Сайлау комиссиясының шешіміне немесе іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану туралы өтініштерді қарау Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 25-тарауына сәйкес жүргізіледі.
25-бап. Мәслихат аппараты
1. Мәслихат аппараты мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетедi.
2. Мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшiлерiнiң қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Мәслихаттың өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуымен, мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшiлерiнiң қызметi тоқтатылмайды.
4. Мәслихат аппараты жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
3-тарау. Әкімдер және әкімдіктер. Құрылуы, құзыреті және қызметінің ұйымдастырылуы
26-бап. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) Әкімдіктері. Құрылуы және құрамы
1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) Әкімдік Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттік саясатын тиiстi аумақты дамыту мүдделерiмен және қажеттілiгімен үйлестiре жүргізудi қамтамасыз етедi.
2. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) Әкімдікті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімі басқарады.
3. Әкiм облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) Әкімдікті әкiм орынбасарларынан, әкiм аппаратының басшысынан, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бiрiншi басшыларынан құрады.
4. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) Әкімдігінің отырыстарын әзiрлеу мен өткізу, сондай-ақ олардың шешiм қабылдау тәртібі Әкімдіктің регламентiнде белгiленедi. Yлгi регламенттi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
5. Әкімдіктің дербес құрамы облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) мәслихат сессиясының шешiмiмен келісіледi.
6. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) Әкімдігінің жұмысына орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары кеңесшi дауыс құқығымен қатыса алады.
7. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) Әкімдік алқалы орган, ол заңды тұлға болып табылмайды.
25.04.01 ж. № 179-II; 24.12.01 ж № 276-II; 11.05.04 ж. № 552-II (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 21.12.04 ж. № 15-III (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен; 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III ҚР ҚР Заңымен (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен;2007.11.01. № 218-III ҚР Заңымен; 2007.19.06. № 264-III ҚР Заңымен; 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара);2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара);2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.20.01. № 239-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 27-бап өзгертілді
27-бап. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) Әкімдігінің құзыретi
1. Облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) Әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) облысты (республикалық маңызы бар қаланы, астананы) дамыту бағдарламасын әзiрлейдi және әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мақұлдайды және мәслихаттың бекітуiне ұсынып, оның орындалуын қамтамасыз етедi;
1-1) 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1-2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын тиісті мәслихатқа табыс етеді;
1-3) тиісті мәслихатқа облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді;
1-4) облыстық мәслихаттың және республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының тиісті қаржы жылына арналған тиісті бюджеттер туралы шешімдерін іске асыру туралы қаулы қабылдайды;
1-5) облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарын бекітеді;
1-6) 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1-7) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды;
1-8) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған облыстық қаржы жоспары мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың қаржы жоспарын бекітеді;
2) облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) коммуналдық меншiктi басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
3) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметі актілерінiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдардың нормативтiк құқықтық актілерінiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
4) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасайды;
5) аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
6) Қазақстан Республикасының өндіргіш күштерiн орналастыру схемасына сәйкес облыстың аудандық жоспарлану схемасын, облыс орталығын, республикалық маңызы бар қаланы және астананы салудың бас жоспарларын әзiрлейдi, оларды облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) мәслихаттың қарауына енгiзедi; облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) коммуналдық меншiк объектiлерi мен облыстық маңызы бар, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болады, коммуналдық желiлер мен құрылыстарды салуға рұқсат бередi; әкiмшiлiк аудандардың аудандық жоспарлану схемаларын, аудан орталықтарын, облыстық маңызы бар қалаларды сатудың бас жоспарларын әзiрлейдi және оларды облыстық мәслихатқа бекіту үшiн ұсынады;
6-1) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңдарының сақталуға мемлекеттік бақылауды, құрылыс жобаларының бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес іске асырылуын, қала құрылысы тәртібінің, құрылысы салудың аумақтық ережелерінің сақталуын қадағалауды жүзеге асырады, салынып жатқан (салыну жоспарланып отырған) объектілерге мониторингті және ведомстволық бағыныстағы аумақта салынып жатқан (реконструкцияланған, кеңейтілген, жаңартылып, күрделі жөндеуден өткізіліп жатқан) объектілердің және кешендердің жүргізілу барысы мен сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
7) коммуналдық меншiктегi су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу және электр желiлерiн және республикалық маңызы бар қаланың, астананың басқа да көлiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiн салу мен пайдалануды ұйымдастырады;
8) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
8-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес су қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
