4) қосымша;
5) каникулдық;
6) оқу;
7) ауруы бойынша;
8) бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған айлықақысы сақталмайтын демалыс.
39-бап. Демалыстар берудің және олардың ұзақтығын есептеудің жалпы тәртібі
1. Демалыстар уәкілетті басшының бұйрығы негiзiнде берiледi.
2. Демалыстардың ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады, бұл ретте жыл сайынғы және қосымша демалыстардың жалпы ұзақтығы, демалысты өткiзу орнына барып қайту жолына қажеттi уақыт есептелмегенде, демалыс берiлетiн жылда алпыс тәулiктен аспауға тиiс.
3. Осы Заңда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, демалыстардың барлық түрлерiнде болған кезеңде қызметкерлердің ақшалай үлесi және өзге де қосымша төлемдерi сақталады.
40-бап. Жыл сайынғы демалыс
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жыл сайынғы негізгі демалыстар қызметкерлерге оларды пайдалану кезеңдері, сондай-ақ бөлімшені жауынгерлік əзірлікте ұстау ескеріле отырып жəне уəкілетті басшы бекіткен жəне барлық қызметкердің назарына жеткізілген демалыстар графигіне сəйкес жылдың кез келген мезгілінде беріледі. Демалыстар графигі Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жеңілдіктерді пайдаланатын қызметкерлер санаттары ескеріле отырып, əрбір күнтізбелік жылға жасалады жəне барлық қызметкердің назарына жеткізіледі.
Демалыс уақытында, бөлімшенің толық таралуын және келісімшартта көзделген өзге жағдайларды қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органның бастамасы бойынша қызметкерді ауыстыруға, жұмыстан шығаруға жол берілмейді.
2. Еңбек сіңірген жылдарын, қызмет ерекшеліктері мен жағдайларын ескере отырып, қызметкерлерге (курстанттарды қоспағанда) берілетін жыл сайынғы демалыстардың ұзақтығы:
қызметте еңбек сіңірген жылдары күнтізбелік 10 жылға дейінгілерге - 30 тәулік;
10-нан 15 жылға дейінгілерге - 35 тәулік;
15-тен 20 жылға дейінгілерге - 40 тәулік;
20 жыл және одан көптерге - 45 тәулік;
ұшу жұмыстарындағы, сондай-ақ тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін жергілікті жерлерде қызмет өткеретін адамдарға - 45 тәулік болып белгіленеді.
3. Қызмет мүдделерін және қызметкерлердің тілектерін ескере отырып, демалыс екі бөлікке бөлінуі мүмкін.
4. Қызметкердің қызметке тұрған жылдағы және қызметтен шығарылған жылдағы жыл сайынғы демалысының ұзақтығын есептеу жыл сайынғы демалыс ұзақтығын он екіге бөліп, алынған тәулік санын қызметке тұрған немесе шығарылған жылдағы қызметтің толық айларының санына көбейту арқылы есептеледі.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Толық емес тəуліктердің санын дөңгелектеу ұлғайту жағына қарай жүргізіледі. Қызметкерді қызметтен уақтылы шығару (арнаулы мемлекеттік органның жеке құрамы тізімдерінен алып тастау) мүмкін болмаған жағдайда, оны қызметтен шығару күні жыл сайынғы демалыстың пайдаланылмаған уақытына есеп айырысу жүргізіліп, ол қызметкерге беріледі. Мерзімінен бұрын (келісімшарт мерзімі өткенге дейін) қызметтен шығару кезінде, егер демалыстар графигіне сəйкес демалыс бұрын пайдаланылмаса, қызметкердің жыл сайынғы демалыс ұзақтығы осындай тəртіппен есептеледі.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Арнаулы (əскери) оқу орнын немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымын бітірген қызметкерлерге жыл сайынғы демалыс көрсетілген оқу орнын бітіргеннен кейін беріледі.
7. Тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын биік таулы жерлерде (биіктігі бір мың бес жүз метр және одан жоғары), климат жағдайы ауыр және қолайсыз жерлерде қызмет өткеріп жүрген қызметкерлерге еңбек сіңірген жылдарына қарамастан ұзақтығы күнтізбелік қырық бес күн ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі.
8. Қызметкерлердің жыл сайынғы демалысының ұзақтығы демалысты өткізу орнына барып қайту жолы үшін қажет уақытты ескере отырып, тәулік санына ұлғайтылады.
9. Қызметкердің баянаты және уәкілетті басшының шешімі бойынша қызметкерге жыл сайынғы және қосымша демалыстар олардың арасын үзбей жалғастырылып беруге жол беріледі.
10. Өткен жылдың жыл сайынғы және (немесе) қосымша демалыстарын қызметкер дәлелді себептермен толық пайдаланбаған жағдайда, демалыстың пайдаланылмаған күндері оның өтініші бойынша келесі жылы беріледі.
11. Жыл сайынғы немесе қосымша демалыс уақытында (арнаулы мемлекеттік органның жеке құрамы тізімінен шығара отырып, қызметтен шығарылатын жылдан басқа) ауырып қалған қызметкерлерге, отбасы жағдайлары бойынша демалысты қоспағанда, ауырған күндерінің санына сәйкес жыл сайынғы немесе қосымша демалыс уақыты ұзартылады. Бұл жағдайда демалысты ұзартуды уәкілетті басшы емдеу-сауықтыру мекемесінің анықтамасы негізінде жүзеге асырады.
12. Отбасы мүшесінің денсаулық жағдайы ауыр немесе ол қайтыс болған (қаза тапқан) жағдайда, сондай-ақ демалыстағы қызметкердің отбасы мүшелері табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға тап болғанда қызметкер демалып жүрген аумақтың аумақтық орган басшысы қызмет өткеру орнына баруға қажет уақытты есептемегенде, демалысты он тәуліктен аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.
Аумақтық орган басшысы демалыстың ұзартылғаны туралы аталған қызметкер қызмет өткеретін бөлімше басшысын дереу хабардар етеді.
41-бап. Қысқа мерзімді демалыстар
1. Қызметкерлерге қысқа мерзімді демалыс он тәулікке дейінгі мерзімге:
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) зайыбының (жұбайының), жақын туыстарының, зайыбының (жұбайының) жақын туыстарының денсаулық жағдайы ауыр болған немесе қаза тапқан (қайтыс болған);
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) жақын туыстары, зайыбының (жұбайының) жақын туыстары табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға тап болған;
3) шұғыл әлеуметтiк-тұрмыстық мәселелер туындаған жағдайларда, сондай-ақ уәкілетті орган басшысы дәлелдi деп танылған басқа да себептер бойынша беріледі.
2. Қызметкерге берілетін қысқа мерзімді демалыс ұзақтығы демалыс өткізу орнына баруы мен қайту жолына қажетті тәулік санына ұлғайтылады.
3. Қызметкерге қысқа мерзiмдi демалыстар жылына екі реттен артық берілмейді.
42-бап. Жүктiлiгi және босануы бойынша демалыс, бала (балалар) асырап алған қызметкерлерге берілетін демалыс
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Әйел қызметкерлерге жүктілігіне және босануына байланысты демалыстардың ұзақтығы, берілу мен ақы төлеу шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен белгіленеді.
2. Жаңа туылған бала (балалар) асырап алған қызметкерге (ата-анасының біріне) асырап алған күннен бастап және баланың туылған күнінен елу алты күн өткенге дейінгі мерзімге демалыс беріледі.
43-бап. Қосымша демалыстар
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында экологиялық апат аймағы деп жарияланған өңiрлерде қызмет өткеретiн қызметкерлердің ұзақтығы мен беру тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын жыл сайынғы қосымша демалыстар алуға құқығы бар.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Ұрыс қимылдарына, терроризмге қарсы жəне бітімгершілік операцияларға қатысатын (қатысқан) қызметкерлерге ұзақтығы екі апта қосымша демалыс беріледі, ол жыл сайынғы демалысқа қосылады.
