Міндеттемелерді орындамау тәуекелі
42 Міндеттеменің әділ құны міндеттемелерді орындамау тәуекелі ықпалын көрсетеді. Міндеттемелерді орындамау тәуекелі соған қоса ұйымның өзіндік несиелік тәуекелін көрсетеді (7 ұсынылған «Қаржы құралдары: ақпаратты ашып көрсету» ХҚЕС- та (IFRS) стандартымен байланысты). Міндеттемелерді орындамау тәуекелі міндеттемені беруден бұрын да, кейін де бірдей болатындығы жормалы қабылданады.
43 Міндеттеменің әділ құнын бағалауда ұйым өзінің несиелік тәуекелінің (несиге қабілеттілігінің) және де басқа да түрлі міндеттеменің орындалуына немесе орындалмауына ықпал ете алатын басқа да түрлі факторлардың ықпалын есепке алуы керек. Мұндай ықпал міндеттемеге байланысты өзгеруі мүмкін, мысалы:
(a) мұндай міндеттеме қаржыны беруді міндеттейді ме (қаржылық міндеттеме) немесе тауарлар мен қызметтерді көрсетуді міндеттейді ме (қаржылық емес міндеттеме).
(b) міндеттемемен байланысты, болған жағдайда, несиелік сапаға қолдау көрсетуді талап ету шарты.
44 Міндеттеменің әділ құны міндеттемені орындамау тәуекелінің ықпалын оның есептеу бірлігі негізінде көрсетеді. Есептеуде міндеттемеден бөлек көрсетілген, үшінші жақтың несиелік сапасына қолдау көрсету міндетті талабымен шығарылған міндеттеменің эмитенті, үшінші жақтың несиелік сапасына қолдау көрсету талабының ықпалын (мысалы, үшінші жақтың қарызын төлеудегі кепілдік) міндеттеменің әділ құнын бағалауға қоспау керек. Егер де несиелік сапаға қолдау көрсету талабы міндеттемеден бөлек есепте көрсетілген болса, міндеттеменің әділ құнын бағалауда эмитент гарант - үшінші жақтың несиеге қабілеттілігін емес, өзінің несиеге қабілеттілігін есепке алар еді.
Міндеттеменің немесе ұйымның жекеменшік үлестік құралын беруді рұқсат етпейтін шектеу
45 Міндеттеменің немесе жекеменшік үлестік құралдың әділ құнын бағалауға бірлікті беруді рұқсат етпейтін шектеудің болуына қатысты жеке бастапқы деректер немесе басқа бастапқы деректердің түзетілуін қоспау керек. Міндеттеменің немесе ұйымның үлестік құралын беруді рұқсат етпейтін шектеудің ықпалы әділ құнды бағалау үшін анық немесе анық емес формада басқа бастапқы деректерге қосылады.
46 Мәселен, операция күніне кредитор да, дебитор да міндеттеменің берілуге рұқсат етілмейтіндігі шектеуін жақсы біле отырып, операцияның бағасын міндеттеме ретінде қабылдады. Шектеу операция бағасына қосылғандықтан, шектеудің беруге ықпалын көрсету үшін операция күніне жеке бастапқы деректерді немесе бар бастапқы деректерді түзетуді қосудың керегі жоқ. Тура осылай, басқа болатын бағалау күндеріне шектеудің беруге ықпалын көрсету үшін жеке бастапқы деректерді немесе бар бастапқы деректерді түзетуді қосудың еш қажеті жоқ.
Талап ету бойынша өтеуге мүмкіндігі бар қаржылық міндеттеме
47 Талап ету бойынша өтеуге мүмкіндігі бар қаржылық міндеттеменің әділ құны (мысалы, сұрап алғанға дейінгі депозит) - бұл сома одан төлеуге талап етілуі мүмкін бірінші күннен бастап дисконттауды есепке ала отырып талап ету бойынша төленуі керек сомадан кем емес.