9) өз құзыреті шегінде ІІ, ІІІ және ІV санат объектілерінің мемлекеттік экологиялық сараптамасын ұйымдастырады, табиғат пайдаланушыларға ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар береді, табиғат қорғау іс-шараларын жүргізеді, табиғат пайдалануды реттейді;
10) облыстық маңызы бар жолдарды салуды, ұтымды пайдалануды және күтiп ұстауды қамтамасыз етедi;
11) мемлекеттік стандарттардың сақталуын қамтамасыз етедi;
11-1) халыққа қызмет көрсету орталықтарының жеке және заңды тұлғаларға «жалғыз терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметін ұйымдастырады;
12) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктiң сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
13) Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;
14) белгіленген мемлекеттік стандарттарды сақтай отырып, азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;
14-1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы іс-шараларды қамтамасыз етеді;
14-2) мемлекеттік меншік нысанындағы денсаулық сақтау ұйымдарының кадрлармен қамтамасыз етілуіне бақылауды жүзеге асырады;
15) азаматтардың тегiн білiм алу құқығын iске асыруды қамтамасыз етедi;
16) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және кедейлікті азайту бағдарламаларын әзiрлеп, мәслихаттың бекітуiне ұсынады;
17) халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiредi;
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды
17-1) қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды үйлестіреді;
18) тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, халықтың тарихи, ұлттық және мәдени салт-дәстүрлерін өркендетуге, дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдеседі;
18-1) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланудың жай-күйін және оларды күтіп-ұстау тәртібін, сондай-ақ археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
19) өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және дамыту үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктерінің, қаладағы аудандар әкімдерінің жұмысын үйлестіреді;
19-1) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының жалпы лимитi және нормативтері шегiнде белгiлейдi және оны аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiкке жеткізеді;
20) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиiстi мәслихат қарауына қарыз алу жөнiнде шешiмдер қабылдау туралы ұсыныстар енгiзедi;
21) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдар құрады;
21-1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетеді;
21-2) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін жүргізуді және толықтыруды қамтамасыз етеді;
21-3) елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу жөніндегі ережелерді, жер учаскелеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттік нөмірлерін беру талаптарын әзірлейді және бекітеді;
21-4) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне тіркеу тәртібі және мекенжайдың құрылымы туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
22) мемлекеттік мекемелер мен кәсiпорындар құрады, облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитiн, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиті және нормативтері шегінде белгiлейдi. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын iшкi iстер органдарының штат саны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
22-1) 2006.07.07. № 178-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
22-2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес біржолғы талондар беру жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырады және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы белгілеген тәртіппен оларды өткізуден түсетін сомалардың толық жиналуын қамтамасыз етеді;
22-3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгіленген жағдайлар мен тәртіпте лицензиялауды жүзеге асырады, мемлекеттік аттестаттауды өткізеді;
22-4) салық төлеушінің тіркеу есебіне алу орны бойынша салық органының облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) бюджетке толық көлемінде келіп түсетін салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімдерін келіседі;
22-5) 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
22-6) 2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
22-7) сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат береді, өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
23) Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру ережелерінің жобасын әзірлейді және оны мәслихаттың бекітуіне ұсынады.
24) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес ұйымдардың сатып алуындағы қазақстандық қамту бойынша ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға береді;
25) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін түзеді;
26) терроризм профилактикасына, сондай-ақ облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағындағы терроризм зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысады.
2. Облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдігі өзiне Қазақстан Республикасының заңдарында жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
3. Облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдігі облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) мәслихаттың алдында өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру үшiн жауап бередi.
2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен 28-бап өзгертілді ( бұр. ред. қара)
28-бап. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімін қызметке тағайындау және қызметiнен босату тәртібі
1. Облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімін облыс (республикалық маңызы бар қала және астана) мәслихатының келісімімен Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды.
2. Облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімін Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен босатады.
3. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінiң өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының жаңадан сайланған Президентi қызметiне кiрiскен кезде тоқтатылады. Бұл ретте әкiм Қазақстан Республикасының Президентi тиiстi әкiмдi тағайындағанға дейiн өз мiндетiн атқаруды жалғастыра бередi.
