ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 65-бап өзгертілді; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 65-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
65-бап. Жалпы ережелер
1. Конкурстық іс жүргізудің, тарату рәсімінің өткізілу мерзімі сот шешімімен айқындалады және ол тоғыз айдан аспауға тиіс. Конкурстық басқарушының өтініші бойынша кредиторлар комитетінің келісімімен бұл мерзімді уәкілетті орган әрі кеткенде 3 айға ұзартуы мүмкін.
Конкурстық іс жүргізу мерзімі борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.
Бұл ретте, конкурстық басқарушының конкурстық іс жүргізу мерзімін ұзарту туралы өтініші уәкілетті органға конкурстық іс жүргізудің белгіленген мерзімі өткенге дейін кем дегенде күнтізбелік он бес күн бұрын жіберіледі.
2. Көлемі үлкен мүлкі бар борышкерді тарату, дебиторлық берешекті өндіріп алудың нақты мүмкіндігінің, сот талқылауларының болуы, конкурстық басқарушының осы Заңның 5 және 6-баптарының талаптарын орындауы кезінде немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі конкурстық массаны сатудың ерекше шарттары мен тәртібін белгілеген жағдайларда, табиғи монополия субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын не республика экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын, сондай-ақ мемлекеттің бастамасымен банкрот деп танылған ұйымдардың банкроттығы кезінде конкурстық басқарушының өтініші бойынша конкурстық іс жүргізу мерзімін уәкілетті орган кредиторлар комитетінің келісімімен көрсетілген мән-жайларды ескере отырып, бір жылға дейін ұзартуы мүмкін.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 6-бап өзгертілді
66-бап. Конкурс жүргiзуге қатысушылар
Сот, кредиторлар комитетi, банкрот, конкурстық басқарушы уәкiлеттi орган және басқа да мүдделi адамдар конкурс жүргiзуге қатысушылар болып табылады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 01.07.98 ж. № 256-1; 18.12.00 ж. № 128-II; 02.03.01 ж. № 162-II; 11.07.01 ж. № 239-II; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 262-IV (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 67-бап өзгертілді
67-бап. Конкурс жүргiзудегi соттың өкiлеттiгi
Соттың конкурс жүргiзуде мынадай өкiлеттiгi бар:
1) конкурс жүргiзудi қозғайды және оны тоқтатады;
2) заңды тұлғалардың тiркелуiн жүзеге асыратын әдiлет органына, уәкілетті органға, жеке сот орындаушыларының алқасына және борышкердің тұрғылықты жері бойынша аумақтық атқарушы іс жүргізу органына заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешiм шығарылғанын хабарлайды;
3) борышкер мүлiктiк сипаттағы жауапкер ретiнде болатын даулар бойынша iстердi өзiнiң жүргiзуiне қабылдайды;
4) уәкілетті органға конкурстық басқарушыны тағайындауды тапсырады;
5) конкурс жүргiзуге қатысушылардың арасындағы дауларды шешедi;
11.07.97 ж. № 154-1 ҚР Заңымен; 01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 68-бап өзгертiлдi
68-бап. Банкрот үшiн конкурс жүргiзудi қозғаудың салдары
1. Борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы сот шешiмi қабылданған кезден бастап мынадай салдары болады:
1) банкроттың мүлiктi иелiктен айыруына және уақытша беруiне тыйым салынады;
2) банкроттың барлық қарыз мiндеттемелерiнiң мерзiмдерi өткен деп есептеледi;
3) банкрот берешектерiнiң барлық түрлерi бойынша айып ақылар мен сыйақылар (мүдделер) есептеу тоқтатылады;
4) егер банкроттың қатысумен сотта қаралатын мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша қабылданған шешiмдер заңды күшiне енбесе, олар қысқартылады;
5) банкротқа мүлiктiк талаптар тек конкурс жүргiзу шеңберiнде ғана қойылуы мүмкiн.
6) дәрменсіз борышкердің мүлкінен өндіріп алуға қойылған барлық заңнамалық шектеулер алып тасталады.
