2.Тіркеу карточкасын ауыстыруды:
1) тіркеу карточкасы жоғалған (бүлінген);
2) салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы мәліметтер өзгерген;
3) тіркеу карточкасында сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайларда, салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердің тіркелген жерi бойынша салық органы осы Кодекстiң 574-бабының 4-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiшті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Осы тармақшада көзделген жағдайда салық төлеуші салықтық өтінішке мына құжаттардың бірін:
1) сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін;
2) сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың көшірмесін - оның түпнұсқасын көрсеткен жағдайда, қоса береді.
Сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың, оның ішінде нотариат куәландырған көшірмесі тіркеу карточкасын ауыстыру үшін салық органына табыс етілген салықтық өтінішке, оны осындай салық органына осы Кодекске сәйкес оған сәйкестендіру нөмірін енгізу мақсатында ауыстыру не басқа құжатқа қайта ресімдеу үшін табыс еткен жағдайда, қоса берілмейді.
3. Жаңа тіркеу карточкасын беру кезінде бұрын салық органы берген тіркеу карточкасының бланкісі, салық төлеушінің аталған тіркеу карточкасы жоғалған (бүлінген) жағдайларды қоспағанда, салық органына қайтарылуға жатады.»;
3-тармағының 199) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
199) 576-баптың 3-тармағының 3) тармақшасында:
«1) және 2)» деген сөздер «1), 2) және 3)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«декларацияны» деген сөзден кейін «және (немесе) есеп айырысуды» деген сөздермен толықтырылсын;
«оны» деген сөз «оларды» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармағының 200) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
200) 577-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың ережелері, салық салу объектілеріне және салық салумен байланысты объектілерге құқықтар туындаған жағдайда дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға, егер мұндай дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар бойынша тіркеу есебіне қою осы баптың 1 немесе 3-тармақтарына сәйкес мұндай құқықтар туындаған күннен бастап жүргізілсе, қолданылмайды.»;
201) 581-баптың 1) және 4) тармақшаларындағы «электрондық байланыс желiсi», «мұндай электрондық байланыс желiлерi», «электрондық байланыс желiлерi» деген сөздер «ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
202) 582-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын;»;
203) 583-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«583-бап. Уәкілеттi мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың салық қызметi органдарымен өзара іс-қимыл кезіндегі мiндеттерi»;
6-тармақтағы «Энергетиканы және минералдық ресурстарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзырет шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
204) 584-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігіндегі «электронды байланыс арналары» деген сөздер «ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) салық органының коды көрсетілмесе, немесе»;
4) және 5) тармақшалардағы «немесе дұрыс көрсетiлмесе,» деген сөздер алып тасталсын;
205) 586-бапта:
1-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;
3-тармағының 205) тармақшасының үшінші - төртінші абзацтары 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Камералды бақылау осы Кодексте белгіленген осындай кезең үшін салық есептілігін табыс ету кезеңі өткеннен кейін тиісті салық кезеңі үшін жүргізіледі.»;
3-тармағының 206) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
206) 587-бапта:
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Салық төлеушінің (салық агентінің) анықталған бұзушылықтар жататын салық кезеңі үшін салық есептілігін немесе осы бапта белгіленген талаптарға сәйкес олар бойынша түсініктемені табыс етуі камералды бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы болып танылады.»;
үшінші бөлікте:
«Салық төлеуші» деген сөздерден кейін «(салық агенті)» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші сөйлем алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген түсініктеме:
1) салық төлеушінің (салық агентінің) түсініктемеге қол қойған күнін;
2) түсініктемені табыс еткен тұлғаның тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда) не толық атауын, оның тұрғылықты жерін (орналасқан жерін);
3) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірін;
4) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органының атауын;
5) түсініктемені тапсырған тұлғаның хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеуіне негіз болып табылатын мән-жайлардың;
6) қоса берілетін құжаттардың тізбесін қамтуға тиіс.
Егер түсініктемені тапсырған тұлғаның хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеуіне негіз ретінде растайтын құжаттар көрсетілген жағдайда, онда салық есептілігінен басқа, мұндай құжаттардың көшірмелері түсініктемеге қоса беріледі.»;
207) 595-бапта:
1- тармақта:
1) тармақшаның сегізінші абзацындағы «8» деген цифр «5» деген цифрмен ауыстырылсын;
2) және 3) тармақшалардағы «уәкілетті мемлекеттік органның» деген сөздер «Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «уәкілетті мемлекеттік органның» деген сөздер «Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
208) 598-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
3-тармағының 208) тармақшасының екінші - төртінші абзацтары 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«4. Берешегі жоқ екендігі туралы анықтама, берешегі жоқ (бар) екендігі туралы анықтама:
1) қағаз тасығышта берілген кезде - анықтаманы жасаған салық органы басшысының, оны ауыстыратын адамның немесе басшы орынбасарының қолымен және салық органының мөрімен;
2) электронды түрде берілген кезде - уәкілетті органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Бұл ретте қағаз тасығышта жасалған берешегі жоқ екендігі туралы анықтаманы, берешегі жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы салық органы салық төлеушіге құжаттарды беру журналына қолын қойғызып береді.»
