В3.2.8 Қабылдаушы жақ берілген активті тек қана, қабылдаушы жақ берілген активті үшінші жақтың қатысуынсыз сататындай жағдайда және бұл мүмкіндікті біржақты ғана пайдаланатын, әрі мұндай беруге қосымша шектеулерді танбайтын болса, осындай жағдайда ғана сатуға барлық мүмкіндігі болады. Маңызды сұрақтың бірі, қабылдайтын активтің өзара қандай келісімшарттық қарым-қатынасы немесе қандай келісімшарттық тыйымдар болатыны емес тәжірибеде қабылдаушы жақ не істей алады дегенге саяды. Атап айтқанда:
(а) келісімшарт құқы бойынша берілген активті сату құқы егер берілген актив нарығы болмаса аз ғана тәжірибелік нәтижеге ие; және
(b) берілген активті сату мүмкіндігі, егер ол мүмкіндікті еркін іске асыра алмаған жағдайда аз ғана тәжірибелік нәтиже береді. Сол себепті:
(i) берілген активті сату мүмкіндігі қабылдап алушы жақ үшін өзгелердің іс-әрекетінен тәуелді болмауы керек (яғни, бұл мүмкіндік біржақты тәртіппен ғана жүзеге асырылуы тиіс); және
(ii) қабылдаушы жақтың берілген активті сатуда оны өткізу жағдайында қосымша шектеу шарттары кедергі келтірмейтіндеі мүмкіндігі болуы керек (мысалы, қабылдаушы жаққа активті қайта сатып алуға құқық беретін несиелік актив немесе опцион).
В3.2.9 Қабылдаушы жақтың берілген активті сатып жіберуі екіталай болғандықтан, бұл оны тапсырушы жақтың берілген активті бақылауды сақтап қалды деген түсінікті тудырмаса керек. Дегенмен, қайтарымды сыйақылы мәміле немесе кепілдік қабылдаушы жаққа берілген активті сатуға мүмкіндік бермесе, онда тапсырушы жақ берілген активті бақылауды жалғастыруда дегенді білдіреді. Мысалы, қайтарымды сыйақылы мәміле немесе кепілдік тым құнды деп бағаланса, онда олар қабылдаушы жаққа берілген активті сатуға мүмкіндік бермейді, өйткені іс жүзінде қабылдаушы жақ берілген активті, ұқсас опцион жасамай немесе өзге де шектеулі шарт қоймастан үшінші жаққа сатуы мүмкін емес. Мұның орнына қабылдаушы жақ берілген активті кепілдік немесе опцион бойынша қайтарымды сыйақы алу үшін қолда ұстап тұрады. Аталмыш жағдайларда тапсырушы жақ берілген активтерді бақылауды жалғастырады.
Тануды тоқтатудың өлшемдерін қанағаттандыратын тапсырыстар
В3.2.10 Кәсіпорын берілген активтердің бір бөлігіне осы активтерге жасаған қызметі үшін өтемақы ретіндегі қатысты пайыздық төлемдер құқын сақтай алады. Келісімшарт мерзімі аяқталған сәттен бастап, кәсіпорын активке қатысты қызмет көрсету мен қызмет көрсету міндетінен бас тартуға әзір пайыздық төлемдердің бөлігі, оған қызмет көрсету мен қызмет көрсету міндеттемесіне жатады. Пайыздық төлемдердің кәсіпорын бас тарттуға әзір емес бөлігі, пайыздық өтемақыны стрипті алу болып табылады. Мысалы, егер кәсіпорын қызмет көрсету келісімшартының мерзімі аяқталғанша немесе тапсырылғанша ешқандай пайыздық өтемақыдан бас тартуға әзір болмаса, онда бүкіл пайыздық спрэд пайыздық стрип бойынша дебиторлық қарыз болып саналады. 3.2.13 -тармағын пайдалану мақсатында активке қызмет көрсету мен пайыздық стрип бойынша дебиторлық қарыз активтің бөліктері арасындағы дебиторлық қарыздың баланстық құнын оның әліге дейін танылатын бөлігімен реттеу үшін қолданылып, тану тоқтатылады. Егер қызмет көрсету бойынша сыйақы мөлшері көрсетілмесе, немесе алынатын тиесілі сыйақы кәсіпорын қызметі үшін жеткілікті өтемақы ретінде қаралмаса, онда қызмет көрсету әділетті бағаммен танылуы міндеттеледі.
