B5.7.8 Мұндай сәйкессіздік туындаған немесе ұлғайған жағдайда ұйым пайда және залал құрамындағы әділ құнның (міндеттеме бойынша несиелік тәуекел өзгерісінің ықпалын қоса есептегенде) барлық өзгерістерін ұсынуы тиіс. Егер мұндай сәйкессіздік туындамаса немесе ұлғаймаса, ұйым міндеттеме бойынша несиелік тәуекел өзгерістерінің ықпалын өзге де жиынтық табыс құрамында көрсетуі тиіс.
B5.7.9 Өзге де жиынтық табыс құрамында көрсетілген сомалар, ақырында пайда мен залал құрамына қосылмауы тиіс. Дегенмен, ұйым шоғырландырылған пайда мен залалды капитал құрамына қоса алады.
B5.7.10 Келесі мысалда міндеттеме бойынша өзге жиынтық табыс құрамындағы несиелік тәуекел өзгерістерінің әсерін ұсынған жағдайда пайда мен залалдағы есептік сәйкессіздік пайда болатын жағдай суреттеледі. Ипотекалық банк клиенттерге несие береді және осы несиелерді сипаттамасы сәйкес келетін облигацияларды нарықта сату есебінен қаржыландырады (мысалы, өтелмеген соманың көлемі, өтеу кестесі, мерзімі және валютасы). Несие беру туралы келісімшарттың шарттарына сәйкес, клиент нарықта әділ құн бойынша сәйкес облигацияны сатып алуға және осы облигацияны ипотекалық банке беру арқылы өзіне берілген несиені мерзімінен ерте өтеуге (яғни, банк алдындағы өз міндеттемесін атқаруға) құқылы. Егер мерзімнен ерте өтеуге берілген аталған келісімдік құқықты ұсыну нәтижесінде облигациялардың несие қабілеттілігі нашарласа, (және нәтижесінде, ипотекалық банк міндеттемесінің әділ құны төмендесе), онда ипотекалық банктің несие активінің әділ құны да төмендейді. Активтің әділ құнының өзгерісі клиенттің ипотекалық несиені әділ құн бойынша сәйкес облигация (осы мысалда көрсетілгендей, төмендеп кеткен) сатып алу және облигацияны ипотекалық банкке ұсыну арқылы мерзімінен ерте өтеуге келісімдік құқығын көрсетеді. Сәйкесінше, міндеттемемен (облигациямен) байланысты несиелік тәуекел өзгерісінің ықпалы қаржы активінің (несиенің) әділ құнын сәйкесінше өзгерту арқылы пайда мен залал құрамында қалпына келтіріледі. Егер міндеттеме бойынша несиелік тәуекел өзгерістерінің ықпалы өзге де жиынтық табыс құрамында көрсетілетін болғанда, пайда мен залалда есептік сәйкессіздік туындайтын еді.. Осы себеппен ипотекалық банк міндеттеменің әділ құнының барлық өзгерістерін (міндеттемемен байланысты несиелік тәуекел өзгерістерінің ықпалын қоса алғанда) пайда мен залал құрамында көрсетуі тиіс.
B5.7.11 B5.7.10-тармағында көрсетілген мысалда міндеттеме бойынша несиелік тәуекел өзгерісінің ықпалы мен қаржы активінің әділ құнының өзгерістері арасындағы келісімшартпен шарттасылған байланыс бары жобаланады (яғни, клиенттің әділ құн бойынша сәйкес облигация сатып алу және облигацияны ипотекалық банкке ұсыну арқылы несиені мерзімінен ерте өтеуге келісімдік құқығының нәтижесінде). Дегенмен, есептік сәйкессіздік келісімшартпен шартталған байланыстың болмауы нәтижесінде де туындауы мүмкін.
