17-ші Халықаралық Қаржылық Есептілік Стандарты (IAS 17)
Жалдау
Мақсаты
1. Осы Стандарттың мақсаты жалдау шарттарына қатысты жалға алушылар жəне жалға берушілердің қолдануы үшін тиісті есеп саясаты мен ақпаратты ашу ережелерін анықтау болып табылады.
Қолдану аясы
2. Осы Стандарт мыналарды:
(a) пайдалықазбаларды,мұнайды,табиғигазжəнеөзгедеқалпына келтірілмейтін табиғат ресурстарына жасалған барлауға немесе пайдалануға жалдау шарттары; жəне
(b) кинофильмдер, бейнежазбалар, пьесалар, қолжазбалар, патенттер мен авторлық құқық сияқты объектілер бойынша лицензиялық келісімдерді қоспағанда барлық жалдау түрлерінің есебі үшін қолданылуы тиіс.
Алайда осы Стандарт мыналарды:
(a) жалға алушылардың қарамағындағы жəне есепке алуда инвестициялық жылжымайтынмүлікретіндекөрсетілгенжылжымайтынмүлікті (40 Инвестициялық жылжымайтын мүлік ХҚЕС-ты (IAS) қараңыз);
(b) жалға берушілердің операциялық жалға беру шарты бойынша инвестициялық жылжымайтын мүлкін (40 ХҚЕС-ты (IAS) қараңыз);
(c) жалғаалушылардың қаржылық жалдау шарты бойынша пайдаланылатын активтердің биологиялық объектілерін (41 Ауылшаруашылығы ХҚЕС-ты(IAS) қараңыз);немесе
(d) жалға берушілер операциялық жалдау шарттары бойынша жалға берген биологиялық активтерді (41 Ауылшаруашылығы ХҚЕС-ты (IAS) қараңыз) қоспағанда, бағалау үшін негіз ретінде қолдануға тиым салынады.
3. Осы Стандарт осындай активтерді пайдалану мен қызмет көрсетуге байланысты жалға берушінің маңызды қызметі талап етілуіне қарамастан активтерді пайдалануына құқық беретін шарттарға қолданылады. Осы Стандарт қызмет көрсетуге келісімшарттар болып табылатын, шарт бойынша активтерді пайдалануға бір жақтан екінші жаққа пайдалануына бермейтін шарттарға қолданылмайды.
Анықтамалар
4. Осы Стандартта мынадай терминдер көрсетілген мәндерде пайдаланылады:
Жалдау - жалға беруші жалға алушыларға жалдау ақысына немесе төлемдер тобының орнына келісілген уақыт ішінде активтерді пайдалану құқығын беретін шарт.
Қаржылық жалдау - актив иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдіктер мен пайдаларды елеулі түрде көтеретін шарттар бойынша жалға беру. Қорытындысында құқықтық мəртебе берілуі де, сондай-ақ берілмеуі де мүмкін.
Операциялық жалдау - қаржылық жалдаудан өзгеше жалдау.
Күшін жоймайтын лизинг-бұл жалдау шарты бойыншатек мынадай жағдайларда ғана:
(a) қандай да бір ықтималдығы шамалы оқиғаның басталуы жағдайында;
(b) жалға берушінің рұқсатымен;
(c) егер жалға алушы сол немесе оған барабар активті сол жалға берушіменжалдау туралы жаңа шарт жасайтын болса; немесе
(d) жалдауды қабылдаған күні жалға алушының төлеген қосымша сомасы оның бұдан əрі жалғасуына кепіл болған жағдайда, тоқтатылуы мүмкін.
Жалға беруді қабылдау күні -бұл мынадай күндерден:жалдау шартын жасасукүні немесе жалдаудың негізгі талаптарына қатысты тараптардың міндеттемелерді қабылдау күнінен неғұрлым ертерек жасалатын жалдау. Атап айтқанда мына күнге:
(a) жалдау операциялық немесе қаржылық ретінде жіктелген;жəне
(b) қаржылық жалдау жағдайында жалдау мерзімінің басында танылуға жататын сомалар анықталады.
