Хеджирленетін баптар
Анықталатын баптар
78. Қаржылық жағдай туралы есепте танылған актив немесе міндеттеме, танылмаған, оған қатысты мәміленің оны жасаудың жоғары ықтималдылығы болатын нақты келісім немесе шетелдік операцияға таза инвестициялар хеджирленетін бап ретінде болады. Осындай хеджирленетін бап (а) бөлек актив, міндеттеме, нақты келісім, жоғары ықтималды болжанған мәміле немесе шетелдік қызметке таза инвестиция, не (b) активтердің, міндеттемелердің, нақты келісімдердің, тәуекелдіктің ұқсас сипаттамалары бар жоғары ықтималды болжанған мәмілелердің немесе шетелдік қызметке таза инвестициялардың тобы не (с) пайыздық мөлшерлеме тәуекелдігін ғана портфельдік хеджирлеу кезінде қаржы активтерінің немесе қаржы міндеттемелерінің осы хеджирлеу тәуекелдігіне ұшыраған бөлігі болып табылады.
79. [Жойылған]
80. Хеджирлеуді есепке алу мақсатында, хеджирленетін бап ретінде активтер, міндеттемелер, нақты келісімдер немесе есеп беретін ұйымға қатысты сыртқы тарап қатысатын жоғары ықтималды болжанған мәмілелер ғана тағайындалуы мүмкін. Осыдан, хеджирлеуді есепке алу ұйымдар немесе сегменттер арасында бірдей топ құрамындағы ұйымдар немесе сегменттер арасындағы мәмілелерге қатысты тұтастай алғанда топтың шоғырландырылған қаржы есептілігінде емес, осы ұйымдардың немесе сегменттердің жеке немесе бөлек қаржы есептілігінде ғана жүзеге асырған дұрыс болады, 10-шы ХҚЕС-те анықталғандай инвестициялық ұйым мен оның еншілес компанияларының арасында пайда мен залал арқылы әділ құнмен өлшенетін операциялардың шоғырландырылған қаржы есептілігі шоғырландырылған қаржы есептілігінен шеттеуді қоспағанда. Ерекшелік ретінде топ ішіндегі ақша бабы бойынша валюта тәуекелдігі (мысалы, екі еншілес ұйым арасындағы кредиторлық/дебиторлық берешек), егер нәтижесінде 21 Валюталық багам өзгерісінің әсері ХҚЕС-ына (IAS) сәйкес шоғырландырылған есептілік кезінде толық алынып тасталмайтын мөлшерлемелік пайдалар немесе шығындар тәуекелдігі туындаса, шоғырландырылған қаржы есептілігінде хеджирленетін бап ретінде жіктелуі мүмкін. 21 ХҚЕС-ына (IAS) сәйкес шоғырландырылған есептілік кезінде топ ішіндегі ақша баптары бойынша мөлшерлемелік пайдалар және шығындар топ ішіндегі ақша баптары топ құрамындағы, түрлі функционалдық валютасы бар екі ұйым арасындағы мәміленің мәні болып табылған жағдайда толық алынып тасталмайды. Сонымен қатар жоғары ықтималды болжанған топ ішіндегі мәміленің валюта тәуекелдігі осы мәміленің осы мәмілеге кіретін ұйымның функционалдық валютасы болып табылмайтын валютамен көрсетілуі және валюта тәуекелдігі шоғырландырылған пайдаға немесе шығынға әсер етуі шартымен шоғырландырылған қаржы есептілігінде хеджирленетін бап ретінде жіктелуі мүмкін.
Қаржы баптарының хеджирленетін баптар ретіндегі анықталуы
81. Қаржы активін немесе қаржы міндеттемесін хеджирлеу кезінде оған қатысты ақша қаражатының ағындары немесе оның әділ құны бойынша ғана (мысалы, шартта көзделген бір немесе одан көп ақша ағындары немесе осы ағындардың бөліктері немесе әділ құнның пайыздық мөлшерлемесі) ілесетін тәуекелдіктер хеджирлеу тиімділігінің анықтауға жатқызылуы шартымен хеджирленетін бап ретінде жіктеледі. Мысалы, активке немесе міндеттемеге пайыздық кіріс әкелетін кіріске ілесетін пайыздық тәуекелдіктің бірегейлендірілетін және бөлек анықталатын бөлігі (мысалы, хеджирленетін қаржы құралының жалпы ашық пайыздық позициясының бөлігі болып табылатын тәуекелдіксіз пайыздық мөлшерлеме немесе пайыздық бағдар мөлшерлеме).
