Шетелдіктің резиденттігін растайтын құжатты табыс алушы-шетелдік резиденті болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті органы куәландырады.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Резидент еместің резиденттігін растайтын құжатты куәландыратын қолы қойған мен органның мөрі, сондай-ақ шетелдік нотариустың қолы мен мөрі осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін нотариат куәландыратын жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дипломатиялық немесе консулдық заңдастыруға не Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес апостильдеуге жатады.»;
89) 220-бапта:
3-тармақта:
екінші абзац «өтініш» деген сөздің алдынан «салықтық» деген сөзбен толықтырылсын;
үшінші абзацтағы «резидент емес» деген сөздер «резидент емес салық төлеуші» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
«Салық төлеушінің салықтық өтініші» деген сөздер «Резидент еместің салықтық өтініші» деген сөздермен ауыстырылсын;
«болмаған немесе» деген сөздерден кейін «салық төлеушіде және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Резидент емеске құжаттарды беру журналына қол қойғызып Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беріледі.»;
3-тармағының 90) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
90) мынадай мазмұндағы 221-1-баппен толықтырылсын:
«221-1-бап. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған мүлікті өткізуден түсетін табысты айқындау тәртібі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған мүлікті өткізу кезінде түсетін табыс мүлікті өткізу құны болып табылады.
2. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған мүлікті өткізу кезінде түсетін табыс мынадай мүлікті:
1) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі мүлікке құқық немесе ол бойынша мәмілелер шет мемлекеттің құзыретті органында шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркелуге жататын;
2) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі, шет мемлекеттің құзыретті органында шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікті өткізу кезінде мүлікті өткізу құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
3. Борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған бағалы қағаздарды өткізу кезінде түсетін табыс өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
4. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған борыштық бағалы қағаздарды өткізу кезінде түсетін табыс өткізу күнгі дисконт амортизациясы және (немесе) сыйлықақы ескеріле отырып, купон есепке алынбаған өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
5. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған қатысу үлесін өткізу кезінде түсетін табыс өткізу құны мен оны сатып алу (салым) құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
6. Осы баптың 2-тармағының ережесі мынадай жағдайларда:
1) жылжымайтын мүлік жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің аумағында болса;
2) жылжымалы мүлікке құқықтар немесе жылжымалы мүлік бойынша мәмілелер жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің құзыретті органында тіркелген болса, қолданылмайды.
7. Осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарының ережелері, егер осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарында көзделген табыстар жеңілдікті салық салынатын мемлекеттегі көздерден алынса, қолданылмайды.
8. Осы баптың 2, 3, 4 және 5-тармақтарының ережелері:
1) мүлікті сатып алу құнын (салым құнын);
2) мүлікті өткізу құнын;
3) мүлікті және (немесе) мүлікке меншік құқығын және (немесе) мүлік бойынша мәмілені шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органының тіркегенін растайтын құжаттар негізінде қолданылады.»;
91) 222-баптың тақырыбындағы және мәтіндегі «табыстар алумен байланысты», «алумен байланысты» деген сөздер тиісінше «табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты», «табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты» деген сөздермен ауыстырылсын;
92) 223-бапта:
1-тармақта:
«төлеу кезінде» деген сөздер «төлеу есебіне осындай» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жатқызылады» деген сөз «жатқызылуға жатады» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Егер шет мемлекеттiң салық органы берген және куәландырған, шет мемлекеттегi көздерден алынған табыстардың және төленген салықтардың сомалары туралы анықтама шетел тілінде жасалған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариус куәландырған, қазақ немесе орыс тіліне аудармасының болуы міндетті.
Шет мемлекетте төленген салықтарды корпоративтiк немесе жеке табыс салығын төлеу шотына есепке жатқызу кезінде салық төлеуші осы тармақта көрсетілген анықтаманы камералдық бақылау жүргізу мақсатында салық органының талап етуі бойынша тапсыруға құқылы.»;
3-тармақта:
үшінші бөлік «алынуға жататын» деген сөздерден кейін «(алынған)» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Көрсетілген табыс осы Кодекске сәйкес танылатын салық кезеңінен басқа салық кезеңінде шет мемлекетте табысты таныған жағдайда, резидент салық төлеуші Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес осындай табыс есептелген салық кезеңіне Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған табыстардан шетелдік табыс салығын есепке жатқызуды жүргізуге құқылы.»;
5-тармақ алып тасталсын;
93) 224-бап мынадай редакцияда жазылсын:
3-тармағының 93) тармақшасының екінші - отыз алтыншы абзацтары 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«224-бап. Жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте алынған табыс
1. Мынадай шарттарға бір уақытта сәйкес келетін:
1) жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген;
2) жарғылық капиталының немесе дауыс беретін акцияларының 10 және одан да көп пайызы тiкелей немесе жанама түрде Қазақстан Республикасының резидентіне тиесілі болатын резидент емес заңды тұлға жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент емес болып табылады.