B 5.7.12 5.7.7 және 5.7.8-тармақтарының талаптарын қолдану мақсатында есептік сәйкессіздік тек міндеттемемен байланысты несиелік тәуекел өзгерісінің ықпалын анықтау үшін ұйым пайдаланатын есептеу әдісінен ғана туындамайды. Пайда мен залалдағы есептік сәйкессіздік міндеттеме бойынша несиелік тәуекел өзгерісінің ықпалы (7 ХҚЕС (IFRS) сәйкес) басқа қаржы құралының әділ құнының өзгерісімен өтелуі күтілген жағдайда туындайды. Тек бағалау әдісін қолданудың нәтижесінде пайда болатын сәйкессіздік (яғни, ұйым міндеттеме бойынша несиелік тәуекел өзгерісінің ықпалын оның әділ құнындағы өзге де өзгерістерден айырмау себебінен) 5.7.7 және 5.7.8-тармақтарына сәйкес, есептік сәйкессіздіктің туындауы немесе ұлғаюы ықтималдығын анықтауға әсер етпейді. Мысалы, ұйым міндеттеме бойынша несиелік тәуекелдің өзгерістерін өтімділік тәуекелінің өзгерістерінен бөле алмайды. Егер ұйым екі фактордың да жиынтық ықпалын өзге жиынтық табыс құрамында ұсынса, өтімділік тәуекелінің өзгерістері ұйымның қаржы активтерінің әділ құнының бағасына қосылып кеткендіктен және аталған активтердің әділ құнының өзгерісі залал мен пайда құрамында көрсетілгендіктен сәйкессіздік туындауы мүмкін. Дегенмен, мұндай сәйкессіздік B5.7.6-тармағында көрсетілген өтелетін қатынастармен емес, бағалаудың турасыздығынан пайда болады, және сәйкесінше, 5.7.7 және 5.7.8-тармақтарында талап етілген есептік сәйкессіздіктің туындау және ұлғаю ықтималдығын анықтауға әсер етпейді.
«Несиелік тәуекелділік» терминінің мағынасы
B5.7.13 ХҚЕС (IFRS) 7 стандартына сай несиелік тәуекелділік - бұл «бір тараптың қаржы құралы бойынша өз міндеттеметерін орындамауы нәтижесінде екінші тарапқа қаржылық залал тигізу қауіпі». 5.7.7 (a) -тармағының талабы эмитенттің сол нақты міндеттеметі орындай алмай қалу қауіпіне қатысты. Бұл тармақ талабы барлық уақытта эмитенттің несие қабілеттілігіне қатысты бола бермейді. Мысалы, ұйым кепілдікпен қамтамасыздандырылған және қамтамасыздандырылмаған міндеттеме шығаратын болса, бірақ олар басқа аспектілер бойынша бірдей болатын болса, міндеттеметің екі түрі де бір ұйымнан шығарылғанына қарамастан ол міндеттеметердің бір-бірінен айырмашылығы бар болып табылатын болады. Кепілдігі жоқ міндеттеметің несиелік тәуекелділігіне қарағанда кепілдігі бар міндеттеметің несиелік тәуекелділігі аздау болады. Кепілдігі бар міндеттеметің несиелік тәуекелділігі нөлге жақын болады.
B5.7.14 5.7.7(a) -тармағының талабын басшылыққа алу мақсатында несиелік тәуекелділіктің нақты актив бойынша орындау тәуекелділігінен айырмашылығы бар болуында. Нақты актив бойынша орындау тәуекелділігі ұйымның белгілі бір міндеттеметі орындай алмау тәуекелімен емес, шамасы белгілі бір активтің немесе активтер тобының өнімділігінің төмен болуына байланысты (немесе ешбір өнімділігі болмайды).
B5.7.15 Төменде нақты актив бойынша орындау тәуекелділігінің мысалдары берілген:
(а) аталып отырған активтердің өнімділігіне қарай инвесторға төленетін тиесілі соманы келісімшартта көрсетуге болатын біріктірілетін бірліктер ерекшелігі бар міндеттеме. Осы бірлікке біріктірілуге болатын мүмкіндіктің міндеттеме әділ құнына әсері несиелік тәуекелділік емес, ал нақты актив бойынша орындау тәуекелділігі болып та былады.