81А Қаржы активтерінің немесе қаржы міндеттемелерінің портфеліне ілесетін пайыз мөлшерлемесі тәуекелдігінің әділ құнын хеджирлеу кезінде (және осындай хеджирлеу кезінде ғана) портфельдің хеджирленетін бөлігі активтердің (немесе міндеттемелердің) тізімі түрінде емес, ақша сомасының (мысалы, доллармен, еуромен, фунттармен немесе рандтармен көрсетілген сомалар) терминдерінде айқындалуы мүмкін. Тәуекелдіктерді басқару мақсатында портфельге активтер және міндеттемелер кіруі мүмкін болса да, тиісті сома не активтің сомасын, не міндеттемелердің сомасын құрайды. Активтер және міндеттемелер кіретін таза сомасын анықтауға жол берілмейді. Ұйым осы анықталған сомаға байланысты пайыздық мөлшерлеме тәуекелдігінің бөлігін хеджирлей алады. Мысалы, алдын ала төленген активтер бар портфель хеджделген жағдайда, ұйым әділ құнның бағаларды қайта қараудың шарттық күндері емес, күтілетін күні негізінде хеджирленетін пайыздық мөлшерлемені өзгертуге жатқызуға болатын осындай өзгерісін хеджирлей алады. Хеджиреленген бөлік күтілген бағаның бекітілу күндеріне негізделген жағдайда, хеджиреленген пайыздық мөлшерлеме өзгерісінің күтілген бағаның бекітілу күндеріне әсері хеджиреленген баптың әділ құнының өзгерісін анықтау кезінде енгізілуі тиіс. Нәтижесінде, алдын-ала төленетін баптарды құрайтын портфель алдын-ала төленбейтін туындылармен бірге хеджиреленсе, хеджиреленген портфельдегі баптар алдын ала төленуі күтілетін күндер өзгертілген немесе алдын ала төлену күндері күтілгеннен өзгеше болған жағдайда тиімсіздігі жоғарылайды.
Хеджирленетін ретіндегі қаржылық емес баптарды анықтау
82. Егер актив немесе қаржылық емес міндеттеме хеджирленетін бап болып табылса, ол міндетті түрде (а) валюта тәуекелдігіне қолданылатындай немесе (b) ақша қаражаты ағындарының тиісті бөлігін, немесе валюталықты қоспағанда, нақты тәуекелдікке тікелей қатысты әділ құнның өзгерістерін бөліп көрсетудің және бағалаудың күрделілігіне байланысты тұтастай алғанда барлық тәуекелдіктерге қолданылатындай түрде анықталуы тиіс.
Хеджирленетін ретіндегі қаржы баптар тобын анықтау
83. Ұқсас активтер немесе ұқсас міндеттемелер, егер жекелеген активтер немесе жекелеген міндеттемелер осы топта хеджирленетін тәуекелдік олар үшін жалпы болған жағдайда ғана топ түрінде біріктіріледі және хеджделеді. Сонымен қатар, топтың әрбір жекелеген элементінің хеджирленетін тәуекелдігіне қатысты әділ құнының бөлігіндегі өзгеріс бүкіл топтың хеджирленетін тәуекелдігіне қатысты әділ құнның бөлігіндегі жалпы өзгерістерге нақты пропорционалды болуы тиіс.
84. Ұйым хеджирлеудің тиімділік дәрежесін хеджирлеу құралының (немесе ұқсас хеджирлеу құралдары топтарының) және хеджирленетін баптың (немесе ұқсас хеджирленетін баптар тобының) әділ құнының немесе ақша ағындарының әділ құнының өзгерісін салыстыру арқылы айқындайтындықтан, хеджирлеу құралын нақты хеджирленетін баппен емес жалпы сальдоланған (мысалы, бірдей өтеу мерзімі бар, белгіленген мөлшерлемесі бар барлық активтің және белгіленген мөлшерлемесі бар міндеттемелердің сальдосы) позициясымен салыстыру хеджирлеуді есепке алу талаптарына сай келмейді.
