«ай сайын» деген сөздер алып тасталсын;
170) 512-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Байланыс саласындағы аумақтық уәкiлеттi мемлекеттік органдар өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлеушілер және төлемақы сомалары туралы, сондай-ақ салық салу объектiлерi туралы мәлiметтерді мынадай мерзімде:
1) осы Кодекстің 515-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайда - салық кезеңінің 25 ақпанынан кешіктірмей;
2) осы Кодекстің 515-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайда - салық төлеуші радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей табыс етеді.»;
171) 517-бап алып тасталсын;
172) 518-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Байланыс саласындағы аумақтық уәкiлеттi мемлекеттік органдар өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлеушілер және төлемақы сомалары туралы, сондай-ақ салық салу объектiлерi туралы мәлiметтерді мынадай мерзімде:
1) осы Кодекстің 521-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайда, - салық кезеңінің 25 ақпанынан кешіктірмей;
2) осы Кодекстің 521-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайда - салық төлеуші қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланыс ұсынуға рұқсат алған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей табыс етеді.»;
173) 523-бап алып тасталсын;
174) 527-баптың 6-тармағындағы «кеме жүзетiн су жолдарын пайдалану» деген сөздер «төлемақы төлеушінің орналасқан» деген сөздермен ауыстырылсын;
175) 533-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Құрылымдық бөлімшелер тиісті уәкілетті органдардың осы құрылымдық бөлімше мүддесінде заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасаған кезінде дербес төлеушілер ретінде қаралуы мүмкін.»;
176) 534-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы «толықтыруға» деген сөзден кейін «, түзетуге» деген сөзбен толықтырылсын;
177) 535-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы «тұрғын үй-жайларды» деген сөздер «тұрғын үйлерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
178) 536-баптың 1) және 2) тармақшаларындағы «пәтерлерді,» деген сөздер алып тасталсын;
179) 537-баптың 1-тармағының 9) тармақшасындағы «алыс шет елдерден» деген сөздер «ТМД елдерін қоспағанда, шет мемлекеттерден» деген сөздермен ауыстырылсын;
180) 542-баптың 3) тармақшасының үшінші абзацындағы «(пәтерде)», «(пәтеріне)» деген сөздер алып тасталсын;
181) 543-баптың 2) тармақшасы «толықтырылған» деген сөзден кейін «, қалпына келтірілген» деген сөздермен толықтырылсын;
182) 547-баптың 2-тармағында:
3) тармақшадағы «түзетулер мен өзгерістер» деген сөздер «өзгерістер, толықтырулар, қалпына келтірулер мен түзетулер» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағының 182) тармақшасының үшінші абзацы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
7) тармақшадағы «белгiлерiн бергенi үшін - тиісті құжаттарды және мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілерін, халықаралық техникалық байқау сертификатын» деген сөздер «белгілерін, халықаралық техникалық байқау сертификатын бергені үшін - тиісті құжаттарды және мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің белгілерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағының 183) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
183) 548-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) істі аралық сотқа жіберген;»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Мемлекеттік баж:
1) талапкер талап қоюдан бас тартқан;
2) талапкер өз талаптарын азайтқан;
3) іс тараптардың бітімгерлік келісімімен аяқталған жағдайларда, қайтарылмайды.»;
4-тармақта:
«Мемлекеттік мекеме үшінші тұлғалардың мүдделерін қорғайтын жағдайларды қоспағанда, сот» деген сөздер «Сот» деген сөзбен ауыстырылсын;
«сот органының шешімі қоса берілген салық төлеушінің немесе мемлекеттік мекеменің» деген сөздер «заңды күшіне енген сот шешімі қоса берілген мемлекеттік баж төлеушінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
184) 555-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік қызметтер көрсету шеңберінде салық төлеушіге (салық агентіне) нысанын уәкілетті орган бекітетін құжаттарды беру журналына оның қолы қойылып жүзеге асырылады.»;
3-тармағының 185) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
185) 557-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасындағы «органға береді.» деген сөздер «органға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) банкроттық саласындағы уәкілетті органға береді.