3-тармағының 209) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
209) 603-баптың 1-тармағындағы «599» деген цифрлар «600» деген цифрлармен ауыстырылсын;
3-тармағының 210) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
210) 604-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасында акредиттелген шет мемлекеттiң дипломатиялық және соларға теңестiрiлген өкiлдiктерiне, шет мемлекеттің консулдық мекемелеріне және осы өкілдіктердің дипломатиялық, әкiмшiлiк-техникалық персоналына жататын адамдарға, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдарға, консулдық қызметшілерге, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, қосылған құн салығын қайтаруды салық органы осы Кодекстің 276-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде олардың банктік шотына жүргізеді.»;
211) 607-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «бес» деген сөз «он» деген сөзбен ауыстырылсын;
212) 608-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «салық қызметi органы хабарламаны жiберген күннен бастап бес жұмыс күнi өткен соң» деген сөздер «веб-қосымшада хабарламаны салық қызметi органы жіберген күннен бастап» деген сөздермен ауыстырылсын;
213) 609-баптың 3-тармағындағы «3 еселенген» деген сөздер «6 еселенген» деген сөздермен ауыстырылсын;
214) 610-бапта:
1-тармақ «міндетті төлемдер» деген сөздерден кейін «, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдер» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ «міндетті төлемдерді» деген сөздерден кейін «, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдерді» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ «төлемдердің» деген сөзден кейін «, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдердің» деген сөздермен толықтырылсын;
12-тармақтың бірінші абзацы «төлемдер» деген сөзден кейін «, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдер» деген сөздермен толықтырылсын;
215) 611-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы «бес» деген сөз «он» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтың екінші бөлігіндегі «байланыстың және телекоммуникацияның электронды арналары» деген сөздер «ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
216) 612-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктегі «бес» деген сөз «он» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру:
банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға кейiннен оларды салық берешегiн, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектердi өтеу есебiне аудару үшiн ақша тапсыру;
банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердің қолма-қол ақшасын беруі бойынша операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операцияларына қолданылады.»;
217) 613-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«613-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеу
1. Салық органы осы Кодекстiң 609-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлген салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлiкке билiк етуiн шектеудi:
1) салық берешегiн өтеу туралы хабарламаны алған күннен бастап он бес жұмыс күнi өткен соң салық берешегi өтелмеген;
2) мониторингке жататын iрi салық төлеушiнi қоспағанда, салық төлеушi (салық агентi) салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметi органының шешiмiне шағым жасаған жағдайларда, жүргiзедi. Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген жағдайда, салық органы шектеуді осы Кодекстiң 607-бабының 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген салық берешегiн өтеу туралы хабарлама жiбермей-ақ жүргізеді.
2. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлiкке билiк етуiн шектеуді салық органы:
1) осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда - осы салық төлеушінің (салық агентінің) меншік құқығындағы немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы, сондай-ақ балансында тұрған;
2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестиция және (немесе) биологиялық актив болып табылатын мүлкіне қатысты жүргізеді.
Билік етуге шектеуге:
тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;
электр, жылу және өзге де энергия түрлері;
сақтау және (немесе) жарамдылық мерзімі бір жылдан аспайтын тамақ өнімдері немесе шикізат жатпайды.
3. Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билiк етуін шектеу туралы шешiм уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жасалады және оны салық органы:
1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген жағдайда - мұндай шешiм шығарылған күнгi салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) дербес шотында бар деректер бойынша салық берешегi сомасына;
2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген жағдайда - осы Кодекстiң 93 және 94-тарауларында белгіленген тәртіппен шағымданушы салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарының, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері мен өсiмпұлдарының сомасына қабылдайды.
Мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмдi және осындай шешімнің негізінде жасалған мүлік тізімдемесі актісін салық органында тіркеу бір нөмірде жүргізіледі.
4. Мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм салық төлеушіге (салық агентіне) жеке қол қойғызып немесе почта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен тапсырылуға тиіс. Мынадай:
1) қол қойғызып жеке табыс етілген кезде - шешімге қол қойылған күн;
2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберілген кезде - почта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына салық төлеуші (салық агенті) белгі қойған күн;
3) осындай шешімді алғанын растайтын қол қоюдан бас тартуы немесе орналасқан жері бойынша болмауы себепті табыс ету мүмкін болмаған кезде - осы Кодекстің 558-бабында белгіленген тәртіппен жүргізілген салықтық зерттеу күні салық төлеушіге мұндай шешімнің берілген күні болып есептеледі.
5. Егер мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім оған құқық немесе ол бойынша мәміле мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке не мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке қатысты қабылданған жағдайда, салық органы мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді салық төлеушіге (салық агентіне) табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мұндай шешімнің көшірмесін осы тармақта көрсетілген мүлікке құқықтардың ауыртпалығын тіркеу үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жібереді.
6. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген шешім салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейін салық органы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша мүлік тізімдемесінің актісін жасау арқылы салық төлеушінің (салық агентінің) қатысуымен билік етуі шектелген мүлікке тізімдеме жүргізеді.
Билік етуі шектелген мүлік тізімдемесі салық төлеушінің (салық агентінің) бухгалтерлік есепке алу деректерінің негізінде айқындалатын баланстық құны немесе нарықтық құны мүлік тізімдемесінің актісінде көрсетіле отырып жүргізіледі. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн нарықтық құн болып табылады.
7. Салық төлеуші (салық агенті) билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісін жасау кезінде салық органының лауазымды адамдарына танысу үшін осындай мүлікке меншік және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығын, балансын растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмелерін беруге міндетті. Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері билік етуі шектелген мүлік тізімдеменің актісіне қоса беріледі.
Салық төлеуші (салық агенті) осы тармақта көрсетілген құжаттарды табыс етпеген жағдайда, осы баптың 3-тармағында көрсетілген шешімді шығарған салық органы уәкілетті мемлекеттік органдарға осындай салық төлеушінің (салық агентінің) меншік және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығында осы баптың 5-тармағында көрсетілген мүліктің бар немесе жоқ болу фактісін растау туралы сұрау салу жібереді. Уәкілетті мемлекеттік органдардың осы тармақта көрсетілген сұрау салуға жауаптарының көшірмелері билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісіне қоса беріледі.
Билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісі екі данада жасалады және оған оны жасаған тұлға, сондай-ақ салық төлеуші (салық агенті) және (немесе) оның лауазымды тұлғасы қол қояды. Бұл ретте осындай актінің бір данасы осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етіледі.
8. Салық төлеуші (салық агенті) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес билік етуі шектелген мүліктің шектеу алып тасталғанға дейін сақталуын, оған тиісті күтім жасалуын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) аталған мүлікке қатысты заңсыз әрекеттері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Осы талаптарды сақтамаған кезде салық төлеуші (салық агенті) билік етуі шектелген мүлікті аукционға дайындау бойынша нақты шеккен шығындарды аукционды ұйымдастырушыға өтеуге міндетті.
9. Салық берешегі өтелмеген және екі аукцион өткізілгеннен кейін билік етуі шектелген мүлік өткізілмеген жағдайда, салық органы жаңа мүлік тізімдемесінің актісі жасалған күнгі салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотындағы салық берешегінің сомасы туралы деректерді ескере отырып, жаңа мүлік тізімдемесінің актісін жасау жолымен салық төлеушінің (салық агентінің) басқа мүлкіне тізімдеме жүргізуге құқылы.
10. Салық органы мынадай:
1) салық төлеуші (салық агенті) салық берешегі сомасын өтеген жағдайда - осындай берешекті өтеген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараған салық қызметі органы шешім шығарған немесе салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның және (немесе) жоғары тұрған салық қызметі органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешімінің шағымдалған бөлігінің күшін жоятын сот актісі заңды күшіне енген жағдайда - осындай шешім шыққан немесе осындай сот актісі күшіне енген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;
3) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық қызметі органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешіміне өз шағымдарын қайтарып алған жағдайда - осындай шағым қайтарылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм мен уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша осындай шешімнің негізінде жасалған мүлік тізімдемесі актісінің күшін жояды.