Жалдау мерзімінің басталу күні жалға алынған активтерді пайдаланумүмкіндігін іске асыру құқығын алған күн болып есептеледі. Бұл - жалдауды бастапқы тану күні (яғни жалдаумен байланысты туындайтын тиісті активтердің, міндеттемелердің, табыстың немесе шығыстың танылуы).
Жалдау мерзімі -жалға алушы шартқа сəйкес активті жалдауға алған, қысқартылуға жатпайтын кезең, сондай-ақ, бұл кезеңдер ішінде, егер жалдау мерзімінің басында жалға алушының осы құқығын іске асыруға негізді сенімі болса, жалға алушының қосымша ақы төлеумен немесе онсыз активті одан əрі жалдауға құқығы бар кез келген өзге де кезеңдер.
Жалдаудың ең төменгі төлемдері -жалдау мерзімі бойындағы төлемдер,жалға беруші төлейтін жəне оған өтелетін шартты түрдегі жалдау ақысын, қызмет көрсетулері мен салық төлемдері бойынша сомаларды қоспағанда, олар мына сомалармен бірге жалға алушыдан талап етілуі немесе сұратып алынуы мүмкін:
(a) жалға алушы үшін:жалға алушы немесе жалға алушымен байланысты тараптың кепілдік берген кез келген сомаларымен; не
(b) жалға беруші үшін: жалға берушіге кепілдік берген кез келген тарату құнымен:
(i) жалға алушы;
(ii) жалға алушымен байланысты тарап;не
(iii) осындай кепілдік бойынша қаржыға байланысты міндеттерді орындауға қабілетті, жалға алушыдан тəуелсіз үшінші тараппен.
Алайда, егер жалға алушының осы құқықты іске асыру мүмкін болған кездегі күні, күткендегідей, активті əділ құнынан мейлінше төмен баға бойынша сатып алу құқығы болса, бұл орайда жалдау мерзімі басталғанда бұл құқықты іске асыруға, ал ең төменгі жалдау төлемдері мерзім ішіндегі төленуге тиісті ең төменгі төлемдерден жəне осы активті сатып алу құқығын іске асыру үшін қажетті төлемнен тұратынына негізді сенімі болады.
Əділ құн -келісім жасасу барысында жақсы хабардар,осындай келісімдіжасасуға ниет білдірген, бір-бірінен тəуелсіз екі жақтың активті немесе реттелген міндеттемені ауыстыруға болатын сома.
Экономикалық қызмет мерзімі - бұл:
(a) бір немесе одан да көп пайдаланушылардың активті экономикалықпайдалануы күтілетін уақыт кезеңі; не
(b) ұйымның активті пайдалануынан күтетін өндіріс бірліктерінің көлемі немесе осыған ұқсас бірліктер.
Пайдалы қызмет мерзімі - ұйымның активте болатын экономикалық пайдаалуды көздейтін жалдау мерзімімен шектелмейтін жалдау мерзімінің басынан қалған, есеп кезеңі.
Кепілдік берілген қалдықты құн - бұл:
(a) жалға алушы үшін:жалға алушы немесе онымен байланысты тараптың кепілдік берілетін қалдықты құнның бір бөлігі (бұл орайда кепілдік сомасы кез келген жағдайда төленуге тиіс болатын ең көп сомаға тең); жəне
(b) жалға беруші үшін:кепілдік бойынша қаржы қатынасындағы міндеттемелерді орындауға қабілетті жалға алушы немесе жалға берушімен байланысы жоқ үшінші тараптың кепілдік беретін қалдық құнының бір бөлігі.
Кепілдік берілмеген қалдықты құн- жалға алынған активтің қалдықтықұнының алуына жалға беруші кепілдік бермеген немесе тек жалдауға берушімен байланысты тарап қана кепілдік берілген бір бөлігі.
Бастапқы тікелей шығындар жалдау шартын дайындауға жəне жасауғабайланысты, мұндай шығынды өндірушілердің немесе дилерлердің атынан жалға берушілер көтерген жағдайды қоспағанда, қосымша шығындарды білдіреді.
