егер депозитарлық қолхаттар бойынша меншік құқықтарын есепке алуды және оны растауды жүзеге асыруға арналған шарт депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялардың эмитент резиденті мен осындай ұйым арасында жасалған жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығын иеленетін ұйым;
немесе
егер депозитарлық қолхаттар бойынша меншік құқықтарын есепке алуды және оны растауды жүзеге асыруға арналған шарт депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялардың эмитент резиденті мен осындай ұйым арасында жасалған жағдайда, шет мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығын иеленетін өзге ұйым жасайды;
2) осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша түпкілікті (нақты) дивидендтер алушы (иеленуші) болып табылатын адамдардың резиденттігін растайтын құжаттың болуы кезінде салық агентінің осындай түпкілікті (нақты) табыс алушы (иеленуші) резиденті болып табылатын мемлекетпен тиісті халықаралық шартта көзделген, табыс салығының төмендетілген ставкасын қолдануға құқығы бар.
Бұл ретте резиденттікті растайтын құжат осы Кодекстің 212-бабының 3-тармағында көрсетілген бірінші болып басталатын күндердің бірінен кешіктірілмей салық агентіне табыс етіледі.
2. Салық агенті халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес есептелген (төленген) және ұсталған, салық ұстаудан босатылған табыстар сомасын, табыс салығының ставкасын және халықаралық шарттардың атауын салық органына табыс етілетін салық есептілігінде көрсетуге міндетті.
Бұл ретте, салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша салық органына осы Кодекстің 219-бабының 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін резидент емес салық төлеушінің резиденттігін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін табыс етуге міндетті. Мұндай көшірме, табыс ету мерзімі резидент еместің осы Кодекстің 212-бабының 3-тармағында көрсетілген күндердің бірінде мұндай құжатты салық агентіне тапсырғаннан кейін басталатын салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде беріледі.
3. Осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіппен депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрінде резидент емеске табыстар төлеу кезінде салық агенті халықаралық шарттың ережелерін қолданбаған жағдайда, салық агенті осы Кодекстің 194-бабында белгіленген ставка бойынша төлем көзінен табыс салығын ұстауға міндетті.
Ұсталған табыс салығының сомасы осы Кодекстің 195-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде бюджетке аударылуға жатады.
4. Салық агенті резидент еместің табыстарынан ұсталған табыс салығын бюджетке аударған жағдайда, төлем көзінен артық ұсталған табыс салығын осындай резидент емес түпкілікті (нақты) табыс алушының халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес қайтаруға құқығы бар.
Бұл ретте, резидент емес салық агентіне:
1) базалық активі эмитент резиденттің акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын құжаттың;
2) осы Кодекстің 219-бабының 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін дивидендтер түрінде табыс алған кезеңде оның резиденттігін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерін табыс етуге міндетті.
Осы тармақта көрсетілген құжаттарды, егер халықаралық шартта өзге мерзім белгіленбесе, резидент емес бюджетке төлем көзінен ұсталған табыс салығын соңғы аудару күнінен бастап осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін табыс етеді.
Бұл ретте резидент емеске артық ұсталған табыс салығын қайтаруды салық агенті жүргізеді.
5. Салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша салық органына депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі резидент еместің табыстарынан табыс салығын ұстау және аудару жүргізілген салық кезеңіне төмендетілген салық ставкасы қолданылған кездегі табыс салығының азаю сомасына төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша қосымша есептеуді табыс етуге құқылы.