2. Қызметiнiң ерекше жағдайлары үшiн ұзақтығы күнтiзбелiк он күнге дейiн қосымша ақы төленетін демалыс берiледi, ол жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына қосылып есептеледi және қызметкердiң қалауы бойынша онымен бiр мезгiлде немесе бөлек берiлуi мүмкiн.
3. Зиянды жағдайларда мiндеттерiн атқарғаны және қызметiнiң ерекше сипаты үшiн бiр мезгiлде қосымша демалыс алуға құқығы бар қызметкерлерге қосымша демалыс олардың таңдауы бойынша тек бiр негiз бойынша ғана берiледi.
44-бап. Каникулдық демалыстар
2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Арнаулы мемлекеттік органдардың әскери, арнаулы оқу орындарында күндiзгi оқу нысаны бойынша білім алатын курсанттарға, тыңдаушыларға оқу сабақтарындағы үзілістер кезінде, егер осы баптың 3-тармағында өзгеше көзделмесе, мынадай мерзімдерге каникулдық демалыстар беріледі:
1) қысқы демалыс - 14 тәулік;
2) жазғы демалыс - 30 тәулік.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында білім алып жатқан курсанттарға, тыңдаушыларға каникулдық демалыстар халықаралық шарттарға жəне оқуға арналған келісімшарттарға сəйкес беріледі.
2. Демалысты өткізу орнына барып қайту үшін қажетті уақыт берілмейді.
2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Оқуы бойынша берешегі бар курсанттар, тыңдаушылар оны осы баптың 1-тармағында белгіленген каникулдық демалыстарды өткізу мерзімдері шегінде күнтізбелік он күн ішінде жабады.
45-бап. Оқу демалыстары
1. Қызметкерлерге уәкілетті басшылардың шешімі бойынша оқу демалыстары:
1) оқуға түсу емтихандарына дайындалу және оларды тапсыру үшін;
2) білім алу кезеңінде берілуі мүмкін.
2. Оқу демалыстарының ұзақтығы оқу жоспарында белгіленеді және оны оқу орнының жазбаша шақыруы негізінде уәкілетті басшы береді.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Мемлекеттік қызметшілерді жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Қазақстан Республикасының және (немесе) шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарына оқуға түскен қызметкерлерге атқарып жүрген лауазымынан босатылып және уәкілетті басшының қарамағына есепке алына отырып, ақшалай үлесі сақталмайтын оқу демалысы беріледі.
46-бап. Ауыру бойынша демалыстар
1. Қызметкерге ауыруы бойынша демалыс әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы негізінде беріледі. Қызметкерге ауыруы бойынша демалыс отыз тәуліктен алпыс тәулікке дейін, ал қызметтен шығарылатын жылы - келісімшарт мерзімі аяқталатын күнге дейін беріледі.
2. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін денсаулығына жағымсыз әсер ететін міндеттерді орындағаннан кейін оларға медициналық оңалту жүргізіледі.
Қызметкерге медициналық оңалту үшін берілетін қосымша тәуліктер санын әскери-дәрігерлік комисссияның қорытындысы негізінде арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды.
3. Ауыру бойынша демалыстың ұзақтығы жыл сайынғы және қосымша демалыстар есебіне кірмейді.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 46-1-баппен толықтырылды
46-1-бап. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс
Қызметкерге баянаты бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген тəртіппен бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беріледі.
47-бап. Демалыстан шақыртып алу
1. Қызмет бабында аса қажет болған жағдайда уәкілетті басшының шешімі бойынша қызметкер демалыстан шақыртылып алынуы мүмкін.
2. Қызметкердi демалыстан шақыртып алу бұйрықпен ресімделеді. Бұл ретте демалыстың пайдаланылмаған бөлiгi он және одан көп тәулiктi құрайтын болса, қызметкерге демалысты өткiзу орнына, бірақ ол шақыртып алынған орыннан алыс емес жерге барып қайту жолы үшiн қажеттi уақыт берiледi. Демалыстың пайдаланылмаған бөлiгi қызметкердің қалауы бойынша келесi жылғы демалысқа қосылуы мүмкiн.
