК (IFRIC) неғұрлым ерте кезең үшін қолданатын болса, бұл түзетулер осы үшін неғұрлым ерте кезең үшін қолданылуға тиіс.
103В 2005 жылғы тамызда жарияланған Қаржы кепілдіктерінің шарттары (39 ХҚЕС-қа (IAS) және 4 ХҚЕС-қа (IFRS) түзетулер) 2(е) және (h), 4 және AG4-тармақтарына өзгеріс енгізеді, AG4А-тармақты, 9-тармақта қаржы кепілдіктері шарттарының жаңа анықтамасын ендіреді және 3-тармақты алып тастайды. Ұйым көрсетілген түзетулерді 2006 ж. 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдерге қатысты қолдануға міндетті. Түзетулерді мерзімінен бұрын қолдану мақұлданады. Егер ұйым көрсетілген түзетулерді неғұрлым ерте кезеңдерге қатысты қолданса, ол осы фактіні ашып көрсетуге және бір мезгілде 32 ХҚЕС-қа (IAS)[1] және 4 ХҚЕС-қа (IFRS) тиісті түзетулерді қолдануға міндетті.
103С 1 (IAS) Қаржылық есептілікті ұсыну (2007 жылғы редакция) ХҚЕС бойынша ХҚЕС-тарында қолданылған терминологияға түзету енгізілді. Сонымен бірге 95(a), 97, 98, 100, 102, 108 және AG99B-тармақтарына түзетулер енгізілді. Ұйым осы түзетулерді жылдық кезеңдер үшін 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейін бастап қолдануы тиіс. Егер ұйым 1 ХҚЕС-ын (IAS) (2007 жылғы редакция) ертерек мерзімде қолданса, осы түзетулер сол ертерек мерзім ішінде қолданылуы тиіс.
103D 3 ХҚЕС (IFRS) (2008 жылғы редакция) бойынша 2(f) тармағы алынып тасталды. Ұйым осы түзетулерді жылдық кезеңдер үшін 2009 жылдың 1 шілдесінен немесе осы күннен кейін бастап қолдануы тиіс. Егер ұйым 3 ХҚЕС-ын (IFRS) (2008 жылғы редакция) ертерек мерзімде қолданса, осы түзетулер сол ертерек мерзім ішінде қолданылуы тиіс. Алайда, бизнес бірлестіктері үшін 3 ХҚЕС-ын (IFRS) (2008 жылғы редакция) қолдану түсім мерзімінің алдында болғандықтан туындаған шартты өтемақыға қатысты емес. Оның орнына, ұйым 3 ХҚЕС-ың (IFRS) (2010 жылғы редакция) 65А-65Е тармақтарына сәйкес осы тәрізді өтемақыны есепке алуға тиіс.
103Е 27 ХҚЕС (IAS) (2008 түзетілгендей) бойынша 102 тармаққа түзету енгізілді.Ұйым сол түзетуді 2009 жылдың 1 шілдесінен немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдерге қатысты қолдануға міндетті. Егер ұйым 27 ХҚЕС-ты (IAS) (2008 түзетілгендей) ертерек қолданса, сол түзетуді сол ертерек кезеңде қолданылуы тиіс.
103F Осы 2 тармақтағы түзетуді ұйым 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе бұдан кейінгі күннен бастап жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Егер ұйым 2008 жылдың ақпанында шығарылған Жоюдан соң туындайтын мерзімнен бұрын өтеу құқығы бар қаржы құралдары және міндеттемелер (32 ХҚЕС-қа (IAS) және 1ХҚЕС-қа (IAS) түзетулер) құжатын ертерек мерзім ішінде қолданса, 2-тармақтағы түзетуді сол ертерек мерзім ішінде қолдануы тиіс.
103G Ұйым 8 Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп багалауларда болатын өзгерістер мен қателер ХҚЕС-ына (IAS) сәйкес AG99BA, AG99E, AG99F, AG110A және AG110B-тармақтарын 2009ж. 1 шілдесінен бастап және одан кейінгі кезеңдерде жыл сайын қолдануы тиіс. Стандартты осы күннен ерте қолдануға бөгет жасалмайды. Егер ұйым Хеджделген баптарды (39 ХҚЕС-ына (IAS) түзетулер) 2009 жылы 1 шілдесінен ерте қолданысқа енгізсе, онда ол фактіні ашып көрсетуі тиіс.
