3.3 Қаржы міндеттемелерін тануды тоқтату
3.3.1 Ұйым қаржы міндеттемесін (немесе қаржы міндеттемесінің бөлігін) қаржылық жағдайы туралы есептен тек міндеттеме төленгеннен кейін, яғни келісімшарттағы міндеттеме орындалған немесе жойылған, немесе мерзімі аяқталған кезде ғана шығарады.
3.3.2 Қарыз алушы мен қарыз беруші арасындағы шарттары нақты ерекшеленетін қарыз құралдарымен алмасу есепте алдыңғы қаржы міндеттемесін орындау және жаңа қаржы міндеттемесін тану ретінде көрсетілуі тиіс. Баламалы түрде, ағымдағы қаржы міндеттемесінің немесе оның бөлігі шарттарының өзгеруін (бұл өзгеріс қарыз алушының қаржылық қиындықтарынан тәуелсіз) алғашқы қаржы міндеттемесінің орындалуы және жаңа қаржы міндеттемесін тану ретінде есептеу керек.
3.3.3 Кез-келген ақшалай емес активтерді немесе қабылданған міндеттемелерді қоса алғандағы орындалған немесе басқа тарапқа берілген қаржы міндеттемесінің баланстық құны мен төленген өтемақының арасындағы айырмашылық түсім мен шығын құрамында танылуы тиіс.
3.3.4 Егер ұйым өз қаржы міндеттемесінің бөлігін сатып алса, онда ол қаржы міндеттемесінің алдыңғы баланстық құнын танылуы жалғасып жатқан бөлік пен танылуы тоқтатылған бөлік арасында, осы бөліктердің сатып алу күніндегі салыстырмалы әділ құнына негізделе отырып бөлуі тиіс. Өткізілген ақшалай емес активтер немесе қабылданған міндеттемелерді қоса алғанда, (a) танылуы тоқтатылған бөлікке берілген баланстық құн мен (b) танылуы тоқтатылған бөлік үшін төленген өтемақының арасындағы баланстық құнның айырмашылығы түсім мен шыығын құрамында танылуы тиіс.
4 ТАРАУ Сыныптау
4.1.1 4.1.5 -тармағы қолданылмайынша, ұйым қаржы активтерін амортизацияланған құнмен немесе әділ құнмен кейін бағаланған түрде келесілердің екеуінің негізінде сыныпталуы тиіс:
(a) қаржы активтерін басқару үшін ұйымның бизнес моделі; және
(b) қаржы активінің келісімшарт ақша айналым ерекшеліктері.
4.1.2 Қаржы активі амортизацияланған құнмен бағалануы тиіс, егер келесі екі шарт орындалатын болса:
(a) активті бизнес-моделі шеңберінде иеленеді, егер мақсаты шартты ақша айналымдарын жинақтау үшін активтерді иелену болып табылатын болса.
(b) қаржы активінің шарт талаптары қарыздың төленбеген негізгі сомасына пайыз және басты сомасының жалғыз төлемдері болып табылатын ақша айналымдарына бекітілген мерзіміне бастама береді.
B4.1.1 -B4.1.26 -тармақтары осы шарттарды қалай қолдануға түсініктеме береді.
4.1.3 4.1.2(b)- тармағының мәнмәтіні шеңберінде ақшаның уақыт құндылығы үшін сыйақы және белгілі уақыт кезеңінде қарыздың төленбеген негізгі сомасымен байланысты несие беру тәуекелі болып табылады.
4.1.4 Қаржы активі амортизацияланған құнмен бағаланғанға дейін 4.1.2- тармағына сәйкес әділ құнмен бағалануы тиіс.
Пайда немесе залал арқылы әділ құнды қаржы активін анықтау нұсқасы
4.1.5 4.1.1-4.1.4 -тармақтарына қарамастан, ұйым бастапқы тануда қаржы активін пайда және залал арқылы әділ құнмен бағаланған деп анықтауы мүмкін, егер солай жасаған жағдайда, бағалауды немесе тану өзгерушілікті (кейде есеп жүргізу үйлеспеушілігі деп аталады) жойса немесе едәуір қысқартатын болса, бұл қарама-қарсы жағдайда активті немесе жауапкершілікті бағалау немесе осылардан туындайтын әртүрлі негіздегі пайда мен залалды тану кезінде пайда болады( B4.1.29-B4.1.32 -тармақтарын қараңыз).
