Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2014.07.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж. № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат):
106-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«106-бап. Мемлекеттік бажды қайтару
Мемлекеттік бажды қайтару тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексінде айқындалады.».
2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24; 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар, № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж. № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат):
2-тармағының 1) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1) 88-1-баптың екінші бөлігіндегі «заңды тұлғаларға - отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде» деген сөздер «заңды тұлғаларға - отыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 205-1-бапта:
алтыншы бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкердiң салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру кезеңiнде қызметтi жүзеге асыруы, -»;
мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
«Ескерту. Қызметті жүзеге асыру деп патент алу үшін салық органына есеп-қисапты табыс етпей, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттеменің туындауына әкеп соғатын қызметті қайта бастау түсініледі.»;
3) 205-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«205-2-бап. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру кезеңінде тұлғалардың қызметті жүзеге асыруы
Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру кезеңінде тұлғалардың қызметті жүзеге асыруы -
дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға - отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, орта немесе iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Қызметті жүзеге асыруы деп салық органына салық есептiлiгiн табыс етудi қайта бастау туралы салықтық өтінішті табыс етпей, салық төлеушінің (салық агентінің) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелердің туындауына әкеп соғатын қызметті қайта бастауы түсініледі.»;
4) 206-2-бап мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
«Ескерту. Қосымша салық есептілігін және (немесе) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес хабарлама бойынша қосымша салық есептілігін табыс ету арқылы бұзушылықты жойған жағдайда, тұлға осы бапта көзделген әкімшілік жауапқа тартылуға жатпайды.»;
2-тармағының 5) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5) 213-баптың бесінші бөлігінде:
бірінші абзац «қоспағанда,» деген сөзден кейін «мұнай өнімдері мен» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші абзац «қоспағанда,» деген сөзден кейін «тұлғалардың» деген сөзбен толықтырылып, «өткізу» деген сөз «өткізуі» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 532-бап мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
«Ескерту. Қосымша салық есептілігін және (немесе) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес хабарлама бойынша қосымша салық есептілігін табыс ету арқылы бұзушылықты жойған жағдайда, тұлға осы бапта көзделген әкімшілік жауапқа тартылуға жатпайды.»
2-тармағының 7) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
7) 651-баптың бірінші бөлігі 7) тармақшасындағы «мерзiмi көрсетiлуге тиiс.» деген сөздер «мерзімі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі көрсетілуге тиіс.»;
2-тармағының 8) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
8) 707-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Айыппұлды әкімшілік жауапқа тартылған адам қаулының заңды күшіне енген күнінен бастап отыз күннен кешіктірмей төлеуге тиіс.
Айыппұлды осы Кодекстiң 701-бабында көзделген кейiнге қалдыру жағдайында әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам кейінге қалдыру мерзімі өткен күннен бастап төлеуге тиiс.»;
2-тармағының 9) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
9) 709-1-баптың бірінші бөлігіндегі «адамның айыппұлды ерiктi түрде төлеуi туралы тиiсiнше хабардар етiлген фактiнi растайтын құжаттың көшiрмесi және айыппұл сомасының мемлекет кiрiсiне түспегенi туралы салық органының анықтамасы» деген сөздер «әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының көшірмесі және айыппұл сомасының мемлекет кiрiсiне түспегенi туралы әкімшілік жаза қолданған органның анықтамасы» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат, № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат):
1) мазмұнда:
мынадай мазмұндағы қырық тоғызыншы, бір жүз жетпіс жетінші және бір жүз тоқсан екінші абзацтармен толықтырылсын:
«39-1-бап. Резидент емес заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) ашпай, Қазақстан Республикасында тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) болуына байланысты оған өз құқықтары мен міндеттерін беру кезінде тұрақты мекеменің салық міндеттемесін орындауы»;