103H -
103J [Жойылған]
103K 2009 жылдың сәуірінде шығарылған ХҚЕС-қа Жетілдірулер 2(g), 97, 100тармақтарын түзетті. Ұйым сол түзетулерді перспективті түрде 2010 жылдың 1 қаңтарында немесе одан кейін басталатын жыл сайынғы кезеңдерде пайдалануы тиіс. Ертерек қолдануға рұқсат етіледі. Егер ұйым түзетуді мерзімінен ертерек қолданатын болса ол туралы ашып көрсетуі тиіс.
103L [Жойылған]
103M [Жойылған]
103N 103D тармағы 2010 жылдың мамырында шығарылған (IFRS) ХҚЕС-қа Жетілдірулер арқылы өзгертілді. Ұйым бұл өзгерістерді 2010 жылдың 1 шілдесінде немесе одан кейін басталатын жыл сайынғы кезеңдерге қолданады. Ертерек қолданысқа рұқсат етіледі.
103О 2010 жылғы қазан айының 9 ХҚЕС-ы (IFRS) 2, 4, 8, 9, 58, 63, 88(d), 89(b), 90, 96(c), 103B, 103C, 103K, 104, 108C, AG3-AG4, AG8, AG84, AG95, AG114(a) және AG118(b)-тармақтарын түзетті және 1, 10-57, 61, 66-70, 79, 103H-103J, 103L, 103M, 105-107A, AG4B-AG4K, AG9-AG12A, AG14, AG15, AG27-AG83 және AG96-тармақтарын жойды. Ұйым 2010 жылғы қазан айында шыққан 9 ХҚЕС-ы (IFRS) басшылыққа алғанда, осы түзетулерді ескеруі тиіс.
103 Р 2011жылы мамыр айында шығарылған 10 ХҚЕС (IFRS) пен 11 ХҚЕС (IFRS) Бірлескен қызмет, 2(a), 15, AG3, AG36-AG38 және AG4I(a) тармақтарына өзгертулер енгізілді. Ұйым 2010 жылғы мамыр айында шыққан 10 ХҚЕС (IFRS) пен 11 ХҚЕС (IFRS) -ы (IFRS) басшылыққа алғанда, осы түзетулерді ескеруі тиіс.
103 Q IFRS 13, issued in May 2011 жылғы мамыр айында шығарылған 13 ХҚЕС (IFRS), 9, 13, 28, 47, 88, AG46, AG52, AG64, AG76, AG76A, AG80, AG81 және AG96 тармақтарына өзгертулер енгізілді, 43A мен 48-49, AG69-AG75, AG77-AG79 және AG82 тармақтары жойылды. Ұйым 13 ХҚЕС (IFRS)-ы (IFRS) басшылыққа алғанда, осы түзетулерді ескеруі тиіс.
103 R 2012 жылы қазан айында жарияланған Инвестициялық ұйымдар (10 ХҚЕС(IFRS), 12 ХҚЕС(IFRS), және 27 ХҚЕС(IAS)), 4 және 80 тармақтарын өзгертті. Ұйым бұл түзетуді осы күннен немесе 2014 жылдың 1 қаңтарынан кейін қолдануға тиіс. Ертерек қолданысқа рұқсат беріледі. Егер ұйым түзетуді ертерек қолданса, ұйым бұл жайтты ашып көрсетуі тиіс және енгізілген барлық түзетулер қолданысқа енеді.
103S 2013 жылдың қараша айында түзету енгізілген 9 ХҚЕС (IFRS) 5A тармағын қосып, 2, 4, 5, 8, 9, 58, 63, 71, 88(d), 89(b), 90, 96(c), 103B, 103C, 103K, 104, 108C, AG3-AG4, AG8, AG84, AG95, AG114(a) және AG118(b) тармақтарына түзету енгізіп, 1, 10-57, 61, 66-70, 79, 103H-103J, 103L, 103M, 103O, 105-107A, AG4B-AG4K, AG9-AG12A, AG14-AG15, AG27-AG83 және AG96 тармақтарын жойды. Ұйым 2013 жылдың қараша айында түзету енгізілген 9 ХҚЕС-ты (IFRS) қолданған кезде осы түзетулерді қолдануы тиіс.