Хеджирлеуді есепке алу
85. Хеджирлеуді пайдада немесе шығында есепке алу кезінде хеджирлеу құралының және тиісті хеджирленетін баптың әділ құнындағы өзгерістердің өзара есепке алынатын өзгерістері танылады.
86. Хеджирлеу қатынастарының үш түрі бар:
(a) әділ құнды хеджирлеу: активтің немесе міндеттеменің қаржылық жағдай туралы есебінде танылған әділ құнның не танылмаған нақты келісімнің немесе осындай активтің немесе нақты келісімнің нақты тәуекелдікке қатысты және пайдаға немесе шығынға эсер ететін белгілі бір үлесінің ықтимал өзгерістерін хеджирлеу;
(b) ақша ағындарын хеджирлеу: ақша ағындарының ықтимал өзгерістерінен (і) қаржылық жағдай туралы есепте танылған активке немесе міндеттемеге байланысты нақты тәуекелдікке (айнымалы пайыздық мөлшерлемесі бар борыштық міндеттеме бойынша барлық немесе жекелеген болашақ төлемдерді хеджирлеу) немесе жоғары ықтималды болжанған мәмілеге қатысты және (іі) пайдаға немесе шығынға әсер ететін хеджирлеу;
(c) 21 ХҚЕС-қа (IAS) сәйкес шетелдік операциядағы таза инвестицияларды хеджирлеу.
87. Нақты келісімнің валюта тәуекелдігін хеджирлеу есепте әділ құнды хеджирлеу ретінде не ақша ағындарын хеджирлеу ретінде көрсетілуі мүмкін.
88. Хеджирлеу қатынасы 89-102-тармақтарға сәйкес төмендегідей барлық талаптар орындалған кезде ғана хеджирлеуді есепке алу талаптарына сай келе алады:
(a) хеджирлеу қатынастарының ең басынан бастап ұйымның тәуекелдікті басқару және хеджирлеу стратегиясы аясындағы міндеттері ресми құжаттамаларда жазылады. Осы құжаттамада хеджирлеу құралы, оған байланысты хеджирленетін бап немесе бизнестік операциясы, хеджирленетін тәуекелдіктің сипаты айқындалады, сондай-ақ ұйым әділ құнның немесе хеджирленетін баптың ақша ағындарының өзгерістерінің тәуекелдіктерін өтеу тұрғысынан алғанда хеджирлеу құралының тиімділігін қандай түрде бағалайтыны белгіленеді;
(b) хеджирлеудің жоғары тиімді болатыны (А қосымшасының AG105-AG113-тармақтарын қараңыз) және бастапқыда осы нақты хеджирлеу қатынасы үшін тұжырымдалған тәуекелдіктерді басқару стратегиясына сәйкес әділ құнның немесе ақша ағындарының өзгерістерінің тәуекелдігін хеджирлеуге байланысты өтемақыны қамтамасыз ететіні түсініледі;
(c) ақша ағындарын хеджирлеуге арналған хеджирлену нысаны болып табылатын болжамдағы бизнестік операциялардың туындау ықтималдылығы жоғары және бұл жағдайда пайдаға немесе залалға әсерін міндетті түрде тигізетін ақша ағындарының өзгерістеріне әкеліп соғатын қауіпті көрсету тиіс;
(d) хеджирлеудің тиімділігі сенімді түрде бағалануы мүмкін, яғни, хеджирленетін баптың хеджирленетін тәуекелдікке байланысты әділ құны немесе ақша ағындары және хеджирлеу құралының әділ құны шынайы түрде бағалануы мүмкін;
(e) хеджирлеуді бағалау тұрақты негізде жүргізіледі, нәтижесінде оларға арналған қаржы есептілігінің барлық кезеңдер бойы оның жоғары тиімділігі белгіленді.