«144-1-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмай, қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі»;
«154-1-бап. Резидент емес жеке тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі»;
193-баптың тақырыбы «көзінен» деген сөзден кейін «корпоративтік» деген сөзбен толықтырылсын;
195-баптың тақырыбы «көзінен» деген сөзден кейін «корпоративтік» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екі жүз елу жетінші абзацпен толықтырылсын:
«200-1-бап. Резидент емес жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстары»;
201-баптың тақырыбы «көзінен» деген сөзден кейін «жеке» деген сөзбен толықтырылсын;
212-баптың тақырыбындағы «немесе iшiнара» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екі жүз жетпісінші және екі жүз жетпіс бірінші абзацтармен толықтырылсын:
«212-1-бап. Резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы көздерден дивидендтер, сыйақылар және (немесе) роялти түріндегі табыстарын салық салудан босатуға немесе оларға төмендетілген салық ставкасын қолдануға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртібі»;
«212-2-бап. Резидент еместiң депозитарлық қолхаттарының базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі табыстарын салық салудан ішінара босатуға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртібі»;
213-баптың тақырыбындағы «халықаралық тасымалдарда тұрақты мекеме арқылы резидент еместің көлік қызметін» деген сөздер «тұрақты мекеме арқылы резидент еместің халықаралық тасымалдау жөніндегі қызметтерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екі жүз сексенінші абзацпен толықтырылсын:
«221-1-бап. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған мүлікті өткізуден түсетін табысты айқындау тәртібі»;
222-баптың тақырыбындағы «табыстар алуымен байланысты» деген сөздер «табыстар алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруына байланысты» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екі жүз сексен алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«227-1-бап. Резиденттің депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі табысынан төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару тәртібі»;
алты жүз жетпіс тоғызыншы және алты жүз сексен алтыншы абзацтар алып тасталсын;
583-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«583-бап. Уәкілеттi мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың салық қызметi органдарымен өзара іс-қимыл кезіндегі мiндеттерi»;
мынадай мазмұндағы сегіз жүз жиырма жетінші абзацпен толықтырылсын:
«635-1-бап. Бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтару мәселесі бойынша резидент еместің салықтық өтініші негiзiнде салық агенттеріне тақырыптық тексерулер жүргiзу тәртібі»;
2) 12-бапта:
1-тармақта:
5) тармақша «төлемдердің» деген сөзден кейін «, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдердің» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) веб-қосымша - салық төлеушінің электрондық салық қызметтерін алуына және салық міндеттемелерін орындауына арналған, уәкілетті органның дербестендірілген және санкциясыз қолжетімділіктен қорғалған интернет-ресурсы;»;
14) тармақшада:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацта:
«жарғылық капиталды» деген сөздерден кейін «құрылтайшылар,» деген сөзбен толықтырылсын;
«қатысушылардың (қатысушының)» деген сөздер «құрылтайшылардың, қатысушылардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң нарықтық бағасы мен мұндай тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер акционерге, қатысушыға, құрылтайшыға немесе олардың өзара байланысты тарапына өткiзiлген баға арасындағы оң айырма;
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң нарықтық бағасы мен мұндай тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер акционерден, қатысушыдан, құрылтайшыдан немесе олардың өзара байланысты тарапынан сатып алынған баға арасындағы терiс айырма;»;
екінші бөлік мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Осы тармақшаның мақсаты үшін өзара байланысты тараптар осы баптың 1-1-тармағына сәйкес айқындалады.»;
3-тармағы 2) тармақшасының он алтыншы-он жетінші абзацтары 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«25) қатысу үлесі - акционерлік қоғамдар мен пайлық инвестициялық қорларды қоспағанда, жеке және (немесе) заңды тұлғаның бірлескен қызметке, заңды тұлғаның жарғылық капиталына үлестік қатысуы;»;
26) тармақшадағы «10» деген цифрлар «7» деген цифрмен ауыстырылсын;
28) тармақша алып тасталсын;
29) тармақшадағы «тауарларды тиеп жіберу» деген сөздер «тауарларды не өзге де мүлікті тиеп жіберу және (немесе) беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағының 2) тармақшасының жиырма бірінші - жиырма төртінші абзацтары 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
39) тармақшада:
