2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) алыс-беріс шикізаты мен материалдардан, бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынынан дайындалған мұнай өнімдерін өндірушілердің тұлғаларға оларды өндiрiстiк мұқтаждар үшiн өткізуі, сондай-ақ беруі;»;
3-тармағының 124) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
124) 300-баптың 1) тармақшасындағы «308-баптың 2-тармағында» деген сөздер «308-1-баптың 1-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
125) 313-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «келісімшартты жасасқан жеке немесе заңды тұлға қол қойылатын бонус төлеуші болып табылады.» деген сөздер «келісімшартты;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшартты жасасқан жеке немесе заңды тұлға қол қойылатын бонус төлеуші болып табылады.»;
126) 314-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасында:
бірінші абзац «өндіруге» деген сөзден кейін «және бірлескен барлау мен өндіруге» деген сөздермен толықтырылсын;
жетінші абзац «өндіруге» деген сөзден кейін «және бірлескен барлау мен өндіруге» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармағының 126) тармақшасының бесінші - жиырмасыншы абзацтары 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
екінші бөлік «Бұл ретте» деген сөздерден кейін «осы баптың 2-тармағының 1-1) тармақшасында көрсетілген табиғи газды өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
1) тармақшада:
«шикі мұнай» деген сөздердің алдынан «осы тармақтың 1-1) тармақшасында көрсетілген табиғи газды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын баға бойынша Қазақстан Республикасының ішкі нарығына өндірілген табиғи газды жеткізудің ең төменгі көлемі туралы жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелері көзделген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша табиғи газ үшін мына формула бойынша:
Қ = V1* Б1 + V2 * Б2, мұнда:
V1 - Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге жататын А, В, С1 өнеркәсіптік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен табиғи газ қорларының көлемі;
V2 - V1 қоспағанда, А, В, С1 өнеркәсіптік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен табиғи газ қорларының көлемі;
Б1 - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын баға;
Б2 - осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес айқындалатын, табиғи газ бағасын белгілеудің орташа арифметикалық мәні;
Қа = V1* Б1 + V2 * Б2, мұнда:
V1 - әлеуетті коммерциялық объектінің және Қ3 санатындағы болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшін Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен және (немесе) көрсетілген Комиссия қорытындысында назарға алынған Қ2 санатындағы табиғи газ қорларының көлемі;
V2 - V1 қоспағанда, әлеуетті коммерциялық объектінің және Қ3 санатындағы болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшін Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен және (немесе) көрсетілген Комиссия қорытындысында назарға алынған Қ2 санатындағы табиғи газ қорларының көлемі;
Б1 - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын баға;
Б2 - осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес айқындалатын, табиғи газ бағасын белгілеудің орташа арифметикалық мәні;»;
3-тармағының 127) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
127) 330-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «308-баптың 2-тармағында» деген сөздер «308-1-баптың 1-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағының 128) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
128) 332-бапта:
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жеке өндірістік мұқтаждарға пайдаланылған табиғи газ деп:
жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде мұнай дайындау кезінде отын ретінде пайдаланған;
өндірістік және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы қазандықтар үшін;
ұңғыма сағасында мұнайды қыздыру үшін және тасымалдау кезінде;
электр энергиясын өндіру үшін;
осы баптың 4-тармағында көзделген жер қойнауына кері айдау жағдайларын қоспағанда, бекітілген жобалық құжаттарда көзделген көлемде жер қойнауына қайта айдау үшін пайдаланылған табиғи газ танылады.»;
4-тармақтағы «жер қойнауына кері айдалатын» деген сөздер «бекітілген жобалық құжаттарда көзделген мұнай алу коэффициентін ұлғайту мақсатында жер қойнауына кері айдалатын көлемде» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағының 129) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
129) 346-бапта:
бүкіл мәтін бойынша «308-баптың 2-тармағында» деген сөздер «308-1-баптың 1-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жер қойнауын пайдаланушы», «Жер қойнауын пайдаланушы», «Жер қойнауын пайдаланушының», «жер қойнауын пайдаланушының» деген сөздер тиісінше «салық төлеуші», «Салық төлеуші», «Салық төлеушінің», «салық төлеушінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағының 130) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
130) 347-1-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «308-баптың 2-тармағында» деген сөздер «308-1-баптың 1-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
131) 355-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Резидент заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне табыстар түрінде төленетін (төленуге жататын) жұмыс берушінің шығыстары бойынша әлеуметтік салық төлеуші деп тануға құқылы.