Контрагенттің несиелік тәуекелі немесе нарықтық тәуекелдерде өтеу ұстанымы бар қаржылық активтер және қаржылық міндеттемелерге қарасты қолданылуы
48 Қаржылық активтер және қаржылық міндеттемелер тобын ұстайтын ұйым әр контрагенттің нарықтық тәуекелдерге (7 ХҚЕС - та (IFRS) ұсынылған анықтамаға сәйкес) және несиелік тәуекелге (7 ХҚЕС - та (IFRS) ұсынылған анықтамаға сәйкес) ұшырайды. Егер де ұйым қаржылық активтер және қаржылық міндеттемелердің осындай тобын өзінің нарықтық тәуекелдерге немесе несиелік тәуекелге таза шалдыққыштық негізінде басқарса, ұйым осы стандартта әділ құнды бағалауға қатысты ескерілген ерекшелікті қолдануға хақы бар. Осы ерекшелік ұйымға қаржылық активтер және қаржылық міндеттемелер тобының әділ құнын нарыққа қатысушылар арасында ағымдағы нарықтық жағдайлардағы бағалау күніне ерікті түрде өткізілетін операция кезінде, нақты тәуекелді қабылдағаны үшін таза ұзын ұстанымды сатуда (демек, актив) немесе нақты тәуекелді қабылдағаны үшін таза қысқа ұстанымды беруде (демек, міндеттеме) алынуы мүмкін баға негізінде есептеуге мүмкіндік береді. Осыған сәйкес ұйым қаржылық активтер және қаржылық міндеттемелер тобының әділ құнын нарыққа қатысушылар бағалау күніне тәуекелге таза ұшыраушылығын бағалауы мүмкіндігін ескере отырып бағалау керек.
49 Ұйым 48-тармақта көрсетілген ерекшелікті ол тек төменде көрсетілген шарттардың барлығын орындаған жағдайда ғана қолдана алады:
(a) кәсіпорынның тәуекелдерді басқару ресми стратегиясына немесе оның инвестициялық стратегиясына сәйкес, кәсiпорынның нақты нарықтық тәуекелге (тәуекелдерге) немесе нақты контрагенттің несиелік таза ұшыраушылығы негiзiнде қаржылық активтер және қаржылық мiндеттемелер тобын басқарады;
(b) 24 «Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашып көрсету» ХҚЕС - та (IAS) ұсынылған анықтамасына сәйкес осы негізде қаржылық активтер және қаржылық мiндеттемелер тобы жайлы ақпаратты кәсiпорынның жоғарғы басқарушы қызметкер құрамына жеткізеді; және
(c) Қаржылық ағдай туралы есепте әр есеп беру кезеңінің соңына әділ құн бойынша осы қаржылық активтер және қаржылық мiндеттемелерді көрсетуге міндетті (немесе шешім қабылдады)
50 8 тармақта ескерілген ерекшелік қаржылық есепті көрсетуге еш қатысы жоқ. Кейбір жағдайларда қаржылық жағдай жайлы есепті көрсетудің негізі Қаржы құралдарын бағалауға арналған негізден айырмашылығы болады, мысалы, қандай да бір стандарт қаржылық құралдарды талап етпегенде немесе нетто - негізде көрсетуді рұқсат еткенде. Мұндай жағдайда ұйым түзетулерді портфел деңгейінде қаржылық активтер немесе қаржылық мәліметтер тобына кіретін ұйымның таза тәуекелге ұшыраушылық негізінде басқарылатын жеке активтер және міндеттемелер арасында таратып бөлуді қажет етуі мүмкін. Ұйым мұндай таратып бөлуді қалыптасқан жағдайдға сәйкес әдіснаманы қолдана отырып, рационалды және жүйелілік негізде жүргізуі керек.
51 Ұйым 8 «Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларындағы болатын өзгерістер мен қателер» ХҚЕС -та (IAS) сәйкес есептік саясат аясында 48-тармақта көрсетілген ерекшелікті пайдалану туралы шешім қабылдауы керек. Ерекшелікті пайдаланатын ұйым осы есептік саясатты жүйелі түрде пайдалануы керек, бұған түзетулерді таратып бөлуге қарасты сұраныс пен ұсыныс ескерілген (53-55 тармақтарды қара), және де несиелік тәуекел ескерілген түзетулерге қарасты өзіндік саясаты қосылуы керек, қажет жағдайда, нақты портфелге қарасты кезеңнен кезеңге.
