30) заңдарда белгiленген тәртiппен және реттерде көлiк құралдарын тоқтатуға және жүргiзушiлердiң оларды пайдалануға және жүргiзуге құқық беретiн құжаттарын, жүктер мен оларды тасымалдауға құқық беретiн құжаттарын тексеруге; мас адамдарды, көлiк құралдарын жүргiзуге немесе пайдалануға құқық беретiн құжаттары жоқ адамдарды, сондай-ақ заңдарда көзделген басқа да жағдайларда, көлiк құралын жүргiзуден шеттетуге; заңдарда көзделген негiздер бойынша көлiк құралдарын ұстауға және Ішкі істер министрлігі белгілейтін мәжбүрлеу тәртібімен оларды жергілікті атқарушы органдардың шешімімен жасалған арнаулы алаңдарға немесе тұрақтарға уақытша сақтау үшін жеткізуге, сондай-ақ көлік құралдарының жүріс бөліктерін жауып тастауға; көшелер мен жолдарда көлiктiң және жаяу адамдардың қозғалысын, сондай-ақ оларда жүргiзiлiп жатқан барлық жұмыстарды уақытша шектеуге немесе оларға тыйым салуға;
31) қажет болған жағдайларда шаруашылық жүргізуші субъектілер мен азаматтардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауын тексеруде мемлекеттік өрттен қорғау қызметіне жәрдем көрсетуге;
32) төтенше жағдайларда барлық тұрғын, өндірістік және басқа да үй-жайларға бөгетсіз кіруге, сондай-ақ азаматтарды құтқаруға бағытталған өзге де шаралар қолдануға өртке қарсы күрес және апаттан құтқару қызметiнiң күштерi мен құралдарын, көлiк және басқа да материалдық-техникалық құралдарды меншік нысанына қарамастан ұйымдардың байланыс және химиялық қорғану құралдарын тартуға, қажет болған жағдайда адамдарды, материалдық құндылықтарды қауiптi аймақтан көшiруге өкiм жасауға; құтқару жұмыстарын жүргiзу және төтенше жағдайларды жою кезеңiне цехтар мен объектiлердiң жұмысын тоқтатуға;
33) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен:
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды;
жеке тұлғаларға:
азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, әкелуге, әкетуге;
заңды тұлғаларға:
жарылғыш материалдарды сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға;
азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды пайдаланып жасалған бұйымдарды сақтауға, тасымалдауға;
азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын сақтауға, тасымалдауға, әкелуге, әкетуге;
есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласында объектілерді және үй-жайларды пайдалануға;
атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін, штемпель-граверлеу кәсіпорындарын ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсаттар беруге;
33-1) қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдарды, сондай-ақ сотталған адамдарды және бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу таңдалған адамдарды оқшаулау жағдайында ұстау үшін тергеу жүргізетін уақытша ұстайтын оқшау бөлмелер болуға;
33-2) әуе кемелері ұшуының, сондай-ақ жолаушылар поездарының, теңіз және өзен кемелерінің қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында авиажолаушыларды, поездардың, теңіз және өзен кемелерінің жолаушыларын және олардың теңдеме жүктерін тексеруді, оның ішінде үстеме тексеруді жүзеге асыруға; заңда белгіленген тәртіппен қаруды, оқ-дәрілерді, есірткілерді және алып жүруге тыйым салынған өзге де заттар мен нәрселерді алуға;
33-3) өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, азаматтардың табиғат қорғау және малдәрігерлік заңдардың талаптарын орындауын, ұйымдардың табиғат қорғау, санитариялық-эпидемиологиялық және эпизоотияға қарсы шаралар жүргізуін бақылауға; ұйымдар әкімшілігі өкілдерінің қатысуымен бұл талаптардың орындалуына тексеру жүргізуге; қоршаған ортаға қауіп төндіретін тәртіп бұзушылықтар, індеттер мен эпизоотиялар пайда болған кезде ұйымдардың, жекелеген өндірістер мен учаскелердің жұмысын ішінара немесе толық тоқтата тұруға;
33-4) 2004.29.12 № 26-III ҚР Заңымен алып тасталды
33-5) жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алу, сақтап қою, сақтау және алып жүру, есепке алу, тасымалдау, әкелу, әкету;
азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды пайдалану арқылы жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету;
есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында объектiлердi және үй-жайларды пайдалану;
атыс тирлерi (атыс орындары) мен стендтерiн, штемпель-граверлiк кәсiпорындарды ашу және олардың жұмыс істеуі;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытындылар беру қағидаларын әзірлеуге;
34) мемлекеттік органдар мен меншiк нысанына қарамастан ұйымдардан, соның iшiнде анықтама мен тергеудi жүзеге асыратын арнаулы органдардан құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыстарды ашу мақсатында кедергiсiз әрi өтеусiз және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып ақпарат пен материалдарды алуға;