Көрсетілген жағдайда төлем көзінен ұсталған табыс салығының артық төленген сомасын салық агентінің есебіне жатқызу осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
6. Халықаралық шарттың ережелері заңсыз қолданылып, бұл бюджетке салықтың төленбеуіне немесе толығымен төленбеуіне әкеп соққан кезде салық агенті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
83) 213-бапта:
тақырыптағы «халықаралық тасымалдарда тұрақты мекеме арқылы резидент еместiң көлiк қызметiн көрсетуден» деген сөздер «тұрақты мекеме арқылы резидент еместiң халықаралық тасымал жөніндегі қызметтер көрсетуден» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші бөліктегі «халықаралық тасымалда көлiк қызметiн» деген сөздер «халықаралық тасымал жөніндегі қызметтер» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «4-тармағының» деген сөздер «4 және 5-тармақтарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «халықаралық тасымалда көлiк қызметiн», «Қазақстан Республикасының аумағында көлік қызметін» деген сөздер тиісінше «халықаралық тасымал жөніндегі қызметтер», «халықаралық тасымал жөніндегі қызметтер көрсетуден (халықаралық шартқа сәйкес салық салуға жатпайтын) және Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында тасымал (тасымалдау) қызметтерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Халықаралық тасымал жөніндегі қызметтер көрсетумен байланысты шығыстардың сомасы тікелей немесе барабар әдіспен айқындалады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Тікелей әдіс халықаралық тасымал бойынша қызметтер көрсетумен байланысты шығыстардың (халықаралық шартқа сәйкес салық салуға жатпайтын) және Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында тасымал (тасымалдау) қызметтерін көрсетумен (салық салуға жататын) байланысты шығыстардың бөлек есебін жүргізу негізінде тиісті шығыстарды айқындауды көздейді.»;
6-тармақта:
«Жанама» деген сөз «Барабар» деген сөзбен ауыстырылсын;
«резидент емес есепті салық кезеңінде Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алу үшін шеккен шығыстардың» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстар алуға бағытталған қызметті жүзеге асырумен байланысты резидент еместің шығыстарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тасымалда көлік қызметін» деген сөздер «тасымал жөніндегі қызметтер» деген сөздермен ауыстырылсын;
84) 214 және 215-баптардың 1-тармақтарының екінші бөліктеріндегі «4-тармағының» деген сөздер «4 және 5-тармақтарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
85) 216-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «212-бабында» деген сөздер «212, 212-1 және 212-2-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
86) 217-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«217-бап. Бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтару тәртібі
1. Резидент еместiң мынадай жағдайларда:
1) салық агентi резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстарынан табыс салығын шартты банк салымына немесе бюджетке аударғанда;
2) резидент емес халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайтын қызметін филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асырғанда;
3) салық төлеушi осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес салық төлегенде, осы бапта белгiленген тәртiппен халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес табыс салығын қайтарып алуға құқығы бар.
Бұл ретте резидент емес осы Кодекстiң 219-бабында айқындалған құжаттарды қоса бере отырып, төленген табыс салығын халықаралық шарттың негiзiнде бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтарып алуға салықтық өтiнiштi (бұдан әрi осы Кодекстiң осы бабының және 218-бабының мақсатында - өтiнiш) салық органына табыс етуге мiндеттi.
2. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, резидент емес өтiнiштi салық агентiнің орналасқан (тұрғылықты) жерi бойынша салық органына қатысты жоғары тұрған орган болып табылатын салық органына екі данада табыс етедi.
Егер салық агентi орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша уәкiлеттi органға тікелей сатылы бағыныстағы салық органында тiркелген жағдайда, өтiнiштi осындай салық органына табыс етеді.
Өтінішті табыс ету тәсіліне қарай, салық органына оны ұсынған күн:
1) келу тәртібімен - салық органы өтінішті қабылдаған күн;
2) почта арқылы хабарламасы бар тапсырысты хатпен - салық органы өтінішті алған күн болып табылады.
3. Халықаралық шарттың талаптарын орындаған және Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындаған, қызметтер көрсеткен кезде, ұзақ мерзiмдi келiсiмшарттар бойынша жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi қоспағанда, резидент емес Қазақстан Республикасында жұмыстар орындау, қызметтер көрсету аяқталғаннан кейiн өтiнiштi ұсынады.
Осы бөлімнің мақсаты үшін ұзақ мерзімді келісімшарт оны жасасқан күннен бастап он екі ай кезең ішінде аяқталмаған жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған келісімшарт болып табылады.
4. Егер халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші өтінішті салық органына табыс салығының сомаларын шартты банк салымына соңғы орналастырған күннен бастап немесе табыс салығын бюджетке соңғы аударған күннен бастап осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін табыс етеді.
Егер халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, резидент емес ұзақ мерзiмдi келiсiмшарттар бойынша өтiнiштi салық органына осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген талап қою мерзiмiнiң өтуiнен кешiктiрмей, келiсiмшарттың iс жүзiнде орындалуына қарай табыс етеді.
5. Салық органы мынадай:
1) резидент емес өтінішті осы баптың 4-тармағында белгіленген мерзім өткен соң берген жағдайда, өтінішті қараудан бас тартады. Бұл ретте резидент емес салық органына өтінішті қайта беруге құқылы емес;
2) резиденттігін растайтын құжат осы Кодекстің 219-бабының 4 және 5-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
3) резидент емес осы Кодекстің 219-бабында айқындалған құжаттарды бермеген;
4) резидент емес осы баптың 2-тармағының ережелерін сақтамаған жағдайларда, өтінішті қараудан бас тартады.