52 48- тармақта көрсетілген ерекшелік 39 «Қаржы құралдары: тану және бағалау»ХҚЕС (IAS) немесе 9 «Қаржы құралдары» ХҚЕС (IFRS) аясына кіретін қаржылық активтер және қаржылық міндеттемелерге қарасты ғана қолданылады.
Нарықтық тәуекелдерге ұшыраушылығы
53 Кәсіпорынның нақты нарықтық тәуекелі (немесе тәуекелдері) негізінде басқарылатын қаржылық активтер немесе қаржылық міндеттемелердің әділ құнын есептеуге арналған 48- тармақта көрсетілген ерекшелікті пайдаланған жағдайда, кәсіпорын бағаны сұраныс және ұсыныс бойынша спрэд аясында қолдану керек, ол баға кәсіпорынның осы нарықтық тәуекелдерге таза ұшыраушылығында қалыптасқан жағдайларда әділ құн үшін ең өкілетті болып табылады (70 және 71 -тармақтарды қараңыз).
54 48- тармақта көрсетілген ерекшелікті пайдаланған жағдайда, кәсіпорын осы қаржылық активтер немесе қаржылық міндеттемелер тобы аясындағы нарықтық тәуекел (немесе тәуекелдер) тура сондай екендігіне ұйым кепілдеме беруі керек. Мысалы, ұйым қаржылық міндеттемемен байланысты тауарлардың бағасы өзгеруі тәуекелі мен қаржылық активпен байланысты пайыздық тәуекелді байланыстырмас еді, өйткені бұл пайыздық тәуекелге немесе тауарлардың бағасы өзгеруі тәуекеліне ұйымның қаржылық активтер немесе қаржылық міндеттемелерді кішірейтпес еді. 48- тармақта көрсетілген ерекшелікті пайдаланған жағдайда, нарықтық тәуекелдің ұқсас емес параметрлерінің болуының негізінде пайда болатын әр базисті тәуекел топ аясындағы қаржылық активтер немесе қаржылық міндеттемелердің әділ құнын бағалауда есепке алынуы керек.
55 Осыған орай, қаржылық активтер және қаржылық міндеттемелерге байланысты пайда болатын ұйымның нақты нарықтық тәуекелге (немесе тәуекелдерге) ұшыраушылығы негізінде сондай болуы керек. Мысалы, тек осындай қаржылық активтер және қаржылық міндеттемелерден тұратын топ аясындағы бесжылдық қаржы құралына байланысты пайда болатын, пайыздық тәуекелдің 12 айлық шамасымен байланысты қаржы ағындарын өтеу үшін 12 айлық фьючерстік келісімшартты қолданатын ұйым 12 айлық пайыздық тәуекелдің әділ құнын таза негізде бағалайды, ал пайыздық тәуекелдің қалған бөлігін (демек, 2 жылдан 5 жылға дейін) жалпы негізде бағалайды.
Нақты қарсы уәкілдің несие тәуекеліне ұшыраушылығы
56 48-тармақта көрсетілген ерекшелікті пайдаланған жағдайда, нақты қарсы уәкілмен мәмілелерде келісілген қаржылық активтер және қаржылық міндеттемелер тобының әділ құнын бағалау үшін нақты қарсы уәкілдің тәуекеліне ұйымның ұшыраушылығының немесе нақты қарсы уәкілдің ұйымның тәуекелге таза ұшыраушылығының ықпалын әділ құнды бағалауға қосу керек, төлем жүргізілмеген жағдайда нарыққа қатысушылар несиелік тәуекелге ұшыраушылықты азайтатын барлық бар келісімдерді есепке алатын болса (мысалы, қарсы уәкілмен өзара төлем туралы негізгі келісім, немесе әр жақтың екінші жақтық несиелік тәуекелге таза ұшыраулығының негізіндегі кепілдік мүліктің айырбасын талап ететін келісім). Әділ құнды бағалау нарыққа қатысушылардың осындай келісім төлем жүргізілмеген жағдайда заңға сүйенген санкция негізінде қамтамасыз етілетіндігі үмітінің орындалуын көрсетеді.