Жалдауға салынатын жалпы инвестициялар:
(a) жалға беруші қаржылық жалдау кезінде алынатын ең аз жалдау төлемдерінің, жəне
(b) жалға берушіге тиесілі кез келген кепілдік берілмеген қалдықты құнның жиынтығы.
Жалдауға салынған таза инвестиция жалдау шартында қарастырылған пайызмөлшерлемесі бойынша дисконтталған жалдауға салынған жалпы инвестицияны білдіреді.
Алынбаған қаржылай кіріс - бұл мыналардың:
(a) жалдауға салынған жалпы инвестиция,жəне
(b) жалдауға салынған таза инвестиция арасындағы айырманы білдіреді.
Жалдау туралы шартта түсінілетін пайыз мөлшерлемесі -қолданылуыжалдауды қабылдау күнінде (a) ең төмен жалдау төлемдері жəне (b) кепілдік берілмеген қалдық құнының жалпы дисконтталған құны (i) жалданған активтің əділ құнына жəне(ii) жалға берушінің бастапқы тікелей шығындарының сомасына тең болатын жағдайды қамтамасыз ететін дисконт мөлшерлемесі.
Қарыздық капиталға пайыздың өсу мөлшерлемесі -жалға алушының бірдей жалдауы бойынша төлеуге міндетті болған пайыз мөлшерлемесі, немесе осындайды анықтау мүмкін болмаса, онда жалдауды қабылдау күніне активті сатып алу үшін керекті мөлшерде осындай мерзімге немесе осындай қамтамасыз етілуге алынған қарыз бойынша жалға алушы төлеуге міндетті болған мөлшерлеме.
Шартты жалдау ақысы -белгілі бір сома түрінде белгіленбейтін,бірақ өзгеруі уақыттың өтуімен байланысты емес фактордың болашақ шамасына негізделген жалдау төлемдерінің бір бөлігі (мысалы, сатудың болашақ пайызы, пайдаланудың болашақ деңгейі, бағалардың болашақ индексі, пайыздың болашақ нарықтық мөлшерлемесі).
5. Жалдау туралы шартқа немесе жалдаудың негізгі талабына қатысты міндеттемеге ғимарат немесе меншікті жалға алу құнының өзгеруіне, немесе шығын жəне құнның басқа кейбір бағаларының өзгеруіне, мысалы, жалдауды қабылдау күні жəне жалдау мерзімінің басталуы арасындағы кезең ішінде жалдауды қаржыландырудағы бағалардың жалпы деңгейі, немесе жалға берушінің шығындары, жалдау төлемдерінің түзетуін қарастыратын ережені қамтуы мүмкін. Мұндай жағдайда осы Стандарттың мақсаты үшін кез келген осындай өзгертулердің салдары жалдауды қабылдау күнінен басталды деп есептеледі.
6. Жалдауды анықтауға келісілген талаптарды орындағаннан кейін жалға алушыға активті меншігіне алу құқығын беретін ережесі бар активті жалға өткізу шарты кіреді. Бұл шарттар кейде сатып алу құқығы бар жалдау шарты деп аталады.
6A 17-ші ХҚЕС (IAS) ‘әділ құн’ терминін 13-ші Әділ құнды бағалау ХҚЕС-ында (IFRS) көрсетілген мағынансынан басқа мағынада қолданады. Сондықтан, ұйым 17-ші ХҚЕС-ын қолданғанда әділ құнды бағалау үшін 13-ші Стандартты емес, осы 17-ші Стандартты қолдануы тиіс.
Жалдауды жіктеу
7. Осы Стандартта қабылданған жалдауды жіктеу жалдауға алған активке меншік құқығына тəн тəуекелдік пен пайданы жалға алушы мен жалға берушінің қандай дəрежеде мойнына алуына негізделеді. Тəуекелдікке активтің іркілісі немесе технологиялық жағынан ескіруінен, сондай-ақ өзгеріп тұратын экономикалық жағдайлармен байланысты пайданың ауытқуынан болатын шығындар жатады. Пайда активтің экономикалық қызметінің мерзімі ішіндегі пайдалы жұмыстың жəне оның құнының артуынан немесе тарату құнынан алынатын пайданың күтілуімен берілуі мүмкін.
