2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді)
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарма мүшелері, сақтандыру брокерінің бас бухгалтері және бірінші басшысының орынбасары лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде екі жыл;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және сақтандыру және (немесе) инвестициялық қызметті жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге басшылары лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде бір жыл жұмыс стажы болуы қажет.
Директорлар кеңесінің мүшелері, сондай-ақ тек қана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қауіпсіздігі мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін басқарма мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жұмыс стажының болуы талап етілмейді.
Осы тармақта айқындалған жұмыс стажына қаржылық ұйым бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді)
5. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған) күннен бастап өз қызметін уәкілетті органмен келіспей күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім ішінде атқаруға құқылы.
Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға келісуге табыс етілмеген жағдайда не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттілігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерінің және сақтандыру брокерінің міндеттерін уәкілетті органның келісімінсіз осы тармақта белгіленген мерзімнен асыра атқаруға (уақытша болмаған адамды ауыстыруға) тыйым салынады.
Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін табыс етілген құжаттарды олар табыс етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алуға қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
7. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не ол сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе оны осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы, осы сақтандыру брокеріндегі өзге лауазымға ауыстырған жағдайда бұл адам оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартылғаннан не ол лауазымнан босатылғаннан не өзге лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес, осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына қайта тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
8. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, бұл адам өзін уәкілетті органның осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, осы сақтандыру брокерінде тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешімі қабылданған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 9 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді)
9. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімін:
1) келісім беруге негіз болған жалған мәліметтер анықталған;
2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) басшы қызметкерге уәкілетті органның санкцияларды жүйелі түрде (қатарынан соңғы он екі ай ішінде үш және одан да астам рет) қолдануы;
2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) осы бапта аталған тұлғаларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету;
4) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.
Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 10 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді)
10. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын осы Заңда белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдаған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасарлары және бас бухгалтер болып табылатын басшы қызметкерлермен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
ҚР 2005.08.07 ж. № 72-IІІ (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді
35-бап. Қазақстан Республикасының резидентi еместiң қатысатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қойылатын қосымша талаптар
1. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара )
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акциялары жиынтығының жиырма бес проценттен астамы:
1) Қазақстан Республикасының резидентi еместiң;
2) жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң немесе орналастырылған акцияларының елу процентiнен астамы Қазақстан Республикасының резидентi еместердiң меншiгіндегі және (немесе) басқаруындағы Қазақстан Республикасы резидентiнiң - заңды тұлғаның;
3) Қазақстан Республикасының резидентi еместердiң бағалы қағаздарын атаулы ұстаушылар болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң меншiгiнде немесе басқаруында болып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының резидентi еместер қатысатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылады.
36-бап. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара )
7-тарау. Лицензиялау
ҚР 11.06.03 ж. № 436-11 (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07 ж. № 72-IІІ (бұр. ред. қара) Заңдарымен 37-бап өзгертілді; 2005.23.12 № 107-III ҚР Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 37-бап өзгертілді
37-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және сақтандыру брокерін лицензиялау
1. Өтініш беруші сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) сақтандыру ұйымын құруға не қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына рұқсат алу кезінде табыс етілген бизнес-жоспарда көзделген сақтандыру сыныптары шегінде лицензия беру туралы өтінішті;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) барлық ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын, оның ішінде уәкілетті орган мен Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сай келетін бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру мәселелері бойынша іс-шараларды орындағаны туралы куәландыратын құжаттарды;
2) бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін;
4) салық төлеуші куәлігінің көшірмесін;
5) енгізілген барлық өзгерістермен және толықтырулармен (бар болса) жарғының нотариат куәландырған көшірмесін;
5-1) осы Заңның 34-бабының талаптарына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлерінің лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттарын;
6) ең аз мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін;
7) сақтандыру қызметін жүзеге асырудың ішкі ережелерін;
8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат алу кезінде табыс етілген бизнес-жоспарға сәйкес жүргізілген ұйымдастыру іс-шаралары туралы есепті;
9) өтініш берушінің штатында актуарийдің болуы туралы мәліметтерді;
10) ішкі аудит қызметі туралы ережені;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11) сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтандыру шарттары бойынша сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға қатысу шартының, егер Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінде немесе осы Заңда сақтандыру ұйымының мұндай ұйымға қатысуы белгіленген болса, нотариат куәландырған көшірмесін;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 11-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11-1) сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезiнде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн сақтандыру шарттары бойынша жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымның акцияларын ұстаушылар тiзiлiмiнiң жүйесiнде ашылған сақтандыру ұйымының, егер Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрі бойынша заңнамалық актісінде немесе осы Заңда осы ұйымның акционерi ретiнде қатысуы көзделген болса, жеке шотынан үзiндi көшiрменi;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) осы Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқорына қатысуын растайтын құжаттарды;
13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы (iрi қатысушылары) бар екенiн растайтын құжатты (мiндеттi сақтандыру түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн) табыс етедi.