Жеңілдікті салық салынатын мемлекетте (мемлекеттерде) орналасқан және (немесе) тіркелген резидент еместердің табысының бір бөлігі салық салынатын табысына қосылуға жатады, ал салық салынатын табыс болмаған жағдайда, осындай резидент еместердің жарғылық капиталының немесе дауыс беретін акцияларының 10 және одан да көп пайызы тiкелей немесе жанама түрде тиесілі Қазақстан Республикасы резидентінің залалын азайтады.
Осы тармақтың ережелері қатысу үлесі тікелей немесе жанама түрде 10 және одан да көп пайызды құрайтын заңды тұлғаны құрмайтын, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың басқа нысандарына резиденттің қатысуына да қолданылады.
Осы тармақтың ережелері резиденттің жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент еместің жарғылық капиталына жанама түрде қатысуына және (немесе) резиденттің басқа резидент арқылы жүзеге асырылатын осындай резидент еместің дауыс беретін акцияларына жанама түрде иелік етуіне қолданылмайды.
Жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент еместердің салық салынатын табысына қосуға жататын табысының, ал салық салынатын табысы болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы резидентінің залалын азайтатын бір бөлігі резиденттің осындай резидент емес заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесін және (немесе) дауыс беретін акцияларына иелік ету үлесін (бұдан әрі - шоғырландырылатын пайда) ескере отырып, мынадай формула бойынша айқындалады:
П =П1 х Ү1 + П2 х Ү2 +…+ Пn х Үn,
мұнда:
П - шоғырландырылатын пайда;
П1, П2, Пn - жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір резидент еместің жеке қаржылық есептілігінде танылған салық салу кезеңінен кейінгі есепті кезең пайдасының сомасы;
Ү1, Ү2, Үn - резиденттің жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір резидент еместің жарғылық капиталына резиденттің тікелей немесе жанама түрде қатысу үлесі немесе резиденттің осындай резидент еместің дауыс беретін акцияларына тікелей немесе жанама түрде иелік ету үлесі.
Осы баптың мақсатында ұзақтығы осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалатын есепті салық кезеңінің ұзақтығына сәйкес келетін кезең есепті кезең болып танылады.
Жеңілдікті салық салынатын мемлекетте және Қазақстан Республикасында ұзақтық немесе есепті кезең мен осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалатын есепті салық кезеңінің басталатын және аяқталатын күндері сәйкес келмеген жағдайда, салық төлеуші түзету коэффициенттерін (К1, К2) қолдану арқылы табыстың мөлшерін былайша түзетуге міндетті:
П1, П2, Пn = Пу х К1 + Пу+1 х К2,
К1 = СК (СР)1
СК (СР)3,
К2 = СК (СР)2
СК (СР)3,
мұнда:
П1, П2, Пn - жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір резидент еместің жеке қаржылық есептілігінде танылған салық салу кезеңінен кейінгі есепті кезең пайдасының сомасы;
СК (СР)1 - Қазақстан Республикасында есепті салық кезеңінің шеңберіне кіретін, жеңілдікті салық салынатын мемлекетте бір есепті кезеңдегі айдың саны;
СК (СР)2 - Қазақстан Республикасында есепті салық кезеңінің шеңберіне кіретін, жеңілдікті салық салынатын мемлекетте кезекті есепті кезеңдегі айдың саны;
СК (СР)3 - жеңілдікті салық салынатын мемлекетте есепті кезеңдегі айдың жалпы саны;
Ту - жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент еместің осындай мемлекетте бір есепті кезең үшін салық салынғаннан кейін табысының бір бөлігі Қазақстан Республикасында есепті салық кезеңіне қосылатын сомасы;
Ту+1 - жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент еместің осындай мемлекетте басқа есепті кезең үшін салық салынғаннан кейін бір бөлігі Қазақстан Республикасында есепті салық кезеңіне қосылатын табысының сомасы.
