1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетеді.
Осы тармақта көрсетілген адамдарға медициналық көмек көрсету бойынша әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры:
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асырады.
Көрсетілген адамдарды санаториялық-курорттық емдеу және оларды дәрілік қамтамасыз ету арнаулы мемлекеттік органдарға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
5. 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдардың, әскери іс-қимылдардың және бітімгершілік операцияларына басқа да қатысушылардың, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған жаралануы, контузия алуы, жарақаттануы, мертігуі немесе ауруы салдарынан мүгедектік алып, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылғандардың медициналық қамтамасыз етуге және санаториялық- курорттық емделуге бірінші кезекті құқығы бар.
80-бап. Қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертіккен жағдайда берiлетiн өтемақылар
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қызметкер қызмет өткеру кезеңiнде немесе қызмет өткерген кезеңде алған жарақаты (контузиясы), ауруы салдарынан қызметтен шығарылғаннан кейiн қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оның мұрагерлерiне қаза тапқан күнi немесе қызметтен шығарылған күні соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық ақшалай жабдықталым мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төлеу жүргізіледі.
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қызметкер қызмет өткеру кезеңiнде немесе қызмет өткерумен байланысты контузия, мертiгу, ауыру салдарынан қызметтен шыққаннан кейiн бiр жыл өткенге дейiн мүгедектiк белгіленген жағдайда бiржолғы өтемақы:
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға - отыз айлық ақшалай қаражат;
екінші топтағы мүгедектігі бар адамға - он сегiз айлық ақшалай қаражат;
үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға - алты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде төленедi.
3. Қызметкер қызметтік міндеттерін атқару кезiнде мүгедектiкке әкеп соқпайтындай ауыр мертiккен (жараланған, жарақат, контузия алған) жағдайда оған бiр жарым айлық ақшалай қаражат; жеңiл мертіккен жағдайда жарты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.
4. Біржолғы өтемақы төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпенн толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Арнаулы мемлекеттік органдардан қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан денсаулық жағдайы бойынша шығарылған қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.
5. Қызметкердің қаза табуы (қайтыс болуы) немесе алған мертігуі:
1) өзiне-өзi қол жұмсауға жеткiзген жағдайды қоспағанда, өзiне-өзi қол жұмсауы нәтижесінде;
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған кезде;
3) алкогольдік, есiрткiлік, психотроптық, уытқұмарлық масаң болуын туындататын заттарды (оларға ұқсас заттарды) қолдану нәтижесінде;
4) бiржолғы өтемақы алу немесе қызметтен жалтару мақсатымен өзiне қасақана қандай да бiр дене зақымын келтіру (дене мүшесiн зақымдау) немесе өз денсаулығына өзгедей зиян келтiру нәтижесінде;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) қызметкердің келісімшарт талаптарын бұзған әрекеттері нәтижесінде болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, бiржолғы өтемақы төленбейдi.
81-бап. Жерлеу шығындарының өтемақысы
2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қызмет өткеру кезiнде қаза тапқан немесе мертiгу (жаралану, жарақат алу, контузия), ауруы салдарынан қайтыс болған қызметкерлерді жерлеу қызмет өткерген жерінде немесе олардың туған-туысқандарының қалауы бойынша басқа жерде жүргізіледі. Мәйітті тасымалдауға дайындауға, мәйітті тасымалдауға, жерлеуге, құлпытас жасау мен орнатуға байланысты барлық шығыстар қызметкерлер қызмет өткерген арнаулы мемлекеттік органдардың қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерлерде жүзеге асырылады.
Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), ауру салдарынан қайтыс болған арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің мәйітін тасымалдауға дайындауға, мәйітті тасымалдауға, жерлеуге, құлпытас жасау мен орнатуға байланысты шығыстарды өтеу тәртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.
Қызметкерлерді жерлеу кезінде құрмет көрсету арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Көрсетілген ережелер арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметінің жалпы ұзақтығына қарамастан, 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына, басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына және бітімгершілік операцияларға қатысушыларға қолданылады.
Осы баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің ережесі қызметте болудың шекті жасына жеткеннен кейін, денсаулық жағдайына байланысты немесе штаттардың қысқартылуына байланысты қызметтен шығарылған, қызметінің жалпы ұзақтығы жиырма бес жыл немесе одан да көп болатын адамдарға, сондай-ақ қызметінің жалпы ұзақтығына қарамастан, терроризмге қарсы операцияларға қатысушыларға қолданылады.
82-бап. Қызметкерлерді әлеуметтік қорғаудың өзге де шаралары
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған қызметкерлерді жұмысқа орналастыру, олардың мамандық алуы, арнаулы мемлекеттік органдардағы зейнетақы алу құқығынсыз қызметтен шығарылған адамдарды жұмыспен қамту Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
2. Арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары өздері белгілеген тәртіппен қызметкерлердің жекелеген санаттарына олардың қызметке қабылданғанға дейінгі еңбек қызметіндегі өтілін еңбек сіңіру жылдарына есептеуі мүмкін.