В3.2.11 Кәсіпорын одан әрі де әділетті деп таныған бөлігін бағалауда, тануаяқталған бөлігін қоса алғанда, 3.2.13-тармағын қолдану мақсатында, 3.2.14-тармағына қосымша ретінде кәсіпорын 5.4.1 - 5.4.3 және В5.4.1 - В5.4.13 -тармақшаларында көрсетілгендей, әділетті бағалау құнына қатысты талаптарын қолданады.
Тануды тоқтатудың өлшемдерін қанағаттандырмайтын тапсырыстар
B3.2.12 Әрі қарай 3.2.15 тармағында баяндалған қолдану принципінің мысалы беріледі. Егер кәсіпорын көрсеткен, берілген активтер бойынша орындалмаған міндеттер нәтижесінде пайда болған шығындар жөніндегі кепілдік берілген активті тануды тоқтатуға мүмкіндік бермесе, кәсіпорын берілген активті тануға қатысты барлық тәуекелдер мен сыйақыларды сақтағандықтан, кәсіпорын әрі қарай да берілген активті тұтастай тануды жалғастырады, ал алынған өтемді міндеттеме ретінде қарастырады.
Берілген активтерге әрі қарай қатысу
B3.2.13 Төменде кәсіпорын берілген актив пен оған қатысты міндеттемелерді 3.2.16 -тармағына сәйкес қалай бағалайтынының мысалдары келтірілген.
Барлық активтер
(a) Егер кәсіпорын көрсеткен берілген актив міндеттемелерін орындамау нәтижесінде туындаған шығын мөлшерін төлеу кепілдігі, берілген активті тануды өз дәрежесінде тоқтатуға мүмкіндік бермесе, кәсіпорын осы активке қатысуды жалғастыратын болса, онда берілген актив берілген күннен бастап активтің берілген кездегі баланстық ең төменгі (і) және (іі) өтемақының ең жоғарғы мөлшерінде бағаланып, кәсіпорын («кепіл сомасын») қайтарып беруге міндетті болуы мүмкін. Байланысты міндеттеме бастапқыда кепілдік сомасымен тепе-тең бағаға әділетті кепілдік бағамын қосқандағыға тең (әдетте ол, кепілдік үшін алынатын өтеменің соммасына тең). Ақырында бастапқы әділетті кепілдік бағамы пайда немесе шығын мөлшері уақыт негізіне пропорциялы (18 ХҚЕС (IAS), қараңыз), ал активтің баланстық бағасы құнсызданудан шығын сомасына дейін төмендейді.
Амортизацияланған құнымен бағаланатын активтер
(b) Егер кәсіпорын қайтарымды сыйақылы мәміле бойынша шығарған немесе кол опционына қатысты құқы берілген активті тануды тоқтатуға кедергі келтірсе және кәсіпорын берілген активті амортизацияланған бағаммен бағалайтын болса, онда бірлескен міндеттемелер оның өзіндік құны мөлшерімен (яғни, қайтарылған өтемақымен) есептеледі, ол берілген активтің опционның қызметінің аяқталатын күніне қарай осы және оның амортизацияланған құнының айырмасын есептеп түзеткен міндеттемелері. Мысалы, активтің берілген күнідегі амортизацияланған және баланс құны 98 ақша бірлігіне, ал алынған өтемақысы 95 ақша бірлігіне тең дейік. Активтің опцион орындалатын күніне қатысты амортизацияланған бағасы 100 ақша бірлігін құрайды. Бірлескен міндеттеменің бастапқы баланстық құны 95 ақша бірлігіне тең, ал 95 ақша бірлігі мен 100 ақша бірлігінің арасындағы айырма тиімді пайыз ставка әдісін қолданумен танылады. Егер опцион орындалса, бірлескен міндеттеме мен опционның орындалу бағасы пайда мен шығын есебінің арасында танылады.
