(b) Кесілетін баға активті нарықта баға күніне әділ құн болып табылмайды. Бұл мына жағдайда орын алады: мысалы, маңызды оқиғалар («принципалдан принципалға» нарығындағы операция, делдалдық нарықтағы сауда немесе хабарламалар сияқты) бағалау күні келуден бұрын, нарық жабылған соң орын алған жағдайда. Ұйым мұндай оқиғаларды анықтау керек және әрі қарай осындай әділ құнды бағалауға ықпалын тигізетін оқиғаларды тану саясатын дәйекті түрде жүзеге асыруы керек. Дегенмен, егер кесілетін баға жаңа ақпаратты есепке ала отырып түзетілсе, мұндай түзету әділ құн иерархиясында барынша төмен деңгейге жататын әділ құн бағасын алуға әкеліп соғады.
(c) Актив ретінде активті нарықта сатылатын, ұқсас бірлікке кесілетін бағаны қолданып ұйымның міндеттемесінің немесе жекеменшік үлестік құралының әділ құнын бағалауда, және бұл баға актив немесе бірлікке тән ерекше факторларды есепке ала отырып түзетілуі керек (39-тармақты қара). Егер де активтің кесілетін бағасының түзетілуі қажет емес болса, онда нәтиже әділ құн иерархиясында 1- Деңгейге жататын әділ құн бағасын алу болады. Дегенмен, активтің кесілетін бағасының кез келген түзетілуі, әділ құн иерархиясында барынша төмен деңгейіне жатқызылатын әділ құнның бағасының алынуына әкеліп соғады.
80 Егер де ұйым жеке актив немесе міндеттеменің ұстанымын ұстанса (қаржы құралдары мен пакеті сияқты ұқсас активтер немесе міндеттемелерден тұратын ұстанымды да қосқанда), ал актив немесе міндеттеме активті нарықта сатылатын болса, бұл активтің немесе міндеттеменің әділ құны, кесілетін бағаның жеке актив немесе міндеттеме олардың ұйым ұстап қалатын мөлшеріне көбейтілгенде алынатын бағаның мөлшерінде бағалануы керек. Егер де күнделікті тәуліктік айналым ұйымның бар активтер және міндеттемелер мөлшерін қамтуға жеткіліксіз болса да, ол жеке операцияда позицияларды сатуға тапсырыстың берілуі кесілетін бағаға ықпал етуі мүмкін болатын жағдайдың өзінде де осылай болады.
2 -деңгейдің бастапқы деректері
81 2- деңгейдің бастапқы деректері - бұл бірінші деңгейге қосылған кесілетін баға болып табылмайтын және де актив немесе міндеттеме үшін тікелей немесе жанама бақыланатын болып табылатын бастапқы деректер.
82 Егер де актив немесе міндеттеменің белгілі бір (шарттық) кезеңі болса, 2 -деңгейдің бастапқы деректері актив немесе міндеттеменің жұмыс істеуінің іс жүзінде толық мерзіміне бақыланатын болуы керек. 2-деңгейдің бастапқы деректері мынаны қамтиды:
(a) активті нарықтарда барабар активтер немесе міндеттемелерге кесілетін баға.
(b) активті болып табылмайтын нарықтарда ұқсас немесе барабар активтер немесе міндеттемелерге кесілетін баға.
(c) кесілетін бағадан басқа актив немесе міндеттеме үшін бақыланатын болып табылатын бастапқы деректер, мысалы:
(i) дағдылы кесілетін интервалдармен бақыланатын сыйлық беру мөлшерлері мен қисық пайдалар;
(ii) тұспалданатын құбылмалылық; және
(iii) несиелік спредтер.
(d) Нарықпен дәлелденетін бастапқы деректер.
83 Актив немесе міндеттемеге ерекше болып табылатын факторларға байланысты 2 -деңгейдің бастапқы деректерінің түзетулері өзгереді. Мұндай факторлар мынаны қамтиды:
(a) активтің жағдайы немесе орны;
(b) актив немесе міндеттемемен салыстыруға болатын бірліктерге жататын бастапқы деректердің деңгейі (39-тармақта көрсетілген факторларды қосқанда); және
(c) осы бастапқы деректер бақыланатын нарықтардағы жұмыстың мөлшері мен деңгейі.
84 Егер де түзету үшін маңызды бақыланбайтын бастапқы деректер қолданылатын болса, жалпы бағалауға маңызды болып табылатын 2 - деңгейдің бастапқы деректерінің түзетілуі әділ құн иерархиясында 3 - деңгейге жататын әділ құн бағасын алуға алып келеді.