Осы тармақта жазылған талаптар, осы тармақтың 13) тармақшасын қоспағанда, жұмыс істеп тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.
2. Сақтандыру ұйымы сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) өтінішті;
2) актуарий қол қойған, сақтандырудың сыныбы (сыныптары) бойынша бизнес-жоспарды;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ұйымдарын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретін ұйымға қатысу шартының, егер сақтандыру ұйымының мұндай ұйымға мiндеттi қатысуы Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінде немесе осы Заңда белгiленген болса, нотариат куәландырған көшiрмесiн;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 3-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-1) сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезiнде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн сақтандыру шарттары бойынша жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымның акцияларын ұстаушылар тiзiлiмiнiң жүйесiнде ашылған сақтандыру ұйымының, егер Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрі бойынша заңнамалық актісінде немесе осы Заңда осы ұйымның акционерi ретiнде қатысуы көзделген болса, жеке шотынан үзiндi көшiрменi;
4) лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшiрмесiн;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы (iрi қатысушылары) бар екенiн растайтын құжатты (мiндеттi сақтандыру түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін);
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6) осы Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқорға қатысуын растайтын құжаттарды;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7) уәкілетті орган белгілеген тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы бөлігіндегі талаптарды орындағанын растайтын құжаттарды табыс етеді.
3. Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарда мынадай ақпарат:
1) мыналардың:
сақтандыру сыныбы бойынша жабылатын тәуекелдердің;
сақтандыру портфелінің құрылымындағы сақтандыру сыныбы үлесінің;
сақтандыру сыныбы бойынша қызметтер көрсету нарығы сегментінің (нарық көлемінің, ықтимал сақтанушылардың, географиялық жерінің);
сақтандыру өнімдерін сақтандыру сыныбы шеңберінде сату тәсілдерінің негізгі сипаттамалары;
2) сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібіне және олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар;
3) осы сақтандыру сыныбы бойынша таяу екі жылға арналған, пайдалар, шығындар, сақтандыру резервтерінің есептері туралы болжам, шығындылық болжамы, ең нашар және ең жақсы жағдайдағы тәуекелдерді бағалау, пруденциялық нормативтердің сақталу болжамы;
4) қайта сақтандыру саясаты (қайта сақтандыру нысандары мен әдістері, қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау өлшемдері);
5) инвестициялық саясат қамтылуға тиіс.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Сақтандыру ұйымы сақтандыру ұйымын құруға рұқсат алу кезiнде сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн бизнес-жоспарда көрсетiлген талаптарды орындау мерзiмi аяқталғанға дейiн уәкiлеттi органға өтініш жасауға құқылы емес.
Осы тармақтың талабы:
1) сақтандырудың жаңа сыныптары мен түрлерін енгізуді;
2) сақтандырудың жекелеген сыныптары мен түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру тәртібі мен талаптарын өзгертуді көздейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері қабылданған жағдайларда қолданылмайды.
5. Лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары алып тасталған жағдайда, лицензия сақтандырудың осы сыныптары алып тастала отырып, қайта ресімделуге тиіс.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын алып тастау үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) өтінішті;
2) лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін;
3) осы Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелінің берілуін растайтын құжаттарды табыс етеді.
7. Лицензиат қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) өтінішті;
2) қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру жөнінде таяудағы екі жылға арналған, сақтандыру нарығында актуарийлік қызметті жүргізуге лицензиясы бар актуарий қол қойған бизнес-жоспарды;
3) сақтандыру ұйымының сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдау рәсімін ашатын ішкі ережелерін;
4) лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін табыс етеді.