Бұл ретте резидент заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою осындай шешім қабылданған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше әлеуметтік салық төлеуші деп танылса, резидент заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімшенің құрылған күнінен бастап немесе осы құрылымдық бөлімшенің құрылған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша дербес әлеуметтік салық төлеуші деп танылған құрылымдық бөлімшелер осы Кодекстің 19-тарауының мақсаты үшін жеке табыс салығы бойынша салық агенттері болып танылады.»;
132) 357-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«357-бап. Салық салу объектісі
1. Осы Кодекстің 355-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған төлеушілер үшін, төлеушілердің өздерін қоса алғанда, қызметкерлер саны әлеуметтік салық салу объектісі болып табылады.
2. Осы Кодекстің 355-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында және 2-тармағында көрсетілген төлеушілер үшін жұмыс берушінің осы Кодекстің 163-бабының 2-тармағында айқындалған табыстар түрінде резидент қызметкерлерге, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18) 19), 20) және 21) тармақшаларында айқындалған табыстар түрінде резидент емес қызметкерлерге төлейтін шығыстары, сондай-ақ егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 191-бабының 7-тармағында көрсетілген шетел персоналының табыстары салық салу объектісі болып табылады.
Осы Кодекстің 156-бабы 1-тармағының 8), 10), 12), 17), 18), 24), 26), 27), 29) - 32), 34), 41) тармақшаларында және 200-1-бабының 1-тармағының 13) тармақшасында белгіленген табыстар, сондай-ақ:
1) гранттар қаражаты есебінен жасалатын төлемдер;
2) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Yкіметі тағайындайтын мемлекеттік сыйлықтар, стипендиялар;
3) спорт жарыстарында, байқауларда, конкурстарда жүлделі орындар үшін берілетін ақшалай наградалар;
4) жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған не жұмыс беруші заңды тұлға таратылған, қызметкерлердің саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда еңбек шарты бұзылған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде төленетін өтемақы төлемдері;
5) жұмыс берушінің қызметкерлерге пайдаланылмаған ақысы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы үшін төлейтін өтемақы төлемдері;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналары салық салу объектісі болып табылмайды.
3. Егер осы баптың 2-тармағына сәйкес күнтізбелік ай үшін айқындалған салық салу объектісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осы күнтізбелік айдың бірінші күніне қолданыста болатын ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болған жағдайда, әлеуметтік салық салу объектісі осындай ең төменгі жалақы мөлшерін негізге ала отырып айқындалады.
4. Егер төлемдер грант алушымен не грант мақсаттарын (міндеттерін) жүзеге асыру үшін грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келісімшартқа) сәйкес жүргізілсе, осы баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасының ережелері қолданылады.»;
133) 359-баптың 2-тармағындағы «4» деген цифр «1» деген цифрмен ауыстырылсын;
134) 361-баптың 1 және 2-тармақтарындағы «есептi айға», «Есептi айда», «келесi айға» деген сөздер тиісінше «салық кезеңіне», «Салық кезеңінде», «келесі салық кезеңіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағының 135) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
135) 365-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
136) 373-бапта:
3-тармағының 136) тармақшасының екінші - бесінші абзацтары 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін жер салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою осындай шешім қабылдаған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше жер салығын дербес төлеуші деп танылған жағдайда, заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімшенің құрылған күнінен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.»;
3-тармағының 136) тармақшасының алтыншы абзацы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4-тармақтағы «2)» деген цифр «3)» деген цифрмен ауыстырылсын;
137) 382-баптың бірінші бөлігінде:
«тұрғын үйге» деген сөздер «тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тұрғын үй қоры» деген сөздер «тұрғын үй (тұрғын ғимарат)» деген сөздермен ауыстырылсын;
138) 388-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Кондоминиум объектісінің бір бөлігі болып табылатын жер учаскесіне кондоминиум объектісінің бір бөлігі болып табылатын жалпы мүлікте үй-жайдың (ғимараттың бір бөлігінің) әрбір меншік иесінің үлесіне барабар жер салығы салынуы тиіс.
