ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
әскери-патриоттық тәрбие, әскери қызмет және жекелеген орталық
мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 25 тамыздағы № 141-ө Өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:
124-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Әскери жиындарға шақыру кезеңінде әскери міндетін орындағаны үшін жұмыскерге жалақы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілген міндетті орындайтын жері бойынша төленеді.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жергілікті әскери басқару органдарына шақыру кезінде әскери қызметке немесе әскери жиындарға шақырылуға жататын жұмыскерлердің медициналық комиссиядан өту кезеңінде жұмыс орны (лауазымы), жұмыс орны бойынша жалақысы сақталады, ал әскерге шақыру бойынша әскери қызметті (жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезіндегі және соғыс уақытындағы әскери қызметті қоспағанда) өткеру немесе әскери жиындар кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеру кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталған жұмыскер әскери қызметтен шығарылуына байланысты әскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен алып тасталған күннен бастап бір айдан кешіктірмей өзінің еңбек міндеттеріне кірісуге міндетті.».
2. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы «және әскери-патриоттық тәрбиені» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 8-бап мынадай мазмұндағы 1-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) әскери-патриоттық тәрбие жүйесін дамыту мен ілгерілетуге бағытталған іс-шараларға қатысады;»;
«6-2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңесімен тікелей өзара іс-қимылды жүзеге асырады;»;
3) 9-бап мынадай мазмұндағы 7-4), 7-5) және 7-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-4) Қорғаныс министрлігінің жанындағы әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңесімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
7-5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жанынан әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңестерін құрады және олар туралы ережені бекітеді;
7-6) әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде әскери-патриоттық тәрбие жүйесін дамыту мен ілгерілетуге бағытталған іс-шараларды іске асырады;»;
4) 4-тарау мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
«17-1-бап. Қорғанысты ақпараттық-идеологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету
Қорғанысты ақпараттық-идеологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуді мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар жүзеге асырады және ол:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарында патриотизм мен қазақстандық біртектілікті;
2) барлық білім беру деңгейі мен барлық әлеуметтік топта әскери-патриоттық тәрбие жүйесін;
3) әскери қызметтің, әскери қызметшінің, Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар мәртебесінің оң имиджін қалыптастыру үшін жағдайлар мен алғышарттар жасауға бағытталған.»;
5) 22-баптың 2-тармағында:
9) тармақшадағы «әскери даярлықты жүзеге асыратын ведомстволық әскери оқу орындары мен басқа да білім беру ұйымдарының» деген сөздер «ведомстволық әскери оқу орындарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-1) және 16-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-1) білім беру, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша білім беру ұйымдарында әскери даярлықтың сапасын мониторингтеу және талдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
«16-5) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарының бірінші басшыларымен бірлесе отырып, әскери қызметшілерді көлік құралдарын басқаруға даярлау, емтихандар қабылдау және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиесілі көлік құралдарын басқару құқығын беретін әскери қызметшілердің жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
21) тармақша алып тасталсын;
26-14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
2-тармағы 5) тармақшасының сегізінші абзацы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«26-14) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі даярлық қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
26-20) тармақшадағы «білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әскери оқу орындары мен әскери кафедралардағы» деген сөздер «ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әскери оқу орындары мен әскери кафедралардағы (әскери факультеттердегі)» деген сөздермен ауыстырылсын;
26-23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«26-23) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында әскери кафедра (әскери факультет) құру және оны тарату туралы шешім қабылдайды және ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында әскери кафедра (әскери факультет) құру және оны тарату қағидаларын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 26-35), 26-36) және 26-37) тармақшалармен толықтырылсын:
«26-35) Қорғаныс министрлігінің жанынан әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңесін құрады және ол туралы ережені бекітеді;
26-36) мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді білім беру жеңілдіктерін алуға конкурстық іріктеу қағидаларын әзірлейді және оларды ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша құрылымында әскери қызмет өткеру көзделген мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен бірлесіп бекітеді;
2-тармағы 5) тармақшасының он бесінші абзацы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
26-37) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық қағидаларын әзірлейді және бекітеді;».
3. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
5-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу;».
4. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 38-3) тармақшасы «дамытуға» деген сөзден кейін «, әскерге шақыруға дейінгі даярлыққа» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 6-бапта:
2-тармақта:
4-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4) тармақша «дарынды балаларды» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықтан өтіп жатқан балаларды» деген сөздермен толықтырылсын;
13) тармақша «ауқымдағы конкурстар» деген сөздерден кейін «, облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдарда бастапқы әскери даярлық бойынша жарыстар» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
4-тармағы 2) тармақшасының алтыншы абзацы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
14) тармақша «дарынды балаларды» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықтан өтіп жатқан балаларды» деген сөздермен толықтырылсын;
15) тармақша «мектеп олимпиадаларын,» деген сөздерден кейін «бастапқы әскери даярлық бойынша жарыстар,» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармағы 3) - 6) тармақшалары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3) 8-баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 6) тармақшасы «арналған» деген сөзден кейін «немесе әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 14-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі «Дарынды адамдардың» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ әскери іске қызығушылық пен қабілет танытатын адамдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 18-баптың екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскер қатарына шақыруға дейінгі терең даярлықты мамандандырылған мектептерінде» деген сөздер «әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты мамандандырылған білім беру ұйымдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 23-баптың 3-тармағы «бекітетін білім беру бағдарламаларын» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекітетін әскерге шақыруға дейінгі даярлық бойынша қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 26-баптың 3-тармағының үшінші бөлігіндегі «50-1-бабының 2) тармақшасына» деген сөздер «50-1-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 28-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Әскери-патриоттық тәрбие білім беру ұйымдарындағы тәрбие бағдарламаларының ажырамас бөлігі болып табылады.»;
9) 43-1-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) білім алушыларды запастағы офицерлер және запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлауды;»;
2-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) білім алушыларға дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде, босанған, бала асырап алған жағдайларда бала үш жасқа толғанға дейін, сондай-ақ әскери қызметке шақыруға байланысты академиялық демалыстар беру;»;
10) 47-баптың 17-2-тармағы 4) тармақшасындағы «адамдарға беріледі.» деген сөздер «адамдарға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің (әскери жиындарды қоспағанда) белгіленген мерзімін өткерген жағдайда азаматтарға;
6) әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасқан және оның талаптарын сақтаған жағдайларда азаматтарға беріледі.»;
11) 59-1-бапта:
2-тармақта:
4-тармағы 11) тармақшасының үшінші абзацы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
13) тармақша «дарынды балаларды» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықтан өтіп жатқан балаларды» деген сөздермен толықтырылсын;
14) тармақша «шеберлік конкурстарын» деген сөздерден кейін «, бастапқы әскери даярлық бойынша жарыстар» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың 9) тармақшасы «шеберлік конкурстарын» деген сөздерден кейін «, бастапқы әскери даярлық бойынша жарыстар» деген сөздермен толықтырылсын.
5. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 10-баптың 12-тармағының бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Әскери, арнаулы оқу орындарында, сондай-ақ шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында оқудың толық курсын бітірген азаматтар үшін оқу уақыты мерзімді әскери қызмет өткерумен теңестіріледі.
Әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберілген, сондай-ақ келісімшарт жасасудан бас тартқан курсанттар әскерге шақырылушылардың әскери есебіне қою үшін жергілікті әскери басқару органдарына жіберіледі және белгіленген тәртіппен әскери қызмет өткереді.»;
2) 51-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Әскери, арнаулы оқу орнынан немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымынан шығарып жіберілуіне байланысты қызметтен шығарылған курсанттар әскерге шақырылушылардың әскери есебіне қою үшін жергілікті әскери басқару органдарына жіберіледі және белгіленген тәртіппен әскери қызмет өткереді.»;
3) 52-баптың 2-тармағында:
1) тармақшадағы «қатардағы» деген сөз «курсанттарды қоспағанда, қатардағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-1) тармақша «тыңдаушылар қатарынан» деген сөздермен толықтырылсын.
6. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
5) тармақшадағы «әскери есепке алынғанға» деген сөздер «әскерге шақыру жасына толғанға» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «органдарының әскерге шақыру учаскелеріне тіркелген» деген сөздер «органдарында әскери есепте тұратын» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақшаның үшінші абзацындағы «, әскери оқу орындарына түскен кезде әскерге шақырылушыларды және әскери кафедралардың студенттерін» деген сөздер алып тасталсын;
14) және 25-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«14) әскери кафедра (әскери факультет) - запастағы офицерлер және (немесе) запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша студенттерді әскери даярлауды және әскери-патриоттық тәрбиелеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшесі;»;
«25-2) әскери-оқу практикасы - әскери даярлықтың тиісті бағдарламасы бойынша теориялық білімді, машықтарды бекітуге, практикалық дағдыларды меңгеру мен дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі;»;
мынадай мазмұндағы 25-3) тармақшамен толықтырылсын:
«25-3) әскери резидент-дәрігер - медициналық ұйым тәлімгерінің қадағалауымен резидентураның білім беру бағдарламасы шеңберінде білім алатын әскери қызметші;»;
26) және 30-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
6-тармағының 1) тармақшасы он бірінші абзацыны қолданысы 2026 ж. 1 қыркүйекке дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 2-баптың редакциясында қолданылады
«26) бастапқы әскери даярлық - орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери қызметке даярлау және оларды әскери-патриоттық тәрбиелеу шеңберінде әскери іс негіздері бойынша міндетті оқыту пәні (оқу пәні);»;
6-тармағы 1) тармақшасының он екінші абзацы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«30-1) жас айбын - әскерге шақыруға дейінгі даярлық бойынша қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын адам;»;
мынадай мазмұндағы 30-2) және 30-3) тармақшалармен толықтырылсын:
6-тармағы 1) тармақшасының он төртінші абзацы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«30-2) жас сарбаз - әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша тәрбиеленетін және білім алатын адам;
30-3) жауынгерлік даярлық бойынша жиындар - резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілермен жауынгерлік даярлық бағдарламалары бойынша өткізілетін іс-шаралар;»;
35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«35) курстық даярлық - белгілі бір әскери-есептік мамандықтар бойынша әскери білім мен дағдыларды алуға, сақтауға және жетілдіруге бағытталған, мыналарда:
әскери қызметшілер үшін әскери оқу орындарында, әскери басқару органдарының оқу орталықтарында, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымында немесе халықаралық шарттарға немесе шақыруларға сәйкес шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында;
әскери міндеттілер үшін әскери оқу орындарында, Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жанындағы әскери кафедраларда (әскери факультеттерде) немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымында жүзеге асырылатын әскери қызметшілер мен әскери міндеттілерге қосымша білім беру нысаны;»;
мынадай мазмұндағы 35-2) тармақшамен толықтырылсын:
«35-2) қатардағы жауынгерлер (матростар) - қатардағы құрамның тиісті әскери атақтары берілген әскери қызметшілер;»;
37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«37) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымы - азаматтарды әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлауды, қайта даярлауды, әскери қызметшілер мен әскери міндеттілерді курстық даярлықты, оның ішінде көлік құралдарын басқару бойынша даярлауды өтеусіз, өтеулі негіздерде жүзеге асыратын ұйым;»;
44) және 46) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 52) тармақшамен толықтырылсын:
«52) штаттан тыс құрамның əскери лауазымы - əскери кафедраның (əскери факультеттің) студенттерді əскери даярлау жəне əскери-патриоттық тəрбиелеу жөніндегі лауазымдық өкілеттіктер жүктелген штат бірлігі.»;
2) 5-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 15) тармақшасы «біліктілігін арттыруда,» деген сөздерден кейін «курстық даярлықта,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
«7-1-бап. Əскери міндеттілердің жалпы міндеттері
1. Əскери міндетті:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын жəне Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
2) əскери есепке алу бойынша міндеттерді сақтауға;
3) əскери білім мен дағдыларды алу, сақтау жəне жетілдіру үшін, оның ішінде кезекті əскери атақтар алу үшін əскери жиындардан не əскери міндеттілердің курстық даярлығынан өтуге;
4) əскери даярлық кезеңінде тəртіпті, қырағы болуға;
5) əскери даярлық кезеңінде əскери мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге;
6) əскери даярлық кезеңінде əскери қызмет мүдделеріне зиян келтіретін жария сөйлеуге жол бермеуге міндетті.
2. Əскери жиындарға шақырылған əскери міндеттілердің лауазымдық жəне арнаулы міндеттері жалпыəскери жарғыларда айқындалады.