104 Осы стандарт, 108-тармақта жазылған жағдайларды қоспағанда, ретроспективалық қолданылуы тиіс. Ең бастапқы ұсынылған кезеңдерге бөлінбеген пайданың бастапқы сальдосы және басқа барлық салыстырмалы сомалар ақпаратты жаңарту мүлдем жүзеге асырылмайтын болған жағдайларды қоспағанда, егер осы Стандарт үнемі қолданылса, түзетуге жатады. Егер ақпаратты жаңартуға мүмкін болмаса, ұйым осы фактіні ашып көрсетуі және ақпарат қандай дәрежеде жаңартылғанын көрсетуі тиіс.
105. −
107А [Жойылған]
108. Ұйым қаржылық емес активтердің және қаржылық емес міндеттемелердің қаржылық жағдай туралы есептік құнын осы Стандарт бастапқы қолданылған қаржы жылының басына дейін қаржылық жағдай туралы есептік құнға енгізілген ақша ағындарын хеджирлеуге байланысты пайдалар мен шығындарды жою мақсатында түзетуге құқылы емес. Осы Стандарт бастапқы қолданылатын қаржы кезеңінің басында осы Стандартқа сәйкес нақты келісімді хеджирлеуге қатысты пайда немесе залалнан тыс танылған (басқа толық табыс арқылы немесе тікелей үлесте) кез келген сома әділ құнды хеджирлеу ретінде есепке алынады, есепте одан әрі ақша ағындарын хеджирлеу ретінде көрсетілуі тиіс валюта тәуекелдігін хеджирлеуді қоспағанда, активке немесе міндеттемеге қайта жіктелуі тиіс.
108А Ұйым 2006 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдерге қатысты 80-тармақтың соңғы сөйлемін, сондай-ақ AG99A және AG99В-тармақтарын қолдануға міндетті. Егер ұйым хеджирленетін бап ретінде сыртқы болжанатын мәмілені тағайындаса, ол
(а) осы мәмеліге енетін ұйымның функционалдық валютасында көрсетілсе,
(b) шоғырландырылған пайдада немесе шығында көрсетілетін тәуекелдікке бейімділік пайда болса (яғни топтың ұсыну валютасы болып табылмайтын валютада көрсетілген), және
(c) егер оған кіретін ұйымның функционалдық валютасында көрсетілмесе, хеджирлеуді есепке алу талаптарына жауап берсе, ол 80-тармақтың соңғы сөйлемін және AG99A және AG99В-тармақтарын қолдану күніне дейінгі кезеңдерде шоғырландырылған қаржы есептілігінде хеджирлеу есебін қолдануға құқылы.
108В Ұйым 80-тармақтың соңғы сөйлемін және AG99A -тармақтарын қолдану күніне дейінгі кезеңдерге қатысты салыстырмалы ақпаратқа AG99B тармағын қолдануға міндетті емес.
108С 2008 жылдың мамырында шығарылған Жетілдірулері ХҚЕС-тары (IFRS) бойынша 73-және AG8-тармақтарына түpетулер енгізілді. 2009 жылы сәуірде шыққан Жетілдірулері ХҚЕС-ндағы (IFRS) 80-тармақты түзетті. Осы түзетулерді ұйым 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе бұдан кейінгі күннен бастап жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер ұйым түзетулерді ертерек мерзім ішінде қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс.
108D 2013 жылдың маусым айында шыққан Туындылардың Жаңартулары және Хеджерлік Есепке Алудың Тоқтатылуы (39 ХҚЕС-қа (IAS) түзетулер) 91 және 101 тармаққа түзету енгізіп, AG113A тармағын қосты. Ұйым осы түзетулерді 2013 жылдың 1 қаңтарында немесе одан кейінгі жылдық кезеңінде қолдануы тиіс. Ұйым осы түзетулерді 8 Есепке Алу Есептілігіндегі Бағалау мен Қателер Өзерістері, Есептілік Саясаты ХҚЕС-қа (IAS) сәйкес қолдануы тиіс. Көрсетілген кезеңнен ерте кезеңде қолдануға рұқсат етіледі. Егер ұйым осы түзетулерді ертерек мерзімде қолданса, онда осы фактіні ашып көрсетуге тиіс.
