11) қызметкердiң жеке мүддесi өзiнiң өкiлеттiктерiмен ұштасатын немесе оларға қайшы келетiн жағдайларда, жазбаша нысанда баянат беруге және тiкелей және уәкiлеттi басшыны дереу хабардар етуге;
12) өзiнiң кәсiби деңгейi мен бiлiктiлiгiн арттыруға;
13) қызмет мүдделерiне зиян келтiретiн жария сөйлеуге жол бермеуге;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) тікелей басшысына:
шет мемлекеттің азаматтығын қабылдау ниеті;
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініш бергені;
егер өздеріне белгілі болса, зайыбының (жұбайының) немесе өзінің жақын туыстарының шет мемлекеттің азаматтығын қабылдау ниеті жəне (немесе) олардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініш бергені туралы жазбаша нысанда дереу хабарлауға;
15) қажетті кәсіби және құқықтық білім, дене күші, арнаулы және жауынгерлік дайындық деңгейін сақтап тұруға мiндеттi.
2. Арнаулы мемлекеттік органдардың алдына қойылған мiндеттерге сәйкес қызметкерлерге өз құзыретi шегiнде арнаулы мемлекеттік органдардың қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында көзделген өзге де мiндеттер белгiленедi.
19-бап. Қызметкердiң қызметте болуына байланысты қойылатын шектеулер
1. Қызметкердiң:
2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) өкiлдi органдардың депутаты және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшесi болуға, саяси партиялар, кәсiптiк одақтар қатарында болуға, қандай да бiр саяси партияны қолдап әрекет етуге, арнаулы мемлекеттік органдар жүйесiнде өз мүшелерiнiң еңбек, сондай-ақ басқа да әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн бiлдiру мен қорғау және еңбек жағдайын жақсарту үшiн олардың кәсiптiк мүдделерiнiң ортақтығына негiзделген саяси мақсаттарды көздейтiн қоғамдық бiрлестiктердi құруға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұл оның лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтерден басқа ақы төленетін қызметпен айналысуға;
2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды және ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, облигацияларды, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды) сатып алу және (немесе) өткізу жағдайларын қоспағанда, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, үшiншi тұлғалардың iстерi бойынша өкiл болуға;
5) өзiнiң қызметтiк әрекетiн материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсаттарда пайдалануға;
6) ереуiлдердi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және қызметтiк мiндеттерiн орындауына кедергi келтiретiн іс-әрекеттерге қатысуға;
7) лауазымдық өкiлеттiктерiн атқаруға байланысты жеке және заңды тұлғалардың қызметiн жеке мақсаттарда пайдалануға;
8) пайдакүнемдiк мақсаттарда, оның iшiнде лауазымды немесе өзге адамдармен сөз байласу жолымен өзінің қызмет жағдайын пайдалануға;
2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқаруға, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында болуына;
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну және масаң күйде болу фактісін анықтау үшін уәкілетті басшының жолдамасы бойынша медициналық ұйымдарда медициналық куәландырудан өтуден бас тартуға немесе жалтаруға құқығы жоқ.
Куәландырудан өтуден бас тарту немесе жалтару арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығаруға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен, қызметкер лауазымға кiрiскеннен кейiн бiр ай iшiнде коммерциялық ұйымдардағы өзiнiң меншiгiндегi акцияларды (жарғылық капиталға қатысу үлесiн) және пайдаланылуы табыс алуға әкелетiн өзге де мүлiктi, өзiне заңды түрде тиесiлi ақша, облигациялар, ашық және аралық пайлық инвестициялық қорлардың пайлары, сондай-ақ мүлiктiк жалдауға берiлген мүлiкті қоспағанда, қызметiн өткеру уақытына сенiмгерлiк басқаруға беруге мiндеттi. Мүлiктi сенiмгерлiк басқару шартын нотариат куәландыруға тиіс.
Қызметкердiң сенiмгерлiк басқаруға берiлген мүлiктен, оның iшiнде сыйақы, дивидендтер, ұтыстар, мүлiктi жалға беруден және басқа да заңды көздерден табыстар алуға құқығы бар.
2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Арнаулы мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметкерлерге арнаулы тексеру жүргізуге құқылы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арнаулы мемлекеттік органдарға арнаулы тексеру жүргізуге жәрдемдеседі.
3. Осы бапта көзделген шектеулердi сақтамағаны үшiн жауаптылық осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленедi.
