13-ші Халықаралық Қаржылық Есептілігінің Стандарты (IFRS 13)
«Әділ құнның бағасы»
1 Осы стандарт:
(a) әділ құнға анықтама береді ;
(b) бірыңғай ХҚЕС - та әділ құнды бағалау негізін баяндайды; және
(c) әділ құн бағасы жайында ақпаратты жариялауды талап етеді.
2 Әділ құн - бұл кәсіпорынның ерекшілігі есепке алынып қалыптастырылған бағалау емес, бұл нарық бағасы. Кейбiр активтер және мiндеттемелер бойынша бақыланатын нарықтық операциялар немесе нарықтық мәлiмет бар болады. Ал басқа активтер мен міндеттемелер бойынша бақыланатын нарықтық операциялар немесе нарықтық мәлiмет болмайды. Дегенмен, әділ құнды бағалаудың мақсаты екі жағдайда да бір - ағымдағы нарықтық жағдайдағы баға қойылатын күнде нарыққа қатысушылардың активті сату немесе бір-біріне міндеттемелерді тапсыру бойынша ұйымдастырылған нарықта іске асатын операция жүргізілетін бағаны анықтау (бұл дегеніңіз активті ұстайтын немесе міндеттемесі бар нарыққа қатысушының көзқарасымен белгіленген бағалау күніне шығатын баға).
3 Егер де нарықта ұқсас активке немесе міндеттемеге баға байқалмаса, кәсіпорын әділ құнды релевантты бақыланатын бастапқы деректер максималды қолданылатын және бақыланбайтын бастапқы деректерді минималды қолдануды қамтамасыз ететін басқа бағалау әдісін қолданып бағалайды. Әділ құн нарықтық баға болғандықтан, ол нарыққа қатысушылар активті немесе міндеттемені анықтауда қолдануы мүмкін жорамал қолданылып анықталады, тәуекелді де рұқсат ететін жорамалды қоса есептегенде. Демек, кәсіпорынның активті ұстап қалу немесе реттеу мақсаты, немесе міндеттемені қалай да орындау, әділ құнды бағалауда релевантты фактор болып табылмайды.
4 Әділ құнды бағалауда ерекше назар активтер мен міндеттемелерге аударылады, себебі олар бухгалтерлік есептің негізгі объектісі болып табылады. Сонымен қатар, осы стандарт әділ құн бойынша бағаланатын кәсіпорынның өзіндік үлестік аспаптарына қатысты қолданылуы керек
5 Бұл стандарт басқа стандарт әділ құн бағасын талап етіп немесе пайдалануды рұқсат ететін немесе әділ құнды бағалау жайында мәлімет айқындалуын талап еткен жағдайда, 6 және 7 тармақтарда көрсетілген жағдайларды қоспағанда колданылады (сонымен қатар, әділ құнға негізделген сатуға жұмсалған шығынды есептемегендегі әділ құнды бағалауда немесе осындай бағалау туралы ақпарат анықталғанда).
6 Осы стандартта ескерілген бағалау және ақпаратты анықтау талаптары мына жағдайларда қолданылмайды:
(a) акцияға негізделген төлем операциялары, ХҚЕС (IFRS) қолдану аясына жататын «акцияға негізделген төлем»;
(b) жалгерлік операциялар, 17 ХҚЕС (IAS) қолдану аясына жататын «Жалдау»; және
(c) әділ құнға ұқсас, бірақ әділ құнға жатпайтын бағалар, мысалы 2 ХҚЕС - тағы (IAS) «Босалқылар» сатудың таза бағасы немесе 36 ХҚЕС -та (IAS) «Активтердің құнсыздануы» пайдаланудан алынатын құн.
7 Осы стандарт талап ететін ақпаратты айқындау мына жағдайларда кажет емес:
(a) Әділ құн бойынша бағаланатын 19 ХҚЕС (IAS) «Қызметкерлерге берілетін сыйақылар» сәйкес жоспар активтері;
(b) Әділ құн бойынша бағаланатын 26 ХҚЕС (IAS) «Зейнетақымен қамтамасыздандыру бағдарламалары (зейнетақы жоспарлары) бойынша есеп және есептілік» сәйкес зейнеткерлік жоспарға инвестициялар; және
(c) 36 ХҚЕС -қа (IAS) сәйкес қайтарылатын сома шығуына байланысты шығындар есептелмегендегі әділ құн болып табылатын активтер
8 Егер де әділ құнды бағалау талап етілсе немесе басқа да ХҚЕС - тармен рұқсат етілсе, осы стандартта баяндалған әділ құнды бағалау негізі бастапқы және кейінгі бағалауда қолданылады.