Банкроттық саласындағы уәкілетті орган салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қолжетімділігі бар лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді.»;
3-тармағының 186) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
186) 558-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша нақты болуын немесе болмауын растаудағы қажеттілік салықтық зерттеу жүргізу үшін негіз болып табылады.»;
187) 560-бапта:
3-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы абзацындағы «бойынша тіркеу есебіне алу болып табылады.» деген сөздер «бойынша;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын, осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген резидент заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне алу болып табылады.»;
7-тармақта:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) тиімді басқару орны Қазақстан Республикасында болатын шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның орналасқан жері, - директорлар кеңесінің жиналысында немесе осыған ұқсас басқару органы айқындаған, салық органында салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде мәлімделген және басқару органының тиісті хаттамасында көрсетілген нақты басқару органының Қазақстан Республикасында орналасқан жері;»;
5) тармақшада:
«резидент емес жеке тұлғаның», «резидент емес жеке тұлға» деген сөздер тиісінше «шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның», «шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте осы Кодекстің 204-бабына сәйкес салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесі туындайтын Қазақстан Республикасына келмейтін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам үшін осындай шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстар төлейтін тұлғаның тұрғылықты жері оның болатын орны болып танылады.»;
188) 561-бапта:
1-тармақтағы «Салық органы» деген сөздер «Егер осы Кодекстің 562-бабының 6-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
2) тармақша «тұлғаның құрылымдық бөлімшесі» деген сөздерден кейін «, тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған резидент емес заңды тұлға» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерiн сатып алушы, осы Кодекстiң 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агентi болып табылатын резидент емес - осы Кодекстiң 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның орналасқан жерi бойынша. Осы тармақшаның ережелері, егер осы Кодекстің 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын резидент емес Қазақстан Республикасында қызметін салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырса, қолданылмайды.
Егер мұндай резидент емес бағалы қағаздарды, актив құндарының 50 және одан да көп пайызын жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын екі және одан да көп тұлғалардың мүлкін құрайтын заңды тұлғадағы қатысу үлестерін сатып алған жағдайда, салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына резидент емес туралы мәліметтерді енгізуді уәкілетті органның орналасқан жері бойынша салық органы жүзеге асырады;»
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) осы Кодекстің 193-бабы 5-тармағының 7) тармақшасында, 200-1-бабының 1-тармағының 8) тармақшасында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда, бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алатын резидент емес - бағалы қағаздары немесе қатысу үлестері сатып алынатын заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасында осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген мүлікті қоспағанда, мүлік сатып алушы, осы Кодекстiң 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агентi болып табылатын резидент емес - мүліктің орналасқан жері бойынша. Осы тармақшаның ережелері, егер осы Кодекстің 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын резидент емес Қазақстан Республикасында қызметін салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырса, қолданылмайды;»;
7) тармақшада:
«8» деген цифр «5» деген цифрмен ауыстырылсын;
«тіркеу» деген сөз «орналасқан (тұрғылықты, келу)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) қызметін осы Кодекстің 191-бабының 1-тармағына сәйкес резидент еместің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын, сақтандыру ұйымы немесе сақтандыру брокері арқылы жүзеге асыратын резидент емес - сақтандыру ұйымының немесе сақтандыру брокерінің орналасқан жері бойынша;
7-2) қызметін осы Кодекстің 191-бабының 1-тармағына сәйкес резидент еместің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын, бірлескен қызмет туралы шарт шеңберінде жүзеге асыратын резидент емес - бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы-резиденттің орналасқан (тұрғылықты, келген) орны бойынша;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық қызметі органдары салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасына мәліметтерді енгізуді сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтерін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына мәліметтерді енгізуді салық органы осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын, заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша уәкілетті органнан резидент еместің осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін сатып алғаны туралы мәліметтерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.»;
189) 562-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацында:
«резидент емес заңды тұлға» деген сөздерден кейін «осы Кодекстің 191-бабының ережелерін ескере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
«осы Кодекстің 191-бабына сәйкес» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға Қазақстан Республикасын тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) деп тану туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде орналасқан жері бойынша салық органына мынадай:
1) құрылтай құжаттарының;
2) мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, резидент еместің инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттардың;
3) ол бар болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, резидент еместің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттарының;
4) директорлар кеңесі жиналысының немесе осыған ұқсас басқару органының хаттамасының нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.
1-2. Тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға өзінің орналасқан жері бойынша есепке қою туралы салықтық өтініш берген және Қазақстан Республикасында филиал (өкілдік) ашпай тұрақты мекемесі бар болған жағдайда, мұндай тұрақты мекемелер осы Кодекстің 39-1-бабында белгіленген тәртіппен осындай заңды тұлғаға өзінің құқықтары мен міндеттерін беруге міндетті.
