(і) пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланбаған қаржы активтері немесе қаржылық міндеттемелер; және
(іі) соның нәтижесінде активтер жеке тұлғалардың, трастілердің, зейнетақы қорлары мен басқа институттардың тапсыруы бойынша ұстап қалынатын немесе инвестицияланатын трастілік және өзге де фидуциарлық қызмет;
(d) 39 ХҚЕС-тың (ІAS) AG93-тармағына сәйкес есептелетін құнсызданған қаржы активтері бойынша пайыздық кіріс; және
(е) қаржы активтерінің әрбір сыныбы бойынша құнсызданудан болған кез келген шығынның шамасы.
20A Ұйым амортизацияланған құн бойынша бағаланған қаржылық активтерді қаржылық жағдай туралы есептен шығару нәтижесінде туған толық табыс есептілігінде танылған пайда немесе залал талдауын ашып көрсетуі тиіс, сол қаржылық активтерді қаржылық жағдай туралы есептен шығарудан туатын пайда немесе залалды жекелеп көрсеткенде. Осы ашып көрсету сол қаржылық активтерді қаржылық жағдай туралы есептен шығару себептерін ашып көрсетуі тиіс.
Басқа да ашып көрсетулер
Есеп саясаты
21 1 Қаржылық есептілігін ұсыну (2007 жылғы редакция) ХҚЕС-тың (ІAS) 117-тармағына сәйкес ұйым есеп саясатының мәнді түйіндерін қысқаша сипаттағанда қаржы есептілігін жасау кезінде қолданылған бағалаулардың, сондай-ақ табыс етілген қаржы есептілігін түсіну үшін маңызы бар есеп саясатының басқа да түйіндерінің негізін (немесе негіздерін) ашып көрсетуге тиіс.
Хеджирлеуді есепке алу
22 Ұйым 39 ХҚЕС-та (ІAS) сипатталған хеджирлеудің барлық түрлері бойынша жеке мынадай ақпаратты ашып көрсетуге міндетті (яғни әділ құн бойынша хеджирлеу, ақша ағыны бойынша хеджирлеу, сондай-ақ шетелдік қызметке таза инвестицияларды хеджирлеу):
(а) хеджирлеудің әр түрін сипаттау;
(b) хеджирлеудің құралдары ретінде танылған қаржы құралдарын, сондай-ақ есепті уақыт жағдайы бойынша олардың әділ құнын сипаттау; және
(с) хеджирлеудің тәуекелдік сипаты.
23 Ақша ағындарын хеджирлеуге орай ұйым мыналарды ашып көрсетуге міндетті:
(а) ақша ағындарының пайда болуы күтілетін кезеңдер және олардың пайдаға немесе залалға әсер етуі күтілетін кезеңі;
(b) ол жөнінде хеджирлеу есебінен бұрын қолданылған, бірақ оның болуы енді күтілмейтін кез келген болжамды мәмілені сипаттау;
(с) ағымдағы кезең ішінде басқа толық табыс арқылы танылған сома;
(d) капитал шоттарынан есептен шығарылған және есепті кезеңдегі пайдаға немесе залалға қосылған, толық табыс туралы есептің әрбір желілік бабына қосылған сомалары көрсетілген сома; және
(е) ағымдағы кезең ішінде капитал шоттарынан есептен шығарылған және қаржылық емес активтің немесе қаржылық емес міндеттеменің бастапқы құнына немесе басқа қаржылық жағдай есебі құнына қосылған, оны сатып алу немесе қабылдау хеджирленетін жоғары ықтималды болжамды мәміленің мәні болған сома.
24 Ұйым мыналарды жеке ашып көрсетуге міндетті:
(а) әділ құнды хеджирлеу кезінде пайданы немесе залалды:
(і) хеджирлеу құралы бойынша; және
(іі) хеджирлеу тәуекелдігімен байланысты пайда болған хеджирлеу бабы бойынша.
(b) ақша қаражаттарының қозғалысын хеджирлеу үшін пайдада немесе залалда танылған тиімсіздігі; және
(с) танылған шетелдік қызметке таза инвестицияларды хеджирлеу үшін пайдада немесе залалда тиімсіздігі.