3. Климаттық және экологиялық жағдайлары ауыр жерлердегi қызмет мерзiммен шектеледi және оны өткеру тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
10-тарау. АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӘНЕ
МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
83-бап. Арнаулы мемлекеттік органдарды қаржылық қамтамасыз ету
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Арнаулы мемлекеттік органдарды қаржылық қамтамасыз ету:
республикалық бюджет қаражаты есебінен;
медициналық көмек көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан алынған қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласында кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқылы.
2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметін астыртын (жасырын) нысанда жүзеге асыруға байланысты шығыстарды қаржыландыру тәртібі арнаулы мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
84-бап. Арнаулы мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету және олардың мүлкі
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Арнаулы мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету:
республикалық бюджет қаражаты есебінен;
медициналық көмек көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан алынған қаражат есебінен жүзеге асырылады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Арнаулы мемлекеттік органдардың мүлкі республикалық мүлік болып табылады жəне жедел басқару құқығында болады.
3. 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Мүлікті беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Арнаулы мемлекеттік органдарды мүлікпен жабдықтау нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.
5. Арнаулы мемлекеттік органдар бейбіт уақытта пайдаланбаған жылжымайтын мүлік бюджет қаражаты есебінен консервациялауға жатады немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілуі мүмкін.
2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1. Жеке және заңды тұлғалардың арнаулы мемлекеттік органдар алдындағы тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі шарттық міндеттемелерін тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған тәртіппен орындауын қамтамасыз ету мақсатында ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті тамақтандыруды ұйымдастыру туралы шарттың мерзімі шегінде мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша беру жүзеге асырылады.
6. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған немесе құрылатын ұйымдар жекешелендіруге жатпайды.
11-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
85-бап. Өтпелі ережелер
1. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қызметкермен жасасқан әскери қызметті өткеру туралы келісімшарттар олар жасаған мерзім ішінде қолданылады.
2. 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. 2011 жылғы 30 қарашаға дейін «подполковник» әскери атағы берілген қызметкерлерге аталған әскери немесе арнаулы атақта еңбек сіңіру мерзімі бес жыл болып белгіленеді.
4. Осы Заңның қабылдануына байланысты әскери қызметтен арнаулы мемлекеттік органдарға ауыстырылған және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен әскери қызметте тұрудың шекті жасы өзгертілген қызметкерлер мынадай шекті жастарға жеткенде қызметтен шығуға немесе отставкаға кетуге құқылы:
1) подполковникке дейін қоса алғанда - қырық бес жас;
2) полковниктерге - елу үш жас;
3) әскери атақ 2005 жылғы 21 шілдеге дейін берілген полковниктерге - елу жас;
4) генерал-майорларға және генерал-лейтенанттарға - елу сегіз жас;
5) әскери атақ 2005 жылғы 21 шілдеге дейін берілген генерал-майорларға және генерал-лейтенанттарға - елу бес жас;
6) генерал-полковниктерге - алпыс жас.
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. «Аға прапорщик», «прапорщик», «старшина», «үшінші сыныпты сержант», «екінші сыныпты сержант», «бірінші сыныпты сержант», «штаб-сержант» не «шебер-сержант» әскери атақтары берілген қызметкерлер арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметті осы Заңда сержанттар құрамы үшін көзделген тәртіппен және шарттармен өткереді. Бұл ретте олардың арнаулы мемлекеттік органдарда қызметте болуының шектi жасы, қоса алғанда қырық жеті жасқа дейінгі жасты құрайды.
2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 4-2-тармақпен толықтырылды
4-2. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап және 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін подполковник арнаулы атағы берілген қызметкерлер шекті жасқа - қырық жеті жасқа толғанда қызметтен шығуға немесе отставкаға кетуге құқылы.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Қызметкерлер (курсанттарды, тыңдаушыларды қоспағанда) «Әскери қызметшілер мен орлардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңында әскери қызметшілер үшін көзделген тәртіппен 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
6. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде қызметтік тұрғын жаймен не қызметік тұрғын жайға теңестірілген тұрғын жаймен қамтамасыз етілген қызметкерлер осы тұрғын үйде тұру құқығын, сондай-ақ оны «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңында әскери қызметшілер үшін көзделген жекешелендіру құқығын сақтайды.
2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
7. Осы Заңның 77-бабы 12-тармағының, 78-бабы 11-тармағының күші қаза тапқан (қайтыс болған) курсанттардың, тыңдаушылар мен қызметкерлердің 2022 жылғы 1 қаңтарда жесір əйелдері (тұл ерлері) мен балалары болып табылған адамдарға да қолданылады.
86-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2012 жылғы ақпанның 13-і.
№ 552-IV