26) және 29) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«26) резидент емес жеке тұлғаның резидент жеке тұлғадан өтеусіз алынған мүлкін қоспағанда, өтеусіз алынған немесе мұраға қалдырылған мүлік, оның ішінде жұмыстар, қызметтер түріндегі табыстары.
Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты жұмсалған шығыстар мөлшерінде айқындалады.
Өтеусіз орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қоспағанда, өтеусіз алынған мүліктің құны мүлікті беру күнгі мұндай мүлікті берген тұлғаның бухгалтерлік есебінің деректері бойынша оның баланстық құнының мөлшерімен айқындалады.
Өтеусіз алынған мүліктің, сондай-ақ мұраға қалдырылған мүліктің құнын бухгалтерлік есеп деректерінен айқындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, берілген немесе мұраға енгізілген күніне мұндай мүліктің құны мынадай тәсілдердің бірімен:
мұндай мүлік алынған күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарындағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген құн негізінде;
көрсетілген бағалы қағазды мұраға алған (енгізілген) күні қазақстандық немесе шетелдік қор биржасында саудаланатын бағалы қағаздың бағамдалуы негізінде белгіленеді.
Өтеусіз алынған немесе мұраға қалдырылған мүліктің құнын осы тармақшада белгіленген тәртіппен айқындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, құн мүлікті бағалау туралы есептің негізінде айқындалады;»;
«29) Қазақстан Республикасының аумағындағы қызмет нәтижесінде пайда болған басқа да табыстар.
Бұл ретте осы баптың 3), 4), 10) - 12), 21-1) және 24) тармақшаларының ережелері:
резиденттің;
егер төлемдер осындай тұрақты мекеменің қызметіне немесе мүлкіне байланысты болса, қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместің;
егер филиал, өкілдік қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 191-бабының 4-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құрмаған жағдайда, резидент еместің филиалының, өкілдігінің табыстарды есептеуі және (немесе) төлеуі шартымен қолданылады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мыналар:
1) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес резидент еместің табыстарынан есептелген және салық агенті өз қаражаты есебінен оны ұстамай Қазақстан Республикасының бюджетіне төлеген табыс салығының сомасы;
2) оларға резидент жүктеген басқарушылық міндеттерді орындауға байланысты басқару органы (директорлар кеңесі немесе өзге орган) мүшелері жұмсаған шығыстар өтемақысы, мынадай шекте:
мұндай шығыстарды растайтын құжаттар (соның ішінде оның құнын төлеу фактісін растайтын құжат болған кезде электрондық билет) негізінде бронь үшін шығыстар төлемін қоса алғанда, басқарушылық міндеттерді орындау орнына бару және қайту жолына нақты жұмсалған шығыстар;
мұндай шығыстарды растайтын құжаттар негізінде тұрғын үй-жайды жалдауға нақты жұмсалған, бірақ шетелде іссапарда болған мемлекеттік қызметшінің қонақ үйлерден бір орынды стандартты нөмірлерді жалдауы бойынша шығыстарды өтеудің шекті нормаларынан аспайтын шығыстар;
басқарушылық міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының шегінде қырық тәулікке дейін болған кезең үшін - тәулігіне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 6 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын ақша сомасы;
басқарушылық міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде қырық тәулікке дейін болған кезең үшін - тәулігіне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын ақша сомасы резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден табысы болып табылмайды. Бұл ретте, басқарушылық міндеттерді орындау орны тұрақты тұратын орнымен сәйкес келмеуі тиіс.»;
65) 193-бапта:
тақырып «көзінен» деген сөзден кейін «корпоративтік» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақта:
бірінші бөлік «көзінен» деген сөзден кейін «корпоративтік» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыстар салығын есептеу мен ұстауды салық агенті:
1) есептелген және төленген табыстар бойынша - резидент емес заңды тұлғаға табыстар төлеу күнінен кешіктірмей;
2) шегерімге жатқызылған, есептелген және төленбеген табыстар бойынша - корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін осы Кодекстің 149-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімнен кешіктірмей жүргізеді.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың мақсатында бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімі осы Кодекстің 87-бабына сәйкес айқындалады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Төлем көзiнен корпоративтік табыс салығын резидент емес заңды тұлғаға табыс төлеудi жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, салық агентi ұстайды.»;
3-тармақта:
бірінші абзац «көзінен» деген сөзден кейін «корпоративтік» деген сөзбен толықтырылсын;
2) тармақшадағы «6» деген цифр «4» деген цифрмен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «резидент эмитентiне жүктеледі» деген сөздер «эмитент резидентіне;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) осы баптың 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, осы Кодекстің 193-бабы 5-тармағының 7) тармақшасында белгіленген шарттар орындалмаған кезде, бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алатын резидент емес заңды тұлғаға жүктеледі.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Осы Кодекстің ережелеріне сәйкес резидент еместің табыстарынан есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын салық агенті өз қаражаты есебінен оны ұстамай төлеген кезде, салық агентінің төлем көзінен корпоративтік табыс салығын ұстау және аудару жөніндегі міндеті орындалған болып саналады.