Әділ құнның анықтамасы
9 Осы стандарт әділ құнға нарыққа қатысушылардың баға қойылатын күнде ұйымдастырылған нарықта іске асатын операция жағдайында активті сату барысында немесе міндеттемені тапсыруда төленгенде алынатын баға ретінде анықтама береді.
10 В 2 тармағы әділ құн бағасына жалпы көзқарасты сипаттайды.
Актив немесе міндеттеме
11 Әділ құнның бағасы белгіленген актив немесе міндеттеме үшін жүзеге асырылады. Демек, әділ құнды бағалауда мекеме активтің немесе міндеттеменің мінездемесін есепке алу керек, мәселен, нарыққа қатысушылар осы мінездемелерді бағалау күніне активтің немесе міндеттеменің бағасын анықтауда есепке алғандағыдай. Бұл мінездемелер мынаны қамтиды:
(a) активтің жағдайы мен орны; және
(b) бар жағдайда, активті пайдалануға немесе сатуға шектеу
12 Белгілі бір мінездеменің бағалауға ықпалы нарықа қатысушылардың осы мінездемені есепке алуына байланысты өзгереді
13 Әділ құн бойынша бағаланатын актив немесе міндеттеме мынаны көрсетуі мүмкін:
(a) жеке актив немесе міндеттеме (мысалы, қаржылық құрал немесе қаржылық емес актив); немесе
(b) активтер тобы, міндеттемелер тобы немесе активтер мен міндеттемелер тобы (мысалы, қаржы жинайтын бірлік не бизнес).
14 Актив немесе міндеттеменің тану мақсаты немесе ақпаратты айқындау үшін жеке актив немесе міндеттеме, активтер тобы, міндеттемелер тобы немесе активтер мен міндеттемелер тобы болып табылуы оның есептеу бірлігіне тәуелді. Активтің немесе міндеттеменің есептеу бірлігі әділ құнды бағалауды талап ететін немесе рұқсат ететін осы стандарттарда көрсетілген жағдайлардан басқа кездегі ХҚЕС - қа сәйкес анықталады.
Операция
15 Әділ құнды бағалау нарыққа қатысушылардың ағымдағы нарық жағдайында бағалау күніне ерікті түрде активті сату немесе міндеттемені беру операциясын жургізу барысында активті немесе міндеттемені айырбастауды болжайды.
16 Әділ құнды бағалау активті сату немесе міндеттемені беру операциясын мына жағдайларда қажет етеді:
(a) осы активке немесе міндеттемеге негізгі болып табылатын нарықта; немесе
(b) негізгі нарықтың жоқтығы жағдайында, осы активке немесе міндеттемеге ең қолайлы нарықта.
17 Мекемеге негізгі нарықты анықтау үшін көптеген сәйкес келетін нарықтарға іздеу салудың қажеті жоқ, сонымен қатар негізгі нарық болмауы жағдайында ең қолайлы нарықты іздеу де қажет емес, дегенмен, ұйым барлық дәлелді қол жетерлік ақпаратты есепке алуы қажет. Кері мәліметтің болмауы жағдайында активті сату немесе міндеттемені беру жөнінде шартқа отыруы мүмкін нарығы негізгі болып саналады, немесе, негізгі нарықтың болмауы жағдайында, ол ең қолайлы нарық болып табылады.
18 Актив немесе міндеттеме үшін негізгі нарықтың болуы жағдайында әділ құнның бағасы осы нарықта бағаны көрсетуі керек (бұл баға тікелей бақыланатын болады немесе басқа бағалау әдісі қолданылып есептелуі керек), бағалау күніне басқа нарықтағы баға мүмкіндігі бойынша тиімдірек болған жағдайда да.