3. Егер конкурстық масса құрамында жылжымайтын мүлiк болса, банкроттың жылжымайтын мүлкiн иелiктен айыру және оны өзге тұлғаларға пайдалануға беру жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу органдарында тiркелуге тиiс.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 69-бап өзгертілді
69-бап. Конкурстық басқарушы-таратушы
1. Конкурстық іс жүргізуді жүзеге асыру үшін уәкілетті орган борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап бес күн мерзімде конкурстық басқарушыны тағайындайды.
Конкурстық басқарушыны тағайындау, есепке алу және тіркеу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
2. Конкурстық басқарушыға (таратушыға) төленетiн сыйақыға:
1) өз мiндеттемелерiн орындайтын бүкiл кезең үшiн ай сайынғы мөлшерi елу айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс, кредиторлармен есеп айырысқанға дейін конкурстық массадан төленетін ағымдағы төлемақылар;
2) оның қызметінің нәтижелері бойынша жүзеге асырылатын және әкімшілік шығыстар шегеріліп кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға жұмсалған қаражаттың жеті процентінен аспайтын мөлшерінде кредиторлар комитеті айқындайтын қосымша төлемдер жатады.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 13.03.03 ж. № 395-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 70-бап өзгертілді
70-бап. Конкурсты басқарушы-таратушының өкiлеттiгi
Конкурсты басқарушы:
1) осы Заңның талаптарына сәйкес ол тағайындалған күннен бастап он күннен аспайтын мерзiмде кредиторлар комитетiнiң құрамын қалыптастырады, оны уәкілетті органға бекітуге табыс етеді.
1-1) кредиторлар комитетiнiң барлық мүшелерiне осы Заңның 12-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімде өтетін комитеттiң бiрiншi отырысы өткiзiлетiн орын мен күн туралы хабарлайды;
1-2) уәкілетті орган оны тағайындаған күннен бастап он күн мерзімде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және борышкердің тұрғылықты жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте таратылатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында борышкерді банкрот деп тану туралы және кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды;
1-3) уәкілетті орган оны тағайындаған күннен бастап бір апта мерзімде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін табыс етеді;
2) борышкердiң мүлкiн қорғауға және бақылауға алады;
3) борышкер алдында берешегi бар тұлғаларға осы берешектi заңда белгiленген тәртiппен өндiрiп алу туралы талаптар қояды;
4) осы Заңның 6-бабында аталған мән-жайлар кезiнде борышкер жасаған мәмiлелердi анықтайды және оларды жарамсыз деп тану туралы не сот тәртібімен мүлiктi қайтару туралы талаптар қояды;
5) банкроттың қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес алдағы уақытта еңбек шартының тоқтатылатыны туралы хабарлайды;
6) уәкілетті органмен келіскеннен кейін кредиторлардың талаптарын өтеу мақсатында кредиторлар комитетіне банкроттың мүлкін (активтерін) сату жоспарын бекітуге ұсынады және оның сатылуын жүзеге асырады;
6-1) уәкілетті органның сұратуы бойынша оған конкурстық іс жүргізу жөнінде қажетті ақпаратты табыс етеді;
7) кредиторлармен есеп айырысады;
8) борышкердi банкроттыққа жеткiзгенi үшiн жауапты адамдарды (борышкердің лауазымды адамдарын, қатысушыларын (құрылтайшыларын) анықтап, сотқа жүгiнедi;
9) кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн жүргiзедi;
9-1) түгендеуді жүргізеді;
9-2) сот қорытынды есепті бекіткеннен кейін банкрот деп танылған кәсіпорынның банктік шоттарын жабуға, салық органына салық төлеуші куәлігінің және қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің (олар бар болса) бланкілерін тапсыруға міндетті;
10) осы Заңға сәйкес өзге де өкiлеттiгi болады.
11.07.97 ж. № 154-1; 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II; 03.06.03 ж. № 427-II; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 127-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III ҚР (2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 71-бап өзгертілді
71-бап. Кредиторлардың талаптары
1. Кредиторлардың борышкерге талаптары борышкердi банкрот деп тану туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей мәлiмделуге тиiс.