Әділ құнды хеджирлеу
89. Егер есепті кезең ішінде әділ құнды хеджирлеу 88-тармақтың талаптарына сай келсе, оны есепке алу тек қана мынадай тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады:
(a) 21 ХҚЕС-қа (IAS) сәйкес (туынды емес хеджирлеу құралына қатысты) айқындалатын хеджирлеу құралын әділ құны (туынды хеджирлеу құралына қатысты) немесе оның қаржылық жағдай туралы есептік құнының валюталық құрамы бойынша қайта бағалаудан пайданы немесе шығынды пайдаға немесе шығынға жатқызған дұрыс; және
(b) хеджирленетін баптың қаржылық жағдай туралы есептік құны хеджирленетін бап бойынша хеджирленетін тәуекелдігіне жатқызылған пайдаларды немесе шығынды есепке ала отырып түзетілуі тиіс, ал осы пайдалар немесе шығындар пайдалар мен шығындар шотында көрсетілуі тиіс. Бұл хеджирленетін бапты бағалау нақты шығындар бойынша жүргізілген жағдайларға жатады.
89A Қаржы активі немесе қаржы міндеттемелері бойынша пайыз мөлшерлемесінің тәуекелдігі хеджделген жағдайда (және тек осындай хеджирлеу кезінде ғана) 89(b) тармағының талабы хеджирленетін бапқа жататын пайдалар немесе шығындарды көрсету арқылы сақталуы мүмкін:
(a) активтер құрамында жеке бөлініп көрсетілген желілік бап ретінде - осы хеджирленетін бап актив болып табылатын мөлшерлемелерді қайта қарау кезеңдері бойынша; немесе
(b) міндеттемелер құрамында жеке бөлініп көрсетілген желілік бап ретінде - осы хеджирленетін бап міндеттеме болып табылатын мөлшерлемелерді қайта қарау кезеңдері бойынша.
Осы бөліп көрсетілген, жоғарыдағы (а) және (b) тармақтарында жазылған желілік баптар бірден қаржы активтері немесе қаржы міндеттемелерінен кейін ұсынылуы тиіс. Осы желілік баптардың құрамына енгізілген сомалар олар жатқызылған активтерді немесе міндеттемелерді тану тоқтатылғаннан кейін қаржылық жағдай туралы есептен шығарылуы тиіс.
90. Егер хеджирлеу объектісі тек хеджирленетін баппен байланысты нақты тәуекелдіктер болып табылса, онда хеджирленетін баптың әділ құнының хеджирленетін тәуекелдікке байланысты емес танылған өзгерістері осы стандарттың 9 ХҚЕС (IFRS) 5.7.1-бабында айқындалғандай көрсетілуі тиіс.
91. Ұйым 89-тармақта көзделген хеджерлік есепке алуды перспективалық түрде тоқтатуы тиіс, егер;
(а) хеджирлеу құралының айналыс мерзімі аяқталса, не құрал сатылса немесе қолданылса. Осы мақсаттар үшін хеджирлеу құралын басқа хеджирлеу құралымен ауыстыру немесе ұзарту құралды қолдану мерзімі аяқталған немесе тоқтатылған ретінде қарастырылмайды, егер осындай ауыстыру немесе ұзарту ұйымның құжаттандырылған хеджирлеу стратегиясының бөлігі болып табылса. Осыған қоса хеджирлеу құралының мерзімінің өтуі немесе тоқтатылуы болмайды, егер:
(i) заңдар мен нормативтердің нәтижесі ретінде немесе заңдар мен нормативтердің кіріспесі ретінде, хеджерлеу құралының тараптары бір немесе бірнеше клирингтік контрагенттердің әрбір тарапқа жаңа контрагент атануы үшін өздерінің түпкі контрагентін алмастырса. Осы мақсатта, клирингтік контрагент орталық контрагент (кейде ‘клирингтік ұйым’ немесе ‘клирингтік агенттік’ деп аталады) немесе ұйым немесе ұйымдар болып табылады, мысалы, орталық контрагент арқылы клирингке ықпал ету үшін контрагент ретінде әрекет ететін клирингтік ұйымның клирингтік мүшесінің клиенті немесе клирингтік ұйымның клирингтік мүшесі. Алайда, хеджерлеу құралының тараптары өздерінің түпкі контрагентін басқа контрагенттермен алмастырған кезде, осы тармақ сол әрбір тараптардың бірдей орталық контрагенттерімен клирингке ықпал етсе ғана қолданылуы қажет.