Бастапқы танудағы әділ құн
57 Егер де осындай активтің немесе міндеттеменің айырбасталу операциясы кезінде актив алынса немесе міндеттеме қабылданса, онда операцияның бағасы - бұл активті алғандығы үшін немесе міндеттемені қабылдағаны үшін алынған баға (кіріс бағасы). Керісінше, актив немесе міндеттеменің әділ құны актив сатылған кезде алынуы немесе міндеттеме берілген кезде төленуі мүмкін баға (шығу бағасы). Ұйымдар активті оны сатып алынуы үшін төленген бағаға сата бермейді. Осыған орай, ұйымдар міндеттемелерді оларды қабылдағаны үшін алынған бағаға бере бермейді.
58 Көп жағдайда операцияның бағасы әділ құнға теңеледі (мысалы, актив сатылуы мүмкін операция күніне нарықта активті сатып алу операциясы жүргізіліп жатқан жағдайда осылай болуы мүмкін).
59 Әділ құн бастапқы тануда операция бағасына тең болуы мүмкіндігін анықтау кезінде, ұйым осы операцияға және осы актив немесе міндеттемеге ерекше болып табылатын факторларды есепке алу керек. B4 тармағында операцияның бағасы бастапқы тануда актив немесе міндеттеменің әділ құны болмайтындығын көрсететін жағдайлар сипатталған.
60 Егер де қандай да бір ХҚЕС бастапқы тануда ұйымға актив немесе міндеттемені әділ құн бойынша бағалауға рұқсат берсе, ал операцияның бағасы әділ құннан өзгеше болса, ұйым бұл стандарт басқаны есепке алмаған жағдайлардан басқа жағдайда, осы жағдайда пайда болған пайда немесе шығынды кіріс немесе шығын аясында тану керек.
Бағалау әдістері
61 Ұйым қалыптастасқан жағдайларда қолайлы болып табылатын және сонымен қатар, релевантты бақыланатын бастапқы деректерді барынша қолданып және бақыланбайтын бастапқы деректерді минималды қолданып, әділ құнды бағалауға жеткілікті деректерге қол жетімді әдістерді қолдану керек.
62 Бағалау әдісін қолданудың мақсаты операция жүргізілмеуі мүмкін ағымдағы нарықтық жағдайлардағы бағалау күніне нарыққа қатысушылар арасында активті сату немесе міндеттемені беру жөнінде ерікті түрдегі операция жүргізілуі мүмкін бағаны қою. Бағалаудың жалпы қолданылатын жалпы 3 әдісі: нарықтық жол, шығындық жол және кірістік жол. Бұл жолдардың негізгі тұрғылары B5-B11 тармақтарында көрсетілген. Ұйым әділ құнды бағалау үшін осы берілген жолдардың бірі не бірнешеулерімен үйлесімді бағалау әдісін қолдану керек.
63 Кейбір жағдайларда бағалаудың бір әдісін қолдану жарамды болады (мысалы, активті нарықта ұқсас активтер немесе міндеттемелер үшін кесілетін бағаны пайдаланып активті немесе міндеттемені бағалауда). Басқа жағдайда көптеген бағалау әдістерін қолдану жарамды болады (мысалы, қаржыны басқаратын бірлікті бағалауда осылай блуы мүмкін). Егер де әділ құнды бағалау үшін көптеген бағалау әдістері қолданылатын болса, онда нәтижелер (демек, әділ құнның сәйкес көрсеткіштері) берілген нәтижелермен белгіленген мағыналардың орындылығының диапазонын қарастыру жолымен бағалануы тиіс. Әділ құнды бағалау - бұл қалыптасқан жағдайларда әділ құнды барынша дәлдікпен көрсететін диапазонның аясындағы мағына.