(b) төмендегідей сипаты бар, арнайы мақсатта құрылған ұйым (АМҚҰ) тарапынан шығарылған міндеттеме. Заң тұрғысынан алып қарағанда АМҚҰ жеке тұлға болып табылады. Сондықтан да АМҚҰ активтері банкрот орын алған жағдайдың өзінде де оның инвесторларының бас пайдасына қарай тек пайда табуға көзделеді. Егер қорғалған активтер ақша қоры ағынын шығарып жатқан болса, ондай жағдайда тек АМҚҰ инвесторларына сома төленуі тиісті. Сонымен, міндеттеметің әділ құнындағы өзгерістер ең алдымен активтердің әділ құнының өзгерісін көрсетеді. Міндеттеметің әділ құнына актив өнімділігінің әсері несиелік тәуекелділікке емес, нақты актив бойынша орындау тәуекелділігіне қатысты.
Несиелік тәуекелділік өзгерісінің әсерін анықтау
B5.7.16 5.7.7(a)-тармағының талабын қолдану мақсатында ұйым сол міндеттеме бойынша несиелік тәуекелділік өзгерісіне жатқызылатын қаржы міндеттілігінің әділ құн өзгерісінің сомасын анықтайды, немесе:
(a) нарықтық тәуекелділіктің орын алуына әкеліп соғатын нарықтықшарттарөзгерісіне жатқызылатын оның әділ құнының өзгеріс сомасыретінде (B5.7.17 және B5.7.18 -тармақтарын қараңыз); немесе
(b) ұйымның пікірінше оның несиелік тәуекелділігіне жатқызылатын міндеттеметің әділ құнының өзгеріс сомасын ең тура көрсететін балама әдісті қолдану арқылы.
B5.7.17 Нарықтық тәуекелділіктің орын алуына әкеліп соғатын нарықтық шарттардың өзгерісі базалық пайыздық мөлшерлеме өзгерісін, басқа ұйымның қаржы құралының бағасын, тауар бағасын, валюта айырбас бағамын немесе баға немесе мөлшерлеме индексін қамтиды.
B5.7.18 Егер сол міндеттемеке жататын нарықтық шарттардың жалғыз маңызды өзгерістері бақылаудағы (базалық) пайыздық мөлшерлеме болып табылатын болса, онда B5.7.16(a) -тармағындағы қарастырылатын сома төмендегідей жолмен бағалана алады:
(a) Біріншіден, ұйым мерзім басында міндеттеметің және мерзім басында сол міндеттеметен түсетін келісімшартта қарастырылған ақша қоры ағымының әділ құнын пайдалану арқылы мерзім басындағы міндеттеме табысының ішкі мөлшерлемесін есептеп шығарады. Бұл табыс мөлшерлемесінен ұйым басқа құрал табыстылығының ішкі мөлшерлемелік компонентін есептеп шығару үшін мерзім басындағы бақылаудағы (базалық) пайыздық мөлшерлемені есептеп алып тастайды.
(b) Одан кейін ұйым келісімшартта қарастырылған ақшы қоры ағымын пайдалануға байланысты мерзім аяғындағы міндеттеметі және мерзім аяғындағы бақылаудағы (базалық) пайыздық мөлшерлеме сомасына тең (і) дисконттау мөлшерлемесін және (а) тармағында есептелген басқа құрал табыстылығының ішкі мөлшерлік компонентін(іі) пайдалана отырып, сол міндеттемеке қатысы бар ақша қоры ағымының келтірілген құнын есептейді.
(с) Мерзім соңындағы міндеттеметің әділ құны мен (b) тармағында есептелген сома арасындағы айырмашылық бақылаудағы (базалық) өзгеріске жатқызылмайтын әділ құн өзгерісі болып табылады. Бұл сома 5.7.7(a) -тармағына сай басқа да жиынтық табыс құрамына енгізілуі тиіс.
