Пайыз мөлшерлемесін портфельдік хеджирлеу кезінде әділ құнды хеджирлеуді есепке алу
AG114 Қаржы активтерінің немесе қаржы міндеттемелерінің портфеліне жалғасатын пайыз мөлшерлемесі тәуекелдігінің әділ құнын хеджирлеу кезінде ұйым осы Стандарттың талаптарын орындайды, егер төменде көрсетілген (а)-(і) тармақтарда және AG115-AG132-тармақтарда көзделген рәсімдерді сақтайтын болса:
(a) ұйым жүзеге асыратын тәуекелдіктерді басқару процесінің контексінде ол пайыз мөлшерлемесінің тәуекелдігін хеджирлеуге ниетін білдіретін баптардың портфелін бірегейлендіреді. Осындай портфель тек активтерден, тек міндеттемелерден немесе активтерден және міндеттемелерден тұрады. Ұйым екі немесе одан көп портфельді бірегейлендіреді және осы жағдайда ол төменде келтірілген ұсыныстарды жеке алғанда әрбір портфельге қатысты негізге алуы тиіс;
(b) ұйым портфельді шартта көзделген емес, күтілетін қайта қарау даталарын негізге ала отырып, пайыз мөлшерлемесін қайта қарау кезеңдері бойынша бөледі. Пайыз мөлшерлемесін қайта қарау кезеңдеріне бөлу әртүрлі тәсілдермен жүргізіледі, оның ішінде ақша ағындарын олардың түсуі күтілетін кезеңдер бойынша тіркеп жазу не шарттық негізгі сомаларды пайыз мөлшерлемелерін қайта қараудың күтілетін күнге дейін барлық кезеңдер бойынша тіркеп жазу арқылы;
(c) осындай бөлу негізінде ұйым ол хеджирлеуге ниетін білдіретін позицияны айқындайды. Ұйым хеджирленетін бап ретінде бірегейлендірілетін портфельдің құрамындағы активтердің немесе міндеттемелердің хеджирленетін ретінде айқындауға ниетін білдіретін құнға тең құнын айқындайды. Бұл құн сондай-ақ AG126(b)-тармағына сәйкес эффективтілікті бағалау үшін қолданылатын пайыздық өлшемді анықтайды.
(d) Ұйым хеджирлеуге ниетін білдіріп отырған пайыз мөлшерлемесінің тәуекелдігін айқындайды. Осы тәуекелдік хеджирленетін позицияның құрамындағы әрбір бап бойынша пайыздық бағдар-мөлшерлеме (мысалы, ЛИБОР) сияқты пайыз мөлшерлемесі тәуекелдігінің бөлігін білдіреді.
(e) Ұйым әрбір пайыз мөлшерлемесін қайта қарау кезеңі үшін бір немесе одан көп хеджирлеу құралын айқындайды.
(f) Жоғарыда келтірілген (с)-(е) тармақтарға сәйкес жүргізілген анықтамалар негізінде ұйым ең басында және келесі кезеңдерде онда осы құрал айқындалған кезеңге қатысты осы хеджирлеу құралының жоғары тиімділігіне қатысты күтулердің болуын айқындайды.
(g) Ұйым хеджирленетін баптың ((с) тармаққа сәйкес айқындалған) әділ құнының хеджирленетін тәуекелдікке ((d) тармаққа сәйкес айқындалған) жатқызылған өзгерісінің дәрежесін жүйелі түрде айқындайды. Ұйым қолданатын құжаттандырылған бағалау әдісінің хеджирлеудің жоғары тиімділігін растауы шартымен, ұйым хеджирленетін баптың әділ құнының өзгерісін пайда және шығын шотындағы пайда немесе залал, сондай-ақ 89А-тармақта жазылғандай қаржылық жағдай туралы есептегі екі сызықтық баптың бірі ретінде таниды. Әділ құнның өзгерісін жеке алынған активтерге немесе міндеттемелерге жатқызбаған дұрыс.