85 B35 тармағында нақты активтер және міндеттемелерге қатысты 2 - деңгейдің бастапқы деректерін қолдану сипатталады.
3 - деңгейдің бастапқы деректері
86 3 - деңгейдің бастапқы деректері - бұл актив немесе міндеттеме үшін бақыланбайтын бастапқы деректер.
87 Егер де релевантты бақыланатын бастапқы деректер қол жеткізгісіз болса, әділ құнды бағалауға бақыланбайтын бастапқы деректер қолданылуы тиіс, сол жағдайда, осылайша бағалау күніне активке немесе міндеттемеге қажет нарықтағы болған жағдайдағы кішігірім іс - әрекет болатын жағдайлар есепке алынады. Дегенмен, әділ құнды бағалау мақсаты бұрынғысынша қалады, демек активті ұстап тұратын немесе міндеттемесі бар нарыққа қатысушының көзқарасымен белгіленген бағалау күніне шығу бағасы. Сондықтан бақыланбайтын бастапқы деректер нарыққа қатысушылар актив немесе міндеттемеге баға қойғанда пайдалануы мүмкін, тәуекел туралы жорамалды қосқандағы жорамалды көрсетуі керек.
88 Тәуекел жорамалы әділ құнды бағалауға қолданылатын нақты бағалау әдісіне тән тәуекелді қамтиды (баға жасау улгісіне сияқты), және де осы бағалау әдісінің бастапқы деректеріне тән тәуекелді қосады. Тәуекелдер есепке алынған түзету қосылмаған баға егер де нарыққа қатысушылар актив немесе міндеттемеге баға қоюда осы түзетуді қосатын болса, әділ құнның бағасы болып табылмайды. Мысалы, тәуекелдер есепке алынған түзетуді қосу бағаның анағұрлым белгісіздігі болғанда қосу қажеттілігі пайда болуы мүмкін (мысалы, берілген актив немесе міндеттеме, немесе барабар активтер немесе міндеттемелерге қатысты нарықта дағдылы қызметке қатысты мөлшердің немесе іс - әрекеттің қызмет деңгейінің төмендеуі жағдайында, және ұйым B37-B47 тармақтарында ұсынылған сипаттамаларға сәйкес операцияның бағасы немесе кесілетін баға әділ құн болып табылмайды деп шешсе) .
89 Ұйым ұйымның жеке деректерін қосуы мүмкін қалыптасқан жағдайда қол жетімді барлық ақпаратты пайдалана отырып бақыланбайтын бастапқы деректерді дамыту керек. Бақыланатын бастапқы деректерді жасауда ұйым өз деректерінен бастауы мүмкін, бірақ ол бұл деректерді дәлдеп түзетіп отыруы керек, егер де басқа нарыққа қатысушылар басқа деректерді қолдануы мүмкіндігін немесе басқа нарыққа қатысушылардың қол жетпейтін ұйым үшін ерекше болып табылатын дәлелденген қол жетімді ақпараттың бар екендігіне сілтесе (мысалы, ұйымға ерекше болып келетін синергия). Ұйымға нарыққа қатысушылардың жорамалдары туралы ақпарат алу үшін көп күш жұмсаудың қажеті жоқ. Дегенмен, ұйым дәлелденген қол жетімді болып табылатын нарыққа қатысушылардың жорамалдары жайлы барлық ақпаратты есепке алуы керек. Жоғарыда сипатталған шараларға сәйкес жасалған дамытылған бақыланбайтын бастапқы деректер нарыққа қатысушылардың жорамалдары болып табылады және әділ құнды бағалау мақсатына сәйкес.
90 B36 тармағында нақты актив немесе міндеттемеге қатысты 3 - деңгейдің бастапқы деректерін пайдалану сипатталған.
91 Ұйым оны қаржылық есепті пайдаланушыларға мынаны бағалауға жәрдем беретін ақпаратты ашу керек:
(a) Бастапқы танудан кейін қаржылық жағдай туралы есепте әділ құн бойынша көп қайталанатын немесе бірқайтара негізде көрсетілетін активтер және міндеттемелерге қатысты осы бағаларды алу үшін қолданылған бағалау әдістері және бастапқы деректер.