Бұл ретте салық органының өтінішті қараудан бас тартуы туралы шешімі өтініш пен табыс етілген құжаттар қоса тіркеле отырып, салық органы оларды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бас тарту себептері көрсетіле отырып, резидент емеске қол қойғызып немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберіледі.
Салық органы осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша өтінішті қараудан бас тартқан жағдайда, резидент емес өзі жол берген бұзушылықтарды жоятын болса, осы баптың 4-тармағында белгіленген мерзім шегінде қайтадан өтініш беруге құқылы.
6. Салық органы өтiнiштi резидент емес ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
Бұл ретте осы тармақта көзделген өтінішті қарау мерзімі мынадай:
1) осы баптың 8-тармағында көрсетілген тақырыптық тексеру жүргізу;
2) салық органы осы баптың 7, 9 және 10-тармақтарында көрсетілген сұрау салуды жіберген күннен бастап мұндай сұрау салуға жауап алған күнге дейінгі кезеңге тоқтатыла тұрады.
7. Резидент еместің өтінішін қарау барысында салық органы басқа салық органдарына, мемлекеттік органдарға, шет мемлекеттердің құзыретті органдарына, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге ұйымдарға қажетті ақпарат беру туралы, сондай-ақ салықты қайтарып алуға байланысты мәселелер бойынша резидент емеске сұрау салу жіберуге құқылы.
8. Резидент еместің өтінішін қарау кезінде салық органы, осы баптың 10-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 89-тарауында көзделген тәртіппен резидент еместің салықтық өтініші негізінде төленген табыс салығын бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтару мәселесі бойынша тақырыптық тексеру жүргізеді.
9. Егер резидент еместiң Қазақстан Республикасында өкiлдiгi немесе филиалы болған жағдайда, өтiнiштi қарайтын салық органы резидент еместi оның осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген талап қою мерзiмiнің өтуі кезеңiнде салық мiндеттемелерін орындауы және Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесiнiң болуы не болмауы нысанасында жоспардан тыс кешендi салықтық тексеру жүргiзуге арналған сұрау салуды өкiлдiктiң немесе филиалдың орналасқан жерi бойынша салық органына жiберуге мiндеттi.
10. Салық агенті таратылған, банкрот болған жағдайда, салық органы өтініші қаралып жатқан резидент еместің резиденттiк елiнiң құзыреттi органына салық агентi мен резидент еместiң өзара қарым-қатынастары туралы ақпарат беру жөнінде сұрау салу жiберуге құқылы.
Бұл ретте осы баптың 11-тармағында көрсетілген шешім салық қызметі органдарының сұрау салуына резидент еместің резиденттiк елiнiң құзыреттi органынан алынған ақпарат және (немесе) таратылған немесе банкрот деп танылған салық агенті ұсынған, төлем көзінен ұсталған табыс салығы бойынша салық есептілігінің деректері негізінде қабылданады.
Шет мемлекеттің құзыретті органы осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша жіберілген сұрау салу бойынша мәліметтер ұсынудан жазбаша бас тартқан немесе кемінде екі жылдан астам мерзімде жауап ұсынылмаған жағдайда, салық органы өтінішті қараудан бас тартуға міндетті. Бұл ретте салық төлеуші осы Кодекстің 226-бабының ережелеріне сәйкес өзара келісу рәсіміне бастамашылық жасауға құқылы.
11. Резидент еместің өтінішін қарау қорытындылары бойынша салық органы мынадай:
1) төлем көзінен ұсталған табыс салығын толықтай немесе оның бір бөлігін қайтару туралы;
2) төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтарудан бас тарту туралы шешімдердің бірін шығарады.
Салық органының шешімі жазбаша нысанда ресімделеді және оған басшы немесе оның орынбасары қол қояды.
Салық органы төлем көзінен ұсталған табыс салығын толықтай немесе оның бір бөлігін қайтару туралы шешім қабылдаған кезде ұсынылған өтініште халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес қайтаруға жататын табыс салығының сомасы көрсетіледі және өтініш басшының немесе оның орынбасарының қолымен және салық органының мөрімен куәландырылады.
Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтаруға арналған өтінішті қарау нәтижелері бойынша салық органының шешімінде:
1) шешім қабылданған күн;
2) шешім қабылдаған салық органының атауы;
3) өтініш берген резидент еместің толық атауы;
4) болған жағдайда резидент еместің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелу нөмірі (немесе оның аналогы);
5) қайтару туралы шешім қабылданған жағдайда - бюджеттен немесе шартты банк салымынан резидент емеске қайтаруға жататын табыс салығының сомасы;
6) төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтарудан бас тарту туралы шешім шығарылған жағдайда - Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасалған және (немесе) мұндай шешім шығарған кезде салық органы басшылыққа алған шет мемлекеттің құзыретті органынан салық қызметі органының сұрау салуы негізінде алынған ақпарат көрсетілген негіздеме көрсетілуге тиіс.
12. Жоғары тұрған салық органы төлем көзінен ұсталған табыс салығын толықтай немесе оның бір бөлігін қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда, шешімнің және резидент еместің өтінішінің көшірмелерін осындай салық органы резидент еместің табыстарынан төленген төлем көзінен табыс салығын ұстауды жүргізген салық агентінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген салық органына жібереді.
13. Бюджетке табыс салығы төленген және салық органы төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда, салық агентінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген салық органы резидент емеске осындай шешім қабылданған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде осы Кодекстің 602-бабында көзделген тәртіппен халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес бюджеттен табыс салығының сомасын қайтаруды жүргізеді.
14. Табыс салығын шартты банк салымына аударған және салық органы төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда, банк резидент емеске шартты банк салымынан төленетін табыс салығының өтiнiште көрсетiлген сомасын және есептелген банк сыйақылары сомасын қайтаруды жүргізеді. Бұл ретте салық органы куәландырған өтінішті банкке резидент емес өз бетінше табыс етеді.
15. Салық органының шешімі резидент еместің өтінішінің бір данасы қоса тіркеле отырып, резидент емеске қол қойғызып тапсырылады немесе алуы туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберіледі.
Тапсыру күні немесе почтаның немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына резидент еместің белгі қойған күні салық органының шешімін резидент еместің алған күні болып табылады.
16. Резидент емес осы баптың 11-тармағында көрсетілген салық органының шешімімен келіспеген жағдайда, оған салық органының шешімін алған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде уәкілетті органға шағымдануға құқылы.
Бұл ретте резидент емес:
1) уәкілетті органға - өтінішті қоспағанда, салық органы шешімінің көшірмесін, сондай-ақ осы Кодекстің 219-бабында белгіленген құжаттарды қоса тіркей отырып, жазбаша нысандағы шағымды;
2) резидент емес шешіміне шағымданған салық органына - уәкілетті органға жіберілген шағымның көшірмесін жіберуге тиіс.
Шағымда:
1) резидент еместің шағымға қол қойған күні;
2) тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) не шағым беруші тұлғаның толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);
3) болған жағдайда резидент еместің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелу нөмірі (немесе оның аналогы);
4) шешіміне резидент емес шағымданған салық органының атауы;
5) шағым беруші резидент емес өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелер;
6) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
17. Уәкілетті орган резидент емеске мынадай:
1) резидент емес осы баптың 16-тармағында белгіленген мерзім өткен соң шағымды берген;
2) шағымның мазмұны осы баптың 16-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
3) резиденттікті растайтын құжат осы Кодекстің 219-бабының 4 және 5-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
4) резидент емес осы Кодекстің 219-бабында белгіленген құжаттарды ұсынбаған;
5) резидент емес осы баптың 11-тармағында көрсетілген салық органының шешіміне сотқа шағым (арыз) берген жағдайларда, шағым ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде резидент еместің шағымын қараудан бас тартуы туралы шешім жібереді.
Уәкілетті орган осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша шағымды қараудан бас тартқан жағдайда резидент емес өзі жол берген бұзушылықтарды жоятын болса, шағымды қараудан бас тарту туралы шешімді алған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде қайта беруге құқылы.
18. Уәкілетті орган шағымды резидент емес ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
19. Уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, сондай-ақ резидент емеске оның өтінішін қарауға байланысты мәселелер бойынша қажетті ақпаратты ұсыну туралы сұрау салу жіберген жағдайда, резидент еместің шағымын қарау мерзімі осындай ақпаратты алғанға дейін тоқтатыла тұрады.
20. Резидент еместің шағымын қараудың қорытындылары бойынша уәкілетті орган мынадай:
1) төлем көзінен ұсталған табыс салығын толықтай немесе оның бір бөлігін қайтару туралы;
2) төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтарудан бас тарту туралы шешімдердің бірін шығарады.
Уәкілетті органның шешімі жазбаша нысанда ресімделіп, оған басшы немесе оның орынбасары қол қояды және резидент емеске қол қойғызып тапсырылады немесе алуы туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберіледі.