108E 2013 жылдың қараша айында түзету енгізілген ХҚЕС (IFRS) 5А тармағын қосты. Осы тармақ бірінші рет қолданғанда, ұйым сол күндегі келісімшарттар тармағы арқылы ұсынылған белгілеуді жасауға рұқсат етілген. Жаңа есепке көшудегі осындай белгілеуден туындайтын таза активтердегі өзгеріс сақталған пайданың реттестіруі ретінде танылуы тиіс.
108F 2013 жылдың желтоқсан айында шыққан 2010-2012 Кезеңіндегі ХҚЕС-тың Жылдық Жетілдірулері 3 ХҚЕС-тың (IFRS) түзетулерінен шыққан жалғаспалы түзету ретінде 9 тармағына түзету енгізді. Ұйым осы түзетулерді 3 ХҚЕС-тың (IFRS) түзетулері қолданылатын бизнес бірлестіктеріне перспективті түрде қолдануы тиіс.
109. Осы Стандарт 2000 жылғы қазанда қайта қаралған 39 Қаржы құралдары: тану және багалау ХҚЕС-ын (IAS) ауыстырады.
110. Осы Стандарт және оған ілеспе Қолдану жөніндегі нұсқау бұрынғы ХҚЕС Комитеті (IASC) құрған 39 ХҚЕС-ын (IAS) қолдану жөніндегі комитет шығарған Қолдану жөніндегі нұсқауды ауыстырады.
ҚОСЫМШАСЫ
Қолдану жөніндегі нұсқау
Осы Қосымша осы Стандарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
AG1 Кейбір келісімшарттар климаттық, геологиялық не басқа да физикалық ауыспалыларға негізделген төлемдерді талап етеді. (Климаттық ауыспалыларға негізделген төлемдер кейде «ауа райы туындыларына» жатқызылады). Егер де келісімшарттар 4 ХҚЕС (IFRS) стандартының қолдану аясына кірмесе, олар осы Стандарттың қолдану аясына жатқызылады.
AG2 Осы Стандарт 26 Сыйақымен қамсыздандыру багдарламалары (сыйақы жоспарлары) жөніндегі есеп және есептілік ХҚЕС-ына (IAS) сәйкес келетін зейнетақы жоспарларына және 18 Табыс ХҚЕС-ына (IAS) сәйкес есепке алынатын сату немесе қызмет көрсетуден түсімдер көлеміне негізделген лицензиялық төлемдер туралы келісімдерге қойылатын талаптарды өзгертпейді.
AG3 Ұйым кейде инвестициялау объектілері болып табылатын ұйымдармен ұзақ мерзімді жұмыс байланыстарын орнату немесе ұстап тұру мақсатында басқа ұйымдардың үлестік бағалы қағаздарына «стратегиялық инвестицияларды» жүзеге асырады. Инвестор ұйым 28 Қауымдасқан ұйымдарга салынган инвестициялар ХҚЕС-ын (IAS) үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісін осындай инвестицияға қолдануға болатынын не болмайтынын айқындау үшін қолданады. Осылайша инвестор ұйым 31 Бірлескен кәсіпкерлікке қатысу ХҚЕС-ын (IAS) пропорционалдық шоғырландыру немесе үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі осындай инвестициялар үшін қолдануға болатынын не болмайтынын айқындау үшін қолданады. Егер үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі де, пропорционалдық шоғырландыру да қолданылмайтын болса, ұйым осы Стандартты 9 Қаржылық құралдар ХҚЕС-ын (IFRS) осы стратегиялық инвестицияларға қолданады.
AG3A Осы Стандарт және 9 ХҚЕС (IFRS), 2(е)-тармақпен алынып тасталған сақтандыру шарттарына сәйкес туындайтын құқықтар мен міндеттемелерді қоспағанда, сақтандыру ұйымдарының қаржы активтеріне және міндеттемелеріне қолданылады, себебі олар 4 ХҚЕС (IFRS) қолдану аясына байланысты келісімшарттарда пайда болады.
