3) амортизацияға жатпайтын активтердің жарғылық капиталға берілуін қоспағанда, осы Кодекстің 258-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген жағдайда есепке жатқызылудан алып тасталуға тиісті қосылған құн салығын шегерімге жатқызуға құқылы.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген шегерім осы Кодекстiң 261 және 262-баптарына сәйкес есепке жатқызудың барабар әдiсін қолданған кезде есепке жатқызылуға тиісті емес қосылған құн салығы туындайтын салық кезеңінде жүргізіледі.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген шегерімдер қосылған құн салығы есепке жатқызылудан алып тасталуға тиісті салық кезеңінде жүргізіледі.
Амортизацияға жатпайтын активтер бойынша осы Кодекстің 258-бабы 1-тармағының 1) және 7) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда есепке жатқызылудан алып тасталуға тиісті қосылған құн салығы осы Кодекстің 87-бабының 4-тармағына сәйкес есепке алынады.»;
төртінші бөліктегі «есепке жатқызылмайтын» деген сөздер «осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағының 28) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
28) 101-баптың 3) тармақшасы екінші бөлігінің екінші абзацындағы «жазбаша» деген сөз «бұйрығы немесе жазбаша» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағының 29) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
29) 103-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Жеке капиталдың орташа жылдық сомасының теріс мәні осы баптың мақсаты үшін нөлге тең деп танылады;»;
3-тармағының 30) тармақшасы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
30) 106-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасының шегерімі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен құрылған провизиялар (резервтер) сомасы шегінде жүзеге асырылады.
Осы тармақта көрсетілген заңды тұлғалардың тізбесін және мұндай тізбені қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
31) 114-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«114-бап. Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің шегерімі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, есепті салық кезеңінде мыналар:
1) есепті салық кезеңінде, есепті салық кезеңі және (немесе) есепті салық кезеңінің алдындағы салық кезеңдері үшін есепке жазылған және (немесе) есептелген шекте;
2) есепті салық кезеңінің алдындағы салық кезеңдерінде, есепті салық кезеңі үшін есепке жазылған және (немесе) есептелген шекте Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің бюджетіне төленген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер шегерімге жатады.
Бұл ретте салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің төленген сомалары осы Кодекстiң 599 және 601-баптарында белгiленген тәртiппен есепке жатқызу жүргiзілгені ескеріле отырып айқындалады.
Салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерді есептеу және есепке жазу Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің (өзге мемлекеттің бюджетіне төленетін салық және басқа да міндетті төлемдер үшін) салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
2. Мыналар:
1) жылдық жиынтық табыс айқындалғанға дейін алып тасталатын салықтар;
2) Қазақстан Республикасының аумағында және басқа мемлекеттерде төленген корпоративтік табыс салығы мен заңды тұлғалардың табыстарына салынатын салықтар;
3) жеңiлдiктi салық салынатын елдерде төленген салықтар;
4) үстеме пайдаға салынатын салық шегерімге жатпайды.»;
32) 115-бапта:
3-тармағының 32) тармақшасының екінші абзацы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) тармақша «соттың» деген сөздің алдынан «сот жарамды деп таныған мәмілелер бойынша шығыстарды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақшада:
«Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің (өзге мемлекеттің бюджетіне төленген салық және басқа да міндетті төлемдер үшін) салық заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«төленген,» деген сөзден кейін «салықтың және» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармағының 33) тармақшасы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
33) 116-баптың 2-тармағының 1-1) тармақшасы «қаржылық есептіліктің» деген сөздердің алдынан «биологиялық активтерді, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген активтерді қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
34) 118-бапта:
2-тармақта:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Кодекстің 100-бабы 12-тармағының екінші бөлігіне сәйкес шегерімге жатқызылған шығындардан (шығыстардан);»;
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 100-бабы 6 және 13-тармақтарының, сондай-ақ осы Кодекстiң 101 - 114-баптарының негiзiнде шегерiмге құқығы болатын шығындардан (шығыстардан);»;
3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, сатуға арналған тауар-материалдық қорлардың немесе активтердің құрамынан аудару жолымен түскен тіркелген активтің бастапқы құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес мұндай түсім күніне айқындалған оның баланстық құны болып табылады.