8. Өтініш беруші сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) өтінішті;
2) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және салық төлеуші туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмелерін;
3) мемлекеттік тіркеуден өткен жарғының нотариат куәландырған көшірмесін;
4) жарғылық капиталдың толық төленгенін растайтын құжаттарды;
5) осы Заңның 34-бабының талаптарына сәйкес сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлерін келісуге арналған құжаттарды;
6) сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыру тәртібін көздейтін жұмыстың ішкі регламентін;
7) құжаттама жүргізу тәртібін және клиенттерге қызмет көрсету шарттарын;
8) лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін;
9) мемлекеттік тіркеу туралы құжатты, тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (қаржылық ұйымдар үшін - қадағалау органдарының) құрылтайшы - Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының резиденті - сақтандыру брокерінің жарғылық капиталына қатысуға рұқсат етілгені жөніндегі жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
10) тиісті мемлекеттің уәкілетті органының құрылтайшы - Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғада заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиясынан айырылған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған кезден бастап бір жылдан аспайтын кезеңде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің не өзге де қаржы ұйымының басшы қызметкері ретіндегі қызметінде экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтары бойынша сотталғандығы жоқ екенін айғақтайтын құжатын табыс етеді. Аталған талап лицензиядан айырылған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл бойы қолданылады.
9. Лицензия бергені (қайта ресімдегені) үшін лицензиялық алым өндіріп алынады, оның мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
10. Уәкілетті орган лицензия беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық топтамасы табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
11. Лицензия беру туралы ақпарат уәкілетті органның мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.
12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру тәртібі мен шарттары, сондай-ақ осы баптың 1-3 және 6-8-тармақтарында көрсетілген құжаттардың мазмұнына, оның ішінде сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібі мен олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 37-1-баппен толықтырылды
37-1-бап. Сақтандыру портфелін беру
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушының келісімі болған кезде бір немесе бірнеше сақтандыру сыныптары бойынша осы сақтандыру сыныбы (сыныптары) бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыруға құқылы.
2. Осы Заңның 37-бабына сәйкес лицензиядан жекелеген сақтандыру сыныптарын алып тастағанда, сақтандыру ұйымы сақтанушының келісімі болған кезде осы сақтандыру сыныбы (сыныптары, түрлері) бойынша сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыруға не сақтанушылармен осы сақтандыру сыныбы (сыныптары, түрлері) бойынша сақтандыру шарттарын бұзуға міндетті.
Қайта сақтандыру жөніндегі лицензия ерікті түрде қайтарылған кезде сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру жөніндегі лицензиясы бар басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыруға міндетті.
Лицензиядан жекелеген сақтандыру сыныптарын алып тастағанда, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия ерікті түрде қайтарылғанда сақтандыру ұйымы осы сақтандыру сыныбы (сыныптары, түрлері) бойынша шарттар жасасумен және оларды орындаумен байланысты қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.
3. Сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы оны қабылдау сәтіне, сондай-ақ жаңадан қабылданатын сақтандыру портфелін ескере отырып, барлық пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді орындауға тиіс.
4. Сақтандыру портфелін берудің тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара) 38-бап өзгертілді; 2005.23.12 № 107-III ҚР Заңымен 38-бап жаңа редакцияда(бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 38- бап өзгертілді
38-бап. Сақтандыру қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруден бас тарту
1. Сақтандыру қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті, сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруден (қайта ресімдеуден):
1) осы Заңның 37-бабында белгіленген талаптардың сақталмауы;
2) өтініш берушінің мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап алты ай ішінде уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия алу үшін жүгінбеуі;
3) табыс етілген құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
4) құжаттардың толық емес пакетін табыс ету;
5) қоғам органдары сайлағандардың қатарынан басшы қызметкерге келісім берілмеуі (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері үшін) негіздері бойынша бас тартылады.
2. Сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия немесе қайта сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беруден, осы баптың 1-тармағында жазылған негіздерден басқа, мынадай:
1) сақтандырудың алынатын қосымша сыныбын ескере отырып, пруденциялық нормативтер сақталмауының болжамы;
2) пруденциялық нормативтердің өтініш берген күнге дейін соңғы үш ай ішінде және оны қарау кезеңінде сақталмауы;
3) өтініш берген күнде сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде қолданыстағы санкцияның болуы негіздері бойынша бас тартылады.
39-бап. 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2005.23.12 № 107-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 40-бап өзгертілді; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 40-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
40-бап. Актуарийлік қызметті лицензиялау
1. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығындағы актуарийлік қызметті лицензиялауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Сақтандыру нарығында актуарийлік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша лицензия беру туралы өтінішті;
2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша лицензия алуға өтініш беруші туралы мәліметті;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
4) жоғары білімі туралы дипломның нотариат куәландырған көшірмесін;
5) лицензиялық алымды төлегенін растайтын құжаттың көшірмесін;
6) тармақша 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады
6) өтініш берушінің салық органына есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;
7) өтініш беруші лицензия алу үшін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасы бойынша оқытудан өткенін және тиісті емтихандарды сәтті тапсырғанын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес «Актуарий» мамандығы бойынша іскерлік әкімшілік ету магистрі дипломының көшірмесін;