8. Жалдау, егер ол иеленумен қатар жүретін айтарлықтай деңгейдегі барлық тəуекелдіктер мен пайданы меңзейтін болса, қаржылық жалдау ретінде жіктеледі. Егер жалдау иеленумен қатар жүретін барлық тəуекелдіктер мен пайданы айтарлықтай меңзеуге əкеліп соқтырмаса, операциялық ретінде жіктеледі.
9. Жалға беруші мен жалға алушы арасындағы мəміле жалдау шартына негізделетіндіктен, олардың арасында келісілген анықтаманы пайдаланған дұрыс болады. Осындай анықтамаларды жалға беруші жəне жалға алушының бірдей емес жағдайларға қарай қолдану жалдаудың бір түрін əртүрлі жіктеуге əкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы, егер жалға беруші жалға алушымен байланысты емес тарап ұсынған тарату құнының кепілдігінен пайда алған жағдайда орын алуы мүмкін.
10. Жалдауды қаржылық ретінде немесе операциялық ретінде жіктеу керек пе деген сұраққа шарттың нысанына емес, мəміленің мазмұнына байланысты болады деп жауап беріледі.[1] Төменде жеке немесе бірге алынған жағдайлардың əдетте жалдауды қаржылық ретінде жіктеуге себепші болатын мысалдар келтірілген:
(a) жалдау мерзімінің соңында активті иелену құқығы жалға алушыға көшеді;
(b) жалға алушының жалдау мерзімінің басында осы құқықты іске асыру күні əділ құннан айтарлықтай төмен бағаға осы активті сатып алуға құқығы бар, ал жалдауды қабылдаған күні бұл құқықтың жүзеге асырылатыны туралы негізделген сенім бар;
(c) егер меншік құқығы мүлдем берілмейтін болса да, жалдау мерзімі активтің экономикалық қызмет көрсету мерзімінің елеулі бөлігін құрайды;
(d) жалдау қабылданған күнгі жалдау төлемдерінің ең төменгі дисконттық құны ең кем дегенде жалға алынған активтің барлық əділ құнының елеулі үлесін құрайды; жəне
(e) жалға алынған активтердің тек жалға алушы ғана оларды елеулі түрдегі түрлендірусіз пайдалана алатын арнаулы сипаты бар.
11. Жеке немесе құрамдас түрінде қаржылық жалдау ретінде жалдауды жіктеуге себепші бола алатын жағдайлардың индикаторлары мыналар болып табылады:
(a) жалға алушы жалдауды тоқтатқан жағдайда, мұнымен байланысты барлық шығындар жалға алушыға жүктеледі;
(b) таратылған сома əділ құнның ауытқуынан келетін пайда немесе шығындар жалға алушыға тиесілі (мысалы, жалдау мерзімінің соңында сатудан алынатын түсімдердің үлкен бөлігіне тең жалдау ақысынан жеңілдік нысанында); жəне
(c) жалға алушыға нарықтық деңгейден айтарлықтай төмен жалдау ақысына жалдауды екінші кезеңге ұзартуға мүмкіндік беріледі.
12. 10-11-тармақтардағы мысалдар жəне индикаторлар жағдайлардың бəрінде даусыз сипатқа ие болмайды.Егер басқа белгілерді негізге ала отырып, осы жалдаумен қатар жүретін барлық тəуекелдіктерді жəне пайданы елеулі ауыстыруға əкеліп соқтырмайтыны анық болса, ол операциялық жалдау ретінде жіктеледі.Мысалы, егер жалдау мерзімінің соңында актив көлемі осы уақыттағы активтің əділ құнына тең болатын белгіленбеген төлемге айырбасталса, немесе шартты жалдау ақысы туралы сөз болып отырғанда, жалға алушы осындай барлық тəуекелдіктер жəне пайданың елеулі бөлігін өзіне алмаған жағдайда, бұл орын алуы мүмкін.