Әділетті құны бойынша бағаланатын активтер
(c) Егер кәсіпорынның сатып алынатын опционы бойынша сақтап отырған құқығы берілген активті тануға мүмкіндік беремесе және кәсіпорын берілген активті әділетті бағамға бағалайтын болса, онда оны әділетті бағаммен бағалауды жалғастыра береді. Бірлескен міндеттеме опционның уақытша бағамын шегергендегі (і) опционның орындалу бағамымен бағаланады, егер опцион орындалуда тиімді бағаға лайық немесе ішкі нөлдік бағаға тең болса, немесе егер опцион орындалуда тиімсіз бағаға тең болса, (іі) берілген активтің опционының уақытша бағамын шегергендегі әділетті бағаммен бағаланады. Бірлескен міндеттеме бағамын түзету, активтің таза баланс бағамы мен бірлескен міндеттемесі кол опционы бойынша әділетті құнмен тепе тең екенін көрсетеді. Мысалы, егер базалық активтің әділетті құны 80 ақша бірлігіне тең болса, опционның орындалу құны 95 ақша бірлігіне және опционның уақытша құны 5 ақша бірлігіне тең, ендеше бірлескен міндеттеменің баланстық құны 75 ақша бірлігіне (80 ақшабірлігі - 5 ақшабірлігі), ал берілген активтің баланс құны - 80 ақша бірлігіне (яғни, оның әділетті құнына) тең.
(d) Егер кәсіпорынның шығарған пут опционы берілген активті тануды тоқтатуға мүмкіндік бермесе және кәсіпорын берілген активті әділетті құнымен бағалайтын болса, онда бірлескен міндеттеме опционның орындалуы мен опционның уақытша бағамына қосқандағы нәтижеге тең. Активті әділетті құнымен бағалау оның әділетті құны мен опционның орындалу бағамы арасындағы аз ғана айырмашылықпен тоқтайды, өйткені кәсіпорынның берілген активтің әділетті құнын опционның орындалу бағамынан асыруға құқы жоқ. Бұл активтің таза баланстық құны мен бірлескен міндеттеме пут опционының міндеттеме құнына тең екенін білдіреді. Мысалы, егер негізгі активтің әділетті құны 120 ақша бірлігіне тең болса, опционның орындалу құны 100 ақша бірлігіне және опционның уақытша бағамы 5 ақша бірлігіне тең десек, онда бірлескен міндеттеменің баланстық құны 105 ақша бірлігіне тең болмақ (100 а.б. + 5 а.б.), ал активтің баланстық құны - 100 ақша бірлігіне (аталмыш жағдайда бұл опционның орындалу құны).
(e) Егер кол опционы негізінде сатып алынған және қайтарымды сыйақылы мәмілемен шығарылған «колар» берілген активті тануды тоқтатуға мүмкіндік бермесе және кәсіпорын активті әділетті құнымен бағаласа, онда ол бұл активті әділетті құнымен бағалауды жалғастыра береді. Бірлескен міндеттеме (і) кол опционының орындалу бағамы мен қайтарымды сыйақылы мәміленің әділетті құнының қосындысынан кол опционының уақытша бағамын алып тастағандағы бағамымен бағаладады, егер кол опционы орындалуда тиімді бағаға немесе ішкі нөлдік бағамға тең жағдайда, немесе (іі) активтің әділетті құны бағамы мен қайтарымды сыйақылы мәміленің әділетті құнына қосып, одан кол опционының уақытша құнын алып тастайды. Байланысты міндеттемені түзету активтің және байланысты міндеттеменің таза баланстық құны ұйым ұстайтын және шығаратын опциондардың әділ құнына тең болуына әкеледі. Мысалы, ұйым әділ құнға бағаланатын қаржы активін өткізеді деп және бір мезгілде атқару бағасы 120 а.б. болатын кол опционын алады және атқару бағасы 80 а.б. болатын пут опционын шығарады деп қарастырайық; сонымен бірге, активтің өткізу күніндегі әділ құны 100 а.б. тең деп қарастырайық. Пут опционы мен кол опционының уақытша құны сәйкесінше 1 а.б. және 5 а.б. тең. Бұл жағдайда ұйым 100 а.б. (активтің әділ құны) және 96 а.б. [(100 а.б. + 1 а.б.) - 5 а.б.] көлеміндегі активті таниды. Сондай-ақ, активтің таза құны 4 а.б. тең, бұл ұйым ұстап қалатын және шығаратын опциондардың опциондардың әділ құнына тең болып табылады.
Барлық өткізулер
B3.2.14 Егер өткізу нәтижесінде пайда болған туынды құралды және өткізілген актив немесе міндеттемені тану сол құқықтар мен міндеттемелерді тануға әкеп соғатын болса, қаржылық активті өткізу шарттары қаншалықты тануды тоқтату талаптарын қанағаттандырмаса, өткізуші тараптың өткізумен байланысты келісімдік құқықтары және міндеттемелері соншалықты жеке қосынды құралдар ретінде есептелмейді. Мысалы, өткізуші тарап сақтап отырған опцион кол қаржы активінің сатылу ретіндегі өткізуін көрсетуге кедергі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда опцион кол туынды құрал болып табылатын жеке актив болып танылмайды.