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы бөлімнің мақсатында осы Кодекске және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес салық салу объектілерін түзету кезінде пайда болатын дивидендтерге салық салу кезінде, осы Кодекстің 12-бабы 1-тармағы 14) тармақшасының бірінші бөлігінің екінші-бесінші абзацтарына және екінші бөлігіне сәйкес табысты айқындау табысты төлеу деп түсініледі. Бұл ретте, корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін осы Кодекстің 149-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім табысты төлеу күні болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Резидент еместермен жасалған келісімшарттарда Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде жұмыстардың, қызметтердің алуан түрлерінің орындалуын, көрсетілуін көздейтін ережелер болған кезде, осы бапта белгіленген төлем көзінен табыс салығын есептеу және ұстау тәртібі жұмыстардың, қызметтердің әр түріне жеке қолданылады. Бірыңғай өндірістік-технологиялық цикл шеңберінде резидент емес орындаған жұмыстардың, көрсеткен қызметтердің әрбір кезеңі резидент еместердің табыстарынан төлем көзінен табыс салығын есептеу және ұстау мақсатында жұмыстардың, қызметтердің жеке түрі ретінде қаралады.
Бұл ретте жоғарыда көрсетілген келісімшарттар бойынша резидент еместің жалпы табыстар сомасы Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған табыстарға негізделіп бөлінуге тиіс.
Осы тармақтың ережелерін қолдану мақсатында резидент емес Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған табыстарға және одан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған табыстарға резидент еместің жалпы табыс сомасын бөлу негізділігін растайтын есептік құжаттаманың көшірмелерін қызметтер алушыға табыс етуге міндетті.
Осы баптың ережелеріне сәйкес резидент еместің Қазақстан Республикасында салық салынуға тиісті табысының сомасын төмендетуге әкеп соққан резидент еместің табысын негізсіз бөлген кезде, Қазақстан Республикасында да, сол сияқты одан тысқары жерлерде де резидент еместің жоғарыда көрсетілген келісімшарттар бойынша жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алған жиынтық табыс сомасы салық салуға жатады.»;
5-тармақта:
1) тармақша «сыртқы» деген сөздің алдынан «осы өнім беруге байланысты Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшада:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, бір мезгiлде мынадай:
дивидендтерді есептеу күніне салық төлеушінің дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иеленуі;
дивидендтер төлейтiн заңды тұлғаның дивидендтер төленетін кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
дивидендтер төлейтін заңды тұлғаның активтері құнының 50 пайызынан астамы дивидендтердi төлеу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кездегi дивидендтер салық салуға жатпайды.»;
екінші бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, заңды тұлғаны таратқан кезде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерiн барабар азайту жолымен не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу жолымен жарғылық капиталды азайтқан кезде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы заңды тұлғаға қатысу үлесiн алып қойған кезде мүлiктi бөлуден түсетiн табыс түрiнде алынған дивидендтерге ғана қолданылады;»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің дивидендтерді төлейтін заңды тұлғаның активтері құнындағы үлесі осы Кодекстің 197-бабына сәйкес айқындалады;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) бір мезгілде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
эмитент заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай концорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
эмитент заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның активтері құнының немесе қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан астамы осындай өткізу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кезде, егер осы тармақтың 8) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлгендердi қоспағанда, осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген заңды тұлға шығарған акцияларды немесе заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы қатысу үлестерiн өткізу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстар;»;
66) 194-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) халықаралық тасымал бойынша қызметтер көрсетуден түсетін табыстар - 5 пайыз;»;
67) 195-бапта:
тақырып «көзінен» деген сөзден кейін «корпоративтік» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «табыс» деген сөз «корпоративтік табыс» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «есептi салық кезеңiнiң отыз бірiншi желтоқсанындағы» деген сөздер «корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда осы Кодекстің 148-бабында белгіленген салық кезеңінің соңғы күнгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада:
«алдын ала төленген төлем бойынша» деген сөздер «алдын ала төлем төленген жағдайда» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бағамы бойынша» деген сөздерден кейін «алдын ала төленген төлем сомасы шегінде» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
«ағымдағы салық кезеңінде» деген сөздер «осы Кодекстің 148-бабында белгіленген салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда» деген сөздермен ауыстырылсын;
«келесі салық кезеңдерінде» деген сөздер «осындай кезең өткеннен кейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
68) 196-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«196-бап. Салық есептiлiгiн табыс ету
Салық агентi өзiнің орналасқан жері бойынша салық органына резидент еместiң табысынан төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы бойынша есеп-қисапты мынадай мерзiмде:
