2. Курсанттардың, кадеттердің жəне əскерге шақыру бойынша əскери қызметшілердің, резервтегі әскери адамдардың отбасы мүшелерін қоспағанда, əскери қызметшілердің өздерімен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелеріне:
əскери қызметші басқа жергілікті жерге, оның ішінде əскери бөлімнің (мекеменің) немесе бөлімшенің құрамында ауысқан;
уəкілетті орган əскери қызметшіні əскери бөлім (мекеме) тізімдерінен алып тастап, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери, арнаулы оқу орындарына, басқа да білім беру ұйымдарына, оның ішінде шетелдік оқу орындарына оқуға жіберген, сондай-ақ үлгерімсіздігі, тəртіпсіздігі үшін, басқа да теріс себептермен немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберу жағдайларын қоспағанда, оқу бітіргеннен кейін;
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуға байланысты, арнайы тексеруден бас тартқан кезде, теріс себептермен, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметтік сəйкес келмеуі бойынша қызметтен шығаруды қоспағанда, əскери қызметші əскери қызметтен шығарылған жағдайларда, теміржол, автомобиль жəне ішкі су көлігімен бюджет қаражаты есебінен жол жүру құқығы беріледі.
2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Әскери қызметшілердің, оның ішінде қызмет өткеру уақытында қаза тапқандардың, қайтыс болғандардың немесе хабар-ошарсыз кеткендердің балаларына жергілікті атқарушы органдар тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі балалар мекемелерінде кезектен тыс орындар береді.
Әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан немесе мүгедек болып қалған, қызмет өткеру уақытында хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілердің балалары әскери колледждерге, əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты мамандандырылған білім беру ұйымдарына конкурстан тыс қабылдану құқығын пайдаланады.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші, мерзімді қызметтің әскери қызметшісі, курсант, кадет, әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда және дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда жүрген резервтегі әскери адам әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.
Ай сайынғы ақшалай төлем балаларға (оның ішінде асырап алған балаларына, бірге тұратын өгей балаларына) - олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіндегі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу орнын күндізгі нысанда аяқтағанға дейін жиырма үш жастан аспайтын шекте, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде көзделген асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақылардың төленуіне қарамастан, жұбайына (зайыбына) өмір бойы төленеді.
Əскери қызмет міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған), келісімшарт бойынша əскери қызмет өткерген əскери қызметшінің, мерзімді қызметтің əскери қызметшісінің, курсанттың, кадеттің, əскери жиындарға шақырылған əскери міндетті адамның, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда жəне дағдарыстық ахуал кезіндегі жиындарда болған резервтегі əскери адамның жұбайына (зайыбына) төленетін ай сайынғы ақшалай төлем ол қайтадан некеге тұрған жағдайда тоқтатылады.
Ай сайынғы ақшалай төлем оны алуға құқығы бар адам өтініш берген күннен бастап жүзеге асырылады.
9-тарау. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
53-бап. Әскери қызметшілердің жауаптылығы
1. Әскери тәртіпті бұзғаны үшін командир (бастық) әскери қызметшіге тәртіптік жазалардың:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту;
5) лауазымында бір сатыға төмендету;
6) әскери атағын бір сатыға төмендету;
7) теріс себептер бойынша әскери қызметтен босату түрлерін қолданады.
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілгендерден басқа, мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерге, курсанттар мен кадеттерге қатысты тәртіптік жазалардың мынадай түрлері қолданылады:
1) әскери бөлім орналасқан жерден немесе корабльден жағалауға кезекті сейілге шығудан айыру;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың кеуде айырым белгісінен айыру.
3. 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Осы Заңның 26-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әскери қызметтен шығаруды қоспағанда, теріс себептермен әскери қызметтен шығару әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге қатысты қолданылмайды.
5. Әскери қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту жалпы әскери жарғыларда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 53-1-баппен толықтырылды
53-1-бап. Әскери қызметшілердің материалдық жауаптылығы
1. Әскери қызметшілер өздерінің кінәсінен келтірілген материалдық залал үшін ғана материалдық жауаптылықта болады.
Әскери қызметтік міндеттерін атқару кезінен тыс залал келтірген әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Еңсерілмейтін күш және құқыққа сыйымды әрекеттер салдарынан келтірілген материалдық залал үшін әскери қызметшілерді материалдық жауаптылыққа тартуға жол берілмейді.