6-тарау. АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДА ҚЫЗМЕТТІ ТОҚТАТУ
48-бап. Арнаулы мемлекеттік органдарда қызметтi тоқтатудың негiздерi
Арнаулы мемлекеттік органдарда қызметтi тоқтатуға:
1) осы Заңда белгiленген тәртiппен қызметтен шығару;
2) қызметкердiң қайтыс болуы (қаза табуы) немесе соттың заңды күшiне енген шешiмiне сәйкес қайтыс болды деп хабарлануы;
3) қызметкердi заңда белгiленген тәртiппен хабарсыз кеткен немесе iс-әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi деп тану негiз болып табылады.
49-бап. Қызметтен шығару
1. Қызметкерлерді қызметтен шығару мынадай негiздер бойынша:
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) қызметте болудың шекті жасына толуы бойынша;
2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) Қазақстан Республикасында немесе белгілі бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген жағдайларды қоспағанда, жиырма бес жылдан көп еңбек сіңірген жылдары болған кезде өз бастамасы бойынша;
2) келісімшарт мерзімінің аяқталуы бойынша;
3) әскери-дәрiгерлiк комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе шектеулi жарамдылығы туралы қорытындысы негiзiнде денсаулық жағдайы бойынша;
4) 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) арнаулы (әскери, арнаулы оқу орнынан немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген магистранттарды, докторанттар мен адъюнкттерді қоспағанда, əскери) оқу орнынан немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымынан шығарып жіберілген кезде;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде;
7) 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) осы Заңның 33-бабы 4-тармағының 4) тармақшасында айқындалған мән-жайларды қоспағанда, уәкілетті басшының қарамағында толық алты айға дейін болған кезде, қызметкердің бар тәжірибесі мен білімін пайдалану мүмкін болмаған кезде, сондай-ақ ұсынылған лауазымнан бір рет бас тартқан кезде;
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) басқа тең лауазымдарға тағайындау мүмкін болмаған және қызметкер төмен тұрған лауазымға тағайындалудан бас тартқан кезде штаттың қысқартылуына байланысты;
10) мемлекеттік органдарға (мекемелерге) қызметке ауысуына байланысты;
11) 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) арнайы тексеру нәтижелері бойынша қызметті одан әрі өткеру мүмкін болмауына байланысты;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды
12-1) атқаратын лауазымына сəйкес келмеуіне байланысты қызметтен шығару туралы аттестаттау комиссиясының ұсынымы бойынша;
13) теріс себептер бойынша жүргізіледі.
2. Қызметкер:
1) оған қатысты келісімшарт талаптары айтарлықтай және (немесе) жүйелі түрде (екі және одан көп) бұзылған жағдайда;
2) мыналардың:
қызметкердің қызмет өткеріп жатқан жерінде медициналық көрсетулер бойынша қызметкердің отбасы мүшесінің тұруы мүмкін болмауы және оны жаңа қызмет орнына ауыстыру мүмкіндігі болмауы;
отбасының басқа жерге көшу қажеттілігіне байланысты қызметкер күйеуінің (қызметкер әйелінің) қызмет орнын ауыстыруы;
тұрғылықты жері бойынша халықты әлеуметтік қорғау органының қорытындысына сәйкес, денсаулық жағдайы бойынша тұрақты күтімді (көмекті, қадағалауды) қажет ететін не бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын әкесіне, анасына, әйеліне, күйеуіне, аға-інісіне, апа-сіңлісіне, қарындасына, атасына, әжесіне немесе асырап алған адамына немесе қартаюына байланысты зейнеткерлік жасқа жеткен немесе он сегіз жасқа толмаған адамдарға, заң бойынша аталған азаматтар күтіп-бағуға міндетті басқа адамдар болмаған кезде тұрақты күтім жасау қажеттігі;
қызметкер анасыз (әкесіз) тәрбиелеп отырған, он сегіз жасқа толмаған балаға күтім жасау қажеттігі салдарынан отбасы жағдайы бойынша;
3) Қазақстан Республикасының өкілді органдарына сайланған немесе тағайындалған жағдайда;
4) судья лауазымына сайланған немесе тағайындалған жағдайда қызметтен мерзімінен бұрын шығуға құқылы.