Кредиторлардың талаптарында талаптар сомасы туралы мәлiметтер болуға тиiс (негiзгi қарыздардың, сыйақылардың (мүдденiң), айыптың және өзге де айыппұлдар санкцияларының, залалдардың мөлшерi туралы жеке-жеке, талаптардың негiздемесi мен сомасын растайтын құжаттар (соттың күшiне енген шешiмдерi, шарттардың көшiрмелерi, борышкердiң қарызын тануы қоса берiледi).
Кредиторлардың шетелдік валютамен көрсетілген талаптары борышкерді банкрот деп тану және оны тарату туралы сот шешім қабылдаған кездегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен есепке алынады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген мерзiмде кредиторлардың мәлiмдеген талаптарын конкурсты басқарушы оларды алған кезден бастап бiр ай мерзiм iшiнде қарауға тиiс және ол мойындаған талаптар тiзiлiмге енгiзiледi.
Кредиторлардың бұрын сотқа мәлiмдеген талаптары, егер олар осы баптың 1-тармағының екiншi абзацында аталған талаптарға сәйкес келсе, тiзiлiмге енгiзiлуi мүмкiн.
Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтер және мынадай мүлiктiң кепiлiмен қамтамасыз етiлген ипотекалық облигацияларды: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша талап ету құқықтары (ипотекалық куәлiктер кепiлiн қоса алғанда), сондай-ақ аталған облигацияларды ұстаушыларда оларға меншiк құқығы туындаған немесе оларға мәмiлелер не Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де негiздер бойынша ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын ұстаушылардың талаптары енгiзiлмейдi.
Кредиторлар талаптарының тізіліміне кредиторлардың мемлекет кепілгерлігімен қамтамасыз етілген инфрақұрылымдық облигациялар бойынша талаптары енгізілмейді.
3. Кредиторлардың өзiне берешек сомасын және осы сомаға есептелетiн сыйақыны (мүдденi), борышкер тарапынан мiндеттемелердiң орындалмауынан немесе тиiсiнше орындалмауынан келтiрiлген зиянды, айыптарды (айыппұл, өсiмдер) және өзге де айыппұл санкцияларын қамтитын талаптарды борышкерге қоюға құқығы бар.
4. Проценттердiң сомасы борышкердi банкрот деп тану туралы сот шешiмi қабылданған кезде айқындалады.
5. Залалдардың, айыптардың (айыппұлдар, өсiмдер) және өзге де айыппұл санкцияларының сомасы борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы шешiм қабылданған кезде, ал оңалту рәсiмi қолданылған жағдайларда - оңалту рәсiмi енгiзiлген кезде айқындалады.
Кредиторлардың банкроттық рәсiмдерге қатысуына байланысты шығындары өтелмеуге тиiс.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 71-1-баппен толықтырылды; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңымен 71-1-бап жаңа редакцияда
71-1 -бап. Конкурстық басқарушы-таратушының жауапкершілігi
Өз өкілеттіктерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда конкурстық басқарушы-таратушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 72-бап өзгертілді
72-бап. Кредиторлардың талаптарын қарау
1. Конкурстық басқарушы кредиторлардың талаптарын қараудың нәтижелерi туралы (талаптарды толық көлемiнде немесе iшiнара тану немесе танымау туралы) әрбiр кредиторға шешiм қабылданған күннен кейiнгi келесi күнi жазбаша түрде (танымаудың себептерiн көрсете отырып) хабарлауға мiндеттi.
2. 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Конкурстық басқарушының шешімімен келіспеген жағдайда кредитор, құрылтайшы (қатысушы) оны бір ай мерзімде дау тудырған талап бойынша шешімі күшіне енген банкроттық туралы істі қараған сотқа шағымдануға құқылы.
4. Борышкердiң кредиторы кредиторлар тiзiлiмiнiң мазмұнымен танысуға құқылы.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 73-бап жаңа редакцияда; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 73-бап өзгертілді
73-бап. Кредиторлар талаптарының тізілімін бекіту
1. Конкурстық басқарушы кредиторлар талаптарының тізілімін және оларды қараудың нәтижелерін борышкерді банкрот деп тану және оны тарату туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап төрт айдан кешіктірілмей уәкілетті органға бекіту үшін беруге міндетті.