2. Әскери қызметтік міндеттерін атқару кезінде абайсызда келтірілген материалдық залал үшін:
2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді, курсанттар мен кадеттерді, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерді, резервтегі әскери адамдарды қоспағанда, әскери қызметшілер, сондай-ақ офицерлік құрамның әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілері - өздері келтірген залал мөлшерінде, бірақ тоғыз айлық ақшалай қаражаттан аспайтын мөлшерде;
2) мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер, курсанттар мен кадеттер - өздері келтірген залал мөлшерінде, бірақ бес айлық ақшалай ризықтан (стипендиялардан) аспайтын мөлшерде;
2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілер, резервтегі әскери адамдар - өздері келтірген залал мөлшерінде, бірақ өзінің бір айлық жалақысынан аспайтын мөлшерде материалдық жауаптылықта болады.
3. Әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда толық материалдық жауаптылықта болады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 54-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 54-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
54-бап. Әскери қызметшiлердiң қылмыстар, теріс қылықтар және өзге де құқық бұзушылықтар үшiн жауаптылығы
Әскери қызметшілер қылмыстар, теріс қылықтар және өзге де құқық бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмыстық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық және тәртіптік жауаптылықта болады.
Әскери қызметшілердің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған лауазымды адамдарға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
10-тарау. ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
55-бап. Өтпелi ережелер
1. Осы Заң, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 44-баптың 2, 4 және 7-тармақтарын және 45-бапты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы Заң қолданысқа енгiзілгенге дейiн әскери атақтар берілген әскери қызметшілердің осы әскери атақтардағы еңбек сіңірген мерзімдері осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған заңнамаға сәйкес есептеледі.
Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін өздеріне берілген «старшина», «аға кеме старшинасы», «прапорщик», «мичман», «аға прапорщик», «аға мичман» әскери атақтары бар, запаста тұрған немесе отставкадағы әскери қызметшілердің, сондай-ақ азаматтардың аталған әскери атақтары сақталады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы Заңда әскери қызметте болудың шектi жасы өзгертiлген әскери қызметшiлер мынадай шектi жасқа:
1) подполковникті (екінші дәрежелі капитанды) қоса алғанда - қырық бес жасқа;
2) полковниктер (бiрiншi дәрежелi капитандар) - елу үш жасқа;
3) әскери атақ 2005 жылғы 21 шілдеге дейін берілген полковниктер (бiрiншi дәрежелi капитандар) - елу жасқа;
4) әскери атақ осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген генерал-майорлар (контр-адмиралдар) және генерал-лейтенанттар (вице-адмиралдар) - елу сегіз жасқа;
5) әскери атақ 2005 жылғы 21 шілдеге дейін берілген генерал-майорлар (контр-адмиралдар) және генерал-лейтенанттар (вице-адмиралдар) - елу бес жасқа;
6) әскери атақ осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген генерал-полковниктер (адмиралдар) - алпыс жасқа толғаннан кейін жұмыстан шығуға немесе отставкаға шығуға құқылы.
Егер мұндай əскери қызметшілерге осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін кезекті əскери атақтар берілсе, онда əскери қызметте болудың шекті жастары осы Заңның 25-бабына сəйкес белгіленеді.
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Әскери қызметті «старшина», «аға кеме старшинасы», «прапорщик», «мичман», «аға прапорщик», «аға мичман» атақтарында өткерген әскери қызметшілер әскери қызметін Әскери қызметті өткеру қағидаларында айқындалатын тәртіппен өткереді. Әскери қызметшілердің аталған санаты үшін осы Заңның 25-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жас әскери қызметте болудың шектi жасы болып табылады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды
3-2. «Подполковник» əскери атағы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап жəне 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген əскери қызметшілер шекті жасқа - қырық жеті жасқа толғаннан кейін қызметтен шығуға немесе отставкаға кетуге құқылы.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасаған әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт, өз қолданысын осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылатын заңнамаға сәйкес мерзімі аяқталғаннан кейін тоқтатады.
Əскери қызметте болудың шекті жасына толғанға дейінгі мерзімге осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған əскери қызмет өткеру туралы келісімшарттардың күші əскери қызметшілер осы Заңның 25-бабының 1-тармағында белгіленген шекті жастарға толғанға дейін қолданылады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.12.12. № 114-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Тұрғын үй төлемдері тұрғынжайға мұқтаж, келісімшарт бойынша əскери қызмет өткеретін əскери қызметшілерге (курсанттар мен кадеттерді, əскери жиындарға шақырылған əскери міндеттілерді, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда жəне дағдарыстық ахуал кезіндегі жиындарда болған резервтегі əскери адамдарды қоспағанда) олардың баянаты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерін жəне əскери қызметшіні тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына сəйкес жүргізіледі.