Әділ құн
25 29-тармақта айтылғаннан басқа жағдайларда, ұйым қаржы активтері мен қаржылық міндеттемелердің әрбір сыныбы үшін әділ құнды ашып көрсетуі тиіс (6-тармақ қараңыз), сөйтіп, оны қаржылық жағдай есебі құнының тиісті мәнімен салыстыруға болады.
26 Әділ құнды ашып көрсету кезінде ұйым қаржы активтері мен қаржылық міндеттемелерді сыныптарға топтастыруға міндетті. Алайда егерде олардың қаржылық жағдай есебі құнының мәндері қаржылық жағдай туралы есепте біріне-бірі қарсы есепке алынбаса, ұйымның олардың біріне-бірі қарсы есепке алуға құқығы жоқ.
27-
27B [Жойылған]
28 Қаржы құралы үшін ұтымды нарық болмағанда, ұйым әділ құнды бағалау әдістемелерінің бірін қолдану жолымен айқындайды (қараңыз, 9 ХҚЕС-тың (IFRS) B5.1.2A -тармақтары). Соның өзінде, бастапқы тану кезіндегі әділ бағаның жақсы расталуы мәміле бағасы болып табылады (яғни берілген немесе үстеме беруден алынған әділ құн). Бұған 9 ХҚЕС-тың (IFRS) B5.4.8-тармағында сипатталған шарттарды орындаған жағдай кірмейді. Бұдан шығатыны, бастапқы таныған кездегі әділ құн мен бағалау әдістемесі арқылы сол уақытта айқындауға болатын шама арасында алшақтық болуы мүмкін. Мұндай алшақтық болған кезде ұйым қаржы құралдарының сыныптары бойынша мыналарды ашып көрсетуге міндетті:
(а) факторлардың (соның ішінде уақыт факторының) өзгерісін көрсету үшін пайдадағы немесе залалдағы осындай алшақтықты тану жөніндегі өзінің есепке алу саясатын. Бұларды нарықтың қатысушылары баға белгілеген кезде ескеруі тиіс (тармақ 1.2A(b) 9 ХҚЕС (IFRS) ).
(b) кезеңнің басында және соңында пайдада немесе залалда әлі танылуға тиіс жиынтық алшақтық және бұл алшақтық шамасының өзгеруін салыстыру.
(с) мәмiленiң бағасы әділ құнды қолдайтын дәлелдердiң сипаттамасы әдiл құнның растауы болмайды.
29 Әділ құнды ашып көрсету мына жағдайларда талап етілмейді:
(а) қаржылық жағдай есебі құны әділ құнның жеткілікті түрде жақын аппроксимациясы болса, мысалы, негізгі қызмет жөніндегі қысқа мерзімді дебиторлық және несиеқорлық берешек сияқты сондай қаржы құралдарына орай болса;
(b) [жойылған]
(с) дискрециондық қатысу қасиеті бар шартқа орай (4 ХҚЕС-та (ІFRS) сипатталуына сәйкес, егер бұл қасиеттің әділ құны шынайы бағалана алмайтын болса.
30 29 (с) -тармағында сипатталған жағдайларда, ұйым ақпаратты ашып көрсетуі тиіс. Ол қаржы есептілігін пайдаланушыларға сондай қаржы активтерінің немесе қаржылық міндеттемелерінің және олардың әділ құнының қаржылық жағдай есебі құны арасындағы мүмкін болатын алшақтықтар дәрежесі туралы өздігінен пайымдау жасауға көмектеседі, мыналарды қосқанда:
(а) бұл құралдардың әділ құны туралы ақпараттың ашылмау фактісі, өйткені ол шынайы бағалауға келмейді;
(b) осы қаржы құралдарын, олардың қаржылық жағдай есебі құнын сипаттау және әділ құнды шынайы бағалаудың мүмкіндігі жоқтығы туралы қорытынды үшін негіздер;
(с) осындай құралдардың нарығы туралы ақпарат;
(d) ұйымның осы қаржы құралдарын өткізуді көздейтіні туралы және оларды іске асыру тәсілі туралы ақпарат; және
(е) қаржы құралдарын тану тоқталған жағдайда, олардың әділ құны шынайы бағалана алмайды, бұл факт, сондай-ақ тану тоқталған кездегі қаржылық жағдай есебі құны және танылған пайданың немесе залалдың шамасы ашылуға тиісті.