4.1.6 7 ХҚЕС (IFRS) «Қаржы құралдары:ақпаратты ашып көрсету» бойынша әділ құн ретінде бағаланып сыныпталған өзгерістері пайда мен залал құрамында көрсетілген каржы активтері туралы ақпарат беруді талап етеді.
4.2 Қаржылық жауапкершілікті сыныптау
4.2.1 Ұйым қолданыстағы барлық тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін қолдана отырып амортизация құнын анықтау нәтижесі бойынша қаржылық жауапкершіліктерді бағалау ретінде сыныптайды, төмендегі жағдайлар бұл тәртіптен тыс болып табылады:
(a) пайда мен залал құрамында көрсетілген өзгерістері бар әділ құн бойынша бағаланған қаржы жауапкершіліктері. Мұндай жауапкершіліктер, туынды құралдарды қоса алғанда, соңынан әділ құн бойынша бағалануы тиіс жауапкершіліктер болып табылады.
(b) қаржы активтерін өткізуде тануды тоқтату немесе жалғаспалы қатысу қағидасы қолданылған жағдай талаптарын қатнағаттандырмаған кездегі қаржылық жауапкершіліктер. Қаржылық жауапкершіліктердің мұндай түрлеріне 3.2.15 және 3.2.17 - тармақтары қолданылады.
(с) А қосымшасынында берілген анықтамаға сай қаржы кепілдемесінің келісімшарттары. Егер 4.2.1(a) және (b) -тармақтары қолданылмаған болса, эмитент мұндай келісімді алғашқы танығаннан кейін мұндай келісімдерді соңынан ең жоғарғы сомада бағайлайды, олар:
(і) 37 ХҚЕС (IAS) «Міндеттемелер, шартты міндеттемелер және шартты активтер» бойынша анықталған сома,
(іі) қажет жағдайда 18 ХҚЕС(IAS) «Табыс» стандартына сай танылған жинақталған амортизациядан шегерілген алғашқы танылған сома (5.1.1-тармақты қараңыз).
(d) нарық бағасынан төмен пайыздық мөлшерлеме негізінде қарыз беру жауапкершілігі. Егер 4.2.1(a) -тармағы қолданылмаған болса, эмитент алғашқы танудан кейін мұндай жауапкершіліктерді соңынан ең жоғарғы сомада бағайлайды, олар:
(і) 37 ХҚЕС (IAS) бойынша анықталған сома, және
(іі) қажет жағдайда 18 ХҚЕС(IAS) стандартына сай танылған жинақталған амортизациядан шегерілген алғашқы танылған сома (5.1.1-тармақты қараңыз).
«Әділ құн бойынша бағаланған пайда мен табыс құрамында өзгерісі көрсетілген» қаржы жауапкершілігін сыныптаудың мүмкіндігі
4.2.2 Егер 4.3.5 -тармағына сай рұқсат етілсе немесе ақпаратты тиесілі беруді қамтамасыз ететіндей болса, онда ұйымға әділ құн бойынша бағаланған пайда мен табыс құрамында өзгерісі көрсетілген қаржы жауапкершілігін қайтарусыз сыныптаудың мүмкіндігі бар, себебі
(а) бағалаудағы немесе танудағы талапқа сай келмейтін жағдайларды жояды немесе едәуір азайтады (кейде бұл есептілктегі сәйкессіздіктер (сәйкес келмеушіліктер) деп те беріледі), әйтпесе активтер мен жауапкершіліктерді бағалауда немесе түрлі негіздерді қолдану арқылы оларға байланысты пайда мен залалдарды тануда сәйкессіздіктер орын алуы мүмкін; немесе
(b) қаржы жауапкершілігі тобын немесе қаржы активі мен қаржы жауапкершілігі тобын басқару және осындай топқа жататын нәтижені бағалау құжатталған тәуекелділікті басқару стратегиясына немесе инвестициялық сратегиясына сай әділ құн негізінде жүзеге асырылады. Ал, ұйымның негізгі басқарушы мүшелеріне (2003 жылы жарияланған 24 ХҚЕС (IAS) «Байланысты тараптар жөнінде ақпаратты ашып көрсету» стандартында берілген анықтамаға сәйкес), мысалы, директорлар кеңесіне және бас директорға жоғарыда аталған сол негізде қалыптастырылған топ туралы ішкі ақпарат беріледі.