Бұрын тіркелген актив ретінде тану тоқтатылған, сатуға арналған тауар-материалдық қорлардың немесе активтердің құрамынан аудару жолымен түскен тіркелген активтің бастапқы құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес мұндай түсім күніне айқындалған, осы Кодекстің 119-бабының 2-тармағында көрсетілген құннан аспайтын оның баланстық құны болып табылады.
4. Тіркелген активтер өтеусіз алынған кезде, осы баптың 2-тармағының негізінде тіркелген активтердің бастапқы құнына енгізілмейтін шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде мұндай активтердің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындар ескеріле отырып, алынған активтердің аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген баланстық құны тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
5. Жарғылық капиталға салым ретінде алу кезінде осы баптың 2-тармағының негізінде тіркелген активтердің бастапқы құнына енгізілмейтін шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде мұндай активтердің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындар ескеріле отырып, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
6. Салық төлеушінің бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылуына байланысты тіркелген активтерді алу кезінде осы баптың 2-тармағының негізінде тіркелген активтердің бастапқы құнына енгізілмейтін шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде мұндай активтердің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындар ескеріле отырып, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, алынған активтердің беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген баланстық құны осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
Бірігу жолымен құрылып, жаңадан пайда болған заңды тұлғаның немесе оған басқа заңды тұлға қосылған заңды тұлғаның кiшi тобының (тобының) құндық балансы осы Кодекстiң 119-бабының 6-тармағының екiншi бөлiгiне сәйкес беру актiсiнде осындай құн көрсетiлген жағдайда салықтық есепке алу деректерi бойынша берiлетiн тiркелген активтердiң құнына ұлғайтылады.»;
11-тармақ «көшу күніне» деген сөздерден кейін «құнсыздану мен қайта бағалау есепке алынбай» деген сөздермен толықтырылсын;
35) 120-баптың 2-тармағындағы «амортизация нормаларын қолдану жолымен, бірақ салық кезеңiнiң соңында кiшi топтың, топтың құндық балансына осы тармақта белгiленген нормалардан жоғары болмайтындай етiп» деген сөздер «салықтық есепке алу саясатында көрсетілген, осы тармақта белгіленген шекті нормалардан аспауға тиіс амортизация нормаларын салық кезеңінің соңында кіші топтың, топтың құндық балансына қолдану жолымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
36) 122-бапта:
1-тармақ «жөндеу,» деген сөзден кейін «реконструкциялау, жаңғырту,» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармағының 36) тармақшасының үшінші абзацы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «3-тармағына» деген сөздер «4-тармағына» деген сөздермен ауыстырылсын;
37) 125-баптың 2-тармағында:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Кодекстің 100-бабы 12-тармағының екінші бөлігіне сәйкес шегерімге жатқызылған шығындардан (шығыстардан);»;
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 100-бабы 6 және 13-тармақтарының, сондай-ақ осы Кодекстiң 101 - 114-баптарының негiзiнде шегерiмге құқығы болатын шығындардан (шығыстардан);»;
38) 133-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Өтеусіз берілген өзге де мүліктің құны аталған мүлікті қабылдау-беру актісінде көрсетілген, берілген мүліктің баланстық құны мөлшерінде айқындалады;»;
2-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттiк облигациялар бойынша сыйақыны;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізуден шеккен залалдарға азайтылған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарды;
3-2) агенттік облигацияларды өткізуден туындаған залалдарға азайтылған агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарды;»;
6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткізуден туындаған залалдарға азайтылған, заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарды азайтуға құқығы бар. Осы тармақша бір мезгілде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
эмитент заңды тұлғаның немесе онда қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай консорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
эмитент заңды тұлға немесе онда қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан астамы осындай өткізу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кезде қолданылады.