3. Қайтыс болған (қаза тапқан) қызметкер қайтыс болуы (қаза табуы) құжаттамалық расталған күннен кейінгі күннен бастап, ал хабарсыз кеткен немесе қайтыс болды деп хабарланған қызметкер сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жеке құрам тізімдерінен шығарылады.
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Белгіленген мерзiмдердi өткерген қызметкерлерді қызметтен шығару төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгiзілген жағдайда, оның қолданылу кезеңіне тоқтатыла тұрады. Бұл ретте олармен жасалған келісімшарттар төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезеңі бойы қолданыста болады.
50-бап. Қызметкерлердің қызметте болуының шектi жасы
1. Қызметте болудың мынадай шектi жастары:
2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) оны қоса алғанда майорға дейін - қырық жеті жас;
2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) подполковниктерге - елу жас;
2) полковниктерге - елу бес жас;
3) генерал-майорларға және генерал-лейтенанттарға - алпыс жас;
4) генерал-полковниктерге - алпыс үш жас белгіленеді.
2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Шекті жасқа толған қызметкерлер осы Заңда белгіленген тəртіппен запасқа немесе отставкаға шығарылуға жатады.
Жоғары кəсіби даярлығы, атқаратын лауазымы бойынша жұмыс тəжірибесі бар жəне денсаулық жағдайы бойынша қызметті өткеруге жарамды қызметкерлерге арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары олармен жаңа келісімшарт жасасу арқылы қызмет мерзімін бес жылға дейінгі мерзімге ұзартуы мүмкін.
Қызметте қалдыру мерзiмiн ұзарту туралы шешiм қызметкердi осы Заңда көзделген негiздер бойынша арнаулы мемлекеттік органдардан шығару мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.
51-бап. Қызметтен шығару тәртiбi
1. Қызметкерлердi қызметтен запасқа немесе отставкаға шығару лауазымды адамдар тізбесіне сәйкес бұған құқығы бар уәкілетті лауазымды адамның бұйрығымен жүргізіледі.
2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қызметкерді жеке құрам тізімдерінен шығару арнаулы мемлекеттік органдарда белгіленген мерзімдерде істер мен лауазымды тапсырғаннан кейін жүргізіледі.
3. Қызметкер еңбек демалысында, емделуде немесе қызметтік іссапарда болған жағдайда жеке құрам тізімінен алып тастау жүргізілмейді.
4. Қызметте болудың шекті жасына жету немесе келісімшарт мерзімінің аяқталуы туралы қызметкерді уәкілетті басшы алдын ала жазбаша түрде (бірақ бір айдан кешіктірмей) хабардар етеді.
Қызметтен алдағы шығару туралы қызметкерге хабарлағаннан кейін оны қызметтік іссапарға жіберуге тыйым салынады.
5. Қызметкерді қызметтен шығару туралы бұйрықтан үзінді-көшірме оған қол қойғызыла отырып, назарына жеткізіледі. Қызметкер орган орналасқан жерден тыс жерде жүрген жағдайда, қайтып оралғаннан соң бұйрықтан үзінді-көшірме оның назарына жеткізіледі.
Бұйрықтан үзінді-көшірме қызметтен босатылатын қызметкердің жазбаша өтініші негізінде ғана беріледі.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды; 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заң2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ымен 5-1-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-1. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметінен шығарылған адамдардың қызметтен шығару туралы шешімге жоғары тұрған лауазымды адамдарға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.
6. Қызметкерді қызметтен шығару үшін бірнеше негіз болған жағдайда, теріс себептер бойынша қызметтен шығару жағдайларын қоспағанда, ол өзі таңдаған негіз бойынша қызметтен шығарылады.