2. Кредиторлар талаптарының конкурстық басқарушысы табыс еткен тізілімін және оларды қарау нәтижелерін кредиторлардың, құрылтайшылардың (қатысушылардың) қарсылығы болмаған жағдайда уәкілетті орган бір апта мерзімде бекітеді. Кредитордың (кредиторлардың), құрылтайшылардың (қатысушылардың) қарсылығы болған жағдайда туындаған дау осы Заңның 72-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен қаралады.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 03.06.03 ж. № 427-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 127-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен (2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 74-бап өзгертілді
74-бап. Конкурстық масса
1. Конкурстық массаның құрамына:
1) борышкердің мүлкі, соның ішінде оның қаржылық құжаттарында көрсетілмеген, бірақ осы Заңның 83-бабының 2-тармағында көрсетілген мүлікті қоспағанда, талап құқығын (дебиторлық берешекті) қоса алғанда, борышкердің меншік құқығын растайтын құжаттары бар мүлкі;
2) Қазақстан Республикасының жер заңнамасымен көзделген жағдайда, борышкердің тұрақты және уақытша жер пайдалану құқығы кіреді.
2. Конкурстық массаға толық серiктестердiң жеке мүлкi, толық және коммандиттiк серiктестердiң бұрынғы қатысушыларының, қосымша жауапкершiлiктi серiктестер қатысушыларының, сондай-ақ банкроттың мүлкi жетпеген кезде Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес өндiрiп алу қолданылуы мүмкiн болатын өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң өз мүлкi кiредi және жеке есептеледi.
3. Өзге тұлғалардың борышкердi банкроттыққа дейiн жеткiзгенi үшiн субсидиялық жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бұл жауапкершiлiк мөлшерi кредиторлар талаптарының жалпы сомасы мен борышкер мүлкiнiң конкурстық массасының арасындағы айырма ретiнде айқындалады. Конкурстық басқарушы мұндай тұлғаларға борышкердiң барлық кредиторлардың мүдделерiнде талаптар қоюға мiндеттi. Жекелеген кредиторлардың өз мүдделерiн көздеп мұндай талаптар қоюына жол берiлмейдi.
4. Конкурстық массаға:
1) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары;
2) ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтер және кепіл мүлкі: ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқығы (ипотекалық куәліктерді қоса алғанда), сондай-ақ аталған облигацияларға меншік құқығы оларды ұстаушыларда туындаса немесе мәмілелер не Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша оларға көшкен жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары енгізілмейді. Тарату комиссиясы аталған мүлікті және Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтерді Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес кредиторлармен - аталған облигацияларды ұстаушылармен есеп айырысу үшін ипотекалық облигацияларды немесе Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигацияларды ұстаушылардың өкіліне береді.
3) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдарына сәйкес құрылған тарату қорларының қаражаты;
4) концессия объектісінің құрамына кіретін мүлік енгізілмейді.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 08.04.04 ж. № 542-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 75-бап өзгертілді
75-бап. Конкурстық массаны бөлу кезегi
1. Әкiмшiлiк және сот шығыстары борышкер мүлкiнiң есебiнен кезектен тыс өтеледi.
Әкiмшiлiк шығыстарының сомасын, кредиторлар комитетінің оңалтушы немесе конкурстық басқарушымен келісімі арқылы айқындалған сметаның шектерінде, олардың туындауына қарай оңалтуды немесе конкурстық басқарушы төлеуi мүмкiн.
2. Таратылатын банкрот өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн жауап беретiн азаматтардың жалақыдан және (немесе) өзге кірістен ұсталған алименттерді, сондай-ақ талаптарды төлеу бойынша талаптары тиiстi уақтылы төленетiн капиталға айналдыру арқылы бiрiншi кезекте қанағаттандырылады.
3. Еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбегіне ақы мен өтемдер, Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша еңбекақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша берешектерді өтеу, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақы төлеу жөніндегі есеп айырысулар, осы Заңның 78-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, екінші кезекте жүргізіледі.
4. Кредиторлардың таратылған банкрот мүлкінің кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелері бойынша талаптары қамтамасыз ету сомасы шегінде үшінші кезекте қанағаттандырылады.
5. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі берешек төртiншi кезекте өтеледi.
6. Басқа кредиторлармен есеп айырысу осы Заңға және басқа да Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бесiншi кезекте жүргiзiледi.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 76-бап өзгертілді
76-бап. Кредиторлармен есеп айырысу ережелерi
1. Әрбiр кезектiң талаптары алдыңғы кезектегi талаптар толық қанағаттандырылған соң қанағаттандырылады.
Кредитордың талабы оның келісімiмен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн әдiстермен, соның iшiнде ақша түрiнде және (немесе) мүлiктi заттай беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар және міндетті зейнетақы жарналары бойынша кредитордан басқа кредитор мүлікті он конкурстық басқарушы ұсынған күннен бастап он бес күн мерзімде талапты өтеу есебіне заттай қабылдау туралы өзінің жазбаша келісімін (келіспеуін) білдіруге тиіс. Кредитордың белгіленген мерзімде жазбаша келісімін ұсынбауы мүлікті заттай алудан бас тартуы деп танылады.
2. Банкроттың мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда ол тиiстi кезектегi кредиторлар арасында олардың қанағаттандыруға тиiстi талаптарының сомаларына сәйкес бөлiнедi.
3. Конкурстық басқарушы кредитордың талаптарын қанағаттандырудан не оны қараудан бас тартылған жағдайда кредиторлар тарату балансын бекiткенге дейiн конкурстық басқарушыға талап қойып сотқа жүгiнуге құқылы.
4. Кредиторлардың осы Заңның 71-бабының 1-тармағында көзделген мерзiм бiткеннен кейiнгi, бiрақ тарату балансы бекітілгенге дейiнгi талаптары, кредиторлардың белгiленген мерзiмде мәлiмделген талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған борышкердiң мүлкiнен қанағаттандырылады.
5. Бiрiншi және екiншi кезектегi кредиторлардың барлық кредиторлармен есеп айырысқанша қойған талаптары конкурстық мүлiктiң есебiнен қанағаттандырылуға тиiс. Мұндай талаптар тізілімге енгізілгенге дейін тиiстi кезекте тұрған кредиторлардың талаптарын өтеу тоқтатыла тұрады. Белгiленген мерзiмде бiлдiрiлген, бiрақ конкурстық басқарушының тарапынан мойындалмаған, оларды қанағаттандыру туралы соттың шешiмi бар, басқа кезектердегi кредиторлардың талаптары да осындай тәртiппен қанағаттандырылуға тиiс.
6. Банкроттың мүлкi жетпегендiктен қанағаттандырылмаған, сондай-ақ тарату балансы бекітілгенге дейiн мәлiмделмеген кредиторлардың талаптары өтелген деп есептеледi.
Көрсетiлген сомаларды конкурстық iс жүргiзудiң аяқталғандығы туралы сот ұйғарымының негiзiнде кредиторлар дебиторлық берешектен шығаруға тиiс.
11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 77-бап өзгертілді
77-бап. Бiрiншi кезектегi кредиторлар талаптарын қанағаттандырудың сомасы мен тәртібі
1. Борышкер өмiрiне және денсаулығына залал келтiргенi үшiн жауапты болатын азаматтар талаптарының сомасын айқындау азаматқа жетпіс жасқа жеткенге дейiн, бiрақ он жылдан кем емес уақытта төленуге тиiстi мерзiмдi төлемдердi (борышкердi банкрот деп таныған күнгi мөлшерде) капиталға айналдыру жолымен жүзеге асырылады. Егер азаматтың жасы жетпістен асса, онда тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру кезеңі он жыл болады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген тәртiпке сәйкес айқындалған сомаларды төлеу борышкердiң тиiстi мiндеттемесiн тоқтатады.