19 Ұйым бағалау күніне негізгі (немесе барынша тиімді) нарыққа қол жеткізе алуы кажет. Түрлі қызмет түрлерін жүзеге асыратын әр түрлі ұйымдар (немесе осы ұйымдар аясындағы бизнес тараптары) не қилы нарықтарға қол жеткізуі мүмкін болғандықтан, бір активке немесе міндеттемеге негізгі (немесе ең қолайлы) нарықтар басқа да ұйымдарға (және осы ұйымдар аясындағы бизнес тараптарына ) әр түрлі болуы мүмкін. Демек, негізгі (және, сәйкесінше ең қолайлы) нарықты (және, сәйкесінше нарыққа қатысушыларды) ұйымның жағдайында түрлі қызмет түрлерімен айналысатын ұйымдар арасындағы және ішіндегі айырмашылықтарды осымен есепке ала отырып қарастыру қажет.
20 Ұйымның нарыққа қол жеткізуі тиістігіне қарамастан, осы нарықтағы қазіргі уақыттағы бағаның негізіндегі әділ құнды бағалауға мүмкіндік алу үшін, ол бағалау күніне нақты активті сатуға немесе нақты міндеттемені беруге міндетті емес.
21 Бағалау күніне активті сату немесе міндеттемені беру кезіндегі бағалар жайында ақпарат беретін бақыланатын нарықтың болмауы жағдайында да, әділ құнды бағалауда операция көрсетілген уақытта және нарыққа қатысушы активті ұстайтын немесе міндеттемесі бар нарыққа қатысушының көзқарасымен қарастырылатын жорамал қабылдануы керек. Осындай жорамалда қабылданатын операция активті сату немесе міндеттемені берудегі бағаны анықтау негізін қамтамасыз етеді.
Нарыққа қатысушылар
22 Ұйым активтердің және міндеттемелердің әділ құнын бағалауда нарыққа қатысушылардың өз экономикалық мүдделерінде жұмыс істейтінін ескере отырып, нарыққа қатысушылар берілген актив немесе міндеттемеге бағаны анықтауда пайдаланатын жорамалдарды пайдалану керек.
23 Берілген жорамалдарды қалыптастыруда ұйымға нақты нарыққа қатысушыларды анықтау қажет емес. Оның орнына, ұйым төменде көрсетілген жағдайларға қатысты факторларды қарастырып, нарыққа қатысушыларды бір- бірінен айыратын жалпы мінездемелерді анықтауы керек:
(a) актив немесе міндеттеме;
(b) активке немесе міндеттеме үшін негізгі (немесе ең қолайлы) нарық ; және
(c) осы нарықта ұйым келісімге келуі мүмкін нарыққа қатысушылар.
Баға
24 Әділ құн - бұл бағалау күніне ағымдағы нарықтық жағдайларда ерікті түрде негізгі (немесе ең қолайлы) нарықта жүргізілген операция барысында активті сатудан алынатын немесе міндеттемені беруде төленетін баға (демек, шығу бағасы), бұл баға бақылануына немесе басқа баға беру әдісімен есептелуіне тәуелсіз болып табылады.
25 Активті немесе міндеттемені бағалауда қолданылған, негізгі (немесе ең қолайлы) нарықта жұмыс істейтін баға келісімге жұмсалған шығынды есепке алумен түзетілмеуі керек. Келісімге жұмсалған шығындар басқа ХҚЕС -тарға сәйкес есептеуде көрсетілуі қажет. Келісімге жұмсалған шығындар активтің немесе міндеттеменің мінездемесі болып табылмайды; олар керісінше, келісім үшін өзгеше болып, активке немесе міндеттемеге қарасты ұйымның активке немесе міндеттемеге қарасты қалай келісімге келуіне байланысты айырмашылығы болады.
26 Келісімге жұмсалған шығындар жол шығындарын қоспайды. Егер де орналасқан орны активтің мінездемесі болып табылса (мысалы тауармен осылай болуы мүмкін), негізгі (немесе ең қолайлы) нарықтағы баға активтің қазіргі орны мен берілген нарыққа дейін жеткізуге жұмсалатын шығын болған жағдайда болуы мүмкін шығындарды есепке алумен түзетілуі қажет.
Қаржылық емес активтерге қатысты қолдану
Қаржылық емес активтерге қатысты ең жақсы және ең тиімді қолдану
27 Қаржылық емес активтің әділ құнын бағалауда нарыққа қатысушының активті ең жақсы және ең тиімді пайдалану арқылы экономикалық пайданы жинақтау қабілеті немесе оны ең жақсы және ең тиімді қолдана алатын басқа нарыққа қатысушыға сатуы есепке алынады.