2017.12.12. № 114-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Әскери қызметте күнтізбелік есептеумен жиырма және одан көп жыл болған және жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағында орналасуы салдарынан жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайда тұратын және әскери қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін әскери қызметтен шығарылған адамдардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ақшалай өтемақы алуға құқығы бар.
Осы тармақта аталған адам қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, ақшалай өтемақы алу құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
2017.12.12. № 114-VI ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-1-тармақ өзгертілді
6-1. Әскери қызметте күнтізбелік есептеумен он және одан көп жыл, бірақ жиырма жылдан аз болған және жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағында орналасуы салдарынан жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайда тұратын және әскери қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін әскери қызметтен шығарылған адамдарға «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 96-бабында белгіленген мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайлармен алмасу тәртібі қолданылады.
Осы тармақта аталған адам қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, тұрғынжай айырбастау құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
2017.12.12. № 114-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Әскери қызметте күнтізбелік есептеумен жиырма және одан көп жыл болған, қызметтен шығару кезінде қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілмеген және тұрғынжайды жекешелендіру құқығын бұрын іске асырмаған, әскери қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде әскери қызметтен шығарылған адамдардың Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ақшалай өтемақы алуға құқығы бар.
Осы тармақта аталған адам қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, ақшалай өтемақы алу құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
8. 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қатардағы және сержанттық құрамдардың әскери лауазымдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке алғаш рет кіретін азаматтарға жасасатын келісімшарт мерзіміне байланысты мынадай мөлшерде біржолғы ақшалай сыйақы төленеді:
3 жылға - 1 лауазымдық айлықақы мөлшерінде;
5 жылға - 10 лауазымдық айлықақы мөлшерінде;
10 жылға - 20 лауазымдық айлықақы мөлшерінде.
Көрсетілген ақшалай сыйақыларды төлеу келісімшарт жасаған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей жүргізіледі.
Алынған біржолғы ақшалай сыйақы:
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) осы Заңның 26-бабы 1-тармағының 7), 9) және 11) тармақшаларында көзделген жағдайларда әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт мерзімі өткенге дейін әскери қызметтен шығарылған кезде;
2) егер әскери қызметті одан әрі өткерумен сыйыспайтын жаралануы, контузиясы, жарақаты, мертігуі немесе ауруы әскери қызметші заңға қарсы іс-қимыл жасаған немесе алкогольдік, есірткілік, уытты масаңдануы немесе өзіне қандай да бір дене жарақатын (дене мүшесіне зақым келтіру) немесе әскери қызметтен жалтару мақсатында өз денсаулығына өзге де зиян келтіруі себебінен болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, қайтаруға жатады.
Төленген біржолғы ақшалай сыйақыны қайтару әскери қызметші әскери қызмет өткерген мемлекеттік органға әскери қызметтен шығарылған күннен бастап бір ай мерзімде жүргізіледі.
Әскери қызметші әскери қызмет өткерген кезеңде қаза тапқан (қайтыс болған), әскери қызметті одан әрі өткерумен сыйыспайтын жараланған, контузия, жарақат алған, мертіккен немесе ауырған жағдайда біржолғы ақшалай сыйақыны қайтару жүргізілмейді.
2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 9-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
9-1. Осы Заңның 52-бабы 4-тармағының күші қаза тапқан (қайтыс болған), келісімшарт бойынша əскери қызмет өткерген əскери қызметшілердің, мерзімді қызметтің əскери қызметшілерінің, курсанттардың, кадеттердің, əскери жиындарға шақырылған əскери міндеттілердің, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда жəне дағдарыстық ахуал кезіндегі жиындарда болған резервтегі əскери адамдардың 2022 жылғы 1 қаңтарда жесір əйелдері (тұл ерлері) мен балалары болып табылған адамдарға да қолданылады.
10. Осы Заң қолданысқа енгізілген сәттен бастап:
1) «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1993 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 2, 32-құжат; № 18, 429-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; № 22, 133-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 920-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2003 ж., № 15, 135-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 2-3, 8-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 16, 129-құжат);
2) «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 14, 60-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 17, 136-құжат; 2011 жылғы 15, 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2012 жылғы ақпанның 16-ы.
№ 561-IV