(h) Ұйым хеджирлеу (құралының/құралдарының (е) тармаққа сәйкес айқындалған) әділ құнының өзгерісін айқындайды және оны пайдалар мен шығындар шотында пайда немесе залал ретіне таниды. Хеджирлеу құралының/құралдарының әділ құны қаржылық жағдай туралы есепте актив немесе міндеттеме ретінде танылады.
(i) Кез келген тиімсіздік пайдалар мен шығындар шотында (g) тармағына сәйкес және (h) тармағына сәйкес әділ құн өзгерісінің арасындағы айырма ретінде танылуы тиіс.
AG115 Осы тәсілдің неғұрлым толық сипаты төменде келтірілген. Осы тәсіл қаржы активтерінің немесе қаржы міндеттемелерінің портфеліне жалғасатын пайыз мөлшерлемесі тәуекелдігінің әділ құнын хеджирлеу кезінде ғана қолданылады.
AG116 АG114(а)-тармақта жазылған портфельдің құрамында активтер және сол сияқты міндеттемелер болуы мүмкін. Басқа жағдайларда әңгіме тек активтерден немесе тек міндеттемелерден құралған портфель туралы болуы мүмкін. Осындай портфель ұйым хеджирлеуге ниет білдіретін активтердің немесе міндеттемелердің құнын айқындау үшін пайдаланылады. Дегенмен, портфельдің өзі хеджирленетін бап ретінде айқындалуы мүмкін.
AG117 АG114(b)-тармақты қолдана отырып, ұйым қандай да болмасын бап бойынша пайыз мөлшерлемесін қайта қараудың күтілетін күнін осы бап бойынша өтеу мерзімі басталатын немесе ол бойынша пайыз мөлшерлемесі нарықтық мөлшерлемелер ескеріле отырып қайта қаралатын күндердің ең ертесі ретінде айқындайды. Пайыз мөлшерлемесін қайта қараудың күтілетін күндері хеджирлеу басталар және хеджирлеудің бүкіл мерзімі бойы тарихи тәжірибелер және қолда бар басқа ақпарат, оның ішінде алдын ала ақы төлеу коэффициентіне, пайыз мөлшерлемесіне және олардың арасындағы өзара іс-әрекетке қатысты ақпарат және күтулер негізінде айқындалады. Өзінің шығын тәжірибесі жоқ немесе тәжірибесі жеткіліксіз ұйымдар қаржы активтерінің салыстырмалы топтар үшін осындай ұйымдардың тәжірибесін пайдалануы тиіс. Осындай бағалаулар жүйелі түрде талданады және сатып алынған тәжірибе негізінде жаңартылады. Алдын ала төленетін, белгіленген мөлшерлемесі бар3 Осы контексте барлық Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының контексіндегідей маңыздылық тұжырымдары бар актив болған кезде, осы актив бойынша алдын ала ақы төлеу күтілген күн қайта қараудың күтілетін күні болып саналады, егер пайыз мөлшерлемесін қайта қарау нарықтық мөлшерлемелерге сәйкес неғұрлым ерте күнге жүргізілмесе. Ұқсас активтер тобына қатысты уақытша кезеңдерге бөлу пайыз мөлшерлемесін қайта қараудың күтілетін күндер негізінде, әрбір уақытша кезеңге жекелеген активтерді емес, осы топтан пайызды бөлу нысанында жүзеге асырылады. Ұйым осындай бөлу мақсаты үшін басқа әдістемелерді қолданады. Мысалы, ол пайыз мөлшерлемесін қайта қараудың күтілетін күндері негізінде амортизацияланған несиелерді уақытша кезеңдерге бөлу үшін алдын ала ақы төлеу коэффициентінің коэффициентін пайдаланады. Дегенмен, осындай бөлу әдістемесі ұйымның тәуекелдіктерді басқару мәселелеріндегі рәсімдері мен міндеттеріне сәйкес келуі тиіс.