13. Жалдауды жіктеу жалдауды қабылдаған кезде жасалады.Егер жалға алушы жəне жалға беруші уақытқа тəуелсіз жалдауды жаңартуды қоспағанда, 7-12-тармақтардың критейрийлеріне сəйкес жалдауды басқа жіктеуге əкеліп соқтыратындай түрде жалдау шартын өзгертуге келіссе жəне өзгертілген шарттар жалдау қабылданғаннан кейін қолданысқа енгізілсе, онда қайта қаралған шарт оның қолданылу мерзімі бойына жаңа шарт ретінде қаралады.Алайда бағалаудағы өзгерістер (мысалы, қызметтің экономикалық мерзімін немесе жалданған мүліктің қалдық құнын бағалауды өзгерту) немесе жағдайдың өзгеруі (мысалы, жалға алушының шартты орындамауы) есепке алу мақсаттары үшін жалдауды қайта жіктеуге əкеліп соқтырмайды.
14. −
15. [Жойылған]
15A Жалдау жер учаскесі мен құрылыс элементтерінің екеуінен де тұрған жағдайда ұйым əрбір элементтің жіктелуін 7-13 тармақтарға сəйкес қаржылық жалдау немесе операциялық жалдау деп бөлек бағалайды. Жер учаскесі операциялық немесе қаржылық жалдауға жататындығын анықтау барысында жер учаскесінің белгілі бір пайдалы пайдалану мерзімі бар екендігіне елеулі көңіл бөлінеді.
16. Бұл жер учаскелерін жəне үйді жалдауды жіктеу жəне есепке алу мақсатында қажет болған жағдайда ең аз жалдау төлемдері (кез келген біржолғы аванстық төлемдерді қоса алғанда) жалдауды қабылдаған кезде жер учаскелері мен үйлердің арасында жерді жалдау элементінде жəне үйді жалдау элементінде мүдделердің əділ құнының мəндеріне теңбе-тең қатысты бөлінеді.Егер жалдау төлемдері осы элементтердің арасында сенімді бөлінуі мүмкін болмаса, онда барлық жалдау осы екі элементте операциялық жалдауды білдіретіні айқын болған жəнетиісінше, барлық осы жалдау операциялық ретінде жіктелетін жағдайдан басқа уақытта қаржылық ретінде жіктеледі.
17. 20-тармаққа сəйкес бастапқыда жерді жалдау элементі ретінде танылатын сома жерді жəне үйді жалдауға қатысты елеусіз болған кезде, жалдауды жіктеу тұрғысынан қарағанда, жер жəне үй бір тұтас болып есептелуі жəне үй - 7-13-тармақтарға сəйкес қаржылық немесе операциялық жалдау объектісі ретінде жіктелуі мүмкін. Мұндай жағдайда үйдің экономикалық қызмет мерзімі барлық жалданатын активтің экономикалық қызмет мерзіміне теңестіріледі.
18. Жалға алушының жерге, сол сияқты үйге мүдделері 40 ХҚЕС-ына (IAS) сəйкес инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде жіктелсе, онда жерді жалдау элементінің жəне үйлерді жалдау элементінің жеке бағасы талап етілмейді, жəне əділ құн бойынша есеп моделі пайдаланылады. Егер керісінше жағдайда осы элементтердің біреуін немесе екеуін анық жіктеу мүмкін болмаған жағдайда ғана осындай бағалау үшін жан-жақты есептеу талап етіледі.