20-бап. Соғыс жағдайы кезеңінде қызметте құқықтық қатынастардың туындауы мен өзгеруі
Соғыс жағдайының қолданылу кезеңінде арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметте құқықтық қатынастардың туындауы мен өзгеруі ерекшеліктерін және оның жалғастырылуын Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
21-бап. Қызметкерлердің жауаптылығы
1. Өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмыстық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық, тәртiптiк жауаптылықта болады.
2. Көрінеу құқыққа қайшы бұйрықты немесе нұсқауды орындау қызметкерді жауаптылықтан босатпайды.
Атқару үшiн алынған өкiмнiң заңдылығына күмәнданған кезде бұл жөнiнде ол өзiнiң тiкелей басшысына және өкiмдi берген басшыға жазбаша түрде дереу хабарлауға тиiс. Лауазымы бойынша жоғары тұрған басшы аталған өкiмдi жазбаша растаған жағдайда қызметкер, егер оны орындау қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттерге әкеп соқпайтын болса, оны орындауға мiндеттi. Қызметкердің заңсыз өкiмдi орындауының салдары үшiн осы өкiмдi растаған басшы жауаптылықта болады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Қызметкерлердiң əрекеттеріне (əрекетсiздігіне) жоғары тұрған лауазымды адамдарға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тəртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
4. Құқыққа қайшы әрекеттерімен арнаулы мемлекеттік органға келтірілген материалдық нұқсан үшін қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес материалдық жауаптылықта болады.
22-бап. Қызметкерлердің қызметтік куәліктері және жетондары
1. Қызметкерлерге олардың жеке басын және өкілеттіктерін растайтын қызметтік куәліктер және жетондар беріледі.
Куәліктер мен жетондарды беру және пайдалану тәртібін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды.
2. Қызметтік куәліктің сипаттамасын және жетондардың үлгілерін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітеді.
3. Қызметтік куәлік адамның арнаулы мемлекеттік органға қатыстылығын, оның лауазымын және арнаулы немесе әскери атағын растайтын құжат болып табылады.
Қызметтік куәліктер мен жетондарда қажетті қорғалу деңгейі болуы тиіс.
Қызметкердің қызметтік куәлігі оның қаруды, арнаулы құралдарды алып жүру және сақтау құқығын, қызметкерге Қазақстан Республикасының заңдарында сәйкес берілген өзге де өкілеттіктерді растайды.
23-бап. Қызметкерлердің арнаулы киім үлгісі
1. Арнаулы атақ берілген қызметкерлер бюджет қаражаты есебінен арнаулы киім үлгісімен қамтамасыз етіледі.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Арнаулы киім үлгісінің түрлері мен сипатын Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды. Арнаулы киім үлгісімен қызметкерлерді қамтамасыз ету нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітеді.
Қызметкерлердің арнаулы киім үлгісін киіп жүру тәртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттың қысқартылуына байланысты шығарылған адамдардың, жиырма жəне одан көп еңбек сіңірген жылдары болған кезде, ерекше салтанатты жəне салтанатты арнаулы киім нысанын кию құқығы сақталады.
4-тарау. ҚЫЗМЕТ ӨТКЕРУ
24-бап. Кадр құрамы
1. Арнаулы мемлекеттік органдардың кадр құрамын қызметкерлер, әскери қызметшілер және жұмыскерлер құрайды.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қызметкерлер мен әскери қызметшілер арнаулы мемлекеттік органдарда штаттық лауазымдарда, қолданыстағы резервте қызмет өткереді, сондай-ақ запаста бола алады.
Қызметкерлер мен әскери қызметшілерді қолданыстағы резервке алу мен олардың қызметті өткеру тәртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.
Арнаулы мемлекеттік органдар жұмыскерлерінің еңбек шарттары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
Арнаулы мемлекеттік органдардың кадр құрамына қатысты жеке істер жүргізіледі, оларды ресімдеу, есепке алуды жүргізу жəне сақтау тəртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.
25-бап. Қызметкерлер құрамы
Қызметкерлер мынадай құрамдарға бөлінеді:
1) қатардағы қызметкерлер;
2) сержанттар;
3) офицерлер.
26-бап. Арнаулы атақтар
1. Арнаулы мемлекеттік органдарда мынадай арнаулы атақтар белгіленеді:
1) қатардағы құрам:
қатардағы қызметкер;
2) сержанттар құрамы:
кiшi сержант;
сержант;
аға сержант;
3) кіші офицерлік құрам:
лейтенант;
аға лейтенант;
капитан;
4) аға офицерлік құрам:
майор;
подполковник;
полковник;
5) жоғары офицерлік құрам:
генерал-майор;
генерал-лейтенант;
генерал-полковник.