28 Қаржылық емес активті ең дұрыс және ең тиімді пайдалану үшін активтің нақты орындалып, заңды жағынан мүмкін болып, қаржылық тұрғыдан дәлелденіп, төмендегі келтірілгендей пайдаланылуы есепке алынуы қажет:
(a) Нақты орындалатын қолданыста нарыққа қатысушылар баға қоюда есепке алуы активтің нақты сипаттамаларын есепке алуды алдын ала ескереді (мысалы, мүліктің орны мен мөлшері).
(b) Заң жағынан мүмкін қолданыс нарыққа қатысушының активке баға қоюда есепке алуы мүмкін активті пайдалануға түрлі заңды шектеулерді есепке алуды алдын ала ескереді (мысалы, мүлікке қатысты аймаққа бөлу ережесі).
(c) Қаржылық тұрғыдан дәлелденген қолданыс активтің нақты тұрғыдан орындалатын және заңдық жағынан мүмкін пайдаланылуы пайда не қаржының келуін (активті осындай пайдалануға қатысты өзгеруге шыққан шығындарды есепке алып) қолға алды ма, сол фактіні есепке алып, ол қаржы пайда табуға жеткілікті болып, нарыққа қатысушылар осы активке осы қолданыста инвестициялардан талап етілуі лазым.
29 Ең дұрыс және ең тиімді пайдалануды ұйым басқа қолданысты жақтағанмен, нарыққа қатысушылар анықтайды. Бірақ, тек нарықтық немесе басқа да факторлар нарыққа қатысушылардың басқаша қолдануы оның құнын максималды көтерілуінің мүмкіндігін көрсеткен жағдайда ғана болмаса, ұйымның қаржылық емес активті ағымдағы қолдануы ең дұрыс және ең тиімді пайдалануы болып есептеледі.
30 Өзінің бәсекелестік жағдайын сақтау үшін, немесе басқа да себептермен ұйым активті алынған қаржылық емес активті пайдаланбауға шешім қабылдауы немесе осы активті ең дұрыс және ең тиімді жолмен пайдаланбауға шешім қабылдауы мүмкін. Мысалы, ұйымның басқалармен пайдаланылуын алдын ала шектетіп, белгілі бір қорғаныспен қолдануға жоспарлаған алынған материалды емес активпен осылай болуы мүмкін. Дегенмен, ұйым қаржылық емес активтің нарыққа қатысушылардың ең дұрыс және тиімді пайдалануын ескере отырып әділ құнын бағалау керек.
Қаржылық емес активтерді бастапқы бағалау шарты
31 Қаржылық емес активтің ең дұрыс және тиімді пайдалануы бағалаудың бастапқы шартын қалыптастырады, бұл төменде келтірілгендей активтің әділ құнын бағалауда пайдаланылады:
(a) Қаржылық емес активті ең дұрыс және ең тиімді пайдалану нарыққа қатысушыларға оны басқа активтерге активтер тобы ретінде қосып пайдаланудан (инсталляция немесе пайдалану үшін басқа конфигурация) немесе басқа активтер және міндеттемелермен (мысалы, бизнес) максималды құнды алуды қамтамасыз етеді.
(i) Егер де активті ең дұрыс және ең тиімді пайдалану активті басқа активтермен бірге немесе басқа активтер мен міндеттемелермен пайдалануда жатса, онда активтің әділ құны - бұл активті сатуда ағымдағы операция барысында алынуы мүмкін баға балып табылады, мұнда осы активтің басқа активтер немесе басқа активтер мен міндеттемелермен қосылып пайдаланылуы жорамалы қабылданады, және де берілген активтер мен міндеттемелер (демек оның қосымша активтері мен сәйкес мінднеттемелері) нарыққа қатысушыларға ашық болады.
(ii) Активпен және қосымша активтермен байланысты міндеттемелер айналым капиталын қаржыландыратын міндеттемелерді қосады, бірақ, осы активтер тобына жатпайтын активтерді қаржыландыру міндеттемелерін қоспайды.
(iii) Қаржылық емес активті ең жақсы және ең тиімді пайдалану жорамалы барлық активтерге, осы актив қолданылылатын активтер тобына немесе активтер мен міндеттемелер тобына (олар үшін ең жақсы және ең тиімді пайдалану орынды болуы керек) қатысты жүйелі пайдаланылуы керек.