ҚР 11.05.04 ж. № 552-II Заңымен (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара); 2007.22.05. № 255-III ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 29-бап өзгертілді
29-бап. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінiң құзыретi
1. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) мүддесiн білдiредi;
2) орталық атқарушы органдар басшыларына орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметінiң актілерін, облыс әкімі мен Әкімдігінің актілерін олардың орындауға қатысты бөлiгіндегі қызметi туралы ұсыныс енгізуге құқылы. Орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметі актілерін орындауға қатысты бөлiгiнде жұмыстағы кемшiлiктерiн жоймаған ретте облыс әкімі Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметіне тиiстi қорытынды енгізуге құқылы;
3) тиiстi адамдарды мемлекеттік наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзедi;
3-1) тиісті мәслихатқа «Облыстың (қаланың) құрметті азаматы» атағын беруге ұсыныс енгізеді;
4) мына лауазымды адамдарды:
жоғары тұрған уәкiлеттi мемлекеттік органдармен келісім бойынша, шектi санын Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінiң орынбасарларын;
облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі аппаратының басшысын және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларын;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен нысанды киім киіп жүру құқығы және әскери немесе өзге де арнаулы атақ берiлетiн басшыларды қоспағанда, облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларын қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын iшкi iстер органдары құрылымдарының басшыларын тағайындау және қызметiнен босату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады;
5) облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларына, сондай-ақ аудандар (облыстық маңызы бар қалалар, республикалық маңызы бар қаладағы аудан, астанадағы аудан) әкiмдерiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк жауапкершiлiк шараларын қолдану мәселелерiн шешедi. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын iшкi iстер органдары қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады;
6) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық, республикалық маңызы бар қаладағы аудандық, астанадағы аудандық) Әкімдіктер мен әкiмдер жұмысын үйлестiредi;
7) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қаладағы ауданның, астанадағы ауданның) әкiмдерi арқылы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
8) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстi басқару схемасын тиістi мәслихаттардың бекітуiне енгiзедi;
9) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдардың дербес құрамын мәслихатқа бекітуге ұсынады;
10) алынып тасталды
11) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелерi жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
12) кәсiпорындарды, кен орындарын және мемлекеттік меншiктiң басқа да объектiлерiн жекешелендiру, жалға беру, сату мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттік органымен тең дәрежеде келісім-шарттарға қол қоюға, сондай-ақ олардың орындалуын бақылауға қатысады.
13) төмен тұрған әкімдердің қызметін бақылауды жүзеге асырады.
2. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
3. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі өзiнiң жекелеген өкiлеттiгiн жүзеге асыруды төменгi тұрған әкiмдерге беруге құқылы.
4. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша және облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) Әкімдік құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметі алдында жауап бередi.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 30-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
30-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) Әкімдіктер. Құрылуы және құрамы
1. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) Әкімдік Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктің жалпымемлекеттік саясатын тиістi аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.
2. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдікті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімi басқарады.
3. Әкім аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдікті аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімiнің орынбасарларынан, әкім аппаратының басшысынан, тиісті атқарушы органдардың бірінші басшыларынан құрады.
4. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдіктің отырыстарын әзірлеу мен өткізу, сондай-ақ олардың шешім қабылдау тәртібі әкімдіктің регламентінде белгіленеді. Үлгі регламентті Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
5. Әкімдіктің дербес құрамы аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихат сессиясының шешімімен келісіледі.
6. Аудан әкімдігінің жұмысына орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары кеңесші дауыс құқығымен қатыса алады.
7. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдік - алқалы орган, ол заңды тұлға болып табылмайды.
11.05.04 ж. № 552-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 21.12.04 ж. № 15-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.11.01. № 218-III ҚР Заңымен; 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 31-бап өзгертілді
31-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдіктің құзыреті
1. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1-1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуын қамтамасыз етеді;
1-2) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті тиісті мәслихатқа табыс етеді;
1-3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылына арналған бюджеті туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешімін іске асыру туралы қаулы қабылдайды;
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 1-4) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1-4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарын бекітеді;
1-5) 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1-6) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды;
1-7) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған облыстық қаржы жоспарын бекітеді;
1-8) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеп, мақұлдайды және ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын мәслихаттың бекітуiне ұсынады, оның орындалуын қамтамасыз етедi;
2) заң актілеріне сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) коммуналдық меншікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
3) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;