2. Қызметкерлердің арнаулы атақтарының алдында олардың мыналарға қатыстылығын көрсететін мынадай сөздер қосылады:
1) ұлттық қауіпсіздік органдарына - «ұлттық қауіпсіздік»;
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметіне - «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі»;
3) 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Запастағы азаматтардың арнаулы атақтарының алдына «запастағы», ал отставкадағыларға - «отставкадағы» деген сөздер қосылады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Арнаулы атақтарда еңбек сіңіру мерзімдері:
офицерлік құрамға:
лейтенанттарға - екі жыл;
аға лейтенанттарға - үш жыл;
капитандарға - төрт жыл;
майорларға - бес жыл;
подполковниктерге - жеті жыл белгіленеді;
полковниктер мен одан жоғарыларға - белгіленбейді:
қатардағы мен сержанттық құрамға - белгіленбейді.
Оқу мерзімі бес жыл жəне одан көп болатын арнаулы (əскери) оқу орындарын немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарын бітірген қызметкерлер үшін лейтенант арнаулы атағында еңбек сіңіру мерзімі бір жыл болып белгіленеді.
27-бап. Арнаулы атақтарды беру тәртібі
1. Арнаулы атақтар қызметкерлерге дербес беріледі. Арнаулы атақ алғашқы немесе кезекті болуы мүмкін.
2. Қызметкерлерге арнаулы атақтарды:
1) жоғары офицерлік құрамға - арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті;
2) полковникті - арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы;
3) өзге арнаулы атақтарды - лауазымдар номенклатурасына сәйкес арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындаған лауазымды адамдар береді.
3. Алғашқы арнаулы атақтар болып:
1) офицерлік құрам үшін - лейтенант;
2) сержанттар құрамы үшін - кіші сержант;
3) қатардағы құрам үшін - қатардағы қызметкер саналады.
4. «Лейтенант» арнаулы атағы:
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) офицерлік құрамның арнаулы атағы жоқ, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша арнаулы (əскери) оқу орнын немесе арнаулы мемлекеттік органдардың жіберуі бойынша шет мемлекеттің білім беру ұйымын бітірген немесе оқу мерзімі кемінде алты ай болатын қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған қызметкерге;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) офицерлік құрамның арнаулы атағы жоқ, тиісті мамандығына ұқсас жоғары кəсіптік білімі бар жəне штатпен офицерлік құрам атағы көзделген лауазымға келісімшарт бойынша қызметке кірген қызметкерге тиісті лауазымға тағайындалған кезде беріледі.
5. Офицерлік құрамның алғашқы арнаулы атағын қызметкер қызмет өткеріп жүрген арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы береді.
2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. «Кіші сержант» арнаулы атағы «кіші сержант» және одан жоғары арнаулы атағы көзделген лауазымға тағайындалатын қызметкерге беріледі. Сержанттар құрамының кейінгі арнаулы атақтары қажетті дайындық деңгейі бар және тиісті лауазымдарға тағайындалған қызметкерлерге, бірақ кемінде он екі айдан кейін беріледі.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. «Кіші сержант» арнаулы атағы əскери атағы жоқ, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар азаматқа штатпен сержанттық құрам атағы көзделген лауазымға келісімшарт бойынша қызметке кірген кезде, тиісті лауазымға тағайындалған кезде беріледі.
8. «Қатардағы қызметкер» арнаулы атағы арнаулы атағы жоқ азаматтарға:
2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) қатардағы құрам лауазымына келісімшарт бойынша қызметке тұрған кезде;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) арнаулы (əскери) оқу орнына қабылданған немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымына жіберілген кезде беріледі.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Запастан қабылданған не Қарулы Күштерден, басқа әскерлерден және әскери құралымдардан ауыстыру тәртібімен қабылданған азаматқа қайта аттестаттау тәртібімен өзінде бар әскери атақтан төмен емес арнаулы атақ беріледі.
Бұрын арнаулы мемлекеттік немесе құқық қорғау органдарында қызмет өткерген, запастан қабылданған не басқа арнаулы мемлекеттік органдардан ауыстыру тәртібімен қабылданған және арнаулы атағы, сыныптық шені немесе біліктілік сыныбы бар адамдарға қайта аттестаттау тәртібімен арнаулы атақ беріледі. Қайта аттестаттауды өткізу және арнаулы атақ беру тәртібін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды.