(b) Қаржылық емес активті ең жақсы және ең тиімді пайдалану нарыққа қатысушыларға оны жеке пайдалануда максималды әділ құнды алуды қамтамасыз етеді. Активті ең жақсы және ең тиімді пайдалану оның жеке пайдаланылуында жатса, активтің әділ құны - нарыққа қатысушыларға осы активті сату бойынша операция барысында алынуы мүмкін баға болып табылады, олар осы активті жеке қолданатын еді.
32 Қаржылық емес активтің әділ құнды бағалауда актив басқа ХҚЕС - тарда (жеке актив болуы мүмкін) ескерілетін есептеу бірлігіне сәйкес сатылатындығы жорамалы қабылданады. Бұндай жағдай әділ құнды осылай бағалауда активтің ең дұрыс және ең тиімді қолданылуы оның басқа активтер немесе басқа активтер мен міндеттемелермен қолданылуында екендігі жорамалы қабылданады, өйткені әділ құнды бағалау нарыққа қатысушының қосымша активтер мен оларға байланысты міндеттемелердің бар болуын ескереді.
33 B3 тармағы қаржылық емес активтерге қарасты әуелгі бағалау шарттары туралы ұғымды пайдалануды сипаттайды:
Міндеттемелерге және ұйымның жекеменшік үлестік құралдарына қарасты қолданылуы
Жалпы принциптер
34 Әділ құнды бағалауда қаржылық немесе қаржылық емес міндеттеме немесе ұйымның жекеменшік үлестік құралы (мысалы, бизнестің бірігуінде сыйақы ретінде берілген капиталға қатысу үлесі) нарыққа қатысушыға бағалау күніне берілетіндігі жорамалы қабылданады. Міндеттеменің немесе ұйымның өзіндік үлестік құралының берілуі мынаны көрсетеді:
(a) Міндеттеме өшірілмеген болып қалуы мүмкін, және нарыққа қатысушы болып табылатын индоссат міндеттемені орындауға міндетті болатын еді. Міндеттеме контрагентпен реттелмей немесе бағалау күніне басқаша жағдайда өшірілмеген болатын еді.
(b) Ұйымның өзіндік үлестік құралы өшірілмей қалып, ал нарыққа қатысушы болып табылатын индоссат болса, осы құралға байланысты құқықтар мен міндеттемелерді өзіне алатын еді. Құрал жойылмай немесе бағалау күніне басқа жолмен өшірілмеген болатын еді.
35 Міндеттемені немесе ұйымның жекеменшік үлестік құралын берудегі баға жайлы ақпаратпен қамтамасыз ететін бақыланатын нарықтың болмауы жағдайында да (мысалы, мұндай бірліктерді беруге шарттық немесе басқа да заңдық шектеулер бөгет болады), егер де олар басқа жақтармен активтер ретінде ұсталатын болса (мысалы, корпоративтік облигация немесе ұйым акциясын сатып алуға арналған опцион), осындай бірліктерге арналған бақыланатын нарық болуы мүмкін.
36 Барлық жағдайларда ұйым әділ құнды бағалау мақсатына жету үшін релевантты бақыланатын бастапқы деректерді барынша пайдаланып және бақыланбайтын бастапқы деректерді минималды пайдалануы қажет, бұл мақсат ағымдағы нарықтық жағдайлардағы бағалау күніне нарыққа қатысушылар арасындағы міндеттемені немесе үлестік құралды беру бойынша ерікті түрде жүргізілуі мүмкін операция бағасын анықтауға жатады.
Басқа жақтармен активтер ретінде ұсталатын міндеттемелер мен үлестік құралдар
37 Егер де ұйымның барабар немесе ұқсас міндеттемені немесе жекеменшік үлестік құралды беруге белгіленген баға қол жеткізгісіз болса, және де барабар баға басқа жақпен актив ретінде ұсталса,ұйым міндеттеменің немесе үлестік құралдың әділ құнын ұқсас бірлікті актив ретінде ұстайтын нарыққа қатысушының көзқарасымен бағалау керек.
38 Мұндай жағдайларда ұйым міндеттеменің немесе үлестік құралдың әділ құнын мынадай жолмен бағалау керек:
(a) Белсенді нарықтағы белгіленетін бағаны басқа жақпен актив ретінде ұсталатын, осы баға болған жағдайда, барабар бірлікке пайдалану.
(b) Осындай бағаның болмауы жағдайында басқа бақыланатын бастапқы деректерді пайдалана отырып, мәселен, басқа жақпен актив ретінде ұсталатын, барабар бірлікке активті болып табылмайтын нарықта белгіленетін баға.