19. 40 ХҚЕС-ына (IAS) сəйкес жалға алушы операциялық жалдауда өзінің меншіктік мүддесін инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде жіктей алады. Егер ол осыны дəл осылай жіктесе, онда бұл меншіктік мүдде есепте қаржылық жалдау сияқты көрсетіледі, бұдан басқа қабылданған активке сəйкес əділ құн бойынша есеп моделі қолданылады. Қандай да бір оқиға жалға алушының меншіктік мүддесі инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде жіктелетіндей деңгейге дейін сипатын өзгертсе де жалға алушы мұндай жалдауды əлі де қаржылық жалдау ретінде есептеуі керек. Бұл, мысалы, егер жалға алушы:
(a) оның əділ құнының пайдалану тəсілі өзгерген күнге тең болатын əрі қарай меншік иесі иеленетін меншіктер санатына өтетін жалға алынған меншікті иеленсе; немесе
(b) осы мүддені иеленумен қатар жүретін барлық тəуекелдіктер жəне пайданың қомақты бөлігін байланысты емес үшінші тарапқа ауыстыратын қосалқы жалдауды білдіреді. Осындай қосалқы жалдау үшінші тараппен, ол тараптың мұны операциялық жалдау түрінде қабылдай алатынына қарамастан, жалға алушының есебінде қаржылық жалдау түрінде көрсетіледі.
Жалға алушылардың қаржы есептілігіндегі жалдаудың көрініс табуы
Қаржылық жалдау
Бастапқы тану
20. Жалдау мерзімінің басында жалға алушылар қаржылық жалдауды активтер жəне өздерінің қаржылық жағдай туралы есептеріндегі жалға алынған меншіктің əділ құнына тең сомадағы міндеттемелер ретінде қабылдаулары тиіс, немесе - бұл сомалар аз мөлшердегі жалдау төлемдерінің дисконтты құнынан төмен болса, əрбіреуінің шамасы қабылданған жалдауда анықталады.Аз мөлшердегі жалдау төлемдерінің дисконттық құнын есептегенде дисконттаудың мөлшері, егер олар анықталуға берілсе, жалдауға салынған пайыз мөлшерлемесі болып табылады, бұлай болмаған жағдайда жалға алушының əрбір қарыздық капиталға пайыздың өсім мөлшерлемесі пайдаланылуы тиіс.Жалға алушының кез келген бастапқы тікелей шығындары актив танылған сомаға қосылады.
21. Операциялар жəне басқа да жағдайлар, жай ғана заң нысаны бойынша емес, олардың мазмұны мен қаржылай нақтылығына сəйкес есептелуі жəне тапсырылуы тиіс. Жалдаудың заң нысанындағы шарт бойынша жалға алушы жалдаған активке өзіндік құнының заңдық құқығын қабылдамауына болса да, қаржылық жалдау болған жағдайда шарттың мазмұны жəне қаржылық нақтылығы экономикалық қызметі мерзімнің үлкен бөлігі аралығында жалданған активті пайдаланудан жалға алушы активті қабылдау күнгі активтің əділ құны жəне тиісті қаржылық есептеудің экономикалық пайдасына ие болады.
22. Егер жалдаудың мұндай операциялары жалға алушының қаржылық жағдай туралы есебінде көрсетілмесе, қаржылық арақатынасты бұза отырып, экономикалық ресурстар жəне ұйымның міндеттеме деңгейі төмендейді. Осылайша, жалға алушының бухгалтерлік қаржылық жағдай туралы есебіндегі қаржылық жалдау актив ретінде де, болашақ жалдау төлемдерінің міндеттемесі ретінде де қабылдануы тиіс. Болашақ жалдау төлемдеріне қатысты мерзімнің басында актив жəне міндеттеме, актив танылған сомаға қосылатын жалға алушының кез келген бастапқы тікелей шығынын есептемегенде, қаржылық жағдай туралы есепте бірдей сома болып қабылданады.
23. Жалдау активтерінен шығарылып тасталған сома ретінде міндеттемелерді жалдау активі бойынша қаржы есебінде көрсетпеген жөн. Егер бухгалтерлік қаржылық жағдай туралы есепте міндеттемелерді көрсету үшін қысқа мерзімді жəне ұзақ мерзімді міндеттемелердің арасында айырмашылықты көрсетсе, онда осындай айырмашылық жалдау бойынша міндеттемелер үшін жасалу керек.