64 Егер де операцияның бағасы бастапқы танудағы әділ құнды көрсетсе, басқа кезеңдерде әділ құнды бағалау үшін бақыланбайтын бастапқы деректер пайдаланылатын бағалау әдісі қолданылады, бағалаудың мұндай әдісі осы бағалау әдісін қолданғанда пайда болған бастапқы танудағы нәтиже операция бағасына тең келетіндей калибрленуі керек. Калибрлеу ағындағы нарықтық шарттардың бағалау әдісінде көрсетілуіне кепілдік етеді, және де ұйымға бағалау әдісін түзету қажеттілігін анықтауға көмек береді (мысалы, актив немесе міндеттеменің осы бағалау әдісімен ескерілмеген мінездемесі болуы мүмкін. Бастапқы танудан кейін бақыланбайтын бастапқы деректер қолданылатын бағалау әдісі немесе әдістері пайдаланыла отырып әділ құнды бағалауда ұйым осы бағалау әдістері бақылау күніне бақыланатын нарықтық деректерді көрсететініне көз жеткізуі керек (мысалы, барабар актив немесе міндеттеме бағасына).
65 Әділ құнды бағалау үшін қолданылатын бағалау әдістері дәйектілікпен қолданылуы керек. Бірақ, егер де осындай өзгерту әділ құнға тең бағаны алуға әкелсе немесе қалыптасқан жағдайларда оны ең дәлдеп көрсетуге әкелсе, бағалау әдісіне немесе оның қолданылуына өзгертулер енгізу керек (мысалы, көптеген әдістерді қолдануда оның өлшенген мағынасының өзгеруі нмесе бағалау әдісіне қатысты қолданылатын түзетуді өзгерту). Егер де төменде көрсетілген жағдайдың қайсыбірі болатын болса, осылай болуы мүмкін:
(a) жаңа нарықтар дамыса;
(b) жаңа ақпарат қол жетімді болса;
(c) ертеректе қолданылған ақпарат ендігәрі қол жеткізгісіз болса;
(d) бағалау әдістері жетілдірілсе; немесе
(e) нарықтық жағдайлар өзгерсе.
66 Бағалау әдісінің немесе оның қолданылуының өзгеруі нәтижесінде пайда болған өзгертулер 8 ХҚЕС - қа (IAS) сәйкес есепте бухгалтерлік бағалаудың өзгеруі ретінде көрсетілуі керек. Дегенмен, 8 ХҚЕС- қа (IAS) сәйкес бухгалтерлік есептің өзгеруі туралы ақпараттың ашылуы - бағалау әдісінің немесе оның қолданылуының өзгеруі нәтижесінде пайда болған өзгерістерге қатысты талап етілмейді.
Бағалау әдістеріне арналған бастапқы деректер
Жалпы принциптер
67 Әділ құнды бағалауда пайдаланылатын бағалау әдістері релевантты бақыланатын бастапқы деректерді барынша қолданып, бақыланбайтын бастапқы деректерді ең аз қолдануы керек.
68 Кейбір активтер мен міндеттемелер (мысалы, Қаржы құралдары) үшін бақыланатын болуы мүмкін бастапқы деректері бар нарықтар мысалдары валюталық нарықтарды және «принципалдан принципалға» нарықтарын қамтиды ( B34 тармағын қараңыз).