(ii) хеджерлеу құралының басқа өзгерістері, егер болса, контрагенттің осындай алмасуына ықпал етуге тиісті болатын өзгерістерге шектеулі болса. Осындай өзгерістер егер хеджерлеу құралы түркілікті түрде клирингтік контрагентпен тазаланған болса күтілетін шарттарға сәйкес өзгерістерге шектеулі болады. Бұл өзгерістер қосымша талаптардағы өзгерістерді, төлеу және қабылдау теңгерімдерін өтеу құқықтарын, және алынатын жинамды қамтиды.
(b) хеджирлеу бұдан әрі 88-тармақта жазылған хеджирлеу кезінде есепке алудың талаптарына сай келмесе; немесе
(c) ұйым хеджирлеу құралын белгілеуді жойса.
92. 89(b)-тармақтың салдарынан туындаған және амортизациялық құны бойынша (немесе қаржылық жағдай туралы есептің бөлек желілік бабына қатысты 89А-тармақта жазылған пайыздық мөлшерлеме портфельдік хеджделген жағдайда) бағаланатын хеджирленетін қаржы құралының қаржылық жағдай туралы есептік құнына қатысты жүргізілетін кез келген түзету пайда немесе залал шотына амортизациялануы тиіс. Амортизацияны түзету сәтінен бастап, бірақ әділ құнның хеджирленетін тәуекелдікке жатқызылған өзгерістерін ескере отырып, хеджирленетін бапты түзету тоқтатылған кездегі сәттен кешіктірмей бастауға болады. Түзету амортизациялау басталған күнгі қайта саналған тиімді пайыздық мөлшерлемеге негізделеді. Дегенмен қаржы активтері немесе қаржы міндеттемелері портфелінің пайыз мөлшерлемесінің тәуекелдігі хеджделген жағдайда (және тек осындай жағдайда ғана) амортизацияны қайта саналған тиімді пайыздық мөлшерлемені қолданумен жүргізу дұрыс емес, түзету амортизацияны біркелкі есептеу әдісін қолданумен амортизациялануы тиіс. Түзету тиісті қаржы құралын қолдану мерзімі аяқталғанға дейін немесе пайыздың мөлшерлемесі портфельдік хеджделген жағдайда мөлшерлемені тиісті қайта қарау мерзімі аяқталғанға дейін толық амортизациялануы тиіс.
93. Танылмаған нақты келісім хеджирленетін бап ретінде айқындалған кезде, осы нақты келісімнің әділ құнының хеджирленетін тәуекелдікке жатқызылатын келесі жиынтық өзгерістері актив немесе міндеттеме ретінде танылады, ал тиісті пайда немесе залал пайдалар мен шығындар туралы есепте танылады (89(b)-тармакты қараңыз). Хеджирлеу құралының әділ құнының өзгерістері де пайдалар мен шығындар шотына жатқызылады.
94. Ұйым активті сатып алу немесе міндеттеме қабылдау туралы, әділ құнды хеджирлеу кезінде хеджирленетін бап болып табылатын нақты келісімге кірген кезде, осындай активтің немесе міндеттеменің ұйымның осы келісімнің талаптарын орындау нәтижесі болып табылатын бастапқы қаржылық жағдай туралы есептік құны осындай нақты келісімінің әділ құнының қаржылық жағдай туралы есепте танылған хеджирленетін тәуекелдікке жатқызылған жиынтық өзгерістері ескеріле отырып түзетіледі.
Ақша ағындарын хеджирлеу
95. Егер ақша ағындарын хеджирлеу 88-тармақтың талаптарына сай келсе, оны есепке алу тек мынадай түрде ғана жүзеге асырылады:
(a) тиімділігі белгіленген хеджирлеу құралы бойынша пайданың немесе шығынның бөлігі (88-тармақты қараңыз) басқа толық табыс арқылы танылуы тиіс; және
(b) хеджирлеу құралы бойынша пайданың немесе шығынның тиімсіз бөлігі пайдалар мен шығындар шотында көрсетіледі.