Тапсыру күні немесе почтаның немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына резидент еместің белгі қойған күні салық органының шешімін резидент еместің алған күні болып табылады.
Уәкілетті органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімінде мыналар:
1) шешім қабылданған күн;
2) өтініш берген резидент еместің толық атауы;
3) болған жағдайда резидент еместің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелу нөмірі (немесе оның аналогы);
4) қайтару туралы шешім қабылданған жағдайда - мемлекеттік бюджеттен немесе шартты банк салымынан резидент емеске қайтаруға жататын табыс салығының сомасы;
5) төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтарудан бас тарту туралы шешім шығарылған жағдайда - мұндай шешім шығарған кезде салық органы басшылыққа алған Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасалған және (немесе) шет мемлекеттің құзыретті органынан салық қызметі органының сұрау салуы негізінде алынған ақпарат көрсетілген негіздеме көрсетілуге тиіс.
21. Уәкілетті орган шешімінің көшірмесі шешіміне резидент емес шағымданған салық органына жіберіледі.
Уәкілетті орган төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда, шешіміне резидент емес шағымданған салық органы резидент еместің осындай салық органына бұрын ұсынған өтінішінде халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес қайтаруға жататын табыс салығының сомасын көрсетеді. Осындай салық органының уәкілетті орган шешімінің көшірмесін алған күні өтінішті куәландыру күні болып табылады. Бұл ретте өтініш басшының немесе оның орынбасарының қолымен және осындай салық органының мөрімен куәландырылады және резидент емеске қол қойғызып тапсырылады немесе алуы туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы немесе келу тәртібімен жіберіледі.
Шешіміне резидент емес шағымданған жоғары тұрған салық органы көрсетілген шешімнің көшірмесін және осындай резидент еместің куәландырылған өтінішін резидент еместің табыстарынан төлем көзінен табыс салығын ұстауды жүргізген салық агентінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген салық органына жібереді.
22. Резидент емес осы баптың 11 немесе 20-тармақтарында көрсетілген шешімге осы Кодекстің 218-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімде сотқа шағым (арыз) берген жағдайда, шартты банк салымына орналастырылған салық сомасын бюджетке аудару туралы инкассалық өкімді банкке жіберу сот шағымды (арызды) іске алған күннен бастап сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.»;
87) 218-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық органы шартты банк салымында орналастырылған салық сомасын бюджетке аудару туралы инкассалық өкімді банкке мынадай мерзімде:
1) резидент еместен осы Кодекстің 217-бабының 16-тармағында көрсетілген шағымның көшірмесін алмаған жағдайда - резидент емес осы Кодекстің 217-бабының 11-тармағында көрсетілген шешімді алған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн өткен соң;
2) резидент емес осы Кодекстің 217-бабының 11-тармағында көрсетілген шешімге уәкілетті органға шағымданған жағдайда - резидент емес осы Кодекстің 217-бабының 20-тармағында көрсетілген шешімді алған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн өткен соң;
3) сот осы Кодекстің 217-бабының 22-тармағында көрсетілген шағымды (арызды) толық не бір бөлігін қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда - осындай шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде жіберуге міндетті.
Бұл ретте салық қызметі органдары немесе сот төлем көзінен ұсталған табыс салығын ішінара қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда, инкассалық өкім резидент емеске бас тартылған талаптар бөлігіне сәйкес келетін шартты банк салымында орналастырылған салық сомасына жіберіледі.»;
2-тармақтағы «46-бабында белгiленген талап қою мерзiмi iшiнде» деген сөздер «217-бабының 4-тармағында белгіленген мерзім өткенге дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
88) 219-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «тиiстi салық органы мыналар» деген сөздер «резидент емес салық органына мыналарды қоса тіркей отырып, табыс етеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «көшірмесі болған кезде қабылдайды.» деген сөздер «көшірмесі.» деген сөзбен ауыстырылып, екінші сөйлем алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) резидент емес Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін жалдаған қызметшілер немесе басқа персонал болып табылатын резидент емес жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың және олардың Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімін растайтын құжаттардың көшірмелері болған кезде қабылдайды.»;
2-тармақтың 4) тармақшасындағы «4-тармағының» деген сөздер «4 және 5-тармақтарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы тараудың ережелерін қолдану мақсатында шетелдіктің резиденттігін растайтын құжат табыс алушы-шетелдіктің:
1) осындай құжатта көрсетілген уақыт кезеңі ішінде;
2) егер осындай құжатта уақыт кезеңі көрсетілмеген жағдайда, ол берілген күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылатынын растайтын ресми құжатты білдіреді.