B5.7.19 B5.7.18 -тармақта көрсетілген мысалда әділ құнның құрал бойынша несиелік тәуекелдің өзгерістері немесе бақыланатын (базалық) пайыздық мөлшерлемелердің өзгерістері болып табылмайтын себептерден туындаған өзгерістер мардымсыз болатындығы туралы жорамал жасалады. Бұл әдіс осындай себептерден туындаған әділ құндағы өзгерістер айтарлықтай болғанда ғана қабылданады. Мұндай жағдайларда ұйым міндеттеме бойынша несиелік тәуекел өзгерістерінің ықпалын нақты бағалайтын балама әдіс қолдануы тиіс (B5.7.16 (b)- тармағын қараңыз). Мысалы, егер осы мысалдағы құралдың құрамында кірістірілген туынды құрал бар болса, кірістірілген туынды құралдың әділ құнының өзгерісі 5.7.7 (a) -тармағына сәйкес өзге жиынтық табыстың құрамында көрсетілуі тиіс соманы анықтау кезінде есепке алынбайды.
B5.7.20 Барлық әділ құндарды бағалаудағы сияқты, міндеттеменің әділ құнының ұйымның несиелік тәуекелінің өзгеруіне қатысты бөлігін анықтау үшін қолданатын бағалау әдісін қолдану кезінде бастапқы нарықтық мәліметтер барынша қолданылуы тиіс.
Күшіне ену күні және есепке алудың жаңа тәртібіне көшу (Тарау 7)
Есепке алудың жаңа тәртібіне көшу (7.2 -бөлім)
Саудаға арналған қаржы активтері
B 7.2.1 Ұйым осы ХҚЕС-ты(IFRS) бастапқы қолданғанда өзінің кез-келген қаржы активтерін басқаруға арналған бизнес үлгісінің мақсаты 4.1.2 (а) тармағының талаптарына сәйкес келетіндігін немесе 5.7.5- тармағының шарттары қаржы активіне қойылатындығын анықтауы міндетті. Осы мақсатта ұйым осы стандартты бастапқы қолдану күнінде осындай активтерді иемденіп қалуы мүмкін жағдайды ескере отырып, қаржы активтерінің саудаға арналған қаржы активтері деген анықтамаға сәйкестігін анықтап қоюы тиіс.
Анықтама (Қосымша A)
Туынды құралдар
BA.1 Туынды құралдардың мысалдары - фьючерстік, форвардық, опциондық келісімшарттар мен своптар. Әдетте туынды құралдардың келісімшартта көрсетілген шартты сомасы болады: валюта сомасы, акция саны, салмақ, сан, өлшем немесе басқа да бірліктері көрсетіледі. Бірақ, туынды құрал шартына сай инвестор немесе эмитент келісімшартқа отыру кезінде шартты соманы инвестициялауға немесе керісінше алуға міндетті емес. Балама ретінде туынды құралда белгіленген соманы төлеудің жүзеге асырылуы немесе шартты сомамен байланысы жоқ кейбір жағдайлардың келешекте орын алу нәтижесінде өзеруі мүмкін сомасы (бірақ негізгі сома өзгерісіне тең емес) қарастырылуы мүмкін. Мысалы, егер 6 айлық ЛИБОР мөлшерлемесі 100 базистік тармаққа көбейсе, келісімшарт бойынша 1000 а.б. көлемінде белгіленген соманың төленуі қарастырылуы мүмкін. Шартты сома кқрсетілмегеніне қарамастан, мұндай келісімшарт туынды құрал болып табылады.
BA.2 Осы стандарт бойынша «туынды құралдар» терминінің анықтамасы бап негізінде жеткізулер бойынша толықтай сомасы жүзеге асырылу арқылы жасалынатын есеп айырысулары бар келісімшарттарды қамтиды (мысалы, белгіленген мөлшерлемесі бар борыштық құралды сатып алуға арналған форвардты келісімшарт). Ұйым ақша қоры немесе қаржы құралы көмегі арқылы нетто-негізінде немесе қаржы құралдарымен (немесе, алдағы уақытта белгіленген баға бойынша тауарды сатып алуға немесе сатуға арналған келісімшарт) алмасу арқылы есеп айырысуы жасалатын қаржылық емес бапты сатуға немесе сатып алуға келісімшарт жасай алады. Егер ұйымның сатып алуда, сатуда немесе тұтынуда (39 ХҚЕС-тың (IAS) 5-7-тармақтарына қараңыз) күтілетін нәтижелеріне сай қаржылық емес баптарды жеткізу мақсатында келісімшарт кідірілмесе немесе жасалынбаса, онда мұндай келісімшарт осы стандарттың қолданыс аясына кіреді.
