Шетелдік əскери оқу орындарына оқуға жіберілген əскери қызметшілер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына жəне әскери қызметті өткеру туралы келісімшарттарға, сондай-ақ оқуға шақыруға сəйкес білім алады.
2. Негізгі орта білім беру базасында техникалық жəне кəсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына түсуге оқуға түсетін жылы он бес жасқа толған, бірақ он жеті жастан аспаған азаматтардың құқығы бар.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Əскери-дəрігерлік комиссияның оң қорытындысы негізінде қайта қабылданған адамдарды қоспағанда, егер шығарып жіберілген күнінен бастап бір жыл өтпесе, адамның əскери, арнаулы оқу орнына қайта қабылдануына рұқсат берілуі мүмкін.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Əскери қызметтен теріс себептермен шығарылған адам əскери, арнаулы оқу орнына қайта қабылданбайды.
2024.19.04. № 74-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Жоғары бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын əскери оқу орындарының түлектеріне «лейтенант» əскери атағы беріледі.
Техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери, арнаулы оқу орындарын бітіргеннен кейін əскери қызметшілерге «сержант» əскери атағы беріледi.
Әскери-медицина факультетінің курсанттарына «медицина қызметінің лейтенанты» әскери атағы бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаннан кейін не үздіксіз интеграцияланған медициналық білімнің білім беру бағдарламасының бесінші оқу жылын аяқтағаннан кейін беріледі.
Әскери интернатура бағдарламалары бойынша не үздіксіз интеграцияланған медициналық білімнің білім беру бағдарламасының алтыншы курсында оқуын жалғастыратын әскери қызметшілер әскери интернінің ауыспалы құрамының әскери лауазымында әскери қызмет өткереді.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 39-1-баппен толықтырылды; 2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен 39-1-баптың тақырыбы өзгертілді (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
39-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті
2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті (бұдан әрі - Ұлттық қорғаныс университеті) əскери оқу орны болып табылады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Ұлттық қорғаныс университетіне түсуге өздерінің кадр органдарының жолдамасы бойынша əскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының офицерлік құрамы қызметкерлерінің, сондай-ақ мемлекеттік құпияларға рұқсаты болған кезде Қарулы Күштердің, мемлекеттік органдардың азаматтық персонал адамдарының құқығы бар. Бұл ретте Қарулы Күштердің және мемлекеттік органдардың азаматтық персонал адамдары қашықтан оқытуды қолдана отырып қана білім алады.
2024.19.04. № 74-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Ұлттық қорғаныс университетіне жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылданған адамдар әскери қызметші немесе қызметкер мәртебесі сақтала отырып, әскери резидент-дәрігер, магистрант немесе докторант лауазымына тағайындалады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.19.04. № 74-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Әскери резидент-дәрігер, магистрант немесе докторант лауазымына тағайындалған əскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сəйкес ақшалай ризықпен қамтамасыз етіледі.
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Әскери оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы кемінде үш жылда бір рет біліктілігін арттырудан өтуге тиіс.
2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 40-баптың тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
40-бап. Әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт мерзімі және оны жасасу тәртiбi
1. Әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт:
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) үш жылға;
2) бес жылға;
3) он жылға;
4) әскери қызметте болудың шекті жасына толғанға дейін;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) курсанттар жəне əскери интерндер үшін - əскери, арнаулы оқу орнындағы оқу мерзіміне жəне оны бітіргеннен кейiн əскери қызметтің он жылына (ұшу құрамының курсанттары үшін - оны бітіргеннен кейін əскери қызметтің он бес жылына);
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.19.04. № 74-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) тыңдаушылар, магистранттар, докторанттар, адъюнкттер үшін - оқу мерзіміне жəне əскери, арнаулы оқу орнын бітіргеннен кейін əскери қызметтің бес жылына, әскери резидент-дәрігерлер үшін - әскери қызметтің он жылына не əскери қызметте болудың шекті жасына толғанға дейін;
2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) резервтегі әскери адамдар үшін - үш жылға;
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
8) кадеттер үшін - əскери оқу орнында оқу мерзіміне жəне оны бітіргеннен кейін əскери қызметтің бес жылына жасалады.