35) қылмыстың және басқа да құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған шаралар жөнiнде заңды және жеке тұлғаларға орындауға міндетті ұйғарымдар, ұсынулар және ұсыныстар беруге, сондай-ақ созылмалы маскүнемдiк, есiрткiқұмарлық, уытқұмарлық ауруына шалдыққан, жүйке бұзылуынан зардап шегетiн және басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын не қоғамдық тәртiптi бұзатын адамдарды ерiксiз емдеу үшiн денсаулық сақтау органдарына ұсыныстар мен материалдар жiберуге;
35-1) оралман мәртебесін беру тәртібін, оралманның және оның отбасы мүшелерінің уақытша орналастыру орталықтарында, сондай-ақ оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтарында болуының тәртібі мен уақытын айқындауға;
36) заңдарға сәйкес өндiрiстiк, қаржы-шаруашылық қызметiн жүзеге асыруға;
36-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ халықаралық шарттар негізінде шетелде ішкі істер органдары үшін кадрлар даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыруға;
36-2) ішкі істер органдарының ғылыми ұйымдарында қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық және өзге де құқыққа қайшы қол сұғушылықтың алдын алу және жолын кесу саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыруға;
37) халықтың құқық қорғау бағытында өз бетінше iс-қимыл жасайтын қоғамдық жасақтарының жұмысына жәрдемдесуге;
38) қоғамдық тәртiптi қорғауда, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде және құқық бұзушылыққа қарсы күресте көзге түскен азаматтарды көтермелеуге;
39) 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
39-1) сотталған адамның жеке-психологиялық ерекшелiктерiне зерттеу жүргiзуге және түзеу ықпалын, оның iшiнде психологиялық-педагогикалық әдiстерді қолданып ықпал етуге;
39-2) сотталған адамдарды түзеу мекемелерiнiң кәсiпорындарында немесе басқа да ұйымдарда еңбекке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекақы төленбейтiн жұмыстарға тартуға;
39-3) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағындағы және режимдiк талаптар белгiленген оған iргелес аумақтардағы адамдарға, олардың заттарына, көлiк құралдарына тексеру жүргiзуге, азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеруге, сондай-ақ тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленетiн тыйым салынған заттар мен құжаттарды алып қоюға;
39-4) көлiк қозғалысын уақытша шектеуге немесе тоқтатуға, азаматтарды қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің аумағына, сондай-ақ оған iргелес аумаққа жiбермеуге немесе ерекше жағдайлар режимiн енгiзу кезiнде онда қалуға не ол жерден кетуге мiндеттеуге;
39-5) қылмыстық-атқару инспекциясының есебiнде тұрған адамдарды қадағалауды және бақылауды қамтамасыз ету мақсатында олар тұратын тұрғын үй-жайларға, оларға тиесiлi жер учаскелерiне, оқу немесе жұмыс орны бойынша кез келген меншiк нысанындағы ұйымдардың өндiрiстiк және өзге де үй-жайларына кедергісіз кiруге;
39-6) есепте тұрған адамдарды қылмыстық-атқару инспекциясына алып келудi жүзеге асыруға;
39-7) қылмыстық-атқару қызметiне байланысты мәселелердi шешу үшiн соттарға, прокуратураға және өзге де органдар мен ұйымдарға жүгінуге құқылы;
40) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне арнайы құралдар мен атыс қаруын алып жүру, сақтау және қолдану құқығы берiледi. Олар дене күшін, оның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн қолдануға құқылы. Арнайы құралдарды, атыс қаруы мен дене күшін қолдану тәртiбi «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 11-1-баппен толықтырылды; 2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен 11-1-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 11-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 11-1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
11-1-бап. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 11-2-баппен толықтырылды
11-2-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3 Тарау 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4 Тарау 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 5-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-тарау. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайы
20-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің және өзге де жұмыскерлерінің еңбегін құқықтық реттеу
Ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріліп, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.