B3.2.15 Қаржы активін өткізудің тануды тоқтату талаптарына сәйкессіздігінің деңгейінде қабылдаушы тарап өзіне өткізілген активті өзіне тиесілі деп танымайды. Қабылдаушы тарап ақшалай және басқаша төленген өтемақыны тануды тоқтатады және өткізуші тараптан алынған дебиторлық берешекті таниды. Егер қабылдаушы тарап белгіленген сомаға барлық өткізілген активті бақылауға алуға құқыққа та, міндеттемеге де ие болса (мысалы, қайта сатып алу туралы келісімшартқа сәйкес), онда қабылдаушы тарап 4.1.2. тармағына сәйкес келсе, өз дебиторлық берешегін амортизацияланған құн бойынша есептей алады.
Мысалдар
B3.2.16 Төменде көрсетілген мысалдар осы стандарта көрсетілген тануды тоқтату ұстанымдарын қолдануды суреттейді.
(а) Қайта сатып алу келісімшарттары (РЕПО) және құнды қағаз түріндегі қарыздар беру. Егер қаржы активі белгіленген баға бойынша немесе несиегердің табысын қоса алғандағы сату бағасымен қайта сатып алуды қарастыратын келісімге сәйкес сатылса, немесе ол өткізуші тарапқа қайтарып беруді қарастыратын келісімге сәйкес қарызға берілсе, онда өткізуші тарап оны иемденумен байланысты барлық тәуекелдер мен сыйақыларды сақтап қалғандықтан, оның танылуы тоқтатылмайды. Егер қабылдаушы тарап активті сату немесе кепілдікке қою құқығына ие болса, онда өткізуші тарап бұл активті өзінің қаржылық жағдай туралы есебінде қарызға берілген, немесе қайта сатып алу бойынша дебиторлық берешек деп қарастырады.
(b) РЕПО келісімшарттары және құнды қаға түріндегі қарыз беру - екеуі бірдей активтер. Егер қаржы активі белгіленген баға бойынша немесе несиегердің табысын қоса алғандағы сату бағасымен қайта сатып алуды қарастыратын келісімге сәйкес сатылса, немесе алынған активті немесе дәл осындай активті өткізуші тарапқа қайтарып беруді қарастыратын келісімге сәйкес қарызға берілсе не қарызға алынса, онда өткізуші тарап оны иемденумен байланысты барлық тәуекелдер мен сыйақыларды сақтап қалғандықтан, оның танылуы тоқтатылмайды.
(c) РЕПО келісімшарттары және құнды қағаз түрінде қарыздар беру - орнын ауыстыру құқығы. Егер белгіленген баға бойынша немесе несиегердің табысын қоса алғандағы сату бағасына тең бағам бойынша қайта сатып алу туралы келісім немесе құнды қағаздарды қарызға беру бойынша балама операциялар қабылдаушы тарапқа өткізілген активке балама және қайта сатып алу мерзіміне дәл сондай әділ құнға ие болса, онда қайта сатып алу операциясының немесе құнды қағаздарды қарызға беру операциясының шеңберінде активті тану тоқтатылмайды, өйткені өткізуші тарап активті иемденумен байланысты барлық тәуекелдер мен сыйақыларды сақтап қалады.
(d) Әділ құн бойынша айрықша қайта сатып алу құқығы. Егер ұйым қаржы активін сата отырып, тек қана айрықша қайта сатып алу құқығын сақтап қалса, онда болашақта қабылдаушы тарап активті сататын болса, ұйым активпен байланысты барлық тәуекелдер мен сыйақыларды өткізгендіктен, осы активті тануын тоқтатады.
(e) Жалған сату операциясы. Қаржы активін аз уақыт бұрын сатылғаннан кейін қайта сатып алу кейде жалған сату деп аталады. Мұндай кері сатып алу, бастапқы операция тануды тоқтату талаптарына сәйкес келсе, тануды тоқтатуға кедергі болмайды. Дегенмен, егер қаржы активін сату туралы келісімшарт дәл сол активті белгіленген баға бойынша немесе несиегерді табысын қоса отырып, сату бағасы бойынша кері сатып алу туралы келісімшартпен қатар жасалған болса, онда бұл активті тану тоқтатылмайды.