Қаржы құралдарына байланысты туындайтын тәуекелдіктердің сипаты мен дәрежесі
31 Ұйым оның қаржы есептілігін пайдаланушылардың қаржы құралдарына байланысты есепті уақыт жағдайы бойынша ұйым ұшырауы мүмкін тәуекелдіктердің сипаты мен дәрежесін бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты ашып көрсетуге міндетті.
32 33-42-тармақтары талап ететін ашып көрсетулер қаржы құралдарына байланысты туындайтын тәуекелдіктерге және сондай тәуекелдіктерді басқару тәсілдеріне шоғырланған. Мұндай тәуекелдіктерге, әдетте, соның ішінде несиелік тәуекелдік, өтімділік тәуекелдігі және нарықтық тәуекелдік жатады.
32A Сандық сипаттағы ақпаратты ашып көрсету контексінде сапалық сипаттағы ашып көрсетулерді қамтамасыз ету пайдаланушылардың тиісті ашып көрсетулерді бір-бірімен байланыстыруға және қаржылық құралдардан шығатын тәуекелдіктің пайда болуы мен көлемі жөнінде жалпы түсінікті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сапалық сипаттағы және сандық сипаттағы ашып көрсетулер арасындағы байланыстар ақпараттың ұсынылуына әсер етіп, пайдаланушыларға ұйымның тәуекелдікке ықтималдығын жақсырақ бағалауға мүмкіндік туғызады.
Сапалық сипаттағы - ашып көрсету
33 Қаржы құралдарына байланысты туындаған тәуекелдіктің әрбір түрі үшін ұйым мыналарды ашып көрсетуге міндетті:
(а) тәуекелдікке ұшырау және олардың туындау себептерін;
(b) өзінің мақсатын, саясатын және тәуекелдікті басқару мәселелеріндегі рәсімдерін, сондай-ақ тәуекелдікті бағалау үшін пайдаланылатын әдістерін; және
(с) өткен кезеңмен салыстырғанда (а) немесе (b)-дағы кез келген өзгерістерін.
Сандық сипаттағы ақпаратты ашып көрсету
34 Қаржы құралдарына байланысты туындаған тәуекелдіктің әрбір түрі үшін ұйым мыналарды ашып көрсетуге міндетті:
(а) есепті уақыттағы жағдай бойынша өзінің осындай тәуекелдікке киліккені туралы қорытылған сандық деректер. Бұл ашып көрсету ұйымның жетекші басқарушы қызметкерлеріне, мысалы, директорлар кеңесіне немесе бас директорға ішкі арналар бойынша берілген ақпаратқа (24 Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашып көрсету ХҚЕС-та (ІAS) белгіленгендей) негізделуі тиіс;
(b) 36-42-тармақтар талап ететін ақпарат, оны (а)-ға сәйкес табыс етпегенде;
(с) тәуекелдіктің шоғырлануы, егер ол (а) және (b)-ға сәйкес жасалған ашып көрсетулерден анық болмаса.
35 Егер есепті уақытқа ашып көрсетілген сандық деректер есепті кезең ішінде ұйымның тәуекелдікке ұшырауы жөнінде репрезентативтік болып табылмаса, ұйым репрезентативтік сипаты бар қосымша ақпарат табыс етуге міндетті.
Несиелік тәуекелдік
36 Ұйым қаржы құралдарының сыныптары бойынша мынадай ақпаратты ашып көрсетуге міндетті:
(а) қаржылық жағдай туралы есеп уақытындағы жағдай бойынша несиелік тәуекелдікке барынша ұшырау едәуір жақсы көрсетілген сома, кез келген кепілді немесе несиені қамтамасыз етудің басқа нысандарын есепке алусыз (мысалы, 32 ХҚЕС-та (ІAS) белгіленген, өзара есепке алу өлшемдерін қанағаттандырмайтын өзара есепке алу туралы келісімдер); осы ашып көрсету қаржылық жағдай есебі құны несиелік тәуекелдіктің ең жоғары ықтималдығын ең жақсы көрсететін қаржылық құралдар үшін қажет емес.
(b) қамтамасыз ету ретінде ұсталынған кепілді сипаттау және несиені қамтамасыз етудің басқа да нысандары және несиелік тәуекелдіктің ең жоғары ықтималдығын ((a)-ға сәйкес ашып көрсетілген немесе қаржылық құралдың қаржылық жағдай есебі құны ретінде көрсетілген) ең жақсы көрсететін сомаға қатысты олардың қаржылық әсері (мысалы, ұйым алған кепіл және несиені қамтамасыз етудің басқа да нысандары несиелік тәуекелдікті қаншалықты жұмсартатынын сандық сипаттау);
(с) мерзімі өтпеген және құнсызданбаған қаржы активтерінің несиелік сапасы туралы ақпарат.