3. Əскери міндеттілердің өзге де міндеттері Қазақстан Республикасының заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленуі мүмкін.»;
4) 2-тараудың тақырыбы «жəне əскери-патриоттық тəрбиелеу» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 9-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Азаматтарды əскери қызметке даярлау:
1) мыналар:
6-тармағы 5) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша əскерге шақыруға дейінгі даярлық;
мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық;
бастапқы əскери даярлық;
запастағы офицерлер жəне запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша əскери даярлық қамтылған білім беру ұйымдарындағы əскери даярлықты;
2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарындағы əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша əскери даярлықты;
3) əскери міндеттілердің курстық даярлығын қамтиды.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі білім беру ұйымдарындағы əскери даярлықтың сапасын мониторингтеу мен талдауды білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамасының азаматтарды əскери қызметке даярлау бөлігіндегі талаптарының сақталуы жəне білім беру ұйымдарында əскери даярлықтың сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар əзірлеу мақсатында жүзеге асырады.»;
6-тармағы 5) тармақшасының он үшінші - он жетінші абзацтары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 6 жəне 7-тармақтармен толықтырылсын:
«6. Бастапқы əскери, əскерге шақыруға дейінгі жəне əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты жүзеге асыратын азаматтардың біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың, əскери оқу орындарының, сондай-ақ жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының əскери кафедраларының (əскери факультеттерінің) базасында бастапқы əскери даярлық қағидаларына сəйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың, əскери оқу орындарының, сондай-ақ жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының əскери кафедраларының (факультеттерінің) базасында бастапқы əскери даярлықтың білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттырудан өткені туралы құжат білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен біліктілік санатын беру кезінде ескеріледі.
Бастапқы əскери, əскерге шақыруға дейінгі жəне əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты жүзеге асыратын азаматтардың біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламасы білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен əзірленеді жəне оны Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекітеді.
7. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі əскерге шақыруға дейінгі даярлық бөлігінде балаларға арналған қосымша білім беруді реттейтін, сондай-ақ бастапқы əскери даярлықты, оның ішінде əскерге шақыруға дейінгі жəне əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық шеңберінде жүзеге асыратын педагогтерге қатысты бөлігінде аттестаттау, біліктілік санаттарын беру, біліктілікті арттыру мен педагогикалық қайта даярлау тəртібін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін əзірлеуге жəне келісуге қатысады.»;
6) 10-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші жəне үшінші бөліктермен толықтырылсын:
6-тармағының 6) тармақшасы үшінші жəне төртінші абзацтарының қолданысы осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады
«Алғашқы əскери даярлықты:
1) тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі бар, əскери қызмет өткерген немесе жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім беру ұйымдарының əскери кафедрасында (əскери факультетінде) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша əскери даярлықтан өткен;
2) офицерлер, аға немесе жоғары сержанттар құрамдарының лауазымдарында əскери қызмет өткерген (əскери қызметке қайта кіру құқығынсыз теріс себептермен əскери қызметтен шығарылған азаматтарды қоспағанда), жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар азаматтар жүзеге асыра алады.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасында аталған азаматтардың кəсіптік дағдылары бастапқы əскери даярлық бейіні бойынша кəсіптік білімге сай келеді жəне олар бастапқы əскери даярлық қағидаларына сəйкес педагогикалық қайта даярлаудан өткен жағдайда бастапқы əскери даярлықты жүзеге асыруға құқылы.»;
2-тармақтағы «Азаматтарды əскери қызметке даярлау қағидаларына сəйкес мерзімді əскери қызметке шақырылар алдында» деген сөздер «əскери қызмет өткеру кезеңінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «тəртібін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындайды» деген сөздер «тəртібі бастапқы əскери даярлық қағидаларында айқындалады» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармағы 7) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
7) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық
1. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты мамандандырылған білім беру ұйымдарында іске асырылады.
2. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты ұйымдастыру жəне одан өту тəртібі мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық қағидаларында айқындалады.
3. Əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты мамандандырылған білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру жəне тарату Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісіледі.
4. Əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты мамандандырылған білім беру ұйымдарына бірінші басшылар мен педагогтер лауазымдарына тағайындау жəне оларды лауазымдарынан босату тəртібі, сондай-ақ олардың біліктілік сипаттамалары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісіледі.
5. Əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты мамандандырылған білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қатысуымен жүзеге асырылады.»;
6-тармағы 8) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
8) мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:
«11-1-бап. Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша əскерге шақыруға дейінгі даярлық
1. Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша əскерге шақыруға дейінгі даярлық негізгі орта жəне жалпы орта, техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарында жас айбындар сыныптарында, топтарында жүзеге асырылады. Сондай-ақ жас айбындарды əскерге шақыруға дейінгі даярлық балаларға қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда жəне əскери бөлімдердің (мекемелердің) қатысуымен жүзеге асырылуы мүмкін.