AG4 Қаржы кепілдігі шарттарының қаржы кепілдігі, аккредитивтердің кейбір түрлері, төлем жасай алмау жағдайындағы туынды шарт немесе сақтандыру шарты сияқты заңды нысандары болуы мүмкін. Оларды есепте көрсету тәртібі олардың заңды нысандарына қатысу болмайды. Төменде есепке алу рәсімінің мысалдары келтірілген (2(е)-тармақты қараңыз):
(а) Егер өткізілген тәуекелдік едәуір болса, эмитент осы Стандартты қаржы кепілдіктері шартының, 4 ХҚЕС-тағы (IFRS) сақтандыру шартының анықтамасына сай келетініне қарамастан, осы Стандартты және 9 ХҚЕС-ты (IFRS) -ды қолдануы тиіс. Сонымен қатар, егер қаржы кепілдіктерінің эмитенті бұрын барынша ашық түрде осындай шарттарды сақтандыру шарттары деп санайтынын және сақтандыру шарттарына қолданылатын есепке алу рәсімдерін пайдаланғанын мәлімдесе, ол осы Стандартты және 9 ХҚЕС-ты (IFRS) немесе 4 ХҚЕС-ты (IFRS) осындай қаржы кепілдіктеріне қолдану үшін таңдауға құқылы. Осы Стандарт және 9 ХҚЕС-ты (IFRS) қолданылатын болса, эмитент 9 ХҚЕС-тың (IFRS) 5.1.1-тармақтың талаптарына сәйкес қаржы кепілдіктері шартын әділ құны бойынша бастапқы тануды жүргізуі тиіс. Егер қаржы кепілдіктерінің шарты байланысты емес тараппен тәуелсіз мәміле шеңберінде жасалған болса, оның әділ құны шарт жасау кезінде, кері дәлелдеу болған жағдайды қоспағанда алынған сыйақыларға тең болады. Соның салдарынан, қаржы кепілдіктері шарты пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланатын ретінде оны жасау кезінде жіктелген немесе 9 ХҚЕС-тың (IFRS) 3.2.15-3.2.23 және В3.2.12-В3.2.17-тармақтарын қолданылған (қаржы активін өткізу тануды тоқтату талаптарына сай келмеген не қатысудың жалғасу қағидаттары қолданылған) жағдайларды қоспағанда, эмитент оны мыналардың ішіндегі неғұрлым үлкен мәні бойынша бағалауы тиіс:
(i) 37 ХҚЕС-ына (IAS) сәйкес айқындалған соманың; және
(ii) егер қажетті болса, 18 ХҚЕС-ына (IAS) сәйкес танылған жинақталған амортизацияның сомасын шегере отырып, бастапқы танылған соманың (9 ХҚЕС-тың (IFRS) 4.2.1(с)-тармағын қараңыз);
(b) кейбір кредиттік кепілдіктер иеленуші тәуекелдікке ұшырауы және кепілдік мәні болып табылатын актив бойынша мерзімінде төлем жасауға қабілетсіз болуы салдарынан шығын шегуі үшін талап ретінде төлемді талап етпейді. Осындай кепілдіктің мысалы нақты кредиттік рейтингтің немесе кредиттік индекстің өзгерістеріне қатысты төлем талап ететін кепілдік 9 ХҚЕС-та (IFRS) айқындалғандай болып табылады. Осындай кепілдіктер осы Стандартта айқындалған қаржы кепілдіктері шарты да және сол сияқты 4 ХҚЕС-та (IFRS) айқындалғандай сақтандыру шарттары да болып табылмайды. Осындай кепілдіктер туынды құралдарын білдіреді, сондықтан эмитент оларға осы Стандарттың және 9 ХҚЕС-тың (IFRS) ережелерін қолдануы тиіс.
(c) Егер қаржы кепілдіктері шарты тауарлар сатуға байланысты жасалса, онда кепілдіктерден және тауарлар сатудан кірістерді тану сәтін айқындау кезінде эмитент 18 ХҚЕС-ты (IAS) қолдануы тиіс.