(d) [жойылған]
Мерзімі өткен немесе құнсызданған қаржы активтері
37 Ұйым қаржы құралдарының сыныптары бойынша мына ақпаратты ашып көрсетуге міндетті:
(а) есепті уақытқа мерзімі өткен, бірақ құнсызданбаған қаржы активтерінің қашаннан бергі екендігі жөніндегі талдамалы деректер.
(b) белгілі болғандай, есепті уақыттағы жағдай бойынша құнсызданған қаржы активтері туралы талдамалы деректер, ұйым құнсыздануды анықтаған кезде назарда ұстаған факторларды қоса алғанда.
(с) [жойылған].
Ұйым алған кепіл және несиені қамтамасыз етудің басқа да нысандары
38 Ұйым кезең ішінде өзі қамтамасыз ету ретінде ұстап қалатын кепіл түрінде қаржы немесе қаржылық емес активтерін алғанда немесе кепілді қамтамасыз етудің басқа да түрлеріне (мысалы, кепілдіктерге) жүгінгенде, мұндай активтер басқа Стандарттарда белгіленген тану өлшемдерін қанағаттандырғанда, осындай активтер үшін қаржылық есеп күні ұйым мыналарды ашып көрсетуге тиіс:
(а) алынған активтердің сипаты мен қаржылық жағдай есебі құнын; және
(b) мұндай активтер қолма-қол ақша қаражатына айнала алмайтын болғанда, мұндай активтерді өткізу немесе өз қызметінде пайдалану мәселесіндегі өз саясатын.
Өтімділік тәуекелі
39 Ұйым мыналарды ашып көрсетуге міндетті:
(а) өтеудің шарттық мерзімдері әлі болмай жатып көрсететін қаржылық міндеттемелердің (жарияланған қаржылық кепілдеме келісімшарты) өтелуі туралы талдамалы деректер; және
(b) өтеудің шарттық мерзімі жеткен кездегі туынды қаржы міндеттемелеріне талдау. Өтеу мерзімі жеткендегі талдауда ақша ағымын кезеңге бөлуді түсіну үшін маңызды болып табылатын келісімшарт бойынша өтемдік мерзімі жеткен туынды қаржы міндеттемелеріндегі қалған келісімшартық өтем мерзімі беріледі. (B11B- тармағын қараңыз);
(c) (a) және (b)-ға тән өтімділік тәуекелін қалай басқаратынын сипаттау .
Нарықтық тәуекел
Сезімталдық талдауы
40 Ұйым 41-тармақтың талаптарын орындағаннан басқа жағдайда, ол мыналарды ашып көрсетуге міндетті:
(а) есепті уақыт жағдайы бойынша ұйым киліккен нарықтық тәуекелдіктің әрбір түріне сезімталдықты талдау нәтижесін, соның ішінде осы уақытқа ақылға сыйымды мүмкін болатын тиісті тәуекелдік ауысу өзгерістерінің пайдаға немесе залалға қалай әсер еткені туралы ақпаратты;
(b) сезімталдықты талдауды дайындау кезінде пайдаланылған әдістер мен жол берулер; және
(с) өткен кезеңмен салыстырғанда әдістер мен жол берулердегі өзгерістер және мұндай өзгерістердің себептері.
41 Егер ұйым сезімталдық талдауын әзірлесе, мысалы, тәуекелдіктің ауыспалы құрамдас бөліктерінің (мысалы, пайыздық мөлшерлемелер мен айырбас бағамдары) арасындағы өзара тәуекелділігін көрсететін тәуекелдік құнын талдаса және оны қаржы тәуекелдіктерін басқару үшін пайдаланса, ол оны 40-тармақта көзделген талдау орнына табыс ете алады. Ұйым мыналарды ашып көрсетуге міндетті:
(а) сезімталдықты осындай талдауға әзірлік кезінде пайдаланылған әдістің мәнін түсіндіретін ақпаратты, сондай-ақ табыс етілген деректердің негізі болған негізгі параметрлер мен жол берулер; және
(b) пайдаланылған әдіс пен шектеудің мақсаты түсіндіретін ақпаратты, бұлар ақпаратты табыс етудің салдары бола алады, тиісті активтермен міндеттемелердің әділ құнын толық түрде көрсете алмайды.