AG118 AG114(c) тармағында көрсетілген белгінің мысалы ретінде, егер қайта бағалаудың белгілі бір кезеңінде ұйым 100 а.б. тіркелген мөлшерлемесі мөлшерінде салынған активтері және 80 а.б. тіркелген мөлшерлемесі мөлшерінде салынған пассивтері бар деп шешсе, және 20 а.б. мөлшеріндегі барлық таза айқындамаларын хеджирлеуге шешім қабылдаса, ол хеджирленетін бабы бойынша активтерін 20 а. б. (актив бөлігі)4 мөлшерінде көрсетеді. Белгілеу дербес активтерге қарағанда «валюта саны» ретінде (мысалы доллар, евро, фунт немесе рэнд саны) көрсетіледі. Осыдан шығатын - хеджирленетін саны алынған барлық активтер (немесе пассивтер) - яғни жоғарыда аталған мысалда көрсетілген 100 а.б. активтерінің барлығы мынадай болуға тиіс:
(a) әділ құны хеджирленетін пайыздық мөлшерлемедегі өзгерістерге жауап ретінде өзгеретін баптар; және
(b) егер олар дербес хеджирленетін ретінде құрылған болса, әділ құнды хеджирлеуді есепке алу бойынша жіктелуге тиіс баптар. Әсіресе, 9 ХҚЕС (IFRS) бойынша талап етілгенге дейінгі функциясымен қаржы активтерінің әділ құны (мысалы, талап етуге дейінгі депозиттер және жедел жарналардың кейбір түрлері) төленуге талап етілген саны пайда болған бірінші күннен бастап талап етуге дейін төленетін санға қарағанда кем болуға тиіс болғандықтан, бап әділ құнды хеджирлеуді есепке алу бойынша ұстаушы төлеуді талап ете алатын ең қысқа уақыт кезеңінің ішінде жіктеле алмайды. Жоғарыда көрсетілген мысалда хеджирленетін айқындама - бұл активтер саны. Сондықтан мұндай пассивтер белгіленген хеджирленетін баптың бөлігі болып табылмайды, бірақ ұйым хеджирленетін ретінде белгілейтін активтер санын анықтау үшін пайдаланады. Егер ұйым хеджирлеуді қалайтын айқындама пассивтер саны болса, онда белгіленген хеджирлеу санын білдіретін сан ұйым неғұрлым ерте уақыт кезеңінде өтеуді талап ететін пассивтерге қарағанда тіркелген активтер бойынша пассивтерден алынуға тиіс және AG126(b)-тармаққа сәйкес хедждің тиімділігін бағалау үшін пайдаланылатын пайыздық шара осы өзге пассивтердің пайыздары ретінде есептелуге тиіс. Мысалы, айталық, ұйым қайта бағалаудың белгілі бір кезеңінде 40 а.б. талап етуге дейінгі депозиттерден және 60 а.б. талап етуге дейінгі функцияларсыз пассивтерден тұратын 100 а.б. активтері және тіркелген мөлшерлемемен салынған 70 а. б. пассивтері бар деп бағалайды. Егер ұйым 30 а.б. мөлшеріндегі барлық таза айқындамаларын хеджирлеуге шешім қабылдаса, ол хеджирленетін баптың пассивтері ретінде 30 а.б. мөлшерінде немесе талап етуге дейінгі функцияларынсыз 50 пайыз5 мөлшеріндегі пассивтер түрінде көрсетеді.