Бұл ретте:
1) жалпы мүліктегі тұрғын үй меншік иесінің үлесіне сәйкес келетін жер учаскесінің бөлігіне осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 4-бағанында белгіленген елді мекендердің жерлеріне базалық салық ставкалары бойынша жер салығы салынуы тиіс;
2) жалпы мүліктегі тұрғын үй емес үй-жайдың (тұрғын үй емес ғимараттың бір бөлігінің) меншік иесінің үлесіне сәйкес келетін жер учаскесінің бір бөлігіне осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендердің жерлеріне базалық салық ставкалары бойынша жер салығы салынуы тиіс.»;
3-тармағының 139) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
139) 389-баптың 5 және 6-тармақтарының екінші бөліктеріндегі «2), 3), 7)» деген цифрлар «3) және 7)» деген сөздермен ауыстырылсын;
140) 390-бапта:
3-тармағының 140) тармақшасының екінші абзацы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақтағы «2), 3), 7)» деген цифрлар «3) және 7)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағының 140) тармақшасының үшінші абзацы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4-тармақ алып тасталсын;
3-тармағының 141) тармақшасы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
141) 391-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлікте:
«Жеке тұлғалар» деген сөздер «Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
«негiзге ала отырып,» деген сөздерден кейін «ағымдағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей» деген сөздермен толықтырылсын;
«1 тамыздан кешiктiрмей» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Кодекстiң 396-бабының 1-тармағында көзделген объектілерді және салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) орналасқан жер учаскелері бойынша жеке тұлғаларға (оның iшiнде жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға) қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Осы Кодекстiң 396-бабы 1-тармағында көзделген объектілерді және салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) орналасқан жер учаскелері бойынша жеке тұлғалар (оның iшiнде жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар) патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін осы бөлімде белгіленген тәртіппен жер салығын есептейді және төлейді.»;
142) 392-баптағы «мен төлеу» деген сөздер алып тасталсын;
143) 393-бапта:
3-тармағының 143) тармақшасының екінші - тоғызыншы абзацтары 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақта:
бірінші бөлікте:
«Салық төлеушiлер» деген сөздер «Дара кәсіпкерлер» деген сөздермен ауыстырылсын;
«декларацияны» деген сөз «және заңды тұлғалар декларацияны» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Егер осы баптың 1-тармағында және осы тармақта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғалар жер салығы бойынша салық есептілігін салық органдарына табыс етпейді.
Осы Кодекстiң 396-бабының 1-тармағында көзделген объектілерді және салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) орналасқан жер учаскелері бойынша жеке тұлғалар (оның iшiнде жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар) салық салу объектілері орналасқан жердегі салық органдарына декларацияны есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.»;
3-тармағының 143) тармақшасының оныншы абзацы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4-тармақтағы «2), 3), 7)» деген цифрлар «3) және 7)» деген сөздермен ауыстырылсын;
144) 394-бапта:
3-тармағының 144) тармақшасының екінші - бесінші абзацтары 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін мүлік салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою осындай шешім қабылдаған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше мүлік салығын дербес төлеуші деп танылған жағдайда, заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімшенің құрылған күнінен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.»;
3-тармағының 144) тармақшасының алтыншы абзацы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4-тармақтың екінші бөлігіндегі «2) - 4)» деген цифрлар «3) және 4)» деген сөздермен ауыстырылсын;
145) 396-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) иелік ету, пайдалану құқықтары концессия шартына сәйкес берілген, концессия объектiлерi болып табылатын ғимараттар, құрылыстар салық салу объектiсi болып табылады.»;
146) 397-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі «мiндеттемелердi орындау» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің ережелерінде қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларына байланысты іс-шараларды орындау» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармағының 146) тармақшасының үшінші абзацы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақтағы «2) - 4)» деген цифрлар «3) және 4)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағының 147) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
147) 399-баптың 5-тармағының екінші және үшінші бөліктеріндегі «2) - 4)» деген цифрлар «3) және 4)» деген сөздермен ауыстырылсын;
148) 401-бапта:
1-тармақтағы «және төлеу» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармағының 148) тармақшасының үшінші абзацы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақтағы «2) - 4)» деген цифрлар «3) және 4)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағының 149) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
149) 402-баптың 1 және 2-тармақтарының үшінші бөліктеріндегі «2) - 4)» деген цифрлар «3) және 4)» деген сөздермен ауыстырылсын;
150) 405-баптағы «тұрғын үй-жайлар,» деген сөздер «тұрғын үйлер, ғимараттар,» деген сөздермен ауыстырылсын;
151) 406-бапта:
1, 2, 3, 4 және 5-тармақтардағы «тұрғын үй-жайлар», «тұрғын үй-жайдың», «Тұрғын үй-жайдың», «тұрғын үйлердің», «Тұрғын үй-жайды» деген сөздер тиісінше «тұрғынжайлар», «тұрғынжайдың», «Тұрғынжайдың», «тұрғынжайдың», «тұрғынжайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта:
«Тұрғын үйлердiң салқын жапсаржайлары, шаруашылық (қызметтiк) құрылыстары, шығыңқы iрге қабаттары, жертөлелерi, гаражы» деген сөздер «Салқын жапсаржайлар, шаруашылық (қызметтiк) құрылыстар, шығыңқы iрге қабаттар, жертөлелер, гараж» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тұрғын үй-жайлардың» деген сөздер «тұрғынжайдың» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағының 152) тармақшасы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
152) 407-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«407-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу мен төлеу
Осы Кодекстiң 396-бабының 1-тармағында көзделген объектілерді және салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) бойынша жеке тұлға (оның iшiнде жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат) осы Кодекстің 398-бабының 2-тармағында белгіленген ставканы қолдана отырып, осы Кодекстің 57-тарауында патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін белгіленген тәртіппен мүлік салығын есептейді, төлейді және осы салық бойынша салық есептілігін табыс етеді.