1) бірінші, екінші және үшінші тоқсандар үшін - резидент емеске табыстар төлеу жүргізілген тоқсаннан кейінгі екiншi айдың 15-iнен кешiктiрмей;
2) төртінші тоқсан үшін - резидент емеске табыстар төлеу жүргізілген және (немесе) резидент еместің есептелген, бірақ төленбеген табыстары шегерімге жатқызылған, осы Кодекстің 148-бабында белгіленген есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етуге мiндеттi.»;
69) 197-бапта:
1-тармақта:
3) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес» деген сөздер алып тасталсын;
4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Кодекстің 193-бабы 5-тармағының 7) тармақшасында немесе 200-1-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген кезде, резидент заңды тұлға шығарған акцияларды және резидент заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн;
5) осы Кодекстің 193-бабы 5-тармағының 7) тармақшасында немесе 200-1-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген кезде, резидент емес заңды тұлға шығарған акцияларды және резидент емес заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн өткізу кезiнде резидент еместiң құн өсiмiнен түсетiн табыстарына қолданылады.»;
1-1-тармақта:
бірінші бөлікте:
«201» деген цифрлар «200-1» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«төлеу күнгi заңды тұлғаның жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi)» деген сөздер «төлеу күні заңды тұлғаның активтері» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушысы (жер қойнауын пайдаланушылары)» деген сөздер «жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар)» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
«201» деген цифрлар «200-1» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«өткізу күнгі консорциумға қатысу үлестерiнiң құнындағы» деген сөздер «өткізу күні консорциумға қатысушылар активтерінің жалпы құнындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушысы (жер қойнауын пайдаланушылары)» деген сөздер «жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар)» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушысы», «Қазақстан Республикасының осындай жер қойнауын пайдаланушысындағы», «Қазақстан Республикасының осындай жер қойнауын пайдаланушысы» деген сөздер тиісінше «Жер қойнауын пайдаланушы», «осындай жер қойнауын пайдаланушыдағы», «осындай жер қойнауын пайдаланушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөліктің үшінші абзацы «акциялардың» деген сөздің алдынан «дивидендтер төленген немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы және жетінші бөліктер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2 тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыреті шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мыналарды:
1) сәйкестендіру нөмірін және (немесе) резиденттік еліндегі оның аналогын және көрсетілген акцияларды (қатысу үлестерін) өткізуші және сатып алушы заңды тұлғаның атауын және (немесе) жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда);
2) көрсетілген акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алу бағаларын;
3) жасалған мәміле бойынша табыс төлеу күнін;
4) мәміле жасасқан жылдың алдындағы соңғы үш жылда ол өз қызметін жүзеге асырған мемлекеттердің тізімін қоса алғанда, сатып алушының бұрынғы қызметі туралы мәліметтерді;
5) басқа тұлғалармен мүлікті өткізуші тұлғаның аффилиирленгендігі туралы мәліметтерді (тікелей немесе жанама қатысу мөлшерін) көрсете отырып, осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алу-сату жөніндегі мәміле туралы мәліметтерді уәкілетті органға табыс етеді.
2-2. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзырет шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан мәліметтер алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды өзіне сатылы тұрғыда тікелей бағынысты салық органына бір мезгілде хабарлай отырып, осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленетін заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органына жібереді.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органы осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген мәліметтерді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осындай заңды тұлғаға акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алушы туралы, сондай-ақ мұндай акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алу бағасы туралы мәліметтерді жіберуге міндетті.»;
6-тармақтағы «тiркелуге мiндеттi» деген сөздер «тіркелуге жатады» деген сөздермен ауыстырылсын;
8, 9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Табыс салығының сомасын аударуды салық агентi осы Кодекстiң 195-бабында белгiленген мерзiмде жүргiзедi.
Резидент еместердiң табыстарынан төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы бойынша салық есептілігін салық агентi осы Кодекстiң 196 және 203-баптарында белгiленген мерзiмде Қазақстан Республикасындағы өзінің тiркеу есебi орны бойынша салық органына табыс етеді.
9. Жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлға табыс салығын салық агентiнiң қаражаты есебiнен төлеуi мүмкiн. Бұл ретте осындай резидент заңды тұлға табыс салығын салық агентінен табыс салығының сомасы алынған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмейтін мерзімде бюджетке аударуға тиіс. Резидент еместiң табыстарынан төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы бойынша салық есептілігін мұндай резидент заңды тұлға салық агентінен табыс салығының сомасы алынған тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей, резидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында орналасқан жері бойынша салық органына табыс етеді.
Осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаға салық агентi аударған табыс салығының сомасы осындай резидент заңды тұлғаның табысы болып танылмайды.
10. Салық агентi осы баптың 8 және 9-тармақтарының ережелерін қолданбаған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаның осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтер алынған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмейтін мерзімде резидент емес үшiн құн өсiмiнен түсетiн табыстардан табыс салығын төлеудi өз қаражаты есебiнен дербес жүргiзуге құқығы бар.
Осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген резидент заңды тұлға осы тармаққа сәйкес табыс салығын төлеу кезінде осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтер алынған тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органына резидент еместің табыстарынан төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша салық есептілігін табыс етуге міндетті.
Бұл ретте резидент емес үшiн төленген салық сомасы жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның салық салынатын табысын айқындау кезiнде шегерiмге жатқызылмайды.
11. Салық агентi осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлға осы баптың 7, 8, 9 және 10-тармақтарындағы ережелердi қолданбаған жағдайда, мұндай міндеттемені орындау осы Кодекстің 85 және 86-тарауларында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаға жүктеледі.»;
12-тармақ алып тасталсын;
70) 198-бапта:
3-тармағының 70) тармақшасының екінші абзацы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-1-тармақтың 2) тармақшасындағы «4) тармақшасында» деген сөздер «4) және 5) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші бөліктің екінші сөйлемі алып тасталсын;
екінші бөліктегі «заңнамасына сәйкес» деген сөздер «заңнамасының нормалары ескеріле отырып,» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың екінші бөлігіндегі «заңнамасына сәйкес» деген сөздер «заңнамасының нормалары ескеріле отырып,» деген сөздермен ауыстырылсын;
71) 199-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Таза табыс мынадай тәртіппен айқындалады:
осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына, сондай-ақ осы Кодекстің 137-бабына сәйкес шегетін залалдар сомасына азайтылған, салық салынатын табыс алу
осы Кодекстің 147-бабының 1-тармағында немесе 2-тармағында белгіленген ставканы осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына, сондай-ақ осы Кодекстің 137-бабына сәйкес шегетін залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табысты көбейту жолымен есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы.»;
72) 200-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзацта:
«осы Кодекстiң» деген сөздерден кейін «192-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы «табыстардан» деген сөзден кейін «корпоративтік» деген сөзбен толықтырылсын;
екінші бөліктегі «табыс» деген сөз «корпоративтік табыс» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы Кодекстің 562-бабының талаптарын бұза отырып, салық төлеуші ретінде салық органдарында тіркелмеген резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметінен алатын табыстарына осы Кодекстің 194-бабының 1) тармақшасында белгіленген ставка бойынша шегерімдерді жүзеге асырмастан, төлем көзінен корпоративтік табыс салығын салуға жатады.
Осы Кодекстің 562-бабында белгіленген мерзімді бұза отырып, салық төлеуші ретінде салық органдарында тіркелген, тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға салық салу объектілерін және тұрақты мекеме құрылған күннен бастап оны салық органында тіркеген күнге дейінгі кезеңде туындаған салық салуға байланысты объектілерді салықтың тиісті түрлері бойынша бастапқы декларацияларда көрсетуге, салық агентінің салық міндеттемелерінен басқа, осыған байланысты туындаған салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелерін есептеуге және орындауға міндетті.
Бұл ретте тұрақты мекеме құрылған күннен бастап оны салық органында тіркеген күнге дейінгі кезең үшін осындай резидент емес заңды тұлға есептеген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетілген кезеңге осындай резидент емес заңды тұлғаның табысынан осы тармаққа сәйкес төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасына азайтылады.
Азайту салық агентінің салықты ұстауын растайтын құжаттар болған кезде жүргізіледі.»;
73) 25-тарау мынадай мазмұндағы 200-1-баппен толықтырылсын:
«200-1-бап. Резидент емес жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстары
1. Резидент емес жеке тұлғаның мынадай табыстары салық салуға жатпайды:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде олардың банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша резидент емес жеке тұлғаларға төленетін сыйақылар;
2) сыртқы сауда қызметі жөніндегі келісімшартқа байланысты Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген қызметтерді қоспағанда, осы сыртқы сауда қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар жеткізумен байланысты төлемдер;
3) резидент сатып алушылар төлеген сатып алу кезіндегі борыштық бағалы қағаздар бойынша жинақталған (есептелген) сыйақылар сомалары;
4) осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, бір мезгілде мынадай:
дивидендтерді есептеу күніне салық төлеушінің дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
дивидендтер төлейтін заңды тұлғаның дивидендтер төленетін кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
дивидендтер төлейтін заңды тұлға активтері құнының 50 пайыздан астамы дивидендтердi төлеу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кездегi дивидендтер.