69 Ұйым нарыққа қатысушылар міндеттемемен немес активпен операция жургізу кезінде есепке алатын (11 және 12 -тармақты қараңыз), активтің немесе міндеттеменің мінездемелерімен үйлесімді бастапқы деректерді іріктеп алуы керек. Кейбір жағдайларда мұндай мінездемелер сыйлық ақы немесе дисконт (мысалы, бақылау үшін сыйлық ақы немесе бақыламайтын үлестің дисконты) сияқты түзетулерді пайдалануға алып келеді. Бірақ, әділ құнды бағалау әділ құнды бағалауды талап ететін стандарта қабылданған есеп бірлігімен үйлеспейтін сыйлық ақыны немесе дисконтты қоспауы керек (13 және 14- тармақтарды қара). Ұйымның акция пакетінің мінездемесін мөлшер ретінде көрсететін сыйлық ақылар немесе дисконттар (әсіресе, активтің немесе міндеттеменің кесілетін бағасын түзететін қамалау факторы, өйткені, 80- тармақта сипатталғандай ұйымда бар активтер және міндеттемелердің мөлшерін қабылдау үшін нарықтың әдеттегі тәуліктік сауда айналымы жеткілікті емес), актив немесе міндеттеменің мінездемесі ретінде көрсетуден гөрі (мысалы, бақылайтын үлестің әділ құнын бағалауға арналған сыйлық ақы ) әділ құнды бағалауда есепке алынбауы керек. Барлық жағдайларда актив немесе міндеттемеге активті нарықта кесілетін бағаның болуында (демек, 1 деңгейдің бастапқы деректері), әділ құнды бағалауда ұйым 79-тармақта көрсетілген жағдайлардан басқа кезде осы бағаны түзетусіз пайдалануы керек.
Сатушы мен сатып алушының бағаларына негізделген бастапқы деректер
70 Егер де әділ құн бойынша бағаланатын актив немесе міндеттемеде сатушының бағасы және сатып алушының бағасы болса (мысалы, делдалдық нарықтың бастапқы деректері), онда қалыптасқан жағдайларда әділ құнды ең дәлдеп көрсететін сұраныс пен ұсыныс бойынша спрэд аясындағы баға әділ құн иерархиясы аясында осы бастапқы деректер қай категорияға жататынына қарамастан (демек, 1, 2 не 3 Деңгейге; 72-90- тармақтарды қара) әділ құнды бағалау үшін пайдаланылуы тиіс. Активтер позициясы бойынша сатып алушының бағасын және міндеттемелер позициясы бойынша сатушының бағасын қолдану міндеттеме емес, құқық болып табылады.
71 Осы стандарт орта нарықтық баға қалыптастыруда немесе нарыққа қатысушылардың спрэд аясында сұраныс пен ұсыныс бойынша әділ құнды бағалауға арналған практикалық қолғанат құрал ретінде қолданатын басқа да баға туралы келісімдерді пайдалануды жоққа шығармайды.
Әділ құнның иерархиясы
72 Әділ құнның бағасының барынша дәйектілігі мен салыстырылатындығын және сәйкес ақпараттың ашылуына қол жеткізу үшін, осы стандарт әділ құн иерархиясын орнатады, ол әділ құнды бағалау үшін пайдаланылатын бағалау әдісіне арналған бастапқы деректерді үш деңгейге бөледі (76-90 -тармақтарды қара).Әділ құн иерархиясы ұқсас активтер немесе міндеттемелерге арналған активті нарықта кесілетін (түзетілмейтін) бағаларды артық санайды (1-деңгейдің бастапқы деректері), ал бақыланбайтын бастапқы деректерді кем санайды (3-деңгейдің бастапқы деректері).
73 Кейбір жағдайларда актив немесе міндеттеменің әділ құнын бағалау үшін пайдаланылатын бастапқы деректер әділ құнның иерархиясының түрлі деңгейлері аясында категоряларға бөлінуі мүмкін. Мұндай жағдайда әділ құнды бағалау толығымен жалпы бағалау үшін маңызды болып табылатын төменірек деңгейдің бастапқы деректері жататын әділ құнның сол деңгейіне жатады. Жалпы бағалау үшін нақты бастапқы деректрдің маңыздылығын анықтау актив немесе міндеттеме үшін ереше болып табылатын факторларды есепке алатын пайымдаманы пайдалануды талап етеді. Сатуға шығындану сияқты әділ құнға негізделген бағалар алуға қажетті түзетулер сатуға шыққан шығынды есептемегендегі әділ құнды бағалауда, әділ құнның бағасы жататын деңгейді анықтауда еспке алынбауы тиіс.