(b) Маңызды бақыланбайтын бастапқы деректер пайдаланылған көп қайталанатын әділ құнның бағаларына қатысты, бағалардың кіріс немес шығынға немесе кезеңдегі басқа біріккен кіріске ықпалы.
92 91- тармақта берілген мақсаттарға жету үшін, ұйым мына сұрақтардың барлығын қарастыру керек:
(a) ақпаратты ашу талаптарын орындауға қажетті тәптіштеу дәрежесі;
(b) әр қилы талаптардың әрқайсысына қаншалықты көп мағына бөлінуі керек;
(c) ақпаратты біріктірудің немесе тәптіштеудің қажетті дәржесі; және
(d) қаржылық есепті пайдаланушыларға ашылған сандық ақпаратты бағалауға қосымша ақпараттың қажеттілігі.
Егер осы стандартқа басқа ХҚЕС -қа сәйкес ашылған ақпарат
91-тармақта көрсетілген мақсаттарға жету үшін жеткіліксіз болса, ұйым осы мақсаттарға жетуге қажетті қосымша ақпаратты ашу керек.
93 91-тармақта көрсетілген мақсаттарға жету үшін, ұйым ең аз дегенде бастапқы танудан кейін қаржылық жағдай туралы есепте әділ құн бойынша бағаланатын активтер мен міндеттемелердің әр класы жөнінде келесі ақпаратты ашу керек:
(а) әділ құнның көпқайтара және бірқайтара бағалануына қатысты есеп беру кезеңінің соңындағы әділ құнның бағалары, ал әді құнның бір рет бағалануына оларды алуға арналған себептер. Активтер немесе міндеттемелердің әділ құнының көп қайталанатын бағалары әр қаржылық жағдай туралы есепте әр есеп беру кезеңінің соңына басқа ХҚЕС - тармен талап етілетін немесе рұқсат етілетін бағалар болып табылады. Активтер немесе міндеттемелердің әділ құнының бір қайталанатын бағалары қаржылық жағдай туралы есепте белгілі бір жағдайларда басқа ХҚЕС - тармен талап етілетін немесе рұқсат етілетін бағалар болып табылады (мысалы, сатуға арналған активті ұйымның 5 «Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызметке» ХҚЕС (IFRS) сәйкес әділ құн бойынша сатуға шағынды алып тастағанда бағалауы).
(b) әділ құнның көп қайтара және бәр дүркін бағаларына қатысты, әділ құнның осы бағалары жалпы жататын әділ құнның иерархиядағы деңгейі (1, 2 немесе 3- деңгей).
(c) есеп беру кезеңінің соңына ұсталынатын көп қайтара негізде әдемі құн бойынша бақыланатын активтер мен міндеттемелерге қатысты, әділ құн иерархиясында 1- деңгей мен 2- деңгей арасындағы түрлі ауыстырулардың сомасы осындай аудармалар себебі және ұйымның деңгейден деңгейге ауыстыру орындалғандығы саналатынына қатысты саясаты (95- тармақты қараңыз). Әр деңгейге аудару - әр деңгейден аударудан жеке ашылып, талқылануы керек.
(d) әділ құн иерархиясында 2- деңгейге және 3- деңгейге жатқызылатын әділ құнның көп қайтара бір рет бағалануына қажетті, әділ құнды бағалауда пайдаланылған бағалау әдісінің немесе әдістерінің және бастапқы деректердің сипаттамасы. Бағалау әдісіне қандай да бір өзгеріс енгізген жағдайда (мысалы, нарықтық жолдан кірістік жолға өту немесе бақылаудың қосымша әдісін пайдалану) ұйым осы өзгеріс жайлы және оның себебі (себептері) жайлаы ақпаратты ашу керек. Әділ құн иерархиясында 3- деңгейге жататын әділ құн бағаларына сәйкес ұйым әділ ққнды бағалауға пайдаланылатын маңызды бақыланбайтын бастапқы деректер туралы мөлшерлі ақпаратпен қамтамасыз ету керек. Ұйым ақпаратты анықтау туралы осы талапты орындау үшін көп қайтара ақпаратты дамытуға міндетті емес, егер де ұйым әділ құнды бағалауда көп қайтара бақыланбайтын бастапқы деректерді дамытпаса (мысалы ұйым бұрын болған операциялардың бағасын немесе баға туралы үшінші жақтың ақпаратын түзетпей пайдаланса). Дегенмен, мұндай ашу жасай отырып ұйым әділ құнды бағалауда маңызды болып табылатын және ұйым үшін қол жетімді болып табылатын көп қайтара бақыланбайтын бастапқы деректерге назар аудармай қоя алмайды.