BA.3 Туынды құралдың анықтаушы сипаттамаларының бірі - нарықтық факторлардың өзгеруіне балама реакция күтілетін келісімшарттардың басқа түрлеріне қарағанда, оның азырақ бастапқы таза инвестицияға ие болып табылатындығы. Сыйақы опционмен байланысты негізінде жатқан қаржы құралын алуға қажет инвестициялардан азырақ болғандықтан, опциондық келісім осы анықтамаға сәйкес келеді. Тең әділ құнға ие түрлі валюталардың бастапқы айырбасын талап ететін валюталық своптың нөлдік бастапқы таза инвестициясы болғандықтан, сипаттамаға сәйкес келеді.
BA.4 Стандартты шарттардағы сату және сатып алу мәмілені жасау күні мен есеп айырысу күні арасындағы туынды құралдың анықтамасына сәйкес келетін кезеңде белгіленген бағасы бар міндеттеменің пайда болуына әкеп соғады. Дегенмен, осы міндеттеменің қысқа мерзімді болуына байланысты, ол туынды қаржы құралы ретінде танылмайды. Осының орнына, осы стандартта осындай стандартты келісімшарттардың арнайы есебі қарастырылған (3.1.2 және B3.1.3-B3.1.6 -тармақтарын қараңыз).
BA.5 Туынды құралдың анықтамасында келісімшарт бойынша тараптар үшін арнайы емес болып табылатын қаржылық емес ауыспалылар қарастырылады. Олар белгілі бір аймақтағы жер сілкінісі залалдарының индексін және белгілі бір қаладағы ауа температурасының индексін қосады. Келісімшарт бойынша тараптарға қатысты қаржылық емес ауыспалылар келісімшарт бойынша тарапқа тиесілі активті жоятын өрттің болған-болмағандығы туралы ақпаратты қосады. Егер әділ құн мұндай активтерге тек қана нарықтық бағалардың өзгерістерін (қаржылық ауыспалы) емес, сонымен қатар белгілі бір ұсталып тұрған қаржылық емес активтің (қаржылық емес ауыспалы) жағдайын да көрсетсе, онда қаржылық емес активтің әділ құнының өзгерісі тек қана иемденушіге қатысты болады. Мысалы, белгілі бір автокөліктің қалдық құнының кепілдемесі кепіл берушіге автокөлік жағдайының өзгеруі қаупін тудырса, онда осы қалдық құнының өзгеруі тек қана автокөліктің иесіне тиесілі болады.
Саудаға арналған қаржы активтері мен міндеттемелері.
BA.6 Сауда негізінен сату-сатып алудың белсенді және жиі қайталанатын операцияларын көрсетеді, ал саудаға арналған қаржы құралдары негізінен қысқа мерзімді баға ауытқуларынан және дилерлік маржадан пайда табу үшін қолданылады.
BA.7 Саудаға арналған қаржы міндеттемелері:
(a) Есепте хеджирлеу құралы ретінде көрсетілмейтін туынды құралдар бойынша міндеттемелерді;
(b) Сатушының «қысқа жолмен» (яғни, алған бірақ әлі иемденбейтін қаржы активін сататын ұйымнан) алынған қаржы активтерін жеткізу туралы міндеттемелері;
(c) Жақын уақытта қайта сатып алу мақсатымен шығарылатын қаржы міндеттемелері (мысалы, әділ құнның өзгеруіне байланысты, эмитент жақын арада сатып алуы мүмкін мөлшерлемесі белгіленген қарыздық құрал); және
(d) Басқарылуы бірге жүзеге асырылатын және осыларға қатысты қысқа мерзімді пайда түсу қысқа жуырдағы сызбасының куәлігі бар, идентификацияланған қаржы құралдары портфелінің бір бөлігі болып табылатын қаржылық міндеттемелер болып табылады.
BA.8 Міндеттеменің сауда қызметін қаржыландыру үшін қолданатындығы жайлы факті оны саудаға арналған міндеттемеге айналдырмайды.