AG4А Эмитенттің сақтандыру шарттарын келісімшарттар деп есептейтіні туралы тұжырым, әдетте, эмитенттің клиенттермен және реттеуші инстанциялармен хат алмасуларында, келісімшарттарда, іскерлік құжаттамада және қаржы есептілігінде анықталады. Сонымен қатар, сақтандыру шарттарына мәмілелердің басқа түріне, мысалы, банктер немесе коммерциялық ұйымдар шығаратын келісімшарттарға қойылатын талаптардан айырмашылығы бар есеп талаптары жиі ұсынылады. Осындай жағдайларда эмитенттің қаржы есептілігінде, әдетте, эмитенттің осындай есеп талаптарын қолданғаны көрсетіледі.
Анықтамалар (8 және 9-тармақтар)
AG4B−
AG4K [жойылған]
Тиімді пайыздық мөлшерлеме
AG5 Кейбір жағдайларда қаржы активтері келтірілген кредиттік шығындар көрсетілетін ірі жеңілдіктермен сатып алынады. Тиімді пайыздық мөлшерлемені есептеу кезінде ұйым осындай ірі шығындарды болжанған ақша ағындарына енгізеді.
AG6 Ұйым тиімді пайыз мөлшерлемесі әдісін қолдана отырып, әдетте, құралды қолданудың күтілген мерзімі бойынша тиімді пайыздық мөлшерлеменің калькуляциясына енгізілген кез келген сыйақыларды, басқа да төленген немесе алынған сомаларды, мәміле бойынша шығындарды, сыйақыларды немесе жеңілдіктерді амортизациялайды. Дегенмен, егер әңгіме сыйақылар, басқа да төленген немесе алынған сомалар, мәміле бойынша шығындар, сыйақылар немесе жеңілдіктер жататын кезең туралы болып отырса, онда неғұрлым қысқа кезең пайдаланылады. Сыйақылар, басқа да төленген немесе алынған сомалар, мәміле бойынша шығындар, сыйақылар немесе жеңілдіктер жататын айнымалы құралды өтеу күні басталғанға дейін нарықтық мөлшерлемелер бойынша қайта қаралған кезде тура осындай болады. Осы жағдайда амортизациялаудың тиісті кезеңі мөлшерлемені қайта қараудың келесі күніне дейінгі кезең болып табылады. Мысалы, егер өзгермелі мөлшерлемесі бар құрал бойынша сыйақы немесе жеңілдік құрал бойынша соңғы пайыздық төлем сәтінен бастап есептелген пайызды немесе нарықтық мөлшерлемелердегі өзгермелі пайыздық мөлшерлеме нарықтық мөлшерлеме бойынша қайта қаралған сәттен бастап болған өзгерістерді көрсетсе, ол өзгермелі мөлшерлеме нарықтық мөлшерлеме бойынша қайта қаралған келесі күнге дейін амортизациялануы тиіс. Себебі сыйақы немесе жеңілдік пайыздық мөлшерлемені қайта қараудың келесі күніне дейінгі кезеңге жатқызылады, себебі сыйақы немесе жеңілдік (яғни, пайыздық мөлшерлеме) жататын айнымалы тура осы күнгі нарықтық мөлшерлеме бойынша қайта қаралады. Бірақ, егер сыйақы немесе жеңілдік кредиттік құралда көрсетілген өзгермелі мөлшерлемеге немесе нарықтық мөлшерлеме бойынша қайта қаралмайтын басқа айнымалылардың өзгеруі салдары болып табылса, ол құралды қолданудың күтілетін мерзімі бойы амортизацияланады.
AG7 Нарықтық пайыздық мөлшерлемелердің ауытқуларын көрсету мақсатында ақша ағындарын өзгермелі мөлшерлемесі бар қаржы активтеріне және қаржы міндеттемелеріне қатысты жүйелі қайта қарау пайыздық тиімді мөлшерлеменің өзгеруіне алып келеді. Егер өзгермелі мөлшерлемесі бар қаржы активі және қаржы міндеттемесі бастапқыда өтеу күніндегі дебиторлық немесе кредиторлық берешектің негізгі сомасына тең сомада танылса, болашақ пайыздық төлемдерді қайта қарау, әдетте, активтің немесе міндеттеменің қаржылық жағдай туралы есептік құнына елеулі әсер етпейді.