4.2.3 7 ХҚЕС (IFRS) ұйымнан пайда мен залал құрамында өзгерісі көрсетілген, әділ құн бағасы арқылы сыныпталатын қаржы жауапкершілігі жөнінде ақпаратты ашып көрсетуді талап етеді.
4.3 Кірістірілген туынды құралдар
4.3.1 Енгізілген туынды құрал гибридті келісімшарттың құраушы бөлігі болып табылады, ол сонымен қатар құрамдас құралдың кейбір ақша айналымдары бөлек туынды құрал сияқты өзгеретін әсер беретін туынды құрал емес негізгі шарттан тұрады. Енгізілген туынды құрал ақша айналымдарының кейбіреуін немесе барлығын туғызады, олай болмаған жағдайда, белгіленген пайыз мөлшері, қаржы құралының бағасы, тауар бағасы, шетелдік ақша айырбастау бағамы, бағалар немесе бағам көрсеткіші, несие қабілеттілігін бағалау немесе несие көрсеткіші немесе келісімшарт тараптарына қатысы жоқ айнымалы болып табылатын қаржы емес айнымалы жағдайында қамтамасыз етілген басқа да айнымалыға сәйкес келісімшарт бойынша өзгертілуі талап етіле алады. Қаржы құралына қосылатын, бірақ бұл құралдан келісім бойынша тәуелсіз тасымалданатын немесе әртүрлі тараптары бар туынды құрал енгізілген туынды құрал емес, бөлек қаржы құралы болып табылады.
Қаржы активі болып табылатын негізгі келісімшарттан тұратын гибридті келісімшарт
4.3.2 Егер гибридті келісімшарт құрамында ХҚЕС (IFRS) қолдану шеңберіндегі негізгі келісімшарттан тұрса, ұйым 4.1.1 - 4.1.5- тармақтарындағы талаптарды бүкіл гибридті келісімшартта қолдануы тиіс.
Басқа да гибридті келісімшарт түрлері
4.3.3 Егер гибридті келісімшарт құрамында ХҚЕС (IFRS) қолдану шеңберінде емес негізгі келісімшарттан тұрса, осы стандарт ХҚЕС (IFRS) аясында ұйым енгізілген туынды құралды негізгі келісімшарттан бөліп қарауы тиіс, егер:
(а) кірістірілген туынды құралдың экономикалық сипаты мен тәуекелі негізгі келісімшарттың экономикалық сипаты және тәуекелімен тығыз байланыста болмайды (B4.3.5 және B4.3.8- тармақтары);
(b) тәуелсіз құралдың шарттары кірістірілген туынды құралдың шарттарымен ұқсас болып келіп, кірістірілген құрал анықтамасына тура келеді; және
(c) пайда мен залал құрамында өзгерісі көрсетілген гибридті келісімшарт әділ құн бойынша бағаланбайды. (яғни, пайда мен залал құрамында өзгерісі көрсетілген, әділ құн бойынша бағаланған қаржы активі мен қаржы жауапкершілігіне кірістірілген туынды құрал тәуелсіз болып табылмайды).
4.3.4 Егер кірістірілген туынды құрал тәуелсіз болатын болса, негізгі келісімшарт есептілікте ХҚЕС-ның (IFRS) талаптарына сай көрсетілетін болады. Осы стандарт қаржы жағдайы туралы есептілікте кірістірілген қаржы құралдарын міндетті түрде жеке көрсету туралы арнайы талап қоймайды.