Нарықтық тәуекелдік туралы басқа ақпаратты ашып көрсету
42 40 немесе 41-тармаққа сәйкес табыс етілген сезімталдықты талдау қаржы құралына тән тәуекелдік жөнінде репрезентативтік емес болғанда (мысалы, жыл соңындағы жағдай бойынша тәуекелдікке ұшырау жыл бойы тәуекелдікке килігуді көрсетпейді) ұйым осы фактіні ашып көрсетуге міндетті, бұл сезімталдықты талдаудың репрезентативтік еместігі туралы қорытынды үшін негіздер ретінде тең.
Қаржылық активтерді өткізу
42A 42B-42H- тармақтарда көрсетілген, қаржылық активтерді өткізуге жататын, ақпаратты ашып көрсету талаптары осы стандарттағы өзге де ақпаратты ашып көрсету талаптарын толықтырады. Ұйым 42B-42H -тармақтарына сәйкес ашып көрсетілетін ақпаратты өзі ұсынатын қаржылық есепте бөлек ескертпе ретінде ұсынуы тиіс. Ұйым барлық өткізілген қаржылық активтерге, және танылуы тоқтатылмаған,аталған активті өткізу қай уақытта жүзеге асырылғанына байланыссыз, өткізілген активте есептік кезең бойынша қатысуы жалғасып жатқан барлық активтерге қатысты талап етілген ақпаратты ашып көрсетуі тиіс. Аталған тармақтардың ақпаратты ашып көрсету туралы талаптарын орындау мақсатында ұйым толық немесе жартылай қаржылық активті (өткізілген қаржылық актив) тек төмендегі жағдайларда өткізеді:
(a) осы қаржылық активтен ақша қаражаты ағымдарын алуға келісімдік құқықтарды өткізеді; немесе
(b) осы қаржылық активтен ақша қаражаты ағымын алуға келісімдік құқықтарын сақтап қалады, бірақ осы ақша құралдарын келісім бойынша бір немесе бірнеше алушыларға төлеу бойынша келісімдік міндеттемелерме жүктеледі.
42B Ұйым қаржы есептерін пайдаланушыларға мына мүмкіндіктерді беретін ақпаратты ашып көрсетуі тиіс:
(а) танылуы тоқтатылмаған, өткізілген қаржы активтерінің арасындағы және тиісті міндеттемелер арасындағы қатынасты түсінуге; сонымен бірге
(b) ұйымның танылуы тоқтатылған, өткізілген қаржы активтеріндегі қатысу сипатын, және осымен байланысты тәуекелдер ауқымын түсіну.
42C Ақпаратты ашып көрсету бойынша 42E-42H тармақтарының талаптарын қолдану мақсаттарына сәйкес, ұйым қаржылық активтерді өткізу шеңберінде өткізілген қаржылық активтермен байланысты кез-келген келісімдік құқықтар мен міндеттемелерді сақтап қалған жағдайда, немесе өткізілген қаржы активтеріне қатысты жаңа келісімдік құқықтар мен міндеттемелер алатын жағдайда өткізілген қаржы активіндегі қатысуын жалғастыра береді. Ақпаратты ашып көрсету бойынша 42E-42H тармақтарының талаптарын қолдану мақсаттарына сәйкес, келесі құралдар жалғаспалы қатысу болып табылмайды:
(a) сот тәртібінде активті өткізу операциясын негізсіз деп табуға әкелуі мүмкін кәдуілгі мәлімдемелер және
(b) алаяқтық өткізу және негіздемелі түсінік, шынайы ниет және операцияларды ашық түрде жүргізуге қатысты кепілдіктер.
(c) өткізілген қаржы активтерін сатып алуға арналған форвардтық келісімдер, опциондық және басқа да
(d) келісімшарттар, келісімді бағасы (немесе орындау бағасы) өткізілген қаржы активінің әділ құны болып табылатын, немесе
(e) шарттары бойынша осы қаржы активінен ақша құралдарының ағымдарын алу құқығын сақтап қалады, бірақ осы ақша құралдарын бір немесе бірнеше ұйымдарға төлеп беруге міндеттеледі, және 9 ХҚЕС-ының (IFRS) 3.2.5 (a) - (c) -тармақтарының шарттары орындалады.