Осы баптың мақсатында резиденттің жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент еместің жарғылық капиталына жанама түрде қатысу немесе дауыс беретін акцияларына жанама түрде иелік ету үлесі (бұдан әрі - жанама түрде қатысу немесе иелік ету үлесі) мынадай формула бойынша айқындалады:
Х = Х1 * Х2*…*Хn * 100;
мұнда:
Х - жанама түрде қатысу немесе иелік ету үлесі, пайызбен;
Х1 - резиденттің жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент еместің жарғылық капиталына тікелей түрде қатысу немесе резиденттің осындай резидент еместің акцияларына тікелей түрде иелік ету коэффициенті;
X2,…, Хn - жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір резидент еместің жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген басқа резидент еместің жарғылық капиталына тікелей түрде қатысу немесе жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір резидент еместің жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген басқа резидент еместің акцияларына тікелей түрде иелік ету коэффициенті.
2. Жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір резидент еместің салық салынғаннан кейінгі есепті кезеңнің пайда сомасы осындай резидент еместің жеке қаржылық есептілігімен расталуға тиіс, оның бір бөлігі Қазақстан Республикасында резиденттің салық салынатын табысына енгізілуі тиіс, ал салық салынатын табыс болмаған жағдайда оның залалын азайтатын пайда бөлігіне осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындау кезінде есептеледі.
Жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір резидент еместің пайдасын оның жеке қаржы есептілігінің деректері бойынша осы баптың ережесін қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының резиденті осындай есептілік жасалған есепті кезең үшін валюта айырбасының орташа арифметикалық нарықтық бағамын қолдана отырып, теңгемен қайта есептейді.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген резидент есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей өзінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына өзі жасаған жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген, жарғылық капиталының немесе дауыс беру акцияларының 10 және одан да көп пайызы оған тікелей немесе жанама тиесілі резидент еместер туралы анықтаманы табыс етуге міндетті. Мұндай анықтамада резидент емес заңды тұлғалардың атауы туралы деректер, бар болса олардың инкорпорация еліндегі салықтық тіркеу нөмірлері (немесе оның аналогы), инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеу нөмірлері (немесе оның аналогы) көрсетілуге тиіс.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген резидент нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасын қоса тіркей отырып, мынадай құжаттардың:
1) резидент заңды тұлғаның шоғырландырылған қаржылық есептілігінің (егер резидент заңды тұлғаның жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген еншілес ұйымы болған жағдайда);
2) жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір резидент еместің жеке қаржылық есептілігінің;
3) егер жоғарыда аталған тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамалық актілерінде осындай қаржылық есептілікке аудит жүргізу міндетті деп белгіленген жағдайда, осы тармақта көрсетілген әрбір қаржылық есептілікке аудиторлық есептің көшірмелерін де беруге міндетті.
4. Егер шет мемлекет немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігі мынадай талаптардың бірiне сай келген жағдайда:
1) мұндай мемлекетте немесе әкімшілік-аумақтық бірлікте табыс салығының ставкасы 10 пайыздан аз мөлшердi құраса;
2) мұндай мемлекетте немесе әкімшілік-аумақтық бірлікте қаржы ақпаратының құпиялылығы туралы заңдар немесе мүлiктiң, табыстың нақты иесі немесе заңды тұлғаның (компанияның) нақты иелерi, қатысушылары, құрылтайшылары, акционерлерi туралы құпияны сақтауға мүмкiндiк беретiн заңдар болса, ол жеңілдікті салық салынатын мемлекет деп танылады. Уәкiлеттi орган шет мемлекеттiң немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің құзыреттi органынан аталған халықаралық шартта алмасу көзделген мәлiметтердi беруден жазбаша бас тартуды алған немесе шет мемлекеттiң немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің құзыреттi органы мұндай мәлiметтердi уәкiлеттi орган тиiстi сауалды жiбергеннен кейiн екi жылдан астам уақыт iшiнде бермеген жағдайларды қоспағанда, осы тармақшаның ережелерi Қазақстан Республикасы құзыреттi органдар арасында ақпарат алмасу туралы ережелердi көздейтiн халықаралық шарт жасасқан мемлекеттерге немесе мемлекеттердің әкімшілік-аумақтық бірліктеріне қатысты қолданылмайды.
Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
5. Осы баптың ережелерi Қазақстан Республикасы резидентке берген және (немесе) резидент үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктерге, инвестициялық салық преференцияларына, барынша қолайлылық режимiне, сондай-ақ осы Кодексте көзделгендерден неғұрлым қолайлырақ өзге де салық салу шарттарына қарамастан қолданылады.»;
94) 225-бапта:
1-тармақта:
«мемлекеттегі көздерден табыстар алған» деген сөздер «мемлекетте қызметін жүзеге асырған» деген сөздермен ауыстырылсын;
«шет мемлекетте мұндай табыстарға салық салудан босатылу немесе төмендетілген салық ставкасын қолдану мақсатында» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, халықаралық шартты қолдану мақсатында тұлға Қазақстан Республикасының резиденттігін растау үшін осындай тұлға орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған болып табылатын салық органына резиденттігін растауға салықтық өтініш табыс етеді.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер тұлға орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша уәкілетті органға сатылы түрде тікелей бағынатын салық органында тіркелген жағдайда, резиденттігін растауға салықтық өтінішті осындай салық органына табыс етеді.»;
екінші бөліктің бірінші абзацында:
«салық төлеушілер» деген сөздер «тұлғалар» деген сөзбен ауыстырылсын;
«салық резиденттігін растауды алуға» деген сөздер «резиденттігін растауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Резиденттігін растауға салықтық өтінішті қарау қорытындылары бойынша салық органы оны табыс еткен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде:
1) тұлғаға уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша оның резиденттігін растайтын құжатты береді.
Салық органы тұлғаның резиденттігін осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап ету мерзімі шегінде резиденттігін растауға салықтық өтініште көрсетілген әрбір күнтізбелік жыл үшін растайды;
2) тұлғаның резиденттігін растаудан бас тарту туралы негізделген шешім шығарады.
Салық органы тұлға осы Кодекстің 189-бабында белгіленген шарттарға сай келмеген жағдайда, тұлғаға резиденттігін растаудан бас тартады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Резиденттігін растайтын құжат жоғалған жағдайда, осындай құжатты берген салық органы резидент өтінішті табыс еткен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде оның телнұсқасын береді.»;
95) 226-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«226-бап. Өзара келiсу рәсiмi
1. Резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы, егер уағдаласушы мемлекеттердің бірінің немесе екеуінің іс-әрекеті осындай халықаралық шарт ережелеріне сәйкес келмейтін салық салуға әкеп соқтырады деп есептесе, халықаралық шарт ережелерін қолдану туралы мәселені қарау үшін Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан шет мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісу рәсімін жүргізу туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгінуге құқылы.
2. Өтініште резиденттің немесе Қазақстан Республикасы азаматының талаптары негізделген жағдаяттар және осы жағдаяттарды растайтын дәлелдер көрсетілуге тиіс.
Резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы осындай өтінішке Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан шет мемлекетте алған (алуға жататын) табыстары және (немесе) ұсталған салықтардың (олар ұсталған жағдайда) сомаларын растайтын бухгалтерлік құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ:
1) жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге немесе өзге де мақсаттарға арналған келісімшарттардың (шарттардың, келісімдердің);
2) заңды тұлғалар үшін - резидент заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) және мажоритарлық акционерлері көрсетілген құрылтай құжаттарының не сауда тізілімінен көшірме үзіндінің;
3) осы Кодекстің 225-бабы 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса тіркеуге міндетті.
Резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы өзара келісу рәсімін жүргізу үшін қажетті осы тармақта көрсетілмеген өзге де құжаттарды табыс етуге құқылы.
3. Уәкілетті орган резиденттен немесе Қазақстан Республикасының азаматынан өзара келісу рәсімін жүргізу үшін қажетті қосымша құжаттарды жазбаша түрде табыс етуді талап етуге құқылы.
4. Резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы өтiнiштi, егер халықаралық шартта өзге мерзiмдер белгiленбесе, шет мемлекетте халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес келмейтiн салық міндеттемесі туындаған күннен бастап осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген талап қою мерзiмi аяқталғанға дейін табыс етуге тиiс.
5. Уәкілетті орган:
1) резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасаспаған мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісу рәсімін жүргізуге өтініш берген;
2) резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы өтінішті осы баптың 4-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін берген;
3) резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарды бермеген жағдайларда, өтініш табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде резидентке немесе Қазақстан Республикасының азаматына өтінішті қараудан бас тарту туралы жазбаша шешімді тапсырыс хатпен почта арқылы жібереді.
Уәкілетті орган осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша өтінішті қараудан бас тартқан жағдайда, резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы жасалған бұзушылықтарды жойса, олар осы баптың 4-тармағында белгіленген мерзім шегінде қайтадан өтініш беруге құқылы.