96. Атап айтқанда, ақша ағындарын хеджирлеу мынадай түрде ескеріледі:
(а) меншікті капиталдың хеджирленетін баппен байланысты бөлініп көрсетілген бөлігі мынадай көрсеткіштердің азы ескеріле отырып түзетіледі (абсолюттік көрсетумен):
(i) хеджирлеу құралы бойынша хеджирлеу басталғаннан бергі жиынтық пайдалар немесе шығындар; және
(ii) хеджирленетін бап бойынша хеджирлеу басталғаннан бергі күтілетін ақша ағындарының әділ (дисконтталған) құнының жиынтық өзгерісі;
(b) хеджирлеу құралы немесе оның арнайы белгіленген компоненті (тиімді хеджирлеуді қамтамасыз етпейтін) бойынша пайданың немесе шығынның қалған бөлігі пайдалар мен шығындар шотына жатқызылады; және
(c) егер нақты хеджирлеу қатынасы бойынша ұйымның тәуекелдігін басқарудың құжаттандырылған стратегиясы хеджирлеудің тиімділігін бағалаудан пайданың немесе шығынның белгілі бір бөлігін немесе хеджирлеу құралы бойынша тиісті ақша ағындарын алып тастаса (74, 75 және 88(а)-тармақтарын қараңыз), онда пайданың немесе шығынның осы алып тасталған бөлігі 55-тармаққа және 9 ХҚЕС (IFRS) 5.7.1-бабына сәйкес танылады.
97. Егер хеджирлеу мәні болып табылатын болжанатын мәміле қаржы активі немесе қаржы міндеттемесін тануға әкеп соқса, онда 95-тармаққа сәйкес басқа толық табыс арқылы танылған тиісті пайдаларды немесе шығындарды сатып алынған актив немесе қабылданған міндеттеме пайда немесе залалға әсер ететін кезеңнің немесе кезеңдердің (мысалы, пайдалар төлеуге арналған пайыздық кіріс немесе шығыс танылатын кезеңдер) пайдалар немесе шығындар шотына ауыстыру қажет (1 ХҚЕС-ты (IAS) қараңыз (2007жылғы редакция)). Дегенмен, егер ұйым басқа толық табыс арқылы танылған шығынның бір немесе одан көп кезеңдер ішінде толық немесе ішінара өтелмейтінін болжаса, ол пайдалар мен шығындар шотына күтіліп отырғандай өтелмейтін соманы ауыстыруға міндетті.
98. Егер болжанатын мәмілені хеджирлеу қаржылық емес активті немесе қаржылық емес міндеттемені тануға әкеп соқса немесе қаржылық емес активпен немесе қаржылық емес міндеттемемен болжанған мәміле әділ құнды хеджирлеуді есепке алу талаптарына сай келетін нақты келісімнің нысанын алса, ұйым өзі үшін төменде келтірілген (а) немесе (b) нұсқаларының бірін қабылдауға міндетті:
(a) ұйым 95-тармаққа сәйкес басқа толық табыс арқылы танылған тиісті пайда мен шығынды сатып алынған актив немесе қабылдаған міндеттеме пайдаға немесе шығынға әсер ететін сол кезеңнің немесе кезеңдердің (мысалы, амортизациялық аударымдар немесе шығындар өткізуге танылған кездегі кезеңде) пайдалар мен шығындар шотына ауыстырады (1 ХҚЕС-ты (IAS) қараңыз (2007жылғы редакция)). Дегенмен, егер ұйым басқа толық табыс арқылы танылған шығынның бір немесе одан көп кезеңдер ішінде толық немесе ішінара өтелмейтінін болжаса, ол пайдалар мен шығындар шотына күтіліп отырғандай өтелмейтін соманы ауыстыруға міндетті.
(b) ұйым 95-тармаққа сәйкес басқа толық табыс арқылы танылған тиісті пайдалар мен шығындарды есептен шығарады және оларды активтің немесе міндеттеменің бастапқы құнына немесе басқа қаржылық жағдай туралы есептік құнына кіргізеді.