2. Кандидаттарды iрiктеу және олардың келiсімшарт бойынша әскери қызметке кiру тәртiбi Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалады.
2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 6-1-тараумен толықтырылды (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1-тарау. Резервтегі әскери қызмет
40-1-бап. Резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт
1. Резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшартты Қазақстан Республикасының азаматы Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың уәкілетті лауазымды адамымен жасасады.
2. Резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт ерікті түрде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес екі тарап арасында жазбаша жасалады және өзінің қолданысын:
1) мерзімінің өтуі бойынша;
2) әскери қызметшінің мерзімінен бұрын босатылуына байланысты;
3) әскери қызметші әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт немесе резервтегі әскери қызметті өткеру туралы басқа келісімшарт жасасқан күннен бастап;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларда тоқтатады.
3. Резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшартта азаматтың әскери қызметке кіруінің еріктілігі, азаматтың әскери қызметті өткеруге міндеттенген мерзімі және резервтегі әскери қызметті өткерудің басқа да талаптары бекітіледі.
4. Резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарттың талаптарында азаматтың резервтегі әскери қызметті өткеру көзделген мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған мерзімдерде және тәртіппен әскери бөлімге (мекемеге) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарға немесе жиындарға және дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарға келу міндеті қамтылады.
Резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт талаптарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер, кепілдіктер мен өтемақылар алуды қоса алғанда, азаматтың өз құқықтары мен өзінің отбасы мүшелері құқықтарының сақталу құқығы қамтылады.
40-2-бап. Резервтегі әскери қызметке кіретін адамдарға қойылатын талаптар
1. Резервтегі әскери қызметке кіретін адамдар мынадай талаптарға сай келуге тиіс:
1) Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы;
2) қажетті жеке, моральдық және кәсіби қасиеттерінің, білім деңгейінің болуы, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды болуы;
3) он сегіз жастан кіші болмауы және резервтегі әскери қызметте болудың шекті жасына дейін үш жыл қалуы;
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) әйелдерді қоспағанда, мерзімді әскери қызметті өткеруі не әскери кафедрада (əскери факультетте) оқудан немесе әскери-техникалық мамандарды даярлау бойынша Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери даярлықтан өтеулі негізде өтуі.
Резервтегі әскери қызметке кіретін адамдар әскери қызмет өткеруге байланысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдайды, олар жазбаша нысанда тіркеледі.
2. Резервтегі әскери қызметке:
1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;
2) медициналық (әскери-дәрігерлік) комиссия резервтегі әскери қызметке кіруге жарамсыз деп таныған;
3) сот белгілі бір мерзім ішінде мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айырған;
4) резервтегі әскери адамның әскери қызметте болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдаудан бас тартқан;
5) қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
6) мемлекеттік қызметші ретінде активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, резервтегі әскери қызметке кіргенге дейінгі үш жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған;
7) психофизиологиялық зерттеуден және (немесе) медициналық куәландырудан өтпеген;
8) резервтегі әскери қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін өзіне қатысты соттың айыптау үкімі шыққан немесе қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік немесе әскери қызметінен, арнаулы мемлекеттік органдарынан, құқық қорғау органдарынан, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен теріс себептер бойынша шығарылған, сондай-ақ теріс себептер бойынша судья өкілеттігін тоқтатқан адам қабылданбайды.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің күші:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның кәсіптік жарамсыздығына орай атқаратын лауазымына сай келмеуі туралы шешімінің негізінде судья өкілеттігін тоқтатқан;
қатарынан үш және одан көп сағат бойы дәлелді себепсіз қызметте болмауына байланысты қызметтен шығарылған адамға қолданылмайды, ол осындай қызметтен шығарылғаннан кейін екі жыл өткен соң резервтегі әскери қызметке кіруге құқылы.
2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңына сәйкес 2-тармақтың 9) тармақшасының бесінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына резервтегі әскери қызметке «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып кіреді;
10) арнаулы тексеруден өтпеген және (немесе) өзі не өзінің ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары) немесе жұбайы және оның ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары) туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған;
11) резервтегі әскери қызметті өткеру көзделген уәкілетті органның бірінші басшысы бекіткен дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді орындамаған;
12) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында және құқық қорғау органдарында қызмет өткеріп жүрген;
13) вахталық әдіспен не ауысымдық жұмыста жұмыс істеп жүрген адам;
14) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де адамдар қабылданбайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайлардың кез келгенінің болуы резервтегі әскери қызметке қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.