Заңды тұлға тиімді басқару орнын (нақты басқару органының орналасқан жерін) Қазақстан Республикасына көшіру туралы шешім қабылдаған және Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме ретінде тіркелген филиалы (өкілдігі) бар болған жағдайда, мұндай филиалдың (өкілдіктің) тіркеу деректері осы Кодекстің 563-бабында белгіленген тәртіппен өзгертуге жатады.»;
2-тармақтың бірінші абзацындағы «жылжымайтын» деген сөз алып тасталсын;
3-тармақтың бірінші абзацында:
«8-тармағына сәйкес резидент еместің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын тәуелді агент» деген сөздер «1 және 5-тармақтарына сәйкес резидент еместің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын сақтандыру ұйымы (сақтандыру брокері) немесе тәуелді агент» деген сөздермен ауыстырылсын;
«13» деген цифрлар «11» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«тұрғылықты (орналасқан)» деген сөздер «орналасқан (тұрғылықты, келген)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Қызметі тұрақты мекеме құруға әкелетін резидентпен жасасқан бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы резидент емес салық төлеуші ретінде тіркелу үшін осы Кодекстің 191-бабының 11-тармағына сәйкес айқындалған қызметін жүзеге асыру басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы резиденттің орналасқан (тұрғылықты, келген) орны бойынша салық органына мынадай:
1) бірлескен қызмет туралы шарттың;
2) резидент емес жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың немесе резидент емес заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының;
3) мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, резидент еместің инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттың;
4) салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, резидент еместің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса тіркей отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті табыс етуге міндетті.»;
5-тармақтың бірінші абзацындағы «13» деген цифрлар «11» деген цифрлармен ауыстырылсын;
5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, резидент емес жеке тұлға осы Кодекстің 189-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті деп танылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде салық төлеуші ретінде тіркелуге міндетті.»;
6-тармақта:
«энергетиканы және минералды ресурстарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты бағалы қағаздарды немесе қатысу үлестерiн сатып алуы туралы мәліметтері» деген сөздер «Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзырет шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін резидент еместің сатып алуы туралы мәліметтері немесе осы баптың 2-тармағында белгiленген құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерiн қоса тіркей отырып, осындай резидент емес табыс еткен тiркеу есебiне қою туралы салықтық өтiнiш» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Осы Кодекстің 561-бабы 2-тармағының 4-1) тармақшасында көрсетілген резидент емес салық төлеуші ретінде тіркелу үшін эмитент заңды тұлғаның немесе осы Кодекстің 193-бабы 5-тармағының 7) тармақшасында, 200-1-бабының 1-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген резидент заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органына осы баптың 2-тармағында белгіленген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса тіркей отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті табыс етуге міндетті.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және соларға теңестірілген өкілдігі, шет мемлекеттің консулдық мекемесі салық төлеуші ретінде тіркелуге жатады. Салық төлеуші ретінде тіркеу үшін мұндай өкілдік немесе мекеме Қазақстан Республикасында аккредиттелгенін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса тіркей отырып, өзінің орналасқан жері бойынша салық органына тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті табыс етеді.»;
190) 563-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша «ұлттық тізілімінің мәліметтері» деген сөздерден кейін «немесе тиімді басқару орны (басқару органының нақты орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініштің» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие тұлғаның орналасқан жері өзгерген кезде, осы Кодекстің 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын резидент еместің - осындай резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініштің немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыреті шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін резидент еместің сатып алуы туралы мәліметтері негізінде;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) резидент заңды тұлғаның орналасқан жері өзгерген кезде 561-баптың 2-тармағының 4-1) тармақшасында көрсетілген резидент еместің - Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің осындай резидент туралы мәліметтері негізінде;»;
6) тармақшадағы «8» деген цифр «5» деген цифрмен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «(тұрғылықты)» деген сөз «(тұрғылықты, келген)» деген сөздермен ауыстырылсын;
191) 564-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац «негізінде» деген сөзден кейін «немесе оның салықтық өтінішімен» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тиімді басқару орнының (басқару органының нақты орналасқан жерінің) өзгеруі;»;
6) тармақшада:
«жылжымайтын» деген сөз алып тасталсын;