сегізінші абзацтағы «оң» деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақшаның мақсаттарында банктік шот шарттары бойынша төленетін сыйақылар да сыйақы деп танылады;»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Кодекстің мақсатында өзара байланысты тараптар деп мынадай талаптардың біреуіне не бірнешеуіне сәйкес келетін өзара қатынасы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар танылады:
1) бір тұлға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес басқа тұлғаның аффилиирленген тұлғасы болып танылады;
2) бір тұлға басқа тұлғаның ірі қатысушысы болып табылады;
3) шартпен байланысты тұлғалар, оған сәйкес олардың біреуі басқасының қабылдайтын шешімін айқындауға құқылы;
4) заңды тұлға басқа заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе лауазымды тұлғасының бақылауында болады;
5) бір заңды тұлғаның ірі акционері, ірі қатысушысы немесе лауазымды тұлғасы басқа заңды тұлғаның ірі акционері, ірі қатысушысы не лауазымды тұлғасы болып табылады;
6) заңды тұлға басқа заңды тұлғамен бірлесіп, үшінші тұлғаның бақылауында болады;
7) тұлға өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп, осы тармақтың 2) - 6) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаның не заңды тұлғалардың қатысу үлестерінің он және одан да көп пайызын иеленеді, пайдаланады, оған билік етеді;
8) акционерлік қоғамның тәуелсіз директорын қоспағанда, жеке тұлға осы тармақтың 2) - 7) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаның лауазымды тұлғасы болып табылады;
9) жеке тұлға заңды тұлғаның ірі қатысушысының не лауазымды тұлғасының жақын туысы не жекжаты (ерлi-зайыптылардың аға-iнiлерi, әпке-сiңлiлері (іні-қарындастары), ата-анасы, ұлы немесе қызы) болып табылады.
Осы тармақтың мақсатында ірі қатысушы деп, акционерлік қоғамдарды қоспағанда, заңды тұлғаның мүлкіндегі үлесі он және одан да көп пайызды құрайтын қатысушы түсініледі.
Заңды тұлғаны бақылау заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындау мүмкіндігі болып табылады.
3-тармағының 2) тармақшасының отыз сегізінші абзацы 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2014 ж. 1 қаңтарға дейін қолданыста болады
Өзара байланыстылығына бірден-бір негіз 2009 жылдың 1 қаңтарынан кейін туындаған ұлттық басқарушы холдингтің банктің жарғылық капиталына ірі акционер ретінде қатысуы және (немесе) ұлттық басқарушы холдингтің лауазымды тұлғаларының осындай банктің басқару органына қатысуы болып табылатын тұлғалар өзара байланысты тараптар деп танылмайды.»;
3) 18-баптың 2-тармағы «органдары» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен кодтары бар» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармағының 4) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
4) 26-бапта:
1-тармақта:
«айқындауға, салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді» деген сөздермен толықтырылсын;
«есептеуге» деген сөз «есептеуге және төлеуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ «салық төлеушіден» деген сөздерден кейін «(салық агентінен)» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармағының 5) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5) 31-баптың 2-тармағында:
3) тармақша «төлемдердің» деген сөзден кейін «, сондай-ақ осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдердің» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша «салық» деген сөздің алдынан «осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 35-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте сенімгерлікпен басқарушы сенімгерлік басқару шарты бойынша салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді есептеу, төлеу немесе ұстау жөніндегі салықтық міндеттемелерді:
егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сенімгерлікпен басқару құқығын мемлекеттік тіркеу талап етілген жағдайда, - мұндай құқық мемлекеттік тіркелген;
егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сенімгерлікпен басқару құқығын мемлекеттік тіркеу талап етілмеген жағдайда, - сенімгерлікпен басқару шарты жасалған күннен бастап орындайды.»;
7) 37-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігіндегі «күнге дейін» деген сөздер «күннен кешіктірмей» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағының 7) тармақшасының үшінші - жиырма бірінші абзацтары 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
10-тармақтың 5) тармақшасындағы «төлемдердiң, салықтар мен өсiмпұлдардың» деген сөздер «баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Құжаттық тексеру аяқталғаннан кейiн таратылатын заңды тұлға орналасқан жерi бойынша салық органына бір мезгiлде:
1) тарату балансын;
2) банктегi бар шоттарының жабылғаны туралы банктiң және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын;
3) салық берешегiнің, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегінің болмауы және (немесе) болуы туралы мәліметтерді алу үшін салықтық өтінішті табыс етедi.