AG119 Осымен қатар, ұйым 88(а)-тармақтың хеджирлеу қатынастарын айқындауға және құжаттандыруға қатысты басқа талаптарын орындауы тиіс. Пайыз мөлшерлемесінің тәуекелдігін портфельдік хеджирлеуге қатысты ұйым хеджирленетін соманы айқындау кезінде қолданылатын барлық айнымалыларға қатысты өзінің саясатын, сондай-ақ хеджирлеу тиімділігін бағалау тәсілдерін құжаттандырылуы тиіс, оның ішінде:
(a) портфельдік хеджирлеуге жататын активтерді және міндеттемелерді, сондай-ақ осы портфельдің құрамынан шығуға арналған негізді бірегейлендіруді;
(b) пайыз мөлшерлемелерін және осындай бағалауларды өзгертуге арналған негіздер тұрғысынан алғанда алдын ала ақы төлеу коэффициенттеріне қатысты жорамалды қоса алғанда, пайыз мөлшерлемелерін қайта қарау күндерін ұйымның болжау тәсілдерін көрсетуді. Осы әдіс активті немесе міндеттемені хеджирленетін баптардың портфеліне енгізу сәтіндегі бастапқы бағалауды алу үшін және осы бағалауларды кез келген кейіннен түзетулер үшін пайдаланады;
(c) пайыз мөлшерлемелерін қайта қарау кезеңдерінің санын және ұзақтығын;
(d) ұйымның тиімділікті қаншалықты жиі бағалайтынын көрсетуді;
(e) ұйым көмегімен хеджирленетін бап ретінде айқындайтын активтердің немесе міндеттемелердің сомасын белгілейтін әдістемесін ұсынуды;
(f) ұйымның әрбір қайта қарау кезеңі бойынша жеке, барлық кезең бойынша жиынтықпен тиімділікті бағалауға немесе осы әдістердің қайсысын да болмасын пайдалануға ниеті бар не ниеті жоқ екенін көрсетуді.
Хеджирлеу қатынасын айқындау және құжаттандыру кезінде көрсетілетін саясат ұйымның тәуекелдіктерді басқару мәселелеріндегі рәсімдерге және міндеттерге сәйкес келуі тиіс. Осындай саясатты өз еркінше өзгертуге жол берілмейді. Осындай өзгерістердің негізі нарықтық талаптардың өзгеруі және басқа факторлар болуы тиіс, бұл ретте олар ұйымның тәуекелдіктерді басқару мәселелеріндегі рәсімдеріне және міндеттеріне негізделуі және оларға сәйкес келуі тиіс.
AG120 AG114(е)-тармағында әңгіме болған хеджирлеу құралы жеке алынған туынды құрал немесе туынды құралдарының портфелі болуы мүмкін, олардың әрқайсысы AG114(d)-тармаққа сәйкес хеджирлеу мәні ретінде айқындалған пайыз мөлшерлемесінің тәуекелдігіне ұшыраған (мысалы, пайыздық своп портфелі, олардың әрқайсысы ЛИБОР өзгеру тәуекелдігіне ұшыраған). Туынды құралдардың осындай портфелінде тәуекелдіктің өзара есепке алынған позициялары болады. Дегенмен, оған жазылған опциондарды немесе жазылған таза опциондарды енгізуге болмайды, себебі осы Стандартта6 осындай опциондарды хеджирлеу құралдары ретінде айқындауға болмайды (жазылған опцион сатып алынған опционмен өзара есепке алуға арналған). Егер хеджирлеу құралы AG114(с)-тармағында белгіленген соманы пайыз мөлшерлемелерін қайта қараудың кемінде бір кезеңі ішінде хеджирлеуді қамтамасыз етсе, онда ол барлық хеджирлеу кезеңіне жатқызылуы тиіс. Бұл ретте, дегенмен, хеджирлеу құралы осы кезеңдерге толық көлемде жатқызылуы тиіс, себебі осы Стандартта7 хеджирлеу қатынасын хеджирлеу құралының толық емес айналыс кезеңі ішінде пайдалануға рұқсат етілмейді.