(f) Аса тиімді атқару бағасымен пут опциондары және кол опциондары. Егер өткізілген қаржы активі өткізуші тараппен кері қайтарылатын болса және кол опционы аса тиімді атқару бағасына ие болса, өткізу тануды тоқтату талаптарына сәйкес келмейді. Себебі, мұндай жағдайда өткізуші тарап активті иемденумен байланысты барлық дерлік тәуекелдер мен сыйақыларды сақтап қалады. Баламалы түрде, егер қаржы активі қабылдаушы тараппен қайтарылса және пут опционы аса тиімді атқару бағасына ие болса, онда өткізу тануды тоқтату талаптарына жауап бермейді өйткені өткізуші тарап активті иемденумен байланысты барлық дерлік тәуекелдер мен сыйақыларды сақтап қалады.
(g) Аса тиімсіз атқару бағасымен пут опциондары және кол опциондары. Аса тиімсіз атқару бағасына ие, қабылдаушы тараппен ұсталып қалынатын пут опционын немесе өткізуші тараппен ұсталып қалатын кол опционын келісу шартымен ғана өткізілетін қаржы активін тану тоқтатылады.
(h) Атқару бағасы аса тиімді емес немесе аса тиімсіз болып табылатын кол опционы бар жағдайдағы нарықта еркін жүрген активтер. нарықта еркін айналатын активтер. Егер ұйым нарықта еркін айналымда жүрген активті сатып алуға арналған опционға ие болса, және осы опционның атқару бағасы аса тиімді болмаса немесе аса тиімсіз болса, онда бұл активті тану тоқтатылады. Бұл жағдай (і) активті иемденумен байланысты барлық дерлік тәуекелдер мен сыйақыларды сақтамағандықтан не өткізбегендіктен,, және (іі) бақылауды сақтап қалмағандықтан орын алады. Дегенмен, егер актив нарықта еркін айналымда жүрмесе, ұйым активті бақылауын сақтамағандықтан, тануды тоқтату опцион келісілген актив сомасының шеңберінде жүргізілмейді
(i) Нарықта еркін айналмайтын актив және осыған қатысты ұйым шығарған опцион. Атқару бағасы аса тиімді емес немесе аса тиімсіз. Егер ұйым нарықта еркін айналмайтын активті өткізсе жәгне сонымен қатар, атқару бағасы аса тиімсіз емес, сатуға опцион шығарса, онда ұйым шығарылған пут опционының себебінен, активті иемденумен байланысты барлық дерлік тәуекелдер мен сыйақыларды сақтап қалмайды және өткізбейді. Қабылдаушы тарап сатып жібермес үшін опцион айтарлықтай бағалы болса, ұйым бақылауды сақтап қалады, сонымен бірге, активті тану қабылдаушы тараптың қатысуының көлемімен бірдей болады. (В3.2.9- қараңыз). Егер пут опцион қабылдаушы ұйым сатып жібермейтіндей дәрежеде жеткілікті түрде бағалы болмаса, ұйым активке бақылауды өткізеді, сонымен бірге ұйым активті тануды тоқтатады.
(j) Әділ құн бойынша немесе әділ құнды форвардтық келісіммен кері сатып алу бойынша сату опционы (пут) немесе сатып алу опционының (кол) мазмұны болып табылатын активтер. Қаржы активін кері сатып алу мерзіміндегі әділ құнына тең, бірдей атқару немесе кері сатып алу бағасына ие, тек қана пут немесе кол опционы немесе кері сатып алуға арналған форвардтық келісімді жасау шартында қаржы активін өткізу тануды тоқтатуға әкеп соғады; себебі, активті иемденумен байланысты барлық тәуекелдер мен сыйақылар өткізіліп қойылған.
(k) Есеп айырысуы ақша құралдарымен жүзеге асырылатын кол және пут опциондары. Пут немесе кол опционы немесе кері сатып алуға форвардтық келісім жасалған қаржы активін өткізу ұйыммен бағаланады. Активті иемденумен байланысты барлық дерлік тәуекелдер мен сыйақыларды өткізгендігін және сақтағандығын анықтау үшін, бұл актив бойынша нетто-есеп ақшалай құралдармен жүргізіледі. Егер ұйым өткізілген активпен байланысты барлық дерлік тәуекелдер мен сыйақыларды сақтап қалмаса, онда ол өткізілген активті бақылауын сақтап қалған-қалмағандығын анықтайды. Пут немесе кол опционы немесе кері сатып алуға форвардтық келісім бойынша есеп айырысу ақша құралдарының көмегімен нетто-негізде жүзеге асырылатындығы автоматы түрде ұйым бақылауды өткізгендігін білдірмейді. (В3.2.9 және (g), (h) және (i) қараңыз).