3. Резервтегі әскери қызметке кіретін адамға қатысты арнайы тексеру жүргізіледі.
Резервтегі әскери қызметке кіретін адамдарға қатысты резервтегі әскери қызметті өткеру көзделген мемлекеттік органның басшысы айқындаған тәртіппен психофизиологиялық зерттеулер қолданыла отырып, тексеру жүргізіледі.
4. Денсаулық жағдайы бойынша резервтегі әскери қызметке жарамдылығын айқындау үшін Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес медициналық куәландыру жүргізіледі.
5. Сондай-ақ мыналар:
1) осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді ұсынбау немесе бұрмалау;
2) кандидаттың әскери-есептік мамандығы бойынша бос лауазымдардың болмауы;
3) психофизиологиялық зерттеулердің теріс нәтижелері;
4) осы Заңның 36-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында және 2-тармағының 1), 2), 5) және 9) тармақшаларында көрсетілген босату резервтегі әскери қызметке кіретін адамға бас тарту үшін негіздер болып табылады.
6. Осы Заңның 8-бабының 2), 3) және 4) тармақшаларының талаптары резервтегі әскери адамға қолданылмайды.
40-3-бап. Резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарттың мерзімі және оны жасасу тәртібі
1. Резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт үш жылға жасалады.
2. Кандидаттарды іріктеу және олардың резервтегі әскери қызметке кіру тәртібі Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалады.
40-4-бап. Жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өту
1. Резервтегі әскери адамдар резервтегі әскери қызметті өткеру көзделген мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған тәртіппен жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өтеді.
Жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар айына күнтізбелік үш күнге дейінгі, бірақ жылына күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде өткізіледі.
Жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарды өткізіп алған кезде резервтегі әскери адам көрсетілген сабақтарға әскери бөлімнің (мекеменің) командирімен (бастығымен) келісу бойынша басқа бос уақытта баруға міндетті.
Ұзақтығы күнтізбелік отыз күн болатын жауынгерлік даярлық бойынша жиындар осы жиындардың соңғы күндерінде екі демалыс күні беріле отырып, жылына бір рет өткізіледі.
2. Резервтегі әскери адамдар дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындар жарияланған жағдайда, резервтегі әскери қызметті өткеру көзделген мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған мерзімдерде және тәртіппен әскери бөлімге (мекемеге) келуге міндетті.
3. Жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервтегі әскери адамның жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
7-тарау. ЗАПАСТА ТҰРУ
41-бап. Запасқа қою
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Запаста болудың шекті жасына толмаған:
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) әскери немесе құқық қорғау қызметінен немесе азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен шығарылған;
2) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызметтен:
қатардағы және сержанттық құрамдар қатарынан;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінен;
теріс себептермен;
қызмет өткеру туралы келісімшарт талаптарын орындамауға байланысты шығарылған;
3) әскери қызметке шақырудан босатылуына байланысты әскери қызмет өткермеген;
4) жиырма жеті жасқа толғаннан кейін әскерге шақыруды кейінге қалдырудың берілуіне байланысты әскери қызмет өткермеген;
5) әскери-есептік мамандығы бар әйелдер;
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының əскери кафедраларында (əскери факультеттерінде) запастағы офицерлер жəне запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша əскери даярлықтан өткен;
7) Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында өтеулі негізде әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша оқудан өткен адамдар запасқа алынды деп есептеледі.
2. Запаста тұратын адамдар әскери қызметке жарамдылығын айқындау үшін Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларына сәйкес медициналық куәландырудан өтедi.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мерзiмдi əскери қызметке шақырудан босатылған жəне жиырма жеті жасқа толуына байланысты əскерге шақыруды кейінге қалдырудың берілуімен əскери қызмет өткермеген адамдарды, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша өтеулі негізде оқудан өткен азаматтарды ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi əскери басқару органдары запастағы «қатардағы жауынгер» («матрос») əскери атағын бере отырып, запасқа алады.