«197-бабы 5-тармағына сәйкес салық агентi болып табылатын» деген сөздер «561-бабы 2-тармағының 4), 4-1) және 5) тармақшаларында көрсетілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақшадағы «8» деген цифр «5» деген цифрмен ауыстырылсын;
2-тармақтың 2) тармақшасында:
«энергетика және минералды ресурстарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның» деген сөздер «Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзырет шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты» деген сөздер «осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағының 192) тармақшасы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
192) 565-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі «нотариустық» деген сөзден кейін «қызметті, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармағының 193) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
193) 566-баптың 4-тармағында:
«енгізуді» деген сөзден кейін «, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Салық органдары дара кәсіпкерге, егер осындай дара кәсіпкер осы Кодекстің 579-бабына сәйкес әрекетсіз салық төлеуші деп танылса, тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуден бас тартады.»;
194) 570-бапта:
1-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік салық төлеушіге құжаттарды беру журналына қолын қойғызып беріледі.»;
үшінші бөлік алып тасталсын;
3-тармағының 194) тармақшасының алтыншы - он төртінші абзацтары 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5-тармақ 2) тармақшасындағы «негiзiнде үш жұмыс күнi iшiнде салық органы жүргiзедi.» деген сөздер «негізінде;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікте сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда - салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде үш жұмыс күнi iшiнде салық органы жүргiзедi.
Салық төлеуші осы тармақшада көзделген салықтық өтінішке мына құжаттардың бірін:
1) сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін;
2) сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың көшірмесін - оның түпнұсқасын көрсеткен жағдайда, қоса береді.
Сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың, оның ішінде нотариат куәландырған көшірмесі қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті ауыстыру үшін салық органына табыс етілген салықтық өтінішке, оны осындай салық органына осы Кодекске сәйкес оған сәйкестендіру нөмірін енгізу мақсатында ауыстыру не басқа құжатқа қайта ресімдеу үшін табыс еткен жағдайда, қоса берілмейді.»;
6-тармақта:
«бұрынғы» деген сөз «бұрын салық органы берген» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жоғалтып алған» деген сөздерден кейін «(бүлдірген)» деген сөзбен толықтырылсын;
195) 572-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігіндегі «электронды байланыс желiлерi» деген сөздер «ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші абзацы «салық төлеушiге» деген сөздерден кейін «құжаттарды тіркеу журналына қолын қойғызып» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармағының 195) тармақшасының төртінші - он бірінші абзацтары 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Салық төлеушілер электрондық құжат алмасу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісімде сәйкестендіру нөмірі көрсетілмесе, осындай келісімді осы тармақта белгіленген тәртіппен қайта ресімдеуге міндетті.
Мұндай келісімді қайта ресімдеуді электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органы жүргізеді.
Салық төлеуші көрсетілген салықтық өтінішке мына құжаттардың бірін:
1) сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін;
2) сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың көшірмесін - оның түпнұсқасын көрсеткен жағдайда қоса береді.
Электрондық құжат алмасу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісімді қайта ресімдеу үшін салық органына табыс етілген салықтық өтінішке сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың көшірмесі, оның ішінде нотариат куәландырған көшірмесі, оны осындай салық органына ауыстыру не осы Кодекске сәйкес құжатқа сәйкестендіру нөмірін енгізу мақсатында басқа құжатқа қайта ресімдеу үшін табыс еткен жағдайда, қоса берілмейді.
6. Электрондық құжат алмасу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы қайта ресімделген келісімді алу кезінде бұрын салық органымен жасалған келісім салық төлеушінің аталған келісімді жоғалту жағдайларын қоспағанда, салық органына қайтарылуға жатады.»;
196) 573-баптың 2-тармағындағы «байланыстың арналары» деген сөздер «ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
197) 574-баптың 6-тармағының үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Тіркеу карточкасын салық органы салық төлеушіге құжаттарды беру журналына қолын қойғызып береді.
Тіркеу карточкасының нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
3-тармағының 198) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
198) 575-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«575-бап. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің тiркеу деректерiн өзгерту және толықтыру
1. Салық төлеушi тiркеу карточкасында көрсетiлген салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы мәлiметтер өзгерген кезде, өзгерістер туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердiң тiркелген жері бойынша салық органына осы Кодекстiң 574-бабы 4-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiш беруге мiндеттi.