4.3.5 4.3.3 және 4.3.4 -талаптарына қарамастан, егер келісімшартта бір немесе одан көп кірістірілген туынды құралдар болатын болса және негізгі келісімшарт осы келісімшарттың талаптарының аумағына кірмейтін актив болып табылатын болса, онда ұйым төмендегі шарттардан тыс жағдайда гибридті келісімшартты тұтастай пайда мен залал құрамында өзгерісі көрсетілген әділ құн бойынша бағалау ретінде сыныптай алады:
(а) кірістірілген туынды құрал (құралдар) ақша қорының қозғалысына едәуір өзгерістік әсер тигізбейді, әйтпеген жағдайда келісімшарт бойынша талап етілетін болады; немесе
(b) осындай гибридті құралды алғаш рет қарастыруда терең талдау жасамастан немесе талдаудан толықтай бас тартылған жағдайда кірістірілген туынды құралды(құралдарды) (мысалы, ұстаушыға қарызын амортизацияланған құнға шамалас жуық құнмен мерзімінен ерте жабуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін) бөлек алып қарауға болмайды.
4.3.6 Егер осы стандарт талаптарына сәйкес кірістірілген туынды құралды негізгі келісімшарттан бөлек алып қарау тиіс болса, бірақ ұйым кірістірілген құралды алған кезде немесе есептілік мерзімінің соңына дейін оны жеке бағалауға шамасы келмесе, онда ұйым бұл гибридті келісімшартты «пайда мен залал құрамында өзгерісі көрсетілген әділ құн бойынша бағалау» деп сыныптауы тиіс.
4.3.7 Егер ұйым кірістірілген туынды құралдың шарттарына сай оның шынайы әділ құнын анықтай алмаса, онда кірістірілген туынды құралдың әділ құны - әділ құны осы стандарт талаптарына сай анықталған гибридті келісімшарттың әділ құны мен негізгі келісімшарттың әділ құны арасындағы айырмашылық болып табылады. Егер ұйым берілген әдіс ойынша кірістірілген туынды құралдың әділ құнын анықтай алмасы, онда 4.3.6-тармақ басшылыққа алынып, гибридті келісімшартты «пайда мен залал құрамында өзгерісі көрсетілген әділ құн бойынша бағалау» деп сыныпталады.
4.4 Қайта сыныптау
4.4.1 Ұйым қаржы активтерін басқару үшін ұйым моделін өзгерткен жағдайда ғана, ол барлық бұзылған қаржы активтерін 4.1.1 -4.1.4 -тармақтарына сәйкес қайта сыныптауы тиіс.
4.4.2 Ұйым ешбір қаржы міндеттемелерін қайта сыныптамауы тиіс.
4.4.3 4.4.1 және 4.4.2 -тармақтарының мәнмәтінінің шеңберінде төменде келтірілген өзгертілген жағдайлар қайта сыныптауға жатпайды:
(а) бұған дейін ақша қозғалысын немесе таза инвестицияны хедждеуде хедждеудің тиімді құралы ретінде сыныпталған туынды құрал көрсетілген сапасында одан әрі сыныптау критериін қанағаттандырмайды;
(b) ақша қозғалысын немесе таза инвестицияны хедждеуде туынды құрал хедждеудің құралы ретінде сыныпталады және тиімді құрал болып келеді.
5 ТАРАУ БАҒАЛАУ
5.1 Қаржы активтерінің бастапқы бағалануы |
5.1.1 Бастапқы тануда, ұйым қаржы активін немесе қаржы жауапкершілігін әділ құнмен бағалайды (5.4.1-5.4.3 және B5.4.1-B5.4.17 -тармақтарын қараңыз) сонымен қатар, егер қаржы активтері пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланбаса, келісім шығындары қаржы активінің сатылып алынуына тура қатысты болады, аударым шығындары тікелей сатып алу немесе қаржы активтерін немесе қаржы міндеттемелерін жариялаумен байланысты болады.