AG8 Егер ұйым өзінің төлемдер мен түсімдерді есептік бағалауын қайта қараса, іс жүзіндегі және бағаланған ақша қозғалыстарын көрсету үшін, осы ұйым қаржы активінің және қаржы міндеттемесінің (немесе қаржы құралдары тобының) қаржылық жағдай туралы есептік құнын түзетуге міндетті. Ұйым қаржылық жағдай туралы есептік құнды болжанған ақша ағындарының дисконтталған құнын осы қаржы құралының бастапқы тиімді пайыздық мөлшерлемесі бойынша есептеу арқылы қайта есептейді. Осындай түзету пайда немесе залал бойынша кіріс немесе шығыс ретінде танылады.
AG9 -
AG12А [Жойылған]
Мәміле бойынша шығындар
AG13 Мәміле бойынша шығындарға агенттерге (оның ішінде сату жөніндегі агент болып жұмыс істейтін қызметшілерге), консультанттарға, брокерлерге және дилерлерге төленген сыйақы және комиссиялық алымдар; реттеуші органдардың және қор биржаларының алымдары, сондай-ақ қаражат аудару бойынша салықтар мен алымдар кіреді. Мәміле бойынша шығындарға борыштық құралдар бойынша сыйақылар, қаржыландыруға арналған шығындар, ішкі басқару шығыстары және активтерді басқару бойынша шығындар кірмейді.
AG14 -
AG83 [Жойылған]
Құнсыздану және амортизациялық құн бойынша бағаланған қаржы активтерінің жиналмайтындығы (58-65-тармақтар)
AG84 Амортизацияланған құны бойынша бағаланған қаржы активінің құнсыздануы қаржы құралының бастапқы тиімді пайыздық мөлшерлемесін пайдалану арқылы айқындалады, өйткені ағымдағы нарықтық мөлшерлеме бойынша дисконттау шын мәнінде амортизацияланған құны бойынша бағалауға жататын қаржы активтерініңәділ құны бойынша бағалауды қолдануды білдірген болар еді. Егер амортизацияланған құнмен бағаланған қаржылық активтің талаптары қайта қаралса немесе қарызшының немесе эмитенттің қаржылық қиындықтарына байланысты қандай да болмасын басқа тәсілмен өзгерсе, онда құнсыздану мөлшері осындай жағдайлар өзгергенге дейін қолданылатын бастапқы тиімді пайыздық мөлшерлеменің көмегімен айқындалады. Егер дисконттаудың салдары маңызды болып табылмаса, қысқа мерзімді дебиторлық берешекке байланысты ақша ағындары дисконтталмайды. Егер несие, дебиторлық берешек немесе өтелгенге дейін ұсталатын инвестиция бойынша пайыз мөлшерлемесі айнымалы болып табылса, онда 63-тармаққа сәйкес құнсызданудан шығынды айқындау үшін пайдаланылатын дисконттау коэффициенті ретінде шартқа сәйкес белгіленетін ағымдағы тиімді пайыздық мөлшерлеме (мөлшерлемелер) қолданылады. Кредитор іс жүзінде амортизацияланған құны бойынша көрсетілген қаржы активінің құнсыздануын бұл ретте осы сәтте қолданылып жүрген нарықтық бағаны пайдалана отырып, әділ құн негізінде бағалай алады. Кепіл ретінде берілген қаржы активі бойынша болжанған болашақ қаржы қаражатының дисконтталған құнын есептеу, кепіл берушінің сатып алу құқығынан айырылу ықтималдығына қарамастан, кепілді алу және сату шығындары шегеріле отырып, кепілге салынған активті сатып алу құқығынан айырылуы салдарынан туындауы мүмкін ақша қаражатының ағындарын көрсетеді.
AG85 Құнсыздануды бағалау процесі тек төмен кредит қабілетіне байланысты ғана емес, барлық кредиттік тәуекелдікті есепке алуды болжайды. Мысалы, егер ұйым кредиттік рейтингтердің ішкі жүйесін пайдаланса, онда ол тек кредиттік қабілеттіліктің нақты төмендеуін көрсететіндерді ғана емес, барлық кредиттік рейтингтерді қабылдауы тиіс.