(c) (a) және (b) тармақшаларында сипатталған бақыланатын бағаның болмауы жағдайында басқа бағалау әдісін қолдана отырып, мәселен:
(i) Кірістік көзқарас (мысалы,келтірілген құн бойынша бағалау әдісі, ол бойынша нарыққа қатысушы актив ретінде ұстайтын міндеттемеден немесе үлестік құралдан алуға үміттенген келешек қаражаттың келуі есепке алынады; B10 и B11 тармақтарды қара).
(ii) Нарықтық көзқарас (мысалы,басқа жақтармен актив ретінде ұсталатын, белгіленетін бағаларды ұқсас міндеттемелер немесе үлестік құралдарға пайдалану; B5-B7 тармақтарды қара ).
39 Міндеттеменің немесе үлестік құралдың әділ құнын бағалауға жатпайтын тек активке тиесілі факторлар болған жағдайда ғана, ұйым міндеттеменің немесе ұйымның жекеменшік құралының басқа жақпен актив ретінде ұсталатын белгіленетін бағасын түзетү керек. Осы активті сатуға жол бермейтін шектеулерге ықпалын активтің бағасы көрсетпейтіндігіне ұйым кепілдеме беруі керек. Белгіленген баға түзетілуі тиіс фактісін көрсететін факторлар мынаны қамтиды:
(a) Активке белгіленген баға басқа жақпен актив ретінде ұсталатын барабар (бірақ ұқсас емес) міндеттемеге немесе үлестік құралға жатады. Мысалы, міндеттеменің немесе үлестік құралдың өзгеше мінездемесі болады (мысалы, эмитенттің несиеге қабілеттілігі), оның актив ретінде ұсталатын әділ құндағы барабар міндеттемеден немесе үлестік құралдан айырмашылығы болады.
(b) Актив үшін алынған есептеу бірлігі міндеттеме немесе үлестік құрал үшін алынған есептеу бірлігінен айырмашылығы болады. Мысалы, міндеттемелер үшін кейбір жағдайларда активтің бағасы пакеттің құрамдастырылған сомасын көрсетеді, ол эмитентке алынатын сомамен бірге үшінші жақтың несиелік сапасына қолдау көрсетуді талап етуді қамтиды. Егер де міндеттеме үшін алынған есептеу бірлігі құрамдастырылған пакетке арналған есептеу бірлігі болып табылмаса, мақсат - құрамдастырылған пакеттің әділ құнын емес, эмитенттің міндеттемесінің әділ құнын бағалау болып табылады. Осылайша, ұйым активке бақыланатын бағаны үшінші жақтың несиелік сапасының қолдау көрсету талабы ықпалын жоққа шығару арқылы түзетуі мүмкін еді.
Басқа жақтармен актив ретінде ұсталмайтын міндеттемелер мен үлестік құралдар
40 Егер де ұйымның ұқсас немесе барабар міндеттемеге немесе жекеменшік үлестік құралға кесілген баға болмаған жағдайда, ал ұқсас бірлік басқа жақпен актив ретінде ұсталмаса, ұйым міндеттеменің немесе жекеменшік үлестік құралдың әділ құнын міндеттемесі бар немесе капиталдағы үлеске құқығын жариялаған нарыққа қатысушының дұрыс деп тапқан бағалау әдісімен бағалауы қажет.
41 Мысалы, келтірілген құн бойынша бағалау әдісін қолдана отырып, ұйым төменде көрсетілгеннің әрқайсысын есепке алуы мүмкін еді:
(a) міндеттемені орындаған жағдайдағы нарыққа қатысушының үміттенген қаржының кетуі, бұған нарыққа қатысушының міндеттемені алғандығы үшін талап ететін өтемақысы қосылады (B31-B33 тармақтарын қара).
(b) нарыққа қатысушы сондай келісімшарттық шарттарда негізгі (немесе ең қолайлы) нарықта міндеттемені немесе үлестік құралды шығару үшін нарыққа ұқсас бірлікке баға қоюда пайдалануы мүмкін (мысалы, сондай несиелік мінездеменің болуы) жорамалды қолдана отырып, нарыққа қатысушының ұқсас міндеттеме немесе үлестік құрал алғандығы немесе шығарғандығы үшін алуы мүмкін сома.