5.1.1A Әйтсе де, егер қаржы активтер немесе қаржы мiндеттемесiнiң әдiл құны мәмiленiң бағасы, кәсiпорын бастапқы мойындауда айырмашылығы болады B5.1.2A тармағын қолдануы керек болады.
5.1.2 Ұйым амортизацияланған құн бойынша бағалану нәтижесіндегі активтің есп беру күніндегі есептілікті қолданса, онда мұндай актив бірден келісім жасасқан күндегі әділ құн бойынша танылады (B3.1.3-B3.1.6 - тармақтарын қараңыз).
5.1. Қаржы активтерінің кейінгі бағалануы |
5.2.1 Бастапқы танудан кейін, ұйым қаржы активін 4.1.1 - 4.1.5 -тармақтарына сәйкес әділ құнмен (5.4.1, 5.4.2 және B5.4.1-B5.4.17 - тармақтарын қараңыз) немесе амортизацияланған құнмен ( 9 және AG5-AG8 (IAS 39)) бағалауы тиіс.
5.2.2 Ұйым 58-65 және 39 ХҚЕС-тың (IAS) AG84-AG93 - тармақтарындағы хедждік есептілік талаптарын амортизацияланған құнмен бағаланған қаржы активтеріне қолдануы тиіс
5.2.3 Ұйым 39 ХҚЕС-тың (IAS) 89-102 - тармақтарындағы хедждік есептілік талаптарын хеджирленетін бап ретінде анықталған қаржы активіне қолдануы тиіс (39 ХҚЕС-тың (IAS) AG98-AG101 және 78-84-тармақтарын қараңыз).
5.1. Қаржылық жауапкершіліктің кейінг бағалануы активтерінің бастапқы бағалануы |
5.3.1 Алғашқы танудан кейін ұйым қаржы жауапкершіліктерін 4.2.1-4.2.2 - тармақтардың талаптары бойынша бағалайды (амортизациялық құн үшін 39 ХҚЕС-тың (IAS) 9- және AG5-AG8-тармақтарын қараңыз).
5.3.2 Ұйым 39 ХҚЕС-тың (IAS) 89-102 - тармақтарындағы хедждік есептілік талаптарын хеджирленетін бап ретінде анықталған қаржы жауапкершілігіне қолдануы тиіс (39 ХҚЕС-тың (IAS) AG98-AG101 және 78-84-тармақтарын қараңыз).
5.4 Әділ құн бойынша бағалау
5.4.1- []
[]5.4.3 [Жойылды]
5.5 Амортизацияланған құн өлшемі - қолданылмайды
5.6 Қаржы активтерін қайта сыныптау
5.6.1 Егер ұйым қаржы активін 4.4.1 -тармағына сәйкес қайта сыныптайтын болса, ол қайта сыныптауді қайта сыныптау күнінен бастап перспективалық түрде қолдануы тиіс. Ұйым қандай болсын бұрын танылған пайда, залал немесе пайыздарды қайта есептемеуі тиіс.
5.6.2 Егер, 4.4.1 -тармағына сәйкес, ұйым әділ құнмен бағаланатындай қаржы активін қайта жіктесе, оның әділ құны қайта сыныптау күнінде анықталады. Бұрынғы есептеу бағасы және әділ құны арасындағы айырмашылықтан туатын қандай болсын пайда немесе залал, табыс немесе шығыннан танылады.
5.6.3 Егер, 4.4.1 -тармағына сәйкес, ұйым амортизацияланған құнмен бағаланатындай қаржы активін қайта сыныптайтын болса, оның қайта сыныптау күніндегі әділ құн оның жаңа есептеу бағасы болып қалыптасады.