Арнаулы мемлекеттік органға тағайындалған адамның өзінде бар жоғары басшы немесе офицерлік құрамның арнаулы, әскери атағы, сыныптық шені немесе біліктілік сыныбы осы Заңның 26-бабы 1-тармағы 5) тармақшасының және 2-тармағының ережелері ескеріле отырып, ол қызмет өткеретін органға тиесілігін көрсететін тең дәрежедегі арнаулы атаққа сәйкес келеді деп танылады.
Бұрынғы арнаулы, әскери атақта, сыныптық шенде немесе біліктілік сыныбында сіңірген еңбегі кезекті арнаулы атақ беру үшін еңбек сіңіру мерзіміне есептеледі.
Бір арнаулы мемлекеттік орган ішінде қызмет бабымен ауыстырылған қызметкерлер және әскери қызметшілер қайта аттестаттауға жатпайды.
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 9-1-тармақпен толықтырылды
9-1. Бұрын мемлекеттік саяси лауазымдарды атқарған және арнаулы мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволары бірінші басшыларының орынбасарынан төмен емес лауазымдарға тағайындалған қызметкерлерге, осы Заңның 27-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның талаптары қолданылмай, атқаратын лауазымы үшін штатта көзделген арнаулы атақ беріледі.
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Кезекті арнаулы атақ қызметкерге, егер ол тең немесе одан жоғары арнаулы атақ көзделген штаттық лауазымды атқарып отырса немесе осы Заңның 33-бабы 4-тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес штаттық емес лауазымда қызмет өткеріп жүрсе, алдыңғы арнаулы атақта еңбек сіңіру мерзімі өткеннен кейін беріледі.
11. Қызметкерде алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде ол кезекті арнаулы атағын алуға ұсыныла алмайды.
12. 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13. Арнаулы атақтарда еңбек сіңіру мерзімі арнаулы атақ берілген күннен бастап есептеледі.
14. Сержанттар құрамының лауазымына тағайындау кезінде тиісті даярлықтан өткен қызметкерге арнаулы атақ берілуі мүмкін.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 15-тармақ өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15. Кезекті арнаулы атақ ағымдағы арнаулы атақта еңбек сіңірудің белгіленген мерзімі өткеннен кейін және берілетін атақ мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасының және (немесе) шет мемлекеттің әскери, арнаулы оқу орнында, білім беру ұйымында білім алып жатқан қызметкердің оқуға түсу алдында атқарған лауазымы бойынша арнаулы атағына сәйкес болған кезде беріледі.
16. Қызметтік борышын үлгiлi орындайтын, қызмет атқару немесе өзге де қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде жоғары кәсіби шеберлiк пен ынта-жiгер танытқан қызметкерлерге кезектi арнаулы атақ мерзiмiнен бұрын берiлуi мүмкiн, бiрақ атқарып отырған лауазымдар бойынша көзделген әскери атақтан жоғары болмайды.
Мерзiмiнен бұрын арнаулы атақ арнаулы атақта белгiленген еңбек сiңiру мерзiмiнiң кемiнде жартысы өткеннен кейiн, бiрақ тиiсiнше кiшi және аға офицерлік құрамның әскери атақтарында қызмет өткерген кезеңiнде бiр реттен артық берiлмейдi.
17. Қызметтік, жауынгерлiк даярлықта, қызметтік тәртiптi нығайтуда, күрделi техниканы меңгеруде жоғары көрсеткiштерге қол жеткiзген немесе арнаулы мемлекеттік органның міндеттерін орындаумен байланысты тапсырылған учаскедегi мiндеттердi үлгiлi орындайтын қызметкерге подполковникке дейiн, ал ғылыми дәрежесі бар ғылыми-педагогикалық құрамның офицерлерiне полковниктi қоса алғанда - атқарып отырған лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бiр сатыға жоғары кезектi арнаулы атақ берiлуi мүмкiн.
Атқарып жүрген лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бiр сатыға жоғары кезектi арнаулы атақ қызмет кезеңiнде бiр реттен артық берiлмейдi және арнаулы атағында кемiнде екi белгiленген еңбек сiңiру мерзiмі өткеннен кейiн берiледi.
18. 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19. Офицерлік немесе сержанттық құрамның арнаулы атағынан айырылған азаматқа (әскери мiндеттiге) қатардағы құрамның әскери есебiне бiр мезгiлде ауыстыра отырып, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергiлiктi әскери басқару органының бастығы «қатардағы қызметкер» әскери атағын бередi.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 27-1-баппен толықтырылды
27-1-бап. Жоғары офицерлік құрамның арнаулы атағы
Жоғары офицерлік құрамның арнаулы атағы:
генерал-майор қызметкерге жоғары офицерлік құрам лауазымының алдындағы лауазымда полковник атағында болғанына үш жыл өткеннен кейін жəне жоғары офицерлік құрамның лауазымында кемінде бір жыл қызмет еткеннен кейін берілуі мүмкін;
генерал-лейтенант кемінде үш жыл генерал-майор арнаулы атағында болған қызметкерге берілуі мүмкін;
генерал-полковник кемінде үш жыл генерал-лейтенант арнаулы атағында болған қызметкерге берілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жоғары арнаулы атақ мерзімінен бұрын берілуі мүмкін.