AG86 Құнсызданудан болған шығынды бағалау процесінің нәтижесі жалғыз өлшем немесе ықтимал өлшемдердің диапазоны болуы мүмкін. Соңғы жағдайда ұйым құнсызданудан болған шығынды қаржы есептілігі шығарылғанға дейін қолда бар есепті күні қолданылып жүрген талаптар туралы барлық маңызды ақпаратты ескере отырып алынған диапазондағы ең жақсы бағалауға2 тең сомада таниды.
AG87 Құнсыздануды жиынтық бағалау мақсатында қаржы активтері борышкердің шарттың талаптарында көзделген барлық соманы төлеуге қабілеттілігін көрсететін кредиттік тәуекелдіктердің ұқсас сипаттамалары бойынша топтастырылады (мысалы, активтің түрі, салалық тиесілігі, географиялық орналасуы, кепілмен қамтамасыз ету түрі, мерзімінен өтіп кетуі және басқа маңызды факторлар есепке алынған кезде кредит тәуекелдігін бағалау бойынша немесе кредит рейтингі бойынша). Осындай активтердің топтары үшін ақша қаражатының болашақ ағындарын бағалау үшін таңдалған сипаттамалардың маңыздылығы олардың бағаланатын активтерге қолданылатын шарттық талаптарда көзделгендей өтеуге жататын барлық сомаларды борышкерлердің төлеуге қабілеттілігін көрсететінімен қамтамасыз етіледі. Дегенмен, шығынның ықтималдылығы және шығынға қатысты басқа статистика топтық деңгейде (а) құнсыздану мәніне жеке негізде бағаланған және құнсызданбаған болып танылған активтерге және (b) құнсыздану мәніне жеке негізде бағаланбаған, нәтижесінде құнсыздаудан болған шығынды басқа мөлшерде тану талап етілуі мүмкін активтер үшін әртүрлі болады. Егер ұйымда тәуекелдіктің ұқсас сипаттамалары бар активтер тобы болмаса, онда ұйымға қосымша бағалау қажет емес.
AG88 Топтық негізде танылған құнсызданудан шығындар құнсыздану мәніне жиынтық бағаланған, қаржы активтері тобының құрамында жеке алынған активтердің құнсыздануынан шығындарды бірегейлендіру жолындағы аралық қадамды білдіреді. Топтағы жеке алынған 37 ХҚЕС IAS стандартының 39-тармағында ықтимал нәтижелер диапазондағы ең жақсы бағалауды айқындау тәсіліне қатысты ұсыныстар бар.
AG89 Құнсыздану мәніне жиынтық бағаланатын, қаржы активтері тобының құрамындағы ақша қаражатының болашақ ағындары өзінің сипаттамалары бойынша осы топтың құрамындағы активтерге ұқсас активтер бойынша орын алып отырған шығындар туралы ақпарат негізінде болжанады. Өз тәжірибесі жоқ немесе шығындар шегу тәжірибесі жеткіліксіз ұйымдар қаржы активтерінің салыстырмалы топтары бойынша ұқсас ұйымдардың тәжірибесін пайдалануы тиіс. Шығындар шегу тәжірибесі қазіргі уақытта бар, өткен шығындарға жатқызылған кезеңде қолданылмаған талаптарды көрсету және ағымдағы сәтте қолданылуы тоқтатылған талаптардың әсер етуін болдырмау үшін ағымдағы деректер негізінде түзетіледі. Ақша қаражатының болашақ ағындарының өзгерістерін бағалау кезеңдер бойынша тиісті деректерді (жұмыссыздық көрсеткіштерінің, жылжымайтын мүлік және биржалық тауарлардың бағаларының, төлем мәртебесінің немесе осы топқа келтірілген шығындарды және олардың мөлшерін көрсететін басқа факторлардың өзгерістері) көрсетуі және олармен тікелей түзетілуі тиіс. Болашақ ақша ағындарын бағалау кезінде пайдаланылатын әдістемені және жорамалды жүйелі түрде талдаған дұрыс, бұл болжанатын және нақты шығындар арасындағы айырманы қысқартуға мүмкіндік береді.