7. Қызметкерлерді денсаулық жағдайы бойынша қызметтен шығару арнаулы мемлекеттік органның кадр аппараты әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысын алғаннан кейін жүргізіледі.
8. 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Арнаулы (əскери) оқу орнынан немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымынан шығарып жіберілуіне байланысты қызметтен шығарылған курсанттар, тыңдаушылар əскерге шақырылушыларды немесе əскери міндеттілерді əскери есепке қою үшін тұрғылықты жері бойынша жергілікті əскери басқару органдарына жіберіледі. Бұл ретте əскерге шақыру бойынша қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген курсанттар, тыңдаушылар əскерге шақыру бойынша əскери қызмет мерзімі өткенге дейін жалпы негіздерде əскери қызметке одан əрі шақырылады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуына байланысты қызметкерлерді қызметтен шығару Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығару туралы тиісті Жарлығы күшіне енген күннен бастап немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тəртіппен уəкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеген күннен бастап уəкілетті басшының шешімімен жүргізіледі.
11. Мемлекеттік органдарға (мекемелерге) қызметке ауысуына байланысты қызметтен шығару мемлекеттік қызметші лауазымын көрсете отырып, қызметкердің қызметке қабылдануы туралы мемлекеттік органның (мекеменің) тиісті хабарламасы келіп түскен кезде қызметкердің баянаты бойынша жүргізіледі.
12. 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
13. Арнайы тексеру нәтижелері бойынша одан әрі қызмет өткеру мүмкін болмауына байланысты қызметтен шығару қызметкерді мемлекеттік құпияларға рұқсат беруді ресімдеуді талап етпейтін лауазымға тағайындау мүмкін болмаған кезде арнайы тексеру нәтижелері бойынша оған мемлекеттік құпияларға рұқсат беруді ресімдеуге кедергі келтіретін мән-жайлар анықталған жағдайда жүргізіледі.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 13-1-тармақпен толықтырылды
13-1. Уəкілетті басшы бекіткен аттестаттау комиссиясының ұсынымы бойынша атқаратын лауазымына сəйкес келмеуіне байланысты қызметтен шығару уəкілетті басшының бұйрығымен жүргізіледі.
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14. Теріс себептер бойынша қызметтен шығару мынадай жағдайларда:
1) қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгенде - арнаулы мемлекеттік органға келіп түскен соттың айыптау үкімі және оны орындау туралы өкім негізінде;
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылғанда - келіп түскен сот үкімінің және оның заңды күшіне енуі туралы өкімнің немесе прокурор бекіткен қылмыстық қудалау органының қаулысы негізінде;
3) медициналық ұйымда жүргізілген медициналық куәландыру нәтижелерімен расталған, қызметтік міндеттерін атқару кезінде психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну немесе масаң күйде болу фактісі анықталғанда, сондай-ақ одан өтуден бас тартқанда немесе жалтарғанда - жүргізілген қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері бойынша;
4) медициналық ұйымда жүргізілген медициналық куәландыру нәтижелерімен расталған, қызметтен тыс уақытта есірткіні, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтыну фактісі анықталғанда - жүргізілген қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері бойынша;
5) қызметкер келісімшарт талаптарын орындамағанда - жүргізілген қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері бойынша;
6) жасалған күніне қарамастан, осы Заңның 7-бабының 2-тармағында көрсетілген мәліметтер ұсынылмағанда немесе бұрмаланғанда - жүргізілген қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері бойынша;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен арнаулы атақтан айырылғанда - арнаулы мемлекеттік органға келіп түскен соттың айыптау үкімі және оны орындау туралы өкім негізінде;
8) қызметте қатарынан үш және одан көп сағат бойы дәлелді себептерсіз болмағанда - жүргізілген қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері бойынша;
9) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жария етуге немесе жоғалтуға, оларды жеткізгіштерді жоғалтуға алып келген, құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі белгіленген талаптар бұзылғанда - жүргізілген қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері бойынша;
10) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған жағдайларда;