AG121 Ұйым алдын ала төленетін баптың әділ құнының өзгерісін AG114(g)-тармаққа сәйкес бағаласа, пайыз мөлшерлемелері өзгерісінің осы алдын ала төленетін әділ құн үшін екіжақты салдары болады: ол шартта көзделген ақша ағындарының әділ құнына және алдын ала төленетін бапта бар алдын ала төленетін опционның әділ құнына әсер етеді. Осы Стандарттың 81-тармағында ұйымға хеджирленетін бап ретіндегі жалпы тәуекелдікке ұшыраған қаржы активінің немесе қаржы міндеттемесінің бөлігін айқындауға рұқсат етілген, бірақ хеджирлеу тиімділігін бағалау шартымен. Алдын ала төленетін баптар үшін 81A-тармағы бұл жағдайға жету үшін әділ құнның көрсеткіштеріндегі хеджирлеу баптарын тануды қарастырады, бұл жердегі әділ құн келісімшарттық қайта баға орнатуға қарағанда күтілген қайта баға орнату негізіндегі танылған пайыздық мөлшерлемелердің өзгерістеріне тән. Алайда, хеджделген пайыздық мөлшерлемелердегі өзгерістердің күтілген қайта баға орнату күніне деген ықпалы хеджделген баптың әділ құнының өзгерісін анықтауға жатқызылуы тиіс. Нәтижесінде егер күтілген бағаны қайта орнату күндері қайта өзгертілсе немесе сол күнгі бағаны қайта орнату күні күтілгеннен басқа болса, AG126-тармағында сипатталған тиімсіздік пайда болады. Керісінше, күтілген бағаны қайта орнату күндеріндегі өзгерістер (a) хеджирлеу пайыздық мөлшерлемесінің өзгерістерінен басқа факторлардан туындайды, (b) хеджделген пайыздық мөлшерлемесінің өзгерістерімен байланыспаған және (с) хеджделген пайыздық мөлшерлемеге қатысты өзгерістерден сенімді түрде бөлінген (мысалы, демографиялық факторлар немесе салықтық реттеулердегі өзерістерден туындайтын алдын ала төлеулерден гөрі пайыздық мөлшерлемедегі өзгерістер), бұл өзгерістер хеджделген баптың әділ құнының өзгерісін анықтауда алынып тасталады, себебі олар хеджирлеу тәуекелдігіне қатысты емес. Егер күтілген бағаны қайта орнату күндеріне өзгертулерге себеп болатын факторлар жөнінде нақты ақпарат болмаса немесе ұйым басқа факторлардан туындайтын хеджделген пайыздық мөлшерлемеден пайда болатын өзгерістерді сенімді түрде бөлектей алмаған жағдайда, өзгеріс хеджделген пайыздық мөлшерлемедегі өзгерістерден пайда болады деп жорамалданады.
AG122 Осы Стандартта AG114(g)-тармақта айтылған мөлшерді айқындау тәсілі жазылмаған, атап айтқанда: хеджирленетін тәуекелдікке жатқызылған хеджирленетін баптың әділ құнының өзгеруі. Егер статистикалық немесе басқа бағалай әдістері осындай бағалауға қолданылатын болса, басқарушылар хеджделген бабын құрайтын барлық жеке активтер мен міндеттемелерді бағалаудан болатын нәтижеге жақын нәтижелер күтуіне тура келеді. Хеджирленетін баптың әділ құнының өзгеруі хеджирлеу құралының өзгерісіне ұқсас деп жорамалдаған дұрыс емес.
AG123 89А-тармаққа сәйкес, егер пайыз мөлшерлемелерін қайта қараудың нақты кезеңінде хеджирленетін бап ретінде актив айқындалса, онда оның құнының өзгеруі активтер бөліміндегі бөлек сызықтық баппен ұсынылады. Және, керісінше, егер пайыз мөлшерлемелерін қайта қараудың нақты кезеңінде хеджирленетін бап ретінде міндеттеме айқындалса, онда оның құнының өзгеруі міндеттемелер бөліміндегі бөлек сызықтық баппен ұсынылады. AG114(g)-тармақта айтылған бөлек сызықтық баптар дегенміз осы. Бөлек активтерге (міндеттемелерге) арнайы жатқызу талап етілмейді.