74 Релевантты бастапқы деректердің болуы және олардың салыстырмалы субъективтілігі жарамды бағалау әдісінің таңдауына ықпал етуі мүмкін (61 тармақты қара). Дегенмен, әділ құнның иерархиясы әділ құнды бағалау үшін қолданылатын бағалау әдістеріне емес, бағалау әдістеріне арналған бастапқы деректерді артық санайды. Мәселен, көрсетілген құн бойынша бағалау әдісі пайдаланылып алынған әділ құнның бағасы 2 - деңгейге немесе 3 - деңгейге жатқызылуы мүмкін, бұл жалпы бағалауда маңызды болып табылатын бастапқы деректерге және осы бастапқы деректер жатқызылатын әділ құнның иерархиясы деңгейіне тәуелді.
75 Егер де бақыланатын бастапқы деректер бақыланбайтын бастапқы деректер қолданылып жүргізілетін түзетулерді талап етсе, және де мұндай түзету әділ құнның біршама жоғары немесе біршама төмен бағасының болуына себеп болса, осының нәтижесінде алынатын баға әділ құн иерархиясының 2- деңгейіне жатқызылатын болады. Мысалы, нарыққа қатысушы активке баға қоюда активті сатуға шектеудің ықпалын есепке алса, ұйым кесілетін бағаны осы шектеудің ықпалын ескере отырып түзетуші еді. Егер осындай кесілетін баға 2 - деңгейдің бастапқы деректерін көрсетсе, ол түзету жалпы бағалауда маңызды болып табылатын бақыланбайтын бастапқы деректерді көрсетсе, бұл баға әділ құн иерархиясында 3 - деңгейге жататын еді.
1- деңгейдің бастапқы деректері
76 1- деңгейдің бастапқы деректері - ұйым бағалау күніне қол жеткізе алатын ұқсас актив немесе міндеттемеге арналған белсенді нарықтағы кесілетін (түзетілмейтін) бағалар.
77 Кесілетін баға активті нарықта әділ құнның барынша сенімді дәлелі болып табылады, және әділ құнды бағалау үшін 79-тармақтарда көрсетілген жағдайлардан басқа жағдайда, қол жетімді болатын әр кезде түзетусіз қолданылуы керек.
78 1-деңгейдің бастапқы деректері көптеген қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелер үшін ашық болады, олардың кейбіреулері көптеген нарықтарда (мысалы, түрлі биржаларда) айырбасталуы мүмкін. Демек, 1-деңгей аясында аса назар мынаны анықтауға бөлінеді:
(a) актив немесе міндеттеме үшін негізгі нарық, немесе, негізгі нарықтың болмауы жағдайында актив немесе міндеттеме үшін барынша пайдалы нарық; және
(b) ұйым бағалау күніне осы нарықтың бағасымен актив немесе міндеттемемен операцияға қатыса алады ма.
79 Ұйым 1 - деңгейдің бастапқы деректерін тек мына жағдайларда ғана түзетуі керек:
(a) ұйым әділ құн бойынша бағаланатын барабар (бірақ, ұқсас емес) активтер мен міндеттемелердің (мысалы, қарыздық бағалы қағаздардың) көп мөлшерін, ал кесілетін баға активті нарықта бар, бірақ жеке түрдегі активтің немесе міндеттеменің әрқайсысына кез келген уақытта қол жетімді бола бермейді (демек, ұйым ұстап тұратын барабар активтер немесе міндеттемелердің көп мөлшерінің болуы шартында, бағалау күніне әр жеке актив немесе міндеттеме үшін баға туралы ақпаратты алу үшін қиынға соғар еді). Мұндай жағдайда, практикалық қолғанат құрал ретінде ұйым әділ құнды тек кесілетін бағаларға ғана негізделмеген альтернативті бағалау әдісін қолдана отырып бағалауға болар еді. Бірақ, альтернативті бағалау әдісін қолдану әділ құн иерархиясында барынша төмен деңгейге жататын әділ құнның бағасын алуға әкеледі.