Таратылатын заңды тұлға осы тармақта көрсетілген құжаттарды бір мезгілде мынадай талаптар:
1) салық берешегiнің, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
2) салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомаларының болмауы;
3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомаларының болмауы;
4) есепке жатқызылатын қосылған құн салығының осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түсуінің болмауы;
5) кеден органдары алатын кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүргізуге арналған орындалмаған салықтық өтініштің болмауы сақталған жағдайда, құжаттамалық тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.
Салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі, салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомалары, салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары болған және (немесе) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түскен жағдайда таратылатын заңды тұлға осы тармақта көрсетілген құжаттарды:
1) салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі өтелген күннен;
2) салықтардың, төлемдердің, өсімпұлдардың артық төленген сомалары қайтарылған күннен;
3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары қайтарылған күннен;
4) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түсуді қайтарған күннен;
5) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын қайтарған күннен кейін келетін күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.
Осы тармақта көрсетiлген құжаттар табыс етілгеннен кейін салық органы осы Кодексте белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде салық төлеушiге салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегінiң жоқ екендiгi туралы анықтама беруге мiндеттi.»;
8) 38-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «күнге дейін» деген сөздер «күннен кешіктірмей» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 39-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігінде:
бірінші абзацта:
«немесе бөлiну балансы» деген сөздер алып тасталсын;
«, бөлiнiп шығу» деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақшадағы «өтiнiштi табыс етедi.» деген сөздер «өтінішті;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) тапсыру актісін табыс етеді.»;
үшінші және төртінші бөліктердегі «, бөлiнiп шығу» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын:
«Таратудың салық есептілігін табыс ету жөніндегі міндеттеме - бірігу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде қайта құрылған заңды тұлғаның құрамына кірген әрбір заңды тұлғаға, қосылу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде қосылған заңды тұлғаға жүктеледі.
Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін басталатын болса, мұндай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Заңды тұлға бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде мұндай тұлға бөлу балансы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына аталған балансты табыс етеді.»;
3-тармағының 9) тармақшасының он үшінші абзацы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
6-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «үш» деген сөз «он» деген сөзбен ауыстырылсын;
10) мынадай мазмұндағы 39-1-баппен толықтырылсын:
«39-1-бап. Тұрақты мекеменің Қазақстан Республикасында тиімді басқару орнының (нақты басқару органының орналасқан жерінің) болуына байланысты резидент емес заңды тұлғаға құқықтары мен міндеттерін беру кезінде өзінің филиалын (өкілдігін) ашпастан, салық міндеттемесін орындауы
1. Резидент емес заңды тұлға өзінде Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі болған кезде, филиалын (өкілдігін) ашпастан және тиімді басқару орнын (нақты басқару органының орналасқан жерін) шет мемлекеттен Қазақстан Республикасына ауыстыру туралы шешім қабылдамастан салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш бергеннен кейін үш жұмыс күні ішінде тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын заңды тұлғаға мұндай тұрақты мекеменің құқықтары мен міндеттерін беру туралы осы Кодекстің 562-бабы 1-1-тармағына сәйкес мұндай тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша салық органына жазбаша хабарлауға міндетті.
Көрсетілген резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесі салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде салық органына:
1) тіркеу есебінен алу туралы салықтық өтінішті;
2) таратудың салық есептілігін;