AG124 AG114(і)-тармақта тиімсіздіктің себебі туынды хеджирлеу құралының әділ құнының өзгеруімен хеджирленетін тәуекелдікке жалғасатын хеджирленетін баптың әділ құнының сәйкес келмеуі болып табылады. Осындай сәйкес келмеу бірқатар себептер бойынша туындауы мүмкін, оның ішінде:
(a) қайта бағалаудың нақты күндері күтілгендерден ерекшеленеді немесе қайта бағалаудың күтілетін күндері қайта қаралады;
(b) хеджирленетін портфель құрамындағы баптардың құнсыздануы немесе тануды тоқтату нәтижесінде;
(c) хеджирлеу құралы және хеджирленетін бап бойынша төлем күндерінің сәйкес келмеуі; және
(d) басқа себептер (мысалы, бірнеше хеджирленетін баптардың деңгейдегі пайызы хеджирленетін ретінде құрылған базистік деректерге орай төмен деңгейде болса және нәтижесінде тиімсіздік мұндай жоғары болмайды, демек тұтастай алғанда портфолио хеджирлеуді есепке алу үшін жіктеле алмайды).
Осындай тиімсіздік бірегейлендірілуі және пайда және шығындар шотына жатқызылуы тиіс.
AG125 Жалпы жағдайда хеджирлеу тиімділігі мынадай жағдайларда артады:
(a) егер ұйым әртүрлі сипаттамалары бар алдын ала ақыны алдын ала ақы төлеу мәселелеріндегі іс-қимылдағы айырмашылық ескерілетін жүйелілікпен орналастыруды қалыптастырса;
(b) портфель көп баптардан тұратын болса. Егер баптардың бірі бойынша алдын ала ақы төлеу күтілетін мерзімнен ерте немесе кеш жүргізілсе, портфельдің құрамында тек бірнеше бап болса, тиімсіздіктің барынша жоғары деңгейі болуы ықтимал. Және керісінше портфельдің құрамында көп бап болса, алдын ала ақы төлеу мәселелеріндегі іс-қимыл неғұрлым дәл болжануы мүмкін;
(c) мөлшерлемелердегі қайта қараудың неғұрлым қысқа кезеңдері пайдаланылған кезде (мысалы, 3 ай емес 1 ай). Мөлшерлемелерді қайта қараудың неғұрлым қысқа кезеңдері хеджирленетін бап бойынша қайта қарау және төлем күндері (қайта қарау кезең шегінде) хеджирлеу құралы бойынша тиісті күндер арасындағы кез келген салдарды азайтады;
(d) хеджирленетін баптың өзгерістерін көрсету үшін хеджирлеу құралының қаржылық жағдай туралы есептік мөлшерін түзету неғұрлым жиі жүргізілсе (мысалы, алдын ала ақы төлеуге қатысты күтулердегі өзгерістерге байланысты).
AG126 Ұйым тиімділікті кезеңдік негізде бағалауы тиіс. Ұйым тиімділікті мерзім сайын тістелейді.
Егер қайта бағалау күндерінің жорамалдары ұйым тиімділікті бағалайтын бір күннің арасында өзгеретін болса, ол тиімділіктің мөлшерін мына екі тәсілдің бірімен есептеп шығаруы тиіс:
(a) хеджирлеу құралының ұқсас бағаларының өзгерісі (AG114(h)-тармағына қараңыз) мен хеджирленетін пайыздық мөлшерлеме өзгерістеріне жазылатын хеджирленетін баптың бүкіл мөлшерінің өзгерісі арасында (хеджирленетін пайыздық мөлшерлемелердегі өзгеріс ықпалы алдын ала төлемнің кез келген ұсынылған нұсқасының ұқсас бағасына әсер етеді); немесе
(b) мына жақын белгіленімдерді пайдалана отырып: Ұйым:
(i) тиімділік тестіленген соңғы күнге қайта бағалаудың болжамды күндерінің негізінде хеджделген қайта бағалаудың әрбір уақыт кезеңіне активтердің (немесе пассивтердің) пайыздық мәнін есептеп шығарады.
(ii) осы пайыздық мағынаны қайта қаралған болжамның негізінде хеджирленетін баптың мөлшерін есептеп шығару үшін қайта бағалаудың уақытша кезеңінде қолданады.
(iii) хеджирленетін тәуекелдікке жатқызылатын және AG114(g)- тармағында баяндалғандарды білдіретін қайта қаралған болжамды хеджирленетін әділ құнының өзгерістерін есептеп шығарады.