5.7 Пайда және залал
5.7.1 Әділ құн бойынша бағаланып, қаржы активінен немесе қаржы жауапкершілігінен туындаған пайда мен залал төменде көрсетілген жағдайлардан тыс жағдайда пайда немесе залал құрамында танылады:
(а) қаржы активі немесе жауапкершілігі хеджирлеу қатынастарының бөлігі болып табылса (39 ХҚЕС-тың (IAS) 89-102 тармақтарын қараңыз)
(b) қаржы активі немесе жауапкершілігі үлестік құралдың инвестициясы болып табылса жәнеұйым 5.7.5 тармағына сәйкес басқа да жиынтық табыстар құрамында осындай инвестициялардан туындаған пайда мен залалды көрсету жөнінде шешім қабылдаса, немесе
(с) аталмыш қаржы жауапкершілігі «әділ құн бойынша бағаланып, ондағы өзгерістер пайда мен залал құрамында көрсетілу ретінде сыныпталса және ұйым 5.7.7 -тармағына сай ұйым басқа да жиынтық табыстардың құрамында несиелік тәуекелділікің жауапкершілікке байланысты өзгеріс салдарларын көрстуге міндетті.
5.7.2 Амортизацияланған құнмен бағаланған және хеджирлеу қатынастарының бөлігі болып табылмайтын (39 ХҚЕС-тың (IAS) 89-102 тармақтарын қараңыз) қаржы активінен түскен пайда немесе залал мұндай қаржы активінің танылуы тоқтатылған немесе 5.6.2 -тармағына сәйкес құнсызданған немесе қайта жіктелген кезіндегі пайда мен залал құрамында танылады, сондай ақ амортизация үрдісі арқылы да танылады.
5.7.3 Хеджирлеуге жататын қаржы активтерінен немесе жауапкершілігінен туындаған пайда немесе залал баптары(78-84 және 39 ХҚЕС-тың (IAS) AG98-AG101 тармақтарын қараңыз) 39 ХҚЕС-тың (IAS) 89-102 тармақтарына сәйкес танылуы тиіс.
5.7.4 Егер ұйым есепке алу күні бойынша есеп айырысуды қолдану арқылы қаржы активін таныса (3.1.2 -тармағы және В3.1.3 - және B 3.1.6- тармақтарын қараңыз), онда мәмілеге келген күн мен есеп айырысу күні аралығында туындаған активтің әділ құнындағы кез-келген өзгеріс амортизацияланған құн бойынша бағаланған актив тарапынан танылмайды (құнсыздану салдарынан орын алған залалды есепке алмағанда). Ал әділ құн бойынша бағаланатын активтер пайда мен залал құрамындағы әділ құнының өзгерісі танылады немесе 5.7.1 -тармағына сай басқа да жиынтық кірістің құрамында танылады.
Үлестік құралдарға салынатын инвестициялар
5.7.5 Бастапқы тануда, ұйым сату үшін жүргізілмейтін ХҚЕС-ты(IFRS) қолдану аясындағы үлестік құралына ақша салымының әділ құнындағы кейінгі өзгерістерді басқа жиынтық пайданы ұсынуға соңғы таңдау жасай алады.
5.7.6 Егер ұйым 5.7.5 -тармағына сәйкес таңдау жасайтын болса, ол ұйымның дивиденд төлемдерін қабылдау құқығы 18 ХҚЕС (IAS) стандартына сәйкес бекітілген уақытта ақша салымдарынан түскен дивидендті табыс немесе залалда тануы тиіс.
Пайда мен залал құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын жауапкершіліктер
5.7.7 Пайда мен залал құрамындағы қаржы жауапкершілігінен түскен, әділ құн бойынша бағаланған кіріс пен шығыс өзгерістерін ұйым төмендегідей жолмен көрсетеді:
(а) Несиелік тәуекелділікке қатысы бар қаржы жауапкершілігінің әділ құнының өзгерісінің көлемі басқа да жиынтық кірістердік құрамында көрсетілуі тиіс (B5.7.13-B5.7.20 -тармақтарын қараңыз), және
(b) жауапкершіліктің әділ құнының өзгерісінің қалған көлемі пайда мен залал құрамында көрсетілуі тиіс,
Төмендегі аталған жағдайды есептемегенде, яғни (a) тармағында берілгендей жауапкершілік бойынша несиелік тәуекелділігінің өзгерісінің әсері пайда мен залал есептілігінде сәйкессіздіктің орын алуына немесе ұлғаюына әкелсе, 5.7.8 -тармағы қолданылады. B5.7.5-B5.7.7 және B5.7.10-B5.7.12- тармақтары есептілікте сәйкессіздік немесе оның ұлғаюы орын алған-алмаған жағдайын анықтаудың нұсқауы берілген.