Ішкі істер органдарының өзге де жұмыскерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ережені қараңыз
21-бап. Iшкi iстер органдары үшiн кадрлар даярлау
1. Iшкi iстер органдары үшiн кадрлар даярлауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылатын, қайта құрылатын және таратылатын Iшкi iстер министрлігінiң білім беру ұйымдары, сондай-ақ өзге де білім беру ұйымдары жүзеге асырады.
2. Iшкi iстер министрлігінiң білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібін тиiстi түрдегi білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгiлік ережелерiне сәйкес Iшкi iстер министрi айқындайды.
22-бап. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң арнаулы атақтары
Ішкі істер органдарының негізгі міндеттері мен функцияларын атқаратын ішкі істер органдарының лауазымды адамдарына арнаулы атақтар беріледі.
Ішкi iстер органдарының арнаулы атақтар берілетін лауазымды адамдарының тізбесін, сондай-ақ орталық және аумақтық бөлімшелердегі соларға сәйкес шекті арнаулы атақтарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
23-бап. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерi
1. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi Республиканың бүкiл аумағында, атқаратын лауазымына және iшкi ведомстволық бағыныстылығына, уақытына қарамастан, азаматтар мен лауазымды адамдар оларға құқық бұзушылық туралы арыз немесе хабар берген жағдайда не осындай әрекет тiкелей анықталған ретте құқық бұзушылықтың жолын кесу және құқық бұзушыларды ұстау, көмекке мұқтаждарға жәрдем беру, оқиға болған орынды күзету, сондай-ақ таяу жердегi iшкi iстер органын хабардар ету үшiн өзiне берiлген құқықтарды толығымен пайдалануға мiндеттi.
2. Учаскелiк полиция инспекторы, iшкi iстер органы желiлiк пунктiнiң бастығы, патрульдiк учаскенiң бастығы, кәмелетке толмағандар iсi жөніндегі учаскелiк полиция инспекторы қызмет көрсетiлетiн әкiмшiлiк учаскеде немесе аумақта iшкi iстер органдарының барлық мiндеттерiн, оның iшiнде ұйымдар үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған мiндеттi ұсыныстар әзiрлей отырып, өз құзырының көлемi мен шегiнде атқаруды ұйымдастырады және жүзеге асырады.
3. Iшкi iстер министрлігінiң жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы лауазымы бойынша Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі бас мемлекеттік инспектор болып табылады.
4. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң азаматтардың құқықтарын уақытша шектейтiн iс-әрекеттерi «Заң атымен» деген сөздердi айта отырып жасалады. Кез келген адам мұндай жағдайда белсендi iс-әрекеттi тоқтатып, iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң талаптарына мүлтіксiз бағынуға және оның қызметтiк мiндеттерiн орындаумен байланысты нұсқауларын орындауға мiндеттi.
6 Тарау 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7 Тарау Iшкi iстер органдарын қаржымен және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
ҚР 22.12.1998 ж. № 327-1 Заңына сәйкес 33-бап өзгертiлдi
33-бап. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
ҚР 09.12.1998 ж. № 307-1; 06.12.2001 ж. № 260-11 Заңдарымен 34-бап өзгертiлдi; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 34-бап жаңа редакцияда
34-бап. Iшкi iстер органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Iшкi iстер органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етудiң шарттарын, тәртібі мен нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Ішкі істер органдарының қызметкерлері үлгілері мен тиесілік нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін нысанды және арнайы киіммен тегін қамтамасыз етіледі.
8 Тарау Қорытынды және өтпелi ережелер
35-бап. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
36-бап. Iшкi iстер органдарының қызметiне прокурорлық қадағалау
Iшкi iстер органдарының қызметiнде заңдардың дәл және бірыңғай қолданылуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оған бағынатын прокурорлар жүзеге асырады.
37-бап. Осы Заңның күшiне ену тәртібі
Осы Заң 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
38-бап. Осы Заңды iске асыру шаралары
1. «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 11, 288-құжат; 1992 ж., № 24, 593-құжат, 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1993 ж., № 17, 426-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) бұрын өзi қабылдаған шешiмдердi осы Заңға сәйкес келтiрсiн;
2) Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі туралы Ереженi бекiтсiн;
3) осы Заңнан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі өзiнiң нормативтiк актілерін осы Заңға сәйкес келтiрсiн.
Қазақстан Республикасының