Мұндай ғимараттар (ғимарат бөліктері) бойынша салық базасы осы Кодекстің 397-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.»;
3-тармағының 153) тармақшасы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
153) 416-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Қосымша төлемді есептеу мақсатында салық кезеңі үшін ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табыс сомасы мен құмар ойынына және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға төлем сомасы арасындағы оң айырма осындай қызметтен алынған табыс болып танылады.»;
154) 424-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «айдың жартысы үшін деп» деген сөздер «белгіленген ставкасының 1/2 мөлшерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
155) 426-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Салық төлеушіге патентті (патенттің телнұсқасын) салық органы құжаттарды беру журналына қол қойғызып береді.»;
156) 427-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «11)» деген цифрлар «13)» деген цифрлармен ауыстырылсын;
157) 428-баптың 4-тармағының 10) тармақшасындағы «қызметіне қолданылмайды.» деген сөздер «қызметіне;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызметке қолданылмайды.»;
3-тармағының 158) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
158) 431-баптың 2-тармағында:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, дара кәсіпкерге патент бір салық кезеңі шегінде кемінде бір ай мерзімге беріледі.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Патент:
1) ағымдағы салық кезеңінің соңғы айында жаңадан тіркелген;
2) ағымдағы салық кезеңінің соңғы айында қызметін уақытша тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін немесе аяқталғаннан кейін қызметін қайта бастаған дара кәсіпкерлерге бір айдан аз мерзімге берілуі мүмкін.»;
159) 441-баптың 1-тармағының тоғызыншы бөлігі «туындаған кезде,» деген сөздерден кейін «салықтық өтінішті және» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармағының 160) тармақшасы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
160) 445-баптың бірінші бөлігіндегі «әлеуметтiк салықты есептеу жүргiзiлетiн айдың бірінші күні» деген сөздер «тиісті қаржы жылының бірінші қаңтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
161) 448-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Осы баптың мақсатында қолданылатын жылдық жиынтық табыс:
1) осы Кодекстің 4-бөліміне сәйкес осы Кодекстің 99-бабында көзделген жылдық жиынтық табысты түзету есепке алынбай;
2) осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалатын ағымдағы салық кезеңі үшін айқындалады.
Егер осы арнаулы салық режимін қолдану жылының қорытындылары бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында белгіленген шарттар орындалмаса, салық төлеуші:
1) осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ережелерді қолданбай корпоративтік табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты, мүлiк салығын, жер салығын, көлiк құралдары салығын, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны жалпы белгіленген тәртіппен есептеуге;
2) корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ережені қолданбай, осы Кодекстің 70-бабына сәйкес тиісті салық кезеңдері үшін корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, әлеуметтік салық, мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдары салығы, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем бойынша қосымша салық есептілігін жалпы белгіленген тәртіппен табыс етуге міндетті.»;
3-тармағының 162) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
162) 450-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жер учаскесіне құқық ағымдағы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанына дейін жоғарыда көрсетілген күннен кейін туындаған жағдайда, ағымдағы жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап арнаулы салық режимін қолдану құқығына салықтық өтініш салық органына аталған жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қойылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде табыс етіледі.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Аталған арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық шаруашылығы) өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар жер учаскесіне құқық ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан кейінгі кезеңде туындаған жағдайда, аталған жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қойылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде салық органына жер учаскесіне құқық туындаған күннен бастап ағымдағы күнтізбелік жылда арнаулы салық режимін қолдану құқығына салықтық өтінішті табыс етеді.»;
3-тармағының 163) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
163) 451-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепті салық кезеңінің қорытындылары бойынша декларация бойынша қалыптасқан есептелген салық сомасынан асып кетуі қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдердің есебіне жатқызылатын қосылған құн салығының асып кету сомасын айқындау кезінде 70 пайызға азайтылуға жатады.»;
164) 454-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Құрылымдық бөлімшелер тіркеуші органдардың осы құрылымдық бөлімше мүддесінде тіркеу іс-әрекеттерін жасаған кезінде алымдарды дербес төлеушілер ретінде қаралуы мүмкін.»;
165) 465-баптың 1-тармағындағы «Мүлікті (мүліктік құқықтарды) сатудың» деген сөздер «Сатылған мүліктің (мүліктік құқықтардың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
166) 466-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«466-бап. Алым ставкасы
Алым ставкасы 3 пайыз мөлшерінде белгіленеді.»;
167) 485-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;
168) 486-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын;
169) 488-баптың 2-тармағында:
«есептi айдан кейiнгi айдың» деген сөздер «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ай сайынғы су пайдалану лимиттерінің негізінде есепті тоқсаннан кейін екінші айдың» деген сөздермен ауыстырылсын;