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Запасқа қойған кезде адамдардың әскери-есептік мамандығын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi әскери басқару органдары əскери міндеттілер мен əскерге шақырылушыларды əскери есепке алу қағидаларына сəйкес айқындайды.
5. Ұлттық қауіпсiздiк органдары және сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган үшін әскери міндеттілердiң запасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінен шығарылған қызметкерлер өздерінің арнаулы атағына тең запастағы əскери атақ беріле отырып, запасқа алынып, жергiлiктi əскери басқару органдарына есепке алуға жіберіледі.
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Запаста болу əскери жиындардан (əскери міндеттілердің курстық даярлығынан) өтуді, əскери қызметке шақыруды ұйымдастыру жəне жүргізу қағидаларын орындауды жəне əскери есепке алу бойынша міндеттерді сақтауды білдіреді.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Қорғаныс министрлігінің əскери барлау органдары əскери қызметшілерінің қолданыстағы резервте болуы барлау қызметі шеңберінде жүктелген жедел міндеттерді орындау кезінде əскери қызмет өткеруді қамтиды. Қорғаныс министрлігінің əскери барлау органдары əскери қызметшілерінің қолданыстағы резервте болу тəртібін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайды.
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Запасқа қойылған әскери міндеттілер әскери жиындардан (əскери міндеттілердің курстық даярлығынан) өткен немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген жағдайда олар резервке қойылған әскери міндеттілер санатына ауыстырылады.
42-бап. Запаста тұрудың шектi жасы
1. Әскери міндеттілердің запаста тұруының шектi жасы мынадай болады:
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) қатардағы және сержанттық құрамдар - елу жасты қоса алғанда;
2) офицерлер құрамы үшін - алпыс жасты қоса алғанда.
2. Әскери мiндетті әйелдердің запаста тұруының шектi жасы мынадай болады:
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) қатардағы және сержанттық құрамдар үшiн - отыз бес жасты қоса алғанда;
2) офицерлер құрамының адамдары үшiн - қырық бес жасты қоса алғанда.
3. Запаста тұрудың шектi жасына толған әскери мiндеттілер немесе денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдар әскери есептен шығарыла отырып, отставкаға ауыстырылады.
4. Соғыс уақытында Қазақстан Республикасының Президентi запаста тұрудың шекті жасын бес жылға дейін ұзартуы мүмкін.
43-бап. Әскери жиындардан өту
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Әскери міндеттілер оқу-жаттығу, тексеру және арнайы әскери жиындарға шақырылады немесе өтеулі негізде курстық даярлықтан өтеді.
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Ұзақтығы екі айға дейінгі оқу-жаттығу жиындарына әскери міндеттілер бес жылда бір рет шақырылады.
Əскери міндеттілердің курстық даярлық бағдарламасы бойынша толық курстан өтуі əскери оқу-жаттығу жиындарынан өтумен теңестіріледі.
3. Әскери міндеттілер оқу-жаттығу жиындары арасындағы кезеңде он бес күнге дейінгі мерзімге тексеру жиындарына тартылуы мүмкін.
4. Запаста тұру уақытындағы жиындардың жалпы мерзімі әскери міндеттілер үшін он сегіз айдан аспауға тиіс. Бұл ретте оқу-жаттығу жиындарында болудың жалпы мерзіміне тексеру жиындарында болған уақыт та есептеледі.
2025.30.06. № 202-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Арнаулы әскери жиындар ұзақтығы үш айға дейін жүргізіледі.
2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Əскери жиындар кезеңінде əскери міндеттілердің жұмыс орны мен атқаратын лауазымы сақталады, оларға бюджет қаражаты есебінен орташа, бірақ республика бойынша орташа жалақыдан жоғары емес жалақы, ал жұмыс істемейтіндерге ең төмен жалақы төленеді.
Әскери міндеттінің дәлелсіз себептермен жиындар орналасқан жерден тыс болған уақыты әскери жиындардан өту мерзіміне есептелмейді.
8-тарау. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
44-бап. Әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Əскери жиындар кезеңіндегі əскери міндеттілерді және резервтегі әскери адамдарды қоспағанда, əскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде белгіленетін ақшалай ризықпен қамтамасыз етіледі.