5.7.8 Егер 5.7.7 -тармағында қойылған талаптар пайда мен залал есептілігінде сәйкессіздіктің орын алуына немесе оның ұлғаюына салдарын тигізсе, ұйым пайда мен залал құрамында осындай жауапкершліктен (несиелік тәуекелділік өзгерісінің әсерін қоса алғанда) түскен барлық кіріс пен шығысты көрсетуі тиіс.
5.7.9 5.7.7 және 5.7.8 -тармақтарында қойылған талаптарға қарамастан, ұйым пайда мен залал құрамында өзгерісі көрсетілетін әділ құнмен бағаланған несие алу бойынша жауапкершіліктер мен қаржы кепілдігі келісімшарттарынан түскен барлық кіріс пен шығысты пайда мен залал құрамында көрсетуі тиіс.
ТАРАУ 6 Хеджирлік есеп - қолданылмайды
ТАРАУ 7 Күшіне ену күні және өтпелі кезең
7.1 Күшіне ену күні
7.1.1 Ұйым бұл ХҚЕС-ты (IFRS) 2015жылдың 1 қаңтарынан бастап немесе осы күннен әрі қарай жылдық есептілік кезеңдеріне қолдануы тиіс. Мерзімнен бұрын қолдану рұқсат етіледі. Егер ұйым осы стандартты қолдануға шешім қабылдаса және 2009 жылы шыққан 9 ХҚЕС-ты(IFRS) бұған дейін қолданбаған болса, онда ол осы стандарттың барлық талаптарын бірдей орындауы тиіс (7.3.2 -тармағын қараңыз). Егер ұйым қаржы есебіне осы ХҚЕС-ты (IFRS) 2015жылдың 1 қаңтарынан бұрын қолданатын болса, ол бұл деректі ашып көрсетілуі тиіс және сонымен қатар С Қосымшасындағы түзетулерді қолдануы тиіс.
7.1.2 2011 жылғы мамыр айындағы 10 ХҚЕС және 11 ХҚЕС Бірлескен шаралар3.2.1, B3.2.1-B3.2.3, B4.3.12 (с), B5.7.15, C11, C30 түзетулер енгізілді, C23 және С 28 байланысты тармақтар жойылды. Ұйым осы түзетулерді қолданған кезде 10 ХҚЕС және 11 ХҚЕС қолдану қажет.
7.1.3 2011 жылғы мамыр айындағы 13 ХҚЕС әділ құнға 3.2.14, 4.3.7, 5.1.1, 5.2.1, 5.6.2, 7.2.5, 7.2.11, 7.2.12 тармақтары, А Қосымшасы түзетілді,B3.2.11, B3.2.17, B5.1.1, B5.4.14, B5.4.16, B5.7.20, C3, C11, C26, C28 , C30, C49 және C53 тармақтары жойылды,5.4.2, B5.4.1-B5.4.13,5.1.1A, B5.1.2A және B5.2.2A тармақтары қосылды.Ұйым осы түзетулерді қолданған кезде 13 ХҚЕС қолдану қажет.
7.2 Есепке алудың жаңа тәртібіне көшу
7.2.1 Ұйым бұл ХҚЕС-ты (IFRS) ретроспективті түрде 8 ҚЕХC (IAS) Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларнда болатын өзгерістер мен қателер, 7.2.4-7.2.15- тармақтарынан басқаларына қолдануы тиіс. Бұл ХҚЕС (IFRS) бастапқы қолдану күнінен бастап танылуы тоқтатылған баптарға қолданылмауы тиіс.