24. Бастапқы тікелей шығындар көп жағдайларда жалдау келісімдерін жасау жəне орындау сияқты ерекше жалдау қызметімен байланысты туындайды. Қаржылық жалдаумен байланысты жалға алушы жүзеге асыратын қызметімен тікелей байланыс ретінде анықталған шығындар жалдау активінің құнына кіреді.
Кейінгі бағалау
25. Минимум жалдау төлемдері қаржы төлемдері жəне төленбеген міндеттеменің азаюы арасында тіркеліп жазылуы тиіс. Қаржы төлемдері жалдау мерзімі ішінде кезеңдер бойынша, міндеттеменің қалдық сальдосына пайыздың тұрақты мезгіл-мезгіл мөлшерлемесі шығарылатындай мөлшерде міндетті түрде бөлінуі тиіс. Шартты жалдау төлемі олардың пайда болу кезеңдерінде шығыстар ретінде міндетті түрде есептелуі тиіс.
26. Тəжірибеде жалға алушы жалдау мерзімі ішінде қаржы төлемдерін кезеңдерге бөлу барысында есептеулерді оңайлату үшін қандай да бір аппроксимация нысанын қолдануға құқығы бар.
27. Қаржылық жалдау амортизацияланатын активтер үшін амортизациялық шығыстарды жəне əрбір есеп кезеңі үшін қаржы шығыстарын тудырады. Амортизациялық саясат амортизациялық жалдау активтері үшін міндетті түрде меншіктегі амортизациялық активке қатысты қолданылуға сəйкес болу керек, амортизацияның танылатын сомасы міндетті түрде 16 Жылжымайтынмүлік, ғимараттар мен жабдықтар ХҚЕС(IAS) жəне 38 Материалдық емес активтер ХҚЕС-ына(IAS) сəйкес есептелуі тиіс.Егер жалға алушының жалдаумерзімінің аяғында меншік құқығына ие болуына негізделген сенімі болмаса онда актив міндетті түрде жалдау немесе пайдалы қызметтің ең қысқа екі кезеңінен толықтай амортизациялануы керек.
28. Жалға алушының меншігіндегі амортизацияланатын активтерге қатысты қабылдаған амортизациялық саясатқа сəйкес жалдау активінің амортизацияланатын сомасы пайдалануға ұсынылатын мерзім ішінде əрбір есептеу кезеңіне бөлінеді. Жалға алушы жалдау мерзімінің аяғында меншік құқығын алатынына негізді сенімділігі болған кезде болжамды пайдалану кезеңі активтердің пайдалы қызмет кезеңі болып табылады; басқаша жағдайда актив екі мерзімнің: жалдау жəне оның пайдалы қызметінің ең қысқасына амортизацияланады.
29. Кезең ішінде амортизация жəне қаржы шығыстарына жұмсалған шығыс сомасы кезең ішінде төленуге тиіс жалдау төлемдерінің сомасына сирек теңеледі; сонымен жалдау төлемдерін шығыс ретіндегі төлемге есептеу дұрыс емес. Оған сəйкес жалдау мерзімі басталғаннан кейін шамасы жағынан актив жəне оған қосымша міндеттеме тең болатыны екіталай.
30. Жалдау активінің құнсызданғанын анықтау үшін ұйым 36 Активтердіңқұнсыздануы ХҚЕС-ын(IAS) қолданады.
Ақпаратты ашу
31. 7 Қаржы құралдары:ақпаратты ашып көрсету ХҚЕС-тың (IFRS) талаптарын орындауымен қатар жалға алушылар қаржылық жалдау үшін мынадай:
(a) активтердіңəрбір класына-есептік күніндегі таза қаржылық жағдай туралы есептік құн.
(b) есеп күніне болашақ төменгі жалдау төлемдерінің жалпы сомасы жəне олардың дисконтталған құнын салыстырып тексеру. Бұдан басқа, ұйым есеп күніне болашақ төменгі жалдау төлемдерінің жалпы сомасы жəне олардың дисконтталған құнын мынада:
(i) бір жылдан кем емес;
(ii) бір жылдан кейін,бірақ бес жылдан кем емес;
(iii) бес жылдан кейінгі кезеңдер үшін ашуы тиіс.
