Депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар тізімін мынадай тұлғалар:
егер депозитарлық қолхаттар бойынша меншік құқықтарын есепке алуды және растауды жүзеге асыруға арналған шарт депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акцияның эмитент резиденті мен осындай ұйым арасында жасалған жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығына ие ұйым;
немесе
егер депозитарлық қолхаттар бойынша меншік құқықтарын есепке алуды және растауды жүзеге асыруға арналған шарт депозитарлық қолхаттардың базалық активі болатын акцияның эмитент резиденті мен осындай ұйым арасында жасалған жағдайда, шет мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығына ие өзге ұйым жасайды;
2) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша түпкілікті (нақты) дивидендтер алушы (иеленуші) тұлғаның Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің болуы.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігі салық агентіне осы Кодекстің 212-бабының 3-тармағында көрсетілген, бірінші болып басталатын күндердің бірінен кешіктірмей табыс етіледі.
2. Салық агенті салық органына табыс етілетін салықтық есептілікте есептелген (төленген) табыстардың және осы Кодекске сәйкес ұсталған, ұстаудан босатылған салықтардың сомасын, табыс салығының ставкасын көрсетуге міндетті.
Бұл ретте салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша салық органына Қазақстан Республикасының салық төлеушісі - резидент куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесін табыс етуге міндетті. Мұндай құжаттың көшірмесі, резиденттің мұндай құжатты салық агентіне осы Кодекстің 212-бабының 3-тармағында көрсетілген күндердің бірінде табыс еткеннен кейін табыс ету мерзімі басталатын салық есептілігін табыс еткен күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде беріледі.
3. Салық агенті осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіппен резидентке депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрінде табыс төлеген кезде осы Кодекстің ережелерін қолданбаған жағдайда, салық агенті осы Кодекстің 194-бабында белгіленген ставка бойынша төлем көзінен табыс салығын ұстауға міндетті.
Ұсталған табыс салығының сомасы осы Кодекстің 195-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде аударылуға тиіс.
4. Салық агенті резидент түпкілікті (нақты) табыс алушының табыстарынан ұсталған табыс салығын бюджетке аударған жағдайда, мұндай резидент осы Кодекске сәйкес төленген төлем көзінен артық ұсталған табыс салығын қайтаруға құқылы.
Бұл ретте резидент салық агентіне:
1) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акцияларға меншік құқығын растайтын құжаттың;
2) дивидендтер түріндегі табысты алған кезең үшін Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесін табыс етуге міндетті.
Осы тармақта көрсетілген құжаттарды резидент бюджетке төлем көзінен ұсталған табыс салығын соңғы аударған күннен бастап осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін табыс етеді.
Бұл ретте резидентке артық ұсталған табыс салығын қайтаруды салық агенті жүргізеді.
5. Салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша салық органына депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі резиденттің табыстарынан табыс салығы ұсталған және аударылған салық кезеңі үшін резиденттер үшін көзделген салық ставкасы қолданылған немесе салық салудан босатылған кездегі азайту сомасында төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша қосымша есеп-қисап тапсыруға құқылы.
Аталған жағдайда төлем көзінен ұсталған табыс салығының артық төленген сомасын салық агентінің есебіне жатқызу осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.»;
97) 231-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшаның бесінші абзацы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) тауар экспортын;»;
3-тармақтың 15) тармақшасындағы «алушыға беруі өткізу бойынша айналым болып табылмайды.» деген сөздер «алушыға беруі;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) салымшының (клиенттің) банктік шот және (немесе) банктік салым шарттары бойынша есептелген және (немесе) оған төленген сыйақы сомасын алуы өткізу бойынша айналым болып табылмайды.»;
98) 238-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық салынатын айналым мөлшерiне акцизделетiн тауарлар бойынша акциз сомалары енгiзiледi.