28-бап. Арнаулы атақты төмендету, одан айыру және арнаулы атағын қалпына келтіру
1. Қызметкердің арнаулы атағы бiр сатыға:
1) жоғары офицерлік құрам - Қазақстан Республикасының Президентiмен;
2) офицерлік құрам (жоғары офицерлік құрамнан басқа) - арнаулы мемлекеттік органның бiрiншi басшысымен;
3) өзге де арнаулы атақтар - лауазымдар номенклатурасына сәйкес төмендетілуi мүмкiн.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Арнаулы атағы төмендетілген қызметкердің бұрынғы арнаулы атағы, атқарып жүрген лауазымына қарамастан, арнаулы атағы төмендетілген күннен бастап алты ай өткен соң уәкілетті басшының бұйрығымен қалпына келтіріледі.
Арнаулы атақтағы еңбек сіңіру мерзімі арнаулы атақты төмендету түрінде тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы бұйрық шыққан күннен бастап үзіледі және арнаулы атақты қалпына келтіру туралы бұйрық шыққан күннен бастап қайта жалғасады.
Қызметкердің бұрынғы арнаулы атағын қалпына келтіргенге дейін және оған кезекті арнаулы атақ берілгенге дейін арнаулы атақты қайтадан төмендетуге жол берілмейді, бірақ ықпал етудің өзге де шарасы қолданылады.
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған қызметкерлер соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі бойынша арнаулы атағынан айырылады.
Қызметкерді арнаулы атағынан айыру жеке құрам бойынша бұйрықпен ресімделеді.
4. Заңсыз соттауға байланысты арнаулы атағынан айырылған азаматқа бұрынғы арнаулы атағы Қазақстан Республикасының заңдарында және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген бұрынғы құқықтары мен жеңiлдiктерi қалпына келтiрiле отырып, оны ақтау туралы шешiм күшiне енгеннен кейiн берiледi.
29-бап. 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
30-бап. Лауазымға тағайындау тәртібі
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қызметкер арнаулы атағы сəйкес келуге тиіс лауазымға тағайындалады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Арнаулы мемлекеттік органдардағы лауазымдар жəне оларға сəйкес келетін арнаулы жəне əскери атақтар тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды
1-2. Арнаулы мемлекеттік органдардағы типтік емес лауазымдар жəне оларға сəйкес келетін арнаулы жəне əскери атақтар тізбесін осы органдардың бірінші басшылары бекітеді.
2. Қызметкерлермен келiсiмшарт жасасу, оларды лауазымдарға тағайындау, ауыстыру, босату, шығару, сондай-ақ оларға арнаулы атақтар беру туралы бұйрықтар (жеке құрам бойынша бұйрықтар) шығаруға құқығы бар лауазымды адамдар тiзбесiн (лауазымдар номенклатурасы) арнаулы мемлекеттік органның бiрiншi басшысы айқындайды.
3. Қызметкерді лауазымға тағайындау бiлiмi мен кәсіби даярлығы деңгейiн, оның психологиялық қасиеттерiн, денсаулық жағдайын және осы Заңда көзделген өзге де мән-жайларды ескере отырып, жүргізiледi.
4. Қызметкерлерді лауазымдарға тағайындау қызметтiк әрекетінің тәжiрибесi ескерiле отырып, оларды негізгі немесе бір бейінді мамандығы бойынша пайдалануды қамтамасыз етуге тиіс. Қызметкерді олар үшiн жаңа мамандық бойынша лауазымдарға пайдалану қажет болған кезде, олар осы лауазымдарға тағайындалар алдында тиiстi қайта даярлықтан өтуге тиiс.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Офицерлік құрамның атағы бар, жоғары оқу орнынан кейiнгi білімнің бiлiм беру бағдарламалары бойынша оқуға арнаулы (əскери) оқу орнына қабылданған немесе халықаралық шартқа сəйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына жіберілетін қызметкер бұрын атқарған лауазымынан босатылады жəне арнаулы (əскери) оқу орнының магистранты не докторанты немесе адъюнкті лауазымына тағайындалады.