(c) есеп кезеңінде шығыс ретінде танылған шартты жалдау төлемін.
(d) күшін жоймайтын қосалқы жалдау шарты бойынша есеп күніне алынуы күтілетін қосалқы жалдау бойынша болашақ төменгі төлемдерінің жалпы сомасын.
(e) жалға алушының келісілген жалдаудың айтарлықтай шарттарының жалпы сипаты мынадай:
(i) шартты жалдау төлемі анықталатын негізді;
(ii) жаңару опциондарының болуы жəне талаптары немесе құбылмалы бағалардың сатып алынуы; жəне
(iii) жалдау шартында белгіленген,соның ішінде дивидендтерге, қосымша қарыз жəне əрі қарайғы жалдауға қатысты шектеулер туралы ақпаратты қоса алып, бірақ оған шектеу қоймай ақпаратты ашу керек.
32. Бұдан басқа, 16 ХҚЕС (IAS), 36 ХҚЕС (IAS), 38 ХҚЕС (IAS), 40 ХҚЕС (IAS) және 41 ХҚЕС-ына (IAS) сәйкес ақпаратты ашуы тиісті талаптарды қаржы объектілері болып табылатын активтерге қатысты жалға алушылар орындауы тиіс.
Операциялық жалдау
33. Операциялық жалдаудағы жалдау төлемдері жалдау мерзімінің ішінде,басқа жүйелі негізді пайдаланушының пайда алатын уақытша кестесін неғұрлым айқын көрсететін жағдайлардан басқа, біркелкі бөлінген шығыс ретінде көрінуі тиіс.[2]
34. Операциялық жалдауда жалдау төлемдері (қызмет көрсетуді сақтандыруға кеткен шығындарды қоспағанда), басқа жүйелі негізді қолданушы пайда алатын уақытша кестесін неғұрлым айқын көрсететін жағдайлардан басқа, бұл төлемдер осы негізде жүзеге асырылмаса да, біркелкі бөлінген шығыстар ретінде көрінеді.
Ақпаратты ашып көрсету
35. Жалға алушылар 7 ХҚЕС-ының (IFRS) талаптарын орындаумен қатар операциялық жалдауға сәйкес мынадай:
(a) операциялық жалдаудың күшін жоймайтын шарттары бойынша болашақ төменгі жалдау төлемдерінің жалпы сомасын мынадай:
(i) бір жылдан кем емес;
(ii) бір жылдан кейін, бірақ бес жылдан кем емес;
(iii) бес жылдан кейінгі кезеңдер үшін.
(b) күшін жоймайтын қосалқы жалдау шарты бойынша есеп күніне алынуы күтілетін қосалқы жалдау бойынша болашақ төменгі төлемдерінің жалпы сомасын;
(c) шартты жалдау төлемдері және қосалқы жалдау бойынша төлемдерінің, сома, төлемдерінің төменгі жалдау төлемдері үшін сомалардың жеке ұсынысымен кезең ішінде шығыс ретінде танылған жалдау және қосалқы жалдау бойынша төлемдер;
(d) жалға алушының келісілген жалдаудың елеулі шарттарының жалпы сипаты мынадай:
(i) шартты жалдау төлемі анықталатын негізді;
(ii) жаңару опциондарының болуы және талаптары немесе құбылмалы бағалардың сатып алынуы; және
(iii) жалдау шартымен белгіленген, соның ішінде дивидендтерге, қосымша қарыз және әрі қарайғы жалдауғақатысты шектеулер туралы ақпаратты қоса алып, бірақ онымен шектелмей,ақпаратты ашу керек.
Жалға берушінің қаржылық есептілігінде жалдаудың көрініс табуы
Қаржылық жалдау
Бастапқы танылуы
36. Жалға берушілер қаржылық жалдауда, өздерінің бухгалтерлік қаржылық жағдай туралы есептегі активтерін қабылдауы тиіс және оларды жалдауға таза инвестициялық сомаға тең дебиторлық қарыз сияқты ұсынуы тиіс.