99. Ұйым не (а) нұсқасын не (b) нұсқасын (98-тармақты қараңыз) өзінің есеп саясаты ретінде қабылдауға және оны 98-тармақ қолданылатын барлық хеджирлеу қатынастарына жүйелі түрде қолдануға міндетті.
100. 97 және 98-тармақтарды қолдануға сай келмейтін, басқа толық табыс арқылы танылған ақша ағындарын хеджирлеу кезінде сомалар хеджирленетін болжамды мәміле пайдаға немесе шығынға әсер ететін сол кезеңде немесе кезеңдерде (мысалы, күтілетін сату нақты болған кезде) пайдаларда немесе шығындарда танылуы тиіс 1 ХҚЕС-ты (IAS) қараңыз (2007 жылғы редакция)).
101. Егер мынадай жағдайлардың бірі туындаса, ұйым 95-100-тармақтарға сәйкес перспективалық негізде хеджирлеу кезінде есепке алуды тоқтатуға міндетті:
(а) Хеджирлеу құралының айналыс мерзімі аяқталған не құрал сатылған немесе орындалған (бұл ретте хеджирлеу құралын басқа хеджирлеу құралымен ауыстыру немесе ұзарту, егер осындай ауыстыру немесе ұзарту ұйымның құжаттандырылған хеджирлеу стратегиясының бөлігі болып табылса, құралдың мерзімінің аяқталуы немесе тоқтату болып табылмайды). Бұл жағдайда хеджирлеу құралы бойынша алынған, капиталды есепке алу шоттарында тікелей танылған болып қалатын пайданы немесе шығынды хеджирлеу құралының тиімділігі айқындалған кездегі кезеңнен бастап (95(а)-тармақты қараңыз) болжанатын мәмілені нақты жасауды қоса алғанда капиталда одан әрі бөлек көрсеткен дұрыс. Мәміле жасалғаннан кейін 97, 98 немесе 100-тармақ қолданылады. Осы мақсаттар үшін хеджирлеу құралын басқа хеджирлеу құралымен ауыстыру немесе ұзарту құралды қолдану мерзімі аяқталған немесе тоқтатылған ретінде қарастырылмайды, егер осындай ауыстыру немесе ұзарту ұйымның құжаттандырылған хеджирлеу стратегиясының бөлігі болып табылса. Осыған қоса хеджирлеу құралының мерзімінің өтуі немесе тоқтатылуы болмайды, егер:
(i) заңдар мен нормативтердің нәтижесі ретінде немесе заңдар мен нормативтердің кіріспесі ретінде, хеджерлеу құралының тараптары бір немесе бірнеше клирингтік контрагенттердің әрбір тарапқа жаңа контрагент атануы үшін өздерінің түпкі контрагентін алмастырса. Осы мақсатта, клирингтік контрагент орталық контрагент (кейде ‘клирингтік ұйым’ немесе ‘клирингтік агенттік’ деп аталады) немесе ұйым немесе ұйымдар болып табылады, мысалы, орталық контрагент арқылы клирингке ықпал ету үшін контрагент ретінде әрекет ететін клирингтік ұйымның клирингтік мүшесінің клиенті немесе клирингтік ұйымның клирингтік мүшесі. Алайда, хеджерлеу құралының тараптары өздерінің түпкі контрагентін басқа контрагенттермен алмастырған кезде, осы тармақ сол әрбір тараптардың бірдей орталық контрагенттерімен клирингке ықпал етсе ғана қолданылуы қажет.
(ii) хеджерлеу құралының басқа өзгерістері, егер болса, контрагенттің осындай алмасуына ықпал етуге тиісті болатын өзгерістерге шектеулі болса. Осындай өзгерістер егер хеджерлеу құралы түркілікті түрде клирингтік контрагентпен тазаланған болса күтілетін шарттарға сәйкес өзгерістерге шектеулі болады. Бұл өзгерістер қосымша талаптардағы өзгерістерді, төлеу және қабылдау теңгерімдерін өтеу құқықтарын, және алынатын жинамды қамтиды.