3. Банкроттың мүлкі жетіспеуіне байланысты бірінші кезектегі кредиторлардың қанағаттандырылмай қалған талаптары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен өтеледі.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 78-бап жаңа редакцияда; 08.04.04 ж. № 542-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 78-бап өзгертілді
78-бап. Екінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасы мен оларды қанағаттандыру тәртібі
1. Екінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасын белгілеу кезінде, осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, банкроттық туралы іс қозғалған кездегі жинақталып қалған өтелмеген берешек ескеріледі.
2. Қызметкердің жалақысын көтеру нәтижесінде пайда болған, бір жылдан бастап банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі кезеңде есептелген еңбегіне ақы мен өтем төлеу жөніндегі кредиторлар талаптарының ұлғайған сомасы кредиторлар талаптарының тізілімінде бесінші кезек құрамында ескеріледі.
3. Еңбекақы мен өтем төлеу бойынша бір жылдан бастап банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі кезең ішінде олармен еңбек қатынастары туындаған кредиторлардың талаптары банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі бір жылдың алдындағы он екі күнтізбелік айда борышкерде құралған орташа айлық жалақыдан аспайтын есеппен кредиторлар талаптарының тізілімінде екінші кезек құрамында ескеріледі. Талаптардың қалған сомалары (айыппұлдар, өсімпұлдар, индекстеу және басқа) кредиторлар талаптарының тізілімінде бесінші кезек құрамында ескеріледі.
4. Егер борышкер банкроттық туралы іс қозғалғаннан кейінгі кезеңде еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбекақы мен өтемдер, Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша еңбекақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектерді, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақыларды төлеу жөніндегі міндеттерін толық көлемде орындамаған жағдайда, борышкерді банкрот деп тану және оны тарату туралы шешім күшіне енгенге дейін төленбеген сомалар, осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, борышкердің екінші кезектегі кредиторлар алдындағы берешегінің жалпы сомасына енгізіледі.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 79-бап жаңа редакцияда
79-бап. Үшінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасы мен оларды қанағаттандыру тәртібі
1. Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша талаптар сомасы айқындалған кезде, кепілмен қамтамасыз етілген бөлігіндегі міндеттеме бойынша берешек ескеріледі.
2. Кредитордың кепілмен қамтамасыз етілген талаптары кепілге салынған мүлік құны есебінен қанағаттандырылады.
3. Кепілмен қамтамасыз етілмеген бөлігіндегі міндеттеме бойынша берешек кредиторлар талаптарының тізілімінде бесінші кезектегі талаптар құрамында ескеріледі.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 80-бап өзгертілді
80-бап. Төртiншi кезектегi кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың сомасы мен тәртібі
1. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша талаптардың сомасын айқындау жағдайында банкроттық туралы iс жөнiнде iс жүргiзу қозғалған кезде пайда болған берешек (толық төленбеген төлем) ескерiледi.
2. Егер борышкердiң тарапынан банкроттық туралы iс жөнiнде iс жүргiзу қозғалғаннан кейiнгi кезеңде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер толық мөлшерде аударылмаса, борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы шешiм күшiне енгенге дейiн төленбеген сомалар борышкердiң төртiншi кезектегi кредиторлар алдындағы берешектерiнiң жалпы сомасына енгiзiледi.
3. Қаржы санкцияларының сомалары бесiншi кезектегi талаптардың құрамында ескерiледi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 81-бап өзгертілді
81-бап. Бесiншi кезектегi кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың сомасы мен тәртібі
1. Бесінші кезектегі талаптардың құрамына енетін талаптардың сомасын айқындау кезінде кредиторлардың азаматтық-құқықтық міндеттемелері бойынша талаптары, оның ішінде кредиторларға тиесілі сыйақы (мүдде), кредиторлардың кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелері бойынша талаптарын қоспағанда, осы Заңның 78-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбекақы төлеу мен өтем төлеу жөніндегі кредиторлардың және заңды тұлға құрылтайшыларының (қатысушыларының) талаптары ескеріледі.