(e) әділ құн иерархиясында 3 - деңгейге жататын әділ құнның көп қайтара бағалары қатысында кезеңнің ағымында орын алған өзгертулердің жеке ашылуымен кезеңнің басындағы сальдоның және кезеңнің аяғындағы сальдоның салыстыруын салыстырып тексеру мынаған жатады:
(i) табыс немесе шығын құрамында дәлелденген кезеңдегі жалпы кіріс немесе шығын, және осы кірістер мен шығындар мойындалған пайда немесе шығын құрамындағы сызықты бап немесе баптар.
(ii) басқа біріккен табыс құрамында мойындалған жалпы табыстар немесе шығындар, және осы табыстар не шығындар мойындалған сызықтық бап немесе баптар басқа біріккен табыстар құрамында
(iii) сатып алу, сату, шығару және есептесу (осы түрлердің әрқайсысы жеке ашылады).
(iv) әділ құн иерархиясында 3 -деңгейге және 3 - деңгейден кез келген аударулардың сомалары, мұндай аударулардың себептері және ұйымның деңгейден деңгейге аударымдардың болғандығын анықтаудағы саясаты (95-тармақты қараңыз). 3-деңгейге аудару 3-деңгейден аударудан бөлек ашылып талқылануы керек.
(f) әділ құн иерархиясында 3 - деңгейге жатқызылатын әділ құнның көп қайтара бағалануына қатысты, (e) (i) тармақшаларында көрсетілген, табыс немесе шығын құрамына енгізілген осы активтер мен міндеттемелерге қатысты, есеп беру кезеңінің соңына ұсталатын жұмсалмаған табыс немесе шығындардың өзгеруіне қатысты кезең бойынша жалпы кіріс немесе шығындардың сомасы және жұмсалмаған табыс немесе шығындар мойындалған кіріс немесе шығын құрамындағы сызықтық бап немесе баптар.
(g) әділ құн иерархиясында 3- деңгейге жататын көп қайтара және бір рет әділ құнның бағалануына қатысты ұйым қолданатын бағалау процестерін сипаттау (бағалау саясаты мен шараларымен байланысты ұйым қалай шешім табады, және кезеңнен кезеңге болып тұратын әділ құнды бағалаудың өзгерістерін қалай сараптайды, мысал үшін).
(h) әділ құнның иерархиясында 3- деңгейге жататын әділ құнның көп қайтара бағалануына қатысты:
(i) барлық осындай бағаларға қатысты, бақыланбайтын бастапқы деректердің өзгерістеріне әділ құнның бағалануының сезімталдығының егжей-тегжейлі сипаттамасы, егер мұндай бастапқы деректердің басқа сомаға өзгеруі әділ құнның анағұрлым жоғары немесе анағұрлым төмен бағасының алынуына әкеліп соқса. Әділ құнды бағалауда қолданылатын осындай бастапқы деректер және басқа бақыланбайтын бастапқы деректер арасындағы өзара байланыс болғанда, ұйым осы өзара байланыстың және олардың бақыланбайтын бастапқы деректерінің өзгерістерінің әділ құнды бағалау үшін күшейтетін және жұмсартатын сипаттамасын беру керек. Ақпаратты ашудың осы талабын орындау үшін бақыланбайтын бастапқы деректердің өзгерісіне сезімталдықтың егжей-тегжейлі сипаттамасы ең аз дегенде, талапты орындаған жағдайда ашылатын бақыланбайтын бастапқы деректерді қосу керек (d).
(ii) қаржылық активтер және қаржылық міндеттемелергеатысты, егер де бір немесе бірнеше бақыланбайтын бастапқы деректің өзгерісі дәлелденіп мүмкін болатын жорамалдардың мақсатын көрсетумен әділ құнды барынша өзгертсе, ұйым бұл фактіні көрсету керек және мұндай өзгерістердің ықпалын ашу керек. Ұйым дәлелденіп мүмкін болатын альтернативті жорамалын көрсету мақсатымен өзгерістің ықпалы қалай есептелгендігі туралы ақпаратты ашу керек, мұндай мақсатпен, табыс немесе шығын, және активтердің жалпы сомасының немесе міндеттемелердің жалпы сомасына қатысты мұндай ықпалдың маңыздылығы туралы пайымдама қабылдануы керек, немесе, егер әділ құнның өзгерісі басқа біріктірілген кірістің құрамында мойындалса, капиталдың жалпы сомасының да.