Танылуы толық тоқтатылмаған, өткізілген қаржы активтері
42D Ұйым қаржы активтерін өткізу барысында өткізілген қаржы активтерінің танылуы толық немесе жартылай түрде талаптарға жауап бермеуі мүмкін. 42B(a) тармағында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін, ұйым анылуы тоқтатылмаған, әрбір өткізілген қаржы активтерінің түрі бойынша әрбір есеп кезеңінде келесі ақпаратты ашып көрсетуі тиіс:
(а) өткізілген активтердің сипаты.
(b) меншік құқығымен байланысты, ұйым алатын тәуекелдер мен басымдықтар сипаты.
(c) есеп беруші ұйымның өткізілген активті қолдануына шектеулерін қоса алғандағы, өткізілген активтер және сәйкес міндеттемелер сипаттамасы.
(d) өткізілген активтермен байланысты міндеттемелер бойынша контрагент (контрагенттер) тек өткізілген активтерге жүгінуге құқылы болса: өткізілген активтердің әділ құны көрсетілген кесте, осылармен байланысты міндеттемелердің әділ құны және нетто-позиция (өткізілген активтердің және осылармен байланысты міндеттемелердің әділ құны арасындағы айырмашылық)
(е) ұйым өткізілген активтерді тануын жалғастыра берген жағдайда: өткізілген активтердің және осылармен байланысты міндеттемелердің теңгерімдік құны.
(f) ұйым өзінің активтердегі жалғаспалы қатысуына байланысты, осы активтердітануын жалғастыра беруі (қараңыз: ХҚЕС (IFRS) 9 - дың 3.2.6(c) және 3.2.16 тармақтары): өткізуге дейінгі бастапқы активтердің жалпы теңгерімдік құны, ұйым тануын жалғастырып жатқан активтердің теңгерімдік құны және осылармен байланысты міндеттемелердің теңгерімдік құны.
Танылуы толықтай тоқтатылатын, өткізілген қаржы активтері
42E Ұйым өткізген активтерін мойындауды тоқтатқан (ХҚЕС(IFRS) 39 3.2.6 (a) және (c)(i) -тармақтарын қараңыз)., 42B(b) -тармақта баяндалған мақсаттарға сәйкес, бірақ қатысуын жалғастырған жағдайда, әрбір есептік мерзімге және әрбір жалғаспалы қатысу түрі бойынша ұйым кем дегенде ынадай ақпаратты ашып көрсетуі тиіс:
(а) ұйымның қаржылық жағдайы туралы есепте мойындалған және ұйымның танылуы тоқтатылған қаржы активтеріндегі жалғаспалы қатысуы,сонымен бірге аталған активтердің және міндеттемелердің теңгерімдік құны көрсетілген активтердің және міндеттемелердің теңгерімдік құны.
(b) ұйымның танылуы тоқтатылған, өткізілген активтердегі жалғаспалы қатысуын көрсететін, активтердің және міндеттемелердің әділ құны.
(с) ұйымның танылуы тоқтатылған, өткізілген активтердегі жалғаспалы қатысуынан туындайтын шығындарға тап болуының ең жоғарғы деңгейін көрсететін сома және ұйымның шығынға тап болуының ең жоғарғы деңгейін анықтау туралы ақпарат.
(d) танылуы тоқтатылған қаржылық активтерді сатып алу үшін қажет немесе қажет болуы мүмкін ақша қаражаттарының дисконтталмаған шығысы (мысалы, опциондық келісімшарттағы страйк-баға), немесе алушының өткізілген активтерге қатысты төленуге тиісті өзге де сомалар. Егер ақша шығысы ауыспалы болса, сома туралы ақпарат әрбір есептік кезеңге арналған шарттарға сәйкес ашылуы тиіс.
(e) танылуы тоқтатылған қаржылық активтерді сатып алу үшін қажет немесе қажет болуы мүмкін ақша қаражаттарының дисконтталмаған шығыстардың, немесе ұйымның аталған активтердегі жалғаспалы қатысуының келісімдік мерзімдерін көрсете отырып, алушының өткізілген активтерге қатысты төленуге тиісті өзге де сомалардың мерзімін сараптау.