(b) Хеджирлеу 88-тармақта жазылған хеджирлеу кезінде есепке алу талаптарына сай келмейді. Бұл жағдайда хеджирлеу құралы бойынша алынған, капиталды есепке алу шоттарында тікелей танылған болып қалатын пайданы немесе шығынды хеджирлеу құралының тиімділігі айқындалған кездегі кезеңнен бастап (95(а)-тармақты қараңыз) болжанатын мәмілені нақты жасауға шейін капиталда одан әрі бөлек көрсеткен дұрыс. Мәміле жасалғаннан кейін 97, 98 немесе 100-тармақ қолданылады.
(c) Болжанатын мәмілені жасау одан әрі күтілмейді және сол кезде кез келген хеджирлеу құралы бойынша алынған, капиталды есепке алу шоттарында тікелей танылған болып қалатын пайда немесе залал хеджирлеу құралының тиімділігі айқындалған кездегі кезеңнен бастап (95(а)-тармақты қараңыз) пайдалар мен шығындар туралы есепте танылады. Жасау мүмкіндігі енді жоғары болып табылмайтын (88(с)-тармақты қараңыз), болжанатын мәміле сондай-ақ жасалуы мүмкін.
(d) Ұйым хеджирлеу құралын белгілеуді жояды. Болжанатын мәмілені хеджирлеу кезінде хеджирлеу құралы бойынша алынған, капиталды есепке алу шоттарында тікелей танылған болып қалатын пайданы немесе шығынды хеджирлеу құралының тиімділігі айқындалған кездегі кезеңнен бастап (95(а)-тармақты қараңыз) болжанатын мәмілені нақты жасауға шейін немесе оны жасау бұдан әрі күтілмейтін сәтке дейін капиталда одан әрі бөлек көрсеткен дұрыс. Мәміле жасалғаннан кейін 97, 98 немесе 100-тармақ қолданылады. Егер мәмілені жасау одан әрі күтілмесе, алынған, капиталды есепке алу шоттарында тікелей танылған болып қалатын пайданы немесе шығынды пайдалар мен шығындар туралы есепте көрсеткен дұрыс.
Таза инвестицияны хеджирлеу
102. Шетелдік операцияға таза инвестицияны хеджирлеуді, оның ішінде есепте таза инвестицияның бөлігі ретінде көрсетілетін ақша бабын хеджирлеуді (21 ХҚЕС-ты (IAS) қараңыз) ақша ағындарын хеджирлеуге ұқсас есепке алған дұрыс:
(a) тиімділігі белгіленген (88-тармақты қараңыз) хеджирлеу құралы бойынша пайданың немесе шығынның бөлігін басқа толық табыс арқылы танылған дұрыс; және
(b) тиімсіз бөлігі пайдада немесе залалда танылуы тиіс.
Басқа толық табыс арқылы танылған, хеджирлеу құралы бойынша, оның тиімді бөлігіне қатысты пайданы немесе шығынды шетелдік операция шығынға жазылғаннан кейін немесе жабылу кезеңінде үлестен пайдалар мен шығындар шотына 21 ХҚЕС-ының (IAS) 48-49 -тармақтарына сәйкес қайта жіктеу түзетулері ретінде (1 ХҚЕС-ын (IAS) (2007 жылғы редакция) қараңыз) қайта жіктеледі.
Күшіне ену күні және өту кезең шарттары
103. Ұйым осы Стандартты (2004 ж. наурызда шығарылған оған өзгерістерді қоса алғанда) 2005 ж. 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдерге қатысты қолдануға міндетті. Стандартты осы күннен ерте қолдану бөгет жасалмайды. Ұйым осы Стандартты (2004 ж. наурызда шығарылған оған өзгерістерді қоса алғанда), егер ол бір мезгілде 32 ХҚЕС-ын (IAS) (2003 ж. желтоқсанда шыққан) қолданбаса, 2005 ж. 1 қаңтарынан басталатын жылдық кезеңдерге қатысты қолдануға құқылы емес. Егер ұйым осы Стандартты 2005 ж. 1 қаңтарға дейін басталатын кезеңдерге қатысты қолданса, ол осы фактіні ашып көрсетуге міндетті.