7) өткізу күнi Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткізуден туындайтын залалдарға азайтылған, өткізу күнi Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткізу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстарға азайтуға құқығы бар.»;
3-тармақ алып тасталсын;
3-тармағының 39) тармақшасы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
39) 135-1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «4)» деген цифр «5)» деген цифрмен ауыстырылсын;
40) 136-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарында көрсетілген залалдар, сондай-ақ І топтың тіркелген активтерінің шығып қалуынан шеккен залалдар кәсіпкерлік қызметтен шегетін залал болып табылмайды.»;
41) 137-баптың 3 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткізуден туындаған залалдар заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар есебінен өтеледі. Осы тармақ бір мезгілде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
эмитент заңды тұлғаның немесе онда қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай консорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
эмитент заңды тұлға немесе онда қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан астамы осындай өткізу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кезде қолданылады.»;
«7. Ауыл шаруашылығы өнiмiн, акваөсіру (балық шаруашылығы) өнімін өндiрушi заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшiн арнаулы салық режимiн қолдану шеңберінде шеккен залалдар келесi салық кезеңдерiне ауыстырылмайды.»;
42) 141-баптың 2-тармағында:
3-тармағының 42) тармақшасының екінші абзацы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) тармақшадағы «тиісті қаржы жылының» деген сөздер «алдыңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «және 135-баптың 2 және 3-тармақтарының» деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақшадағы «салық төлеушiлер корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi есептемейдi және төлемейдi, оның iшiнде алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсырғанға дейiнгi және кейiнгi кезеңдерi үшiн төленуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етпейдi.» деген сөздер «салық төлеушiлер;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) осы Кодекстің 135-бабы 2 және 3-тармақтарының талаптарына сай келетін салық төлеушілер;
7) осы Кодекстің 150-бабы 1-тармағының талаптарына сай келетін салық төлеушілер корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi есептемейдi және төлемейдi, оның iшiнде алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсырғанға дейiнгi және кейiнгi кезеңдерi үшiн төленуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етпейдi.»;
43) 143-баптың 2-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кооперативтерінен басқа, акционерлік қоғамдар, мекемелер мен тұтыну кооперативтері нысанында тіркелгендерді қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарға төленетін депозиттер бойынша сыйақыға төлем көзiнен салық салынуға жатпайды.»;
44) 144-бапта:
1-тармақтағы «немесе 4-тармағында» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ «осы Кодекстің» деген сөздерден кейін «143-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген табыстарды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Заңды тұлға құрылымдық бөлімшесі төлеген (төлеуге жататын) төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша өзінің осындай құрылымдық бөлімшесін төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық агенті деп өз шешімімен тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның шешімі немесе мұндай шешімнің күшін жою мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше салық агенті деп танылған жағдайда, онда заңды тұлғаның мұндай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмастан қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаға төленетін (төлеуге жататын) табыстардан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.»;
45) мынадай мазмұндағы 144-1-баппен толықтырылсын:
«144-1-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмастан қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі
Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмастан қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың осы Кодекстің 143-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген табыстарынан корпоративтік табыс салығын есептеу, ұстау және аудару, сондай-ақ салық есептілігін табыс ету осы Кодекстің 23-тарауында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.»;
46) 149-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
47) 150-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «тіркеу есебінде тұрған» деген сөздер «орналасқан жері бойынша салық төлеушілер ретінде тіркелген» деген сөздермен ауыстырылсын;
48) 151-баптың 2-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
49) 154-баптың 1-тармағында:
«төлем көзінен» деген сөздерден кейін «жеке» деген сөзбен толықтырылсын;
«19 және 25-тарауларында» деген сөздер «19-тарауында» деген сөздермен ауыстырылсын;
50) мынадай мазмұндағы 154-1-баппен толықтырылсын:
«154-1-бап. Резидент емес жеке тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі
Резидент емес жеке тұлғалардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару, сондай-ақ салық есептілігін табыс ету осы Кодекстің 25-тарауында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.»;
51) 155-баптың 3-тармағында:
4) тармақшада:
үшінші абзацта:
«Қазақстан Республикасының шегiнде қырық тәулiкке дейiн iссапарда болған кезең үшiн» деген сөздер «Қазақстан Республикасы шегіндегі іссапар бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тәулiгiне» деген сөз «қырық тәуліктен аспайтын кезеңдегі әрбір тәулік үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацта:
«Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде қырық тәулiкке дейiн iссапарда болған кезең үшiн» деген сөздер «Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге іссапар бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тәулiгiне» деген сөз «қырық тәуліктен аспайтын кезеңдегі әрбір тәулік үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағының 51) тармақшасының тоғызыншы - он үшінші абзацтары 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) жұмыс берушiнiң вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн адамдардың өндiрiс объектiсiнде болу кезеңiнде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы үшiн жағдай жасай отырып, олардың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн:
тұрғын үй жалдау бойынша;
осы тармақтың 4) тармақшасында белгiленген тәулiктiк өтемақы шегiнде тамақтануға арналған шығыстары;»;
19) тармақшадағы «мемлекеттік тiркеуге» деген сөздер «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тiркелуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) тармақшада:
«ұзақ уақыт» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының аумағында» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармағының 51) тармақшасының он алтыншы - он сегізінші абзацтары 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«тұрғын жайларды» деген сөздер «тұрғын үйлерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) тармақша «ұзақ уақыт» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының аумағында» деген сөздермен толықтырылсын;
22) тармақша «орналаспаған,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының аумағындағы және» деген сөздермен толықтырылсын;
52) 156-бапта:
1-тармақта:
4) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттiк облигациялар бойынша сыйақылар;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізу кезiнде құн өсiмiнен түсетін табыстар;
4-2) агенттiк облигацияларды өткізу кезiнде құн өсiмiнен түсетін табыстар;»;
7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) бір мезгiлде мынадай:
дивидендтерді есептеу күніне салық төлеушінің олар бойынша дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иеленуі;
дивидендтер төлейтін заңды тұлғаның дивидендтер төленетін кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
дивидендтер төлейтін заңды тұлға активтері құнының 50 пайыздан астамы дивидендтердi төлеу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кездегi дивидендтер.
Осы тармақшаның ережелерi резидент заңды тұлғадан:
акциялар бойынша, оның iшiнде депозитарлық қолхаттардың базалық активтерi болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс;
заңды тұлға өзінің құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза табыстың бір бөлiгi;
құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретінде салған мүлкін қоспағанда, заңды тұлғаны таратқан кезде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерiн барабар азайту жолымен не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу жолымен жарғылық капиталды азайтқан кезде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы заңды тұлғадағы қатысу үлесiн алып қойған кезде мүлiктi бөлуден түсетiн табыс түрiнде алынған дивидендтер бойынша қолданылады.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкінің дивидендтер төлейтін заңды тұлға активтерінің құнындағы үлесі осы Кодекстің 197-бабына сәйкес айқындалады;
8) әскери қызметшінің әскери қызмет міндеттерін орындаумен байланысты, құқық қорғау органы қызметкерінің (кеден органының қызметкерін қоспағанда) қызметтік міндеттерін орындаумен байланысты табыстары;»;
8-1) тармақша алып тасталсын;
10) тармақша «заңда белгіленген» деген сөздерден кейін «және мұндай төлем күні қолданыста болатын» деген сөздермен толықтырылсын;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар. Осы тармақша бір мезгілде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
эмитент заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай консорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
эмитент заңды тұлға немесе онда қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе онда қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтерінің жалпы құнының 50 пайыздан астамы осындай өткізу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кезде қолданылады;»;
3-тармағының 52) тармақшасының жиырма алтыншы - отыз алтыншы абзацтары 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiмен байланысты мамандық бойынша қызметкердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқытуға, бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға жiберген кезде жұмыс берушiнiң мынадай түрдегі шығыстары:
басқа жерге қызметтiк iссапарын ресiмдеу кезінде - қызметкерді оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе қайта даярлау үшін төлеуге нақты жұмсалған шығыстары;
басқа жерге қызметтiк iссапарын ресiмдемей:
қызметкерді оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе қайта даярлау үшін төлеуге нақты жұмсалған шығыстары;
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нормалар шегiнде қызметкердің тұруына нақты жұмсалған шығыстары;
қызметкер оқуға түскен кезде оқу орнына баруға және оқу, бiлiктiлiктi арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейiн қайтуына нақты жұмсалған шығыстары жатады;
жұмыс берушiнің:
қызметкер Қазақстан Республикасының шегiнде оқудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде - тәулiгiне республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 6 еселенген мөлшерi;