(iv) (iii) тармақта белгіленген мөлшер мен хеджирлеу құралының ұқсас
бағасындағы өзгерістер арасындағы айырмаға тең тиімсіздікті таниды (AG114(h)-тармағына қараңыз).
AG127 Тиімділікті бағалау кезінде ұйым қолданылып жүрген активтерді (немесе міндеттемелерді) қайта қараудың және жаңа активтерді (немесе міндеттемелерді) қалыптастырудың күтілетін күндеріне түзетулер арасындағы айырманы жүргізеді, себебі тиімсіздік бірінші жағдайда ғана туындайды. Бағаларды қайта орнатудың болжанған күндерін барлық қайта қараулар (AG121-тармағына сәйкес алынып тасталғандардан басқа), белгілі бір уақыт аралықтарында орын алған кез келген қайта орналастыруларды қоса алғанда, AG126(b)(ii)-тармағына сәйкес және кейін тиімділікті бағалау кезінде белгілі бір уақыт аралығындағы болжанған соманы қайта қарауға енгізілген. Жоғарыда жазылғандай, тиімсіздікті танудан кейін ұйым, тиімділікті соңғы бағалау уақытынан бастап қалыптастырылған жаңа активтерді (немесе міндеттемелерді) қоса алғанда, мөлшерлемелерді қайта қараудың әрбір кезеңінде барлық активті (немесе міндеттемелерді) жаңадан бағалауды жүргізеді және хеджирленетін бап ретінде жаңа қаржылық жағдай туралы есептік өлшемді және хеджирленетін арақатынас ретінде жаңа пайыздық арақатынасты айқындайды. AG126(b)-тармағында жазылған рәсімдер тиімділік бағаланғаннан кейін келесі күні қайталанады.
AG128 Мөлшерлемелерді қайта қараудың кестесіне бастапқыда енгізілген активтерді тану құнсыздану немесе сату себебі бойынша мерзімінен бұрын өтеу немесе есептен шығару себепті тоқтатылды. Осы жүргізілген кезде, AG114(g)-тармақта айтылған бөлек сызықтық бапта көрсетілетін, тануы тоқтатылған активтің әділ құнының өзгеру мөлшері қаржылық жағдай туралы есептен шығарылады және осы активті тануды тоқтату салдарынан туындайтын пайдаға немесе шығынға енгізіледі. Осы мақсатта тануы тоқтатылған активтің мөлшерлемелерді қайта қараудың нақты қай кезеңіне/кезеңдеріне жатқызылғанын білу қажет, себебі бұл мөлшерлемелерді қайта қараудың осы актив алынып тасталуы тиіс кезеңін/кезеңдерін айқындайды, сондай-ақ тиісінше AG114(g)-тармақта айтылған бөлек сызықтық баптан есептен шығаруға жатады. Қандай да болмасын өзге активті тану тоқтатылған кезде ол осы уақытша кезеңнен оның кестеге кезінде енгізілген нақты кезеңнің айқындалуы шартымен алынып тасталады. Егер мұны айқындауға мүмкін болмаса, ол тану күтілгеннен гөрі неғұрлым едәуір алдын ала ақы төлеу салдары болып табылуы шартымен ең ерте кезеңнен алынып тасталады, не, егер осы актив сатылса немесе құнсызданса, жүйелі және ұтымды негізде есептен шығарылған актив кіретін барлық уақытша кезеңдерге жатқызылады.