(i) әділ құнның көп қайтара жіне бір рет бағалануына қатысты, егер де қаржылық емес активтің ағымдағы пайдаланылуы оның ең жақсы және анағұрлым нәтижелі пайдаланылуынан айырмашылығы болса, ұйым бұл фактіні және қаржылық емес активтің ең жақсы және ең тиімді нәтижелі түрде қолданылмауын ашу керек.
94 Ұйым активтер мен міндеттемелердің дұрыс сыныптаусын мына негізде жүзеге асыруы керек:
(a) активтің мінезі, мінездемесі және тәуекелдері; және
(b) әділ құн иерархиясында әділ құнның бағасының жататын орны.
Мүмкін, әділ құнды бағалау үшін әділ құн иерархиясында 3- деңгейге жататын көп мөлшерде кластар қажет болар, өйткені бұл бағалар үлкен дәрежеде анықталмаған және субъективті болып келеді. Әділ құнды бағалау туралы ақпарат ашылуы керек активтер мен міндеттемелердің дұрыс сыныптаусы пайымдаманы қабылдауды талап етеді. Активтер мен міндеттемелердің класы қаржылық жағдай көрсетілген сызғыштық баптарға қарағанда көбірек детальді бөлуді қажет етеді. Дегенмен, ұйым қаржылық жағдай туралы есепте көрсетілген сызғыштық баптарды салыстырып тексеру үшін жеткілікті ақпаратты беру керек. Егер де қандай да бір ХҚЕС мен активтің немесе міндеттеменің класы туралы сөз болса, онда ұйымға осы стандартта талап етілетін информацияны ашу үшін осы класты пайдалануға болады, егер де осы класс осы тармақтарда көрсетілген талаптарға сай келсе.
95 Ұйым 93 (c) және (e) (iv) тармақтарға сәйкес деңгейден деңгейге аударымдардың қашан болғандығын анықтауда өз саясатын ашып және дәйектілікпен сақтау керек. Аударымдардың уақытын тануға қатысты саясат деңгейге аудару және деңгейден аударуларға тең болуы қажет. Аударымдардың уақытын анықтау саясатының ережелері мысалы мынаны қамтиды:
(a) жағдайдың туу уақыты немесе аударуға себеп болған жағдайлардың өзгеруі
(b) есеп беру кезеңінің басталуы
(c) есеп беру кезеңінің аяқталуы.
96 Егер де ұйым 48- тармақта көрсетілген есеп саясаты аясында ерекшелікті пайдалану туралы шешім қабылдаса, ол бұл фактіні ашу керек.
97 Ұйым қаржылық жағдай туралы есепте әділ құн бойынша көрсетілмеген, бірақ оларға қатысты әділ құн ашылатын активтер және міндеттемелердің әр класы бойынша 93 (b), (d) және (i) тармақшаларына сәйкес талап етілген ақпаратты ашу керек. Бірақ ұйым 93 (d) тармақша талап ететін, әділ құн бағалауында пайдаланылатын, әділ құн иерархиясында 3 - деңгейге жататын маңызды бақыланбайтын бастапқы деректер туралы мөлшерлі ақпаратты ашуға міндетті емес. Мұндай активтер мен міндеттемелерге қатысты ұйымға осы стандарт талап ететін басқа ақпаратты ашу қажет емес.
98 Әділ құн бойынша бағаланатын және үшінші жақтың несиелік сапасына қолдау көрсету ажырамайтын талабымен шығарылатын міндеттемеге қатысты эмитент мұндай несиелік сапаға қолдау көрсету талабының орын алу фактін және де ол осы міндеттеменің әділ құнын бағалауда көрсету фактін ашу керек.
99 Ұйым кестелік форматта осы стандарт талап ететін мөлшерлік ақпаратты ашуы тиіс, басқа формат тиімдірек болған жағдайдан басқа жағдайда.