Салық салынатын айналым мөлшеріне бір мезгілде мынадай:
1) тауардың осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген, өңдеушіге алыс-беріс негізінде берілген шикі мұнайдан жасалған өңдеу өнімі болып табылуы;
2) осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген, оған алыс-беріс негізінде берілген шикі мұнайдан акцизделетін тауар жасаған тұлғаның акциз сомасын төлеуді жүзеге асыруы талаптары сақталған кезде акциз сомасы енгізілмейді.»;
99) 240-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «салық кезеңі аяқталғаннан кейін» деген сөздер «салық кезеңінің басынан бастап» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ «азайту» деген сөзден кейін «, өткізу бойынша айналым жасау күні қолданыста болатын қосылған құн салығы ставкасын қолдана отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
100) 241-баптың 6-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын, импортталатын тауарлардың әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне төленіп, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес қайтарылуға жатпайтын кедендік құнға енгізілсе;»;
101) 248-баптың 10) тармақшасындағы «тиеу, түсiру, қайта тиеу (ағызу-құю), жөнелту жөніндегі жұмыстарды, қызмет көрсетулердi, сондай-ақ транзиттiк жүктердi;» деген сөздер «сондай-ақ транзиттiк жүктердi тиеу, түсiру, қайта тиеу (ағызу-құю), жөнелту жөніндегі, кеден одағының кедендік шекарасынан өту кезінде вагондарды арбаларға немесе ені басқа дөңгелек жұптарға ауыстыру жөніндегі жұмыстарды, қызмет көрсетулердi;» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағының 102) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
102) 250-бапта:
2-тармақтың 11) тармақшасындағы «кәсiпорынның жарғылық капиталына» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтағы «, кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғаға, консорциумдарға қатысу үлестерiмен операцияларды жүзеге асырған», «кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғаға, консорциумдардағы қатысу үлестерiн» деген сөздер тиісінше «операцияларды жүзеге асырған, қатысу үлесін өткізген», «қатысу үлесін» деген сөздермен ауыстырылсын;
103) 254-баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларындағы «субстанция-дәрiлердi» деген сөздер - «дәрілік субстанцияларды» деген сөздермен және 255-баптың 1-тармағы 7) тармақшасының бірінші бөлігіндегі «субстанция-дәрiлер» деген сөздер «дәрілік субстанциялар» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағының 104) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
104) 256-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «241-бабына» деген сөздер «241 және 276-20-баптарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағының 105) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
105) 257-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Қосылған құн салығының сомасы мынадай жағдайларда:
1) сот жарамды деп таныған мәмілелер бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомаларын қоспағанда, соттың заңды күшіне енген үкімінің немесе қаулысының негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша;
2) сот жеке кәсiпкерлiк субъектiсi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру ниетiнсiз жасаған деп таныған мәмiле (мәмiлелер) бойынша есепке жатқызылмайды.»;
3-тармағының 106) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
106) 258-баптың 1-тармағының 4), 5) және 6) тармақшалары алып тасталсын;
107) 259-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы бапта көзделген түзету тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша түзету жүргізілетін айналым жасау кезінде тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші жазып беретін шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығының ставкасы бойынша жүргізіледі.»;
108) 262-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Есепке жатқызудың бөлек әдiсiн пайдаланатын қосылған құн салығын төлеушiлердiң бір мезгiлде салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсаттарында пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша қосылған құн салығының сомасын айқындаған кезде, жалпы айналымдағы салық салынатын айналымның үлес салмағын қолдануға құқығы бар.»;
109) 263-бапта:
3-тармағының 109) тармақшасының екінші - тоғызыншы абзацтары 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5-тармақтың бірінші бөлігінде:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді берушi мен алушының почталық индексі көрсетілмеген мекенжайы;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді берушiлер немесе алушылар болып табылатын дара кәсіпкерлерге қатысты - қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікте көрсетілген салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және (немесе) атауы;
тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді берушiлер немесе алушылар болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікте көрсетілген атауы. Бұл ретте, ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету бойынша қалыптасқан, оның ішінде іскерлік айналымдағы қалыптасуына сәйкес аббревиатуралар қолданылуы мүмкін;»;
7-тармақтың екінші бөлігі екінші абзацындағы «бойынша шот-фактураны жазып беруге құқылы.» деген сөздер «бойынша;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«осы Кодекстің 276-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдарға бір немесе бір жылдан астам мерзімге жасалған шарттар бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу кезінде - оның қорытындысы бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша шот-фактураны жазып беруге құқылы.»;
15-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) тауар дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат болып табылмайтын жеке тұлғаға сыйға тартылған немесе өтеусіз берілген;»;
110) 267-бапта:
1-тармақтағы «ұйымдар» деген сөз «заңды тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Осы баптың мақсаттары үшін қолданылатын жылдық жиынтық табыс:
1) осы Кодекстің 4-бөліміне сәйкес осы Кодекстің 99-бабында көзделген жылдық жиынтық табысты түзету есепке алынбай;
2) осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалатын ағымдағы салық кезеңі үшін айқындалады.
6. Егер ағымдағы салық кезеңінің қорытындылары бойынша осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда, салық төлеуші:
1) осы баптың 3-тармағында белгіленген ережені қолданбай, осы Кодекстің 266-бабында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығын есептеуге;
2) корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей осы баптың 3-тармағында белгіленген ережені қолданбай, қосылған құн салығы осы Кодекстің 266-бабына сәйкес есептеуге жататын салық кезеңдері үшін осы Кодекстің 70-бабына сәйкес қосылған құн салығы бойынша қосымша салық есептілігін табыс етуге міндетті.»;
3-тармағының 111) тармақшасы 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
111) 268-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жеке тұлғалар кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда кеден одағының кедендік шекарасы арқылы алып өтетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импорты кезінде қосылған құн салығын төлеу кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай ставкасы бойынша кедендік баждарды, салықтарды төлеу арқылы немесе жиынтық кедендік төлем түрінде жүзеге асырылады.
Кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай ставкаларының, сондай-ақ жиынтық кедендік төлемнің мөлшері мен оларды төлеу тәртібі кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленеді.»;
3-тармағының 112) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
112) 270-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қосылған құн салығы бойынша декларацияны табыс ету жөніндегі міндеттеме осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою жүргізілмеген тұлғаларға қолданылмайды.»;
2-тармақтағы «Декларациямен» деген сөз «Осы Кодекстің 68-бабында өзгеше көзделмесе, декларациямен» деген сөздермен ауыстырылсын;
113) 271-бапта:
1-тармақтағы «Қосылған» деген сөз «Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Кодекстің 571-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес қосылған құн салығын төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясында көрсетілген қосылған құн салығын төлеу қосылған құн салығын төлеушінің салық органына осындай декларацияны табыс еткен күнінен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей, оның орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
Егер қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы табыс етілген салық кезеңінің алдындағы салық кезеңі үшін табыс етілген, қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген осындай салықты төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталған жағдайда, салықты төлеу салық органына тарату декларациясы табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.»;
3-тармағының 114) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
114) 276-2-баптың 2) тармақшасында:
төртінші абзац «болып табылса,» деген сөздерден кейін «осындай заңды тұлғаның тиісті шешімі негізінде» деген сөздермен толықтырылсын;
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«нотариаттық қызметті, атқару құжаттарын орындау жөніндегі қызметті, адвокаттық қызметтi жүзеге асыру мақсатында тауарларды импорттайтын жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар;»;
3-тармағының 115) тармақшасы 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
115) 276-5-баптың 2-тармағында:
1) тармақшаның бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының» деген сөздер «осы мемлекеттің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшаның бірінші бөлігінде:
«Қазақстан Республикасының» деген сөздер «осы мемлекеттің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«көлік құралдарын» деген сөздердің алдынан «жылжымайтын мүлікті және» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы, 4) тармақшаның бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының» деген сөздер «осы мемлекеттің» деген сөздермен, төртінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының» деген сөздер «кеден одағына мүше мемлекеттің» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшаның бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының салық төлеушісі жұмыстарды орындаса, қызметтерді көрсетсе қолданылады» деген сөздер «осы мемлекеттің салық төлеушісі жұмыстарды орындаса, қызметтерді көрсетсе, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны кеден одағына мүше мемлекеттің аумағы болып танылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағының 116) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
116) 276-6-баптың 2-тармағында:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, осы тараудың мақсаты үшiн:
1) халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепте осындай тауарларды тану (көрсету) күндерінің неғұрлым ертерегі;
2) Қазақстан Республикасының аумағына мұндай тауарларды әкелу күні импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн болып табылады.
Салық төлеушіде осы тармақтың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген күндердің екеуі де болған жағдайда, көрсетілген күндердің неғұрлым кешірегі импортталған тауарларды есепке қойған күн болып табылады.
Осы тармақтың мақсаты үшін:
тауарларды әуе немесе теңіз кемелерімен тасымалдау кезінде - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан әуежайға немесе портқа әкелген күн;
тауарларды халықаралық автомобиль қатынасымен тасымалдау кезінде - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген күн болып табылады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талонның негізінде;
тауарларды халықаралық және мемлекетаралық темір жол көлігі қатынасымен тасымалдау кезінде - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекара маңындағы бірiншi өткізу пунктiне (стансасына) әкелген күн;
тауарларды магистральдық құбыржолдары жүйесi бойынша немесе электр беру желiлерi бойынша тасымалдау кезінде - тауарларды тапсыру пунктiне әкелген күн айқындалады.
Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу күні туралы мәліметтер болмаған кезде, осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген күн импортталған тауарларды есепке қойған күн болып табылады.
Халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепте тауарларды тану (көрсету) болмаған кезде осы тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген күн импортталған тауарларды есепке қойған күн болып табылады.»;
үшінші бөлік «Қазақстан Республикасының» деген сөздердің алдынан «Осы тармақтың екінші - жетінші бөліктерінде көрсетілмеген өзге де жағдайларда, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармағының 117) тармақшасы 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
117) 276-8-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында:
бірінші бөліктің бірінші абзацы «негізінде» деген сөзден кейін «(растаушы құжаттар табыс етіле отырып)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Табыс етілген құжаттарда осы тармақшада көрсетілген, тауарларды өзге орнына әкелгенге дейінгі шығыстар бойынша есеп айырысу болмаған жағдайда, табыс етілген құжаттарда көрсетілген барлық шығыстар сомасы тауардың құнына қосылады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«халықаралық автомобиль қатынасында тауарларды тасу кезінде - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобильді өткізу пункті;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тауар алмасу (бартерлік) шарттары (келісімшарттары), сондай-ақ зат түрінде қарыз беруді көздейтін шарттар (келісімшарттар) бойынша алынған тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері осы баптың 2-тармағында көзделген салық салу мақсатында баға айқындау қағидатын ескере отырып, тауарлар құнының негізінде айқындалады.
Бұл ретте тауарлардың құны шартта (келісімшартта) көзделген тауарлар бағасының, шартта (келісімшартта) тауарлардың бағасы көрсетілмеген кезде - тауарларға ілеспе құжаттарда көрсетілген бағаның, шартта (келісімшартта) және тауарларға ілеспе құжаттарда бағасы көрсетілмеген кезде - тауарлардың бухгалтерлік есепте көрсетілген бағасының негізінде айқындалады.»;
3-тармағының 118) тармақшасы 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
118) 276-11-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы «тауарларға ілеспе құжаттар» деген сөздер «тауарларға ілеспе құжаттардың көшірмелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
4) тармақшада:
«тауарға iлеспе құжаттардың» деген сөздер «тауарға iлеспе құжаттар көшірмелерінің;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Алыс-беріс шикізатын магистральдық құбыр жүйесi бойынша немесе электр беру желiлерi бойынша әкеткен жағдайда тауарға iлеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі табыс етіледі;»;
6) тармақшада:
«тауарға iлеспе құжаттардың» деген сөздер «тауарға iлеспе құжаттар көшірмелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өңделген өнімдерді магистральдық құбыр жүйесi бойынша немесе электр беру желiлерi бойынша әкеткен жағдайда, тауарға iлеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі табыс етіледі;»;
3-тармақта:
4) тармақшада:
«тауарға iлеспе құжаттардың» деген сөздер «тауарға iлеспе құжаттар көшірмелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Алыс-беріс шикізатын магистральдық құбыржолдар жүйесi бойынша немесе электр беру желiлерi бойынша әкеткен жағдайда тауарға iлеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі табыс етіледі;»;
5) тармақшада:
«тауарға iлеспе құжаттардың» деген сөздер «тауарға iлеспе құжаттар көшірмелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өңделген өнімдерді магистральдық құбыр жүйесi бойынша немесе электр беру желiлерi бойынша әкеткен жағдайда, тауарға iлеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі табыс етіледі;»;
3-тармағының 119) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
119) 276-15-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Кодекстiң 255-бабы 1-тармағының 1), 3) - 12) тармақшаларында көзделген тауарлардың импорты қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетiлген, кеден одағы шеңберiнде тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
3-тармағының 120) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
120) 276-20-бапта:
3-тармақта:
төртінші бөлік «қолтаңбаларымен» деген сөздің алдынан «не салық төлеушінің шешімі бойынша оған уәкілеттік берілген өзге да адамдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте көрсетілген құжаттардың көшірмелері соңғы парағына олардың жалпы саны көрсетіле отырып, тігілген, нөмірленген және соңғы парағын салық төлеушінің басшысы мен бас бухгалтерінің (ол болған кезде) не салық төлеушінің шешімі бойынша оған уәкілеттік берілген өзге де адамдардың қолтаңбаларымен, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша салық төлеушінің мөрі болмаған жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ салық төлеушінің мөрімен куәландырылған кітап (кітаптар) түрінде табыс етілуі мүмкін.»;
тоғызыншы бөлік алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация осы Кодекстің 584-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларда, сондай-ақ осы баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген құжаттар табыс етілмеген жағдайда, салық органдарына табыс етілмеген деп саналады.»;
7-тармақтың екінші бөлігіндегі «4-тармағының» деген сөз «4-тармағы екінші бөлігінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағының 121) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
121) 276-22-баптың 5-тармағы алып тасталсын;
3-тармағының 122) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
122) 281-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«акцизделетін тауарларды заттай ақы нысанында пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа рента салығын төлеу есебіне беру жағдайларын қоспағанда, заттай ақы төлеген кезде акцизделетiн тауарларды пайдалануы;»;
3-тармағының 123) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
123) 287-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Көтерме саудада өткізу саласына сондай-ақ:
1) одан әрі өткізу үшін құрылымдық бөлімшелерге бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын жөнелту;
2) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, алыс-беріс шикізаты мен материалдардан, бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынынан дайындалған мұнай өнімдерін өндірушілердің беруі жатқызылады.»;