(l) Есептерді тізімнен шығару туралы шарт - бұл кері сатып алудың шартсыз опционы (кол), бұл ұйымға өткізілген активтерді кейбір шектеулермен бірге кері талап ету құқығын береді. Мұндай опцион нәтижесінде ұйым активті иемденумен байланысты барлық дерлік тәуекелдер мен сыйақыларды не сақтамай, не өткізбейтін болса, онда ол тануды тоқтатуға тек кері қайтару сомасының көлемінде ғана кедергі болып табылады (қабылдаушы тарап активті сата алмайтын шартта) Мысалы, егер қарыз активтер түсімі мен баланстық құн 100 000 а.б. құраса және кез-келген бөлек қарыз сатып алына алса, сонымен бірге сатып алына алатын қарыздардың жиынтық құны 10 000 а.б. аса алмаса, онда қарыздар сомасының 90 000 а.б. тануды тоқтату талаптарына жауап береді.
(m) Кесімді сатып алу опциондары. Егер айналымдағы активтер құны белгілі бір деңгейге дейін түссе, және осы активтерге қызмет көрсету шығындары қызмет көрсетуден түсетін табыспен салыстырғанда ауыртпалықты болса, өткізілген активтерге қызмет көрсететін ұйым өткізуші тарап боа алады және қалған өткізілген активтерді кесімді сатып алуға арналған опционға ие бола алады. Мұндай кесімді сатып алуға арналған опцион жағдайында ұйым активті иемденумен байланысты барлық дерлік тәуекелдер мен сыйақыларды не сақтамай, не өткізбейтіндігі, және қабылдаушы тарап активті сатып жібермейтіндігі туралы шарттар орындалса, онда ол сатып алу опционы қарастыратын активтер көлемінде ғана тануға кедергі келтіреді.
(n) Қатысудың субординацияланған үлестері және несиелік кепілдемелері. Ұйым қабылдаушы тарап үшін несиенің сапасын өткізілген активте сақталған өзінің кейбір немесе барлық қатысу үлестерін субординациялау (төменірек статус беру арқылы) әдісі арқылы көтере алады. Балама ретінде ұйым қабылдаушы тарап үшін шектелмеген немесе белгілі бір сомамен шектелген несиелік кепілдеме беру арқылы несие сапасын көтере алады. Егер ұйым активті иемденумен байланысты барлық дерлік тәуекелдер мен сыйақыларды сақтап қалатын болса, онда ол активті толықтай тануын жалғастырады. Егер ұйым активті иемденумен байланысты барлық емес, тек кейбір тәуекелдер мен сыйақыларды сақтап қалса, және бақылауды сақтап қалса, онда тануды тоқтату ұйым төлеуге міндеттенуі ықтимал ақша құралдары немесе басқа активтер сомасының көлемінде жүргізілмейді.
(o) Жиынтық табыс своптары. Ұйым қабылдаушы тарапқа қаржы активтерін сатып, онымен жиынтық своп туралы келісім жасай алады. Свопқа сәйкес, ұйым базалық активтен түсетін ақша құралдарын пайыз бойынша ауыспалы мөлшерлеме бойынша бағаға немесе белгіленген бағаға айырбас түрінде алатын, сонымен бірге ұйым базалық активтің әділ құнының барлық жоғарылауы мен төмендеуін өз мойнына алады. Мұндай жағдайда қаржылық активті тануды тоқтатуға тыйым салынады.
(p) Пайыздық своптар. Ұйым қаржы активін қабылдаушы тарапқа белгіленген мөлшерлемемен өткізе алады және пайыздық своп туралы келісім жасайды; келісімге сәйкес, қабылдаушы тарап өткізілген қаржы активінің негізгі сомасына тең шартты сомаға негізделе отырып, белгіленген мөлшерлеме бойынша пайыздар алады және ауыспалы мөлшерлеме бойынша төлем жасайды. Пайыздық своп ол бойынша төлемдер өткізілген актив бойынша өндірілетін төлемдерге тәуелді болмау шарты орындалған жағдайда, өткізілген активті тануға кедергі келтірмейді.