A Қосымшасы
Терминдердің анықтамалары
Бұл қосымша осы ХҚЕС стандартының ажырамас бөлігі болып табылады
белсенді нарық | Бағалар туралы ақпаратты тұрақты негізде алуға рұқсат ететін, активтер немесе міндеттемелер операциялары жеткілікті жиілікпен және жеткілікті көлемде жүргізілетін нарық. |
шығындық жолы | Активтің өнімділік қажеттілігін арттыру үшін қазіргі уақытта қажет бола алатын сома көрсетілетін бағалау әдісі (жиі ағындағы ауыстыру сомасы деп аталады). |
кіру бағасы | Активті алуға төленетін немесе айырбас операциясын жүргізу барысында міндеттемені алғандығы үшін алынатын баға. |
шығу бағасы | Активті сату кезінде алынуы мүмкін немесе міндеттемені беру кезінде төленуі мүмкін баға. |
қаржының күтілетін ағыны | Ықтималдылық есепке алынып өлшенген келешекте болуы мүмкін қаржы ағынының орта мағынасы (демек, бөлудің орта мағынасы). |
әділ құн | Бағалау күніне нарыққа қатысушылар арасында ерікті негізде операция жүргізу барысында активті сатуда алынуы мүмкін немесе міндеттемені беруде төленуі мүмкін баға. |
ең дұрыс және анағұрлым тиімді пайдалану | Нарыққа қатысушылардың қаржылық емес активті актив қолданылуы мүмкін, активтің немесе активтер мен міндеттемелер тобының (мысалы, бизнестің) құнын барынша көтеруі мүмкін қолданылуы. |
табыстық жол | Болашақ сомаларды (мысалы, қаржы ағындары немесе табыстар мен шығындар) осы кездегі біртұтас сомаға (демек, дисконтталған) сомаға өзгертетін бағалау әдістері. Әділ құнды бағалау осындай болашақ сомаларға қатысты қазіргі нарықтық ықтималдылығы белгіленген құнның негізінде жүзеге асады. |
бастапқы деректер | Нарыққа қатысушылардың актив немесе міндеттемеге баға қоюда қолданылуы мүмкін жоромалдар, бұған төменде көрсетілгендей тәуекелдер жайлы жорамалдар да қосылады : (a) әділ құнды бағалау үшін қолданылатын (баға жасау үлгісі сияқты) нақты бағалау әдісіне тән тәуекел; және (b) бағалау әдісінің бастапқы деректеріне тән тәукел. Бастапқы деректер бақыланатын немесе бақыланбайтын болуы мүмкін. |
1 - деңгейдің бастапқы деректері | Ұйым бағалау күніне рұқсат ала алатын активті нарықтардағы ұқсас активтер немесе міндеттемелерге кесілетін (түзетілмейтін) баға. |
2 - деңгейдің бастапқы деректері | Активке немесе міндеттемеге тікелей немесе жанама түрде бақыланатын болып табылатын, 1-деңгейге жататын кесілетін баға болып табылмайтын бастапқы деректер |
3 - деңгейдің бастапқы деректері | Активке немесе міндеттемеге қатысты бақыланбайтын бастапқы деректер. |
нарықтық жол | Бағалар және басқа сәйкес ұқсас немесе салыстырмалы (демек, барабар) активтері, міндеттемелері немесе бизнес сияқты активтер немесе міндеттемелер тобы бар нарықтың келісулерімен басқарылатын ақпарат қолданылатын бағалау әдісі. |
нарықпен дәлелденетін бастапқы деректер | Көбінесе бақыланатын бастапқы деректерден шығатын немесе олармен корреляция жолымен немесе басқа жолдармен қуатталатын бастапқы деректер. |
нарыққа қатысушы | Актив немесе міндеттеме үшін негізгі (немесе анағұрлым тиімді) нарықтағы, төменде көрсетілген мінездемелерге сай сатып алушылар мен сатушылар: (a) Егер ұйымда операцияның нарықтық жағдайларда жүргізілгені туралы дәлелдемесі болса, байланысқан жақтар арасындағы операцияның бағасы бастапқы деректер ретінде әділ құнды бағалау үшін пайдаланылатын болғанымен, 24 ХҚЕС- та (IAS) ұсынылған анықтамаға сәйкес олар байланыспаған, бір - біріне тәуелсіз болып келеді, (b) Олар жақсы хабарланған, актив немесе міндеттеме туралы және барлық бар ақпарат жайлы дәлелденген хабары бар, бұған қалыпты және жалпы маұлданған тексеріс кезінде алынуы мүмкін ақпарат та қосылады . (c) Олар осы берілген активпен немесе міндеттемемен операцияға қатыса алады. (d) Олар осы берілген актив немесе міндеттемемен операцияға қатысуға ықылас білдіреді, демек, олардың бұған себебі бар, бірақ олар қатысуға мәжбүрленбеген және басқа да түрде қысымшылыққа ұшырамаған. |