6. Уәкілетті орган осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, резиденттің немесе Қазақстан Республикасы азаматының өтінішін алған күннен бастап күнтізбелік қырық бес күн ішінде оны қарайды.
7. Резиденттің немесе Қазақстан Республикасы азаматының өтінішін қарау қорытындысы бойынша уәкілетті орган:
1) өзара келісу рәсімін жүргізуден бас тарту туралы;
2) өзара келісу рәсімін жүргізу туралы шешімдердің бірін шығарады.
8. Уәкілетті орган:
1) резиденттің немесе Қазақстан Республикасы азаматының өтінішінде көрсетілген негіздер Қазақстан Республикасының халықаралық шартының ережелеріне сәйкес келмеген;
2) резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы дәйексіз ақпарат берген;
3) резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы өтінішті қарау барысында осы баптың 3-тармағында көзделген құжаттарды табыс етпеген жағдайларда, өзара келісу рәсімін жүргізуден бас тарту туралы шешім шығарады.
Өзара келісу рәсімін жүргізуден бас тарту туралы шешім резидентке немесе Қазақстан Республикасының азаматына шешім шығарылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жазбаша түрде почта арқылы тапсырыс хатпен жіберіледі.
9. Өзара келісу рәсімін жүргізу туралы шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органына осындай рәсімді жүргізу туралы сұрау салу жібереді.
10. Уәкілетті орган резиденттің немесе Қазақстан Республикасы азаматының өтініші негізінде басталған шет мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісу рәсімін жүргізуді:
1) резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы өзара келісу рәсімін жүргізуді тоқтату туралы өтініш берген;
2) өзара келісу рәсімін жүргізу барысында резиденттің немесе Қазақстан Республикасы азаматының дәйексіз ақпарат беруі фактісі анықталған;
3) өзара келісу рәсімін жүргізу барысында резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы осы баптың 3-тармағында көзделген құжаттарды табыс етпеген жағдайларда тоқтатады.
11. Уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органынан резиденттің немесе Қазақстан Республикасы азаматының табыстарына салық салу мәселесі бойынша уәкілетті органның сұрау салуына соңғы жауап алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде резидентке немесе Қазақстан Республикасының азаматына өзара келісу рәсімін жүргізу қорытындылары бойынша қабылданған шешім туралы ақпаратты жазбаша түрде почта арқылы тапсырыс хатпен жібереді.
12. Тұлға уәкілетті органға Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан шет мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісу рәсімін жүргізу туралы өтінішпен резиденттік мәртебесін айқындау мәселесі бойынша жүгінуге құқылы.
Мұндай тұлға уәкілетті органға өтінішті осы Кодекстің осы бабы 2-тармағының 2) тармақшасында және 225-бабы 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттармен қоса табыс етеді.
Осы тармақтың мақсатында осы баптың 1 - 11-тармақтарында көзделген өзара келісу рәсімін жүргізу тәртібі қолданылады.
13. Шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы негізінде жүргізілген өзара келісу рәсімінің қорытындысы бойынша қабылданған шешімді уәкілетті орган осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2) және 8) тармақшаларында көрсетілген, оған байланысты аталған мемлекеттің резидент емесі осындай рәсім жүргізуге бастама жасаған хабарламалардың бірін салық төлеушіге жіберген салық органына жазбаша түрде жібереді.
Өзара келісу рәсімінің қорытындысы бойынша шығарылған шешім осы бапта белгіленген тәртіппен салық органдарының орындауы үшін міндетті.»;
96) 27-тарау мынадай мазмұндағы 227-1-баппен толықтырылсын:
«227-1-бап. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрінде резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару тәртібі
1. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі табыстарды түпкілікті (нақты) табыс алушы (иеленуші) резидентке депозитарлық қолхаттарды номиналды ұстаушы арқылы төлеген кезде салық агенті бір мезгілде мынадай талаптарды орындаған кезде резиденттер үшін осы Кодексте көзделген табыс салығы ставкасын қолдануға немесе одан босатуға құқылы:
1) мыналар:
Қазақстан Республикасының резиденті шығарған акциялар базалық активі болатын депозитарлық қолхаттардың меншік иелері болып табылатын жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (олар бар болса) немесе заңды тұлғалардың атауы;
депозитарлық қолхаттардың саны және түрі туралы ақпарат;
жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың атауы және деректемелері немесе заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні қамтылған депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар тізімінің болуы.