(q) Амортизацияланатын пайыздық своптар. Ұйым белгілі бір мерзім аралығында бөліктермен төлеуге болатын қаржы активін қабылдаушы тарапқа белгіленген мөлшерлемемен өткізе алады және амортизацияланатын пайыздық своп туралы келісім жасай алады; келісімге сәйкес, қабылдаушы тарап белгіленген мөлшерлеме бойынша пайыз алады және шартты сомаға қарай отырып, ауыспалы мөлшерлеме бойынша төлем жасайды. Егер своптың шартты сомасы осындай тәсілмен амортизацияланатын болса, бұл кез-келген уақытта өткізілген қаржы активінің төленбеген негізгі құнына тең, сонымен бірге, своп айтарықтай түрде ұйымды мерзімнен ерте төлем жасау тәуекеліне әкеледі, ал мұндай жағдайда ұйым өткізілген активті не толықтай, немесе өзінің жалғаспалы қатысуының аумағында тануын жалғастырады. Керісінше, егер своптың шартты сомасының амортизациясы өткізілген активтің төленбеген негізгі сомасына байлаулы болмаса, онда мұндай своп ұйымның актив бойынша мерзімнен ерте төлем жасауы тәуекеліне әкеп соқпайды. Осылайша, своп бойынша төлем өткізілген активтен алынатын пайыздық төлемге тәуелсіз болғанда және своп ұйымның активті иемденумен байланысты өзге де айтарлықтай тәуекелдер мен сыйақыларды сақтауға әкеп соқпайтындығы анықталған жағдайда, ол өткізілген активті тануды тоқтатуға кедергі келтірмейді.
B3.2.17 Осы тармақта ұйым қаржы активінде қатысуын жалғастырып жатқан жағдайда, жалғаспалы қатысу әдісін қолдану суреттеледі
Ұйым мерзімінен ерте өтеуге мүмкіндігі берілген берешектер портфеліне иелік етеді деп елестетейік. Берешектер бойынша купондық және тиімді мөлшерлеме 10 пайызға тең, ал негізгі және амортизацияланатын сома 10 000 а.б. болып табылады. Ұйым жасаған операцяи нәтижесінде 9 115 а.б. төлемге қабылдаушы тарап негізгі сома бойынша 9 000 а.б және аталған сома бойынша 9.5 пайыз мөлшерлеме көлеміндегі төлем алуға құқық алады. Ұйым негізгі сома бойынша 1 000 а.б. көлемінде және аталған сома бойынша 10 пайыз мөлшерлеме және қалған негізгі сома - 9 000 а.б. бойынша 0,5 пайыз қосымша спрэд түрінде төлемдер алу құқығын сақтап қалады. Мерзімнен ерте төлем жасаудан түсетін төлемдер ұйым мен қабылдаушы тарап арасында пропорционалды түрде 1:9 қатынасында бөлінеді, бірақ дефолт бойынша кез-келген сома ұйымның 1 000 а.б. тең үлесінен алынып тасталады. Бұл үлес таусылғанға дейін жүргізіледі. Қарыздардың әділ құны операцяины іске асырған күн бойынша 10 100 а.б. тең, ал 0,5 пайыз көлеміндегі қосымша спрэдтің есептік әділ құны 40 а.б. тең. |
Ұйым өзінің активті иемденумен байланысты айтарлықтай тәуекелдер мен сыйақыларды өткізгенін (мысалы, мерзімнен ерте өтеу тәуекелдері), бірақ сондай-ақ олардың кейбірін сақтап қалғанын (сақталып қалған қатысу үлесінің субординациясы жағдайында) және бақылауды сақтап қалғандығын анықтайды. Сондықтан ол жалғаспалы қатысу әдісін қолданады. |
Осы стандартты қолданған кезде ұйым операцияны (а) 1 000 а.б. көлеміндегі субординацияланған қатысу үлесін сақтап қалу және (b) қабылдаушы тарап үшін несиелік шығындар бөлігіндегі несие сапасын арттыру үшін осы сақталып қалған қатысу үлесін субординациялау ретінде сараптайды. |