AG129 Сонымен қатар, нақты уақыт кезеңіне жатқызылған, тануы осы кезең аяқталғанға дейін тоқтатылмаған кез келген өлшем ағымдағы сәттегі пайдада немесе шығында танылады (89А-тармақты қараңыз). Мысалы, ұйым баптарды үш уақыт кезеңіне жіктейді деп болжайық. Алдыңғы қайта тану кезінде қаржылық жағдай туралы есептегі бір сызықты бап бойынша тапсырылған әділ құндағы өзгерістер активке 25 а.б. қамтиды. Бұл сәйкесінше 7 а.б., 8 а.б. және 10 а.б. 1, 2 және 3-нші кезеңдерге қатысты соманы көрсетеді. Келесі қайта тану кезінде 1-нші кезеңге қатысты активтер танылады немесе басқа кезеңдерге қайта жоспарланады. Сондықтан 7 а. б.-ның қаржылық жағдай туралы есеп бойынша танылуы тоқтатылап, пайда және шығын бойынша танылады. 8 а.б. және 10 а.б. сәйкесінше 1 және 2-нші кезеңдерге қатысты. Осы қалған кезеңдер бұдан кейін қажет жағдайда AG114(g)-тармағында сипатталғандай әділ құны өзгерістеріне сәйкес өзгертіледі.
AG130 Алдыңғы екі тармақтың талаптарын көрнекілендіруші ретінде ұйым активтердің тізімін қайта бағалаудың әрбір уақыт кезеңіне портфолио пайыздың мәнін орналастыру жолымен жасады делік. Сондай-ақ алғашқы екі уақыттық кезеңнің әрқайсысында 100 а.б. қамтиды. Қайта бағалаудың бірінші уақыттық кезеңі аяқталған кезде күтілетін және күтілмейтін төлемдерге орай активтерді а.б. тану жойылады. Бұл жағдайда бірінші уақыттық кезеңге қатысты AG114(g)-тармағында көрсетілген жолдың элементін қамтитын сандардың барлығы қаржылық жағдай туралы есептік есептен алып тасталады, оған екінші уақыттың кезеңге жатқызылатын 10 пайыз саны қосылады.
AG131 Егер мөлшерлемелерді қайта қарау кезеңінде хеджирленетін өлшем азайса, бірақ бұл ретте тиісті активтерді (немесе міндеттемелерді тану тоқтатылмаса, онда AG114(g)-тармақта айтылған бөлек сызықтық бапқа енгізілген, осы азаюға байланысты өлшем 92-тармаққа сәйкес амортизациялануға жатады.
AG132 Ұйым AG114-AG131-тармақтарда берілген тәсілді бұрын есепте 39 ХҚЕС-на (IAS) сәйкес ақша ағындарын хеджирлеу ретінде көрсетілген портфельдік хеджирлеуге де қолдануға құқылы. Осы жағдайда ұйым 101(d)-тармаққа сәйкес бұрын айқындалған ақша қаражатын хеджирлеуді жоюы және осы тармақтағы талаптарды орындауы тиіс. Сонымен қатар, ол осы хеджирлеу қатынасын әділ құнды хеджирлеу ретінде қайта айқындауы және AG114-AG131-тармақтарда берілген тәсілді келесі есептік кезеңдерге қатысты перспективалық негізде қолдануы тиіс.
Өту кезеңі (103-108С тармақтары)
AG133 Болжанатын топішілік мәмілені хеджирленетін бап ретінде 2005 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңнің басында (не салыстырмалы ақпаратты қайта қарау мақсатында, алдыңғы салыстырмалы кезеңнің басында) осы Стандартқа сәйкес хеджирлеуді есепке алу талаптарына сәйкес келетін хеджирлеу қатынасы шеңберінде тағайындауына болады (80-тармақтың соңғы сөйлемінде көзделген түзетулерді ескере отырып). Осындай ұйым осы тағайындауды 2005 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңнің басынан (не салыстырмалы ақпаратты қайта қарау мақсатында, алдыңғы салыстырмалы кезеңнің басынан) бастап хеджирлеуді есепке алуды шоғырландырылған қаржы есептілігінде қолдану үшін пайдаланады. Осындай ұйым AG99A және AG99В-тармақтарын 2005 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңнің басынан бастап қолдануға міндетті. Дегенмен, AG108В-тармағына сәйкес ол AG99В-тармағын өткен кезеңдердің салыстырмалы ақпаратына қолдануға міндетті емес.
[1] 7 ХҚЕС-ын (IFRS) қолданғанда 32 ХҚЕС-на (IAS) жасалатын сілтеме 7 ХҚЕС (IFRS) сілтемесіне ауыстырылды