Ұйымның есептері бойынша 9 115 а.б. көлемінде алынған өтемақының 9 090 а.б. (10 100 а.б. 90 пайызы) 90 пайыз көлеміндегі толық пропорционалдық үлестің өтемақысы болып табылады. Алынған өтемақының қалған бөлігі (25 а.б.) қабылдаушы тарап үшін несиелік шығындар бөлігіндегі несие сапасын арттыруға арналған сақталған қатысу үлесін субординациялаудан алынған өтемақы болып табылады. Осыдан өзге, 0,5 пайыз көлеміндегі қосымша спрэд несие сапасын арттыру үшін алынған өтемақы болып табылады. Сәйкесінше, несие сапасын арттыру үшін алынған өтемақының жалпы сомасы 65 а.б. (25 а.б.+40 а.б.) тең. |
Ұйым 90-пайыздық үлесті сатудың кірісі мен шығысын ақша ағымдарында есептейді. Өткізілген 90 пайыз және сақталған 10 пайыздың жеке әділ құны туралы мәліметтер жоқ деп қарастырайық, онда ұйым активтің баланстық құнын 3.2.14 тармағына сәйкес келесідегідей бөледі. |
| Есептелген әділ құн | Пайыз | Бөлінген баланстық құн | |
Өткізілген бөлік | 9 090 | | 90% | | 9 000 | |
Сақталған бөлік | 1 010 | | 10% | | 1 000 | |
Барлығы | 10 100 | | | | 10 000 | |
| | | |
Ұйым ақша қаражаттары үлесінің 90 пайызын сатудан келген кіріс пен шығысты өткізілген бөліктің таратылған баланстық құнын алынған өтемақы сомасынан алып тастау арқылы есептейді, яғни, 90 а.б. (9 090 а.б. - 9 000 а.б.). ұйым сақтап қалған бөліктің баланстық құны 1 000 а.б. тең болады. Сондай-ақ, ұйым несиелік шығындарға қатысты сақталған қатысу үлесін субординациялау нәтижесі болып табылатын жалғаспалы қатысуды мойындайды. Сәйкесінше, ол 1 000 а.б. көлеміндегі активті (ол субординация нәтижесінде ала алмай қалатын ақша құралы ағымдарының ең үлкен көлемі) және 1 065 а.б. көлеміндегі байланысты міндеттемені (субординация нәтижесінде ол ала алмай қалатын ақша құралы ағымының ең үлкен көлемі, яғни, 1 000 а.б. және 65 а.б. көлеміндегі субординациялау құны) мойындайды. Ұйым жоғарыда көрсетілген ақпараттың барлығын операцяиларды келесі түрдегідей есептеу үшін қолданады: |
| Дебет | | Кредит | |
Бастапқы актив | - | | 9,000 | |
Субординация нәтижесінде танылған актив, немесе қалдық үлес | 1,000 | | - | |
Қосымша спрэд түрінде алынған өтемақы үшін актив | 40 | | - | |
Кіріс немесе шығыс (өткізуден түскен кіріс) | - | | 90 | |
Міндеттеме | - | | 1,065 | |
Алынған ақша қаражаттары | 9, 115 | | - | |
Барлығы | 10,155 | | 10,155 | |
| | | |
Операциядан кейін бірден активтің баланстық құны 2 040 а.б. тең. Мұны ішіне сақталған бөліктің таратылған құнын көрсететін 1 000 а.б., және несиелік шығындар бөлігіндегі сақталған қатысу бөлігін субординациялау нәтижесінде ұйымның қосымша жалғаспалы қатысуын білдіретін 1 040 а.б. (40 а.б. көлеміндегі қосымша спрэд) кіреді. Келесі кезеңдерде ұйым несие сапасын арттырғаны үшін алынған өтемақыны (65 а.б.) пропорционалды уақыттың негізде таниды, танылған активке пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісі бойынша пайыздар қосады және танылған активтер бойынша несиенің құнсызданғанын таниды. Мысал ретінде келесі суреттемені қарастырайық. Келесі жылы бастапқы қарыздар бойынша құнсыздану нәтижесінде 300 а.б. көлемінде шығын пайда болды делік. Ұйым өзінің танылған активін 600 а.б. дейін (оның сақталған қатысу үлесіне қатысты 300 а.б. және несиелік шығындар бөлігіндегі сақталған қатысу үлесін субординациялау нәтижесінде пайда болған жалғаспалы қосымша қатысуға қатысты 300 а.б.) азайтады және өзінің танылған міндеттемесін 300 а.б. дейін азайтады. Таза нәтиже несиенің 300 а.б. көлеміндегі құнсыздануы кіріске не табысқа жатқызылатындығы болып табылады. |
| | | | | | | | | |
Қаржы міндеттемелерін тануды тоқтату (3.3 тарау)