11. Салық органы осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім мен мүлік тізімдемесінің актісінің күшін жою туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде осындай күшін жою туралы шешімнің көшірмесін мүлікке құқықтардың ауыртпалығын тоқтату үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жібереді.»;
218) 614-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «3 еселенген» деген сөздер «6 еселенген» деген сөздермен ауыстырылсын;
219) 615-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «он бес жұмыс күні ішінде» деген сөздер «жиырма жұмыс күні өткен соң» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«5. Салық органы инкассалық өкімді банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз тасығышта немесе ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы электронды түрде жібереді. Инкассалық өкім электронды түрде жіберілген кезде, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша уәкілетті орган белгілеген форматтарға сәйкес жасалады.»;
220) 627-бапта:
3-тармағының 220) тармақшасының екінші абзацы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5-тармақтың 2) тармақшасы бірінші бөлігінің он жетінші және он сегізінші абзацтары алып тасталсын;
3-тармағының 220) тармақшасының үшінші - бесінші абзацтары 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
9-тармақтың 2) тармақшасының үшінші бөлігінде:
«өтiнiшi бойынша немесе» деген сөздер «өтініші бойынша,» деген сөздермен ауыстырылсын;
«негіздемелер бойынша» деген сөздерден кейін «немесе салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық қызметі органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешіміне жасаған шағымына байланысты» деген сөздермен толықтырылсын;
221) 629-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) резидент еместің салықтық өтінішінің негізінде бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтару мәселесі бойынша салық агенттерін тақырыптық тексеру;»;
3-тармағының 222) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
222) 635-бапта:
6-тармақтағы «уәкiлеттi органнан», «Уәкiлеттi органға», «Уәкiлеттi орган», «уәкiлеттi органдағы» деген сөздер тиісінше «салық қызметі органынан», «Салық қызметі органына», «Салық қызметі органы», «салық қызметі органындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы:
бірінші бөліктегі «уәкiлеттi органға» деген сөздер «салық қызметі органына» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлікте:
«уәкiлеттi органға» деген сөздер «салық қызметі органына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«iрi салық төлеушiлерге жүргiзiлген мониторинг бойынша есептiлiк негiзiнде» деген сөздер алып тасталсын;
9-тармақтың бірінші бөлігінің төртінші абзацындағы «уәкiлеттi орган» деген сөздер «салық қызметі органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтың 2) тармақшасының бірінші бөлігіндегі «уәкiлеттi орган» деген сөздер «салық қызметі органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
223) мынадай мазмұндағы 635-1-баппен толықтырылсын:
«635-1-бап. Резидент еместің салықтық өтінішінің негізінде бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтару мәселесі бойынша салық агенттерін тақырыптық тексеру жүргізу тәртібі
1. Резидент еместің салықтық өтінішінің негізінде бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтару мәселесі бойынша салық агентіне қатысты оның осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі кезеңі ішінде осындай өтініш берген резидент еместің табысынан төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстау және аудару жөніндегі салықтық міндеттемелерді орындауы тұрғысынан тақырыптық тексеру жүргізеді.
2. Салық органы осы баптың 1-тармағында көрсетілген тақырыптық тексеру жүргізуді резидент еместің салықтық өтінішінің негізінде осындай өтінішті алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тағайындауға міндетті.
3. Тақырыптық тексеру жүргізу барысында салық органы құжаттарды мынадай тұрғыдан:
1) салық агентінің резидент еместің табыстарынан төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстау және аудару жөніндегі салықтық міндеттемелерін толық орындауын;
2) осы Кодекстің 191-бабына немесе халықаралық шартқа сәйкес тұрақты мекеме құруын;
3) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес өтініш беруші резидент еместің есептік тіркелуін, осы Кодекстің 562-бабында көзделген тәртіппен салық төлеуші ретінде тіркелуін;
4) бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтаруға берген салықтық өтініште көрсетілген деректердің дәйектілігін;
5) резидент емес шартты банк салымы туралы шартты жасасқан жағдайда, осы шартқа қатысушылардың оның талаптарын сақтауын тексереді.»;
224) 645-баптың 1-тармағы екінші бөлігі 3) тармақшасындағы «есеп айырысуға қолданылмайды.» деген сөздер «есеп айырысуға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне қолданылмайды.»;
225) 646-баптың 5-тармағының бірінші абзацы «салық төлеуші» деген сөздерден кейін «өзінің орналасқан жері бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармағының 226) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
226) 647-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«647-бап. Бақылау-касса машинасының тiркеу деректерiне өзгерістер енгізу
1. Бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасында көрсетiлген мәлiметтер өзгерген кезде, салық төлеушi бақылау-касса машинасын есепке қойған жерi бойынша салық органына өзгерістер туындаған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде:
1) өзгерген мәлiметтердi көрсете отырып, бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтiнiштi;
2) бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасын табыс етуге міндетті.
2. Тіркеу карточкасын ауыстыруды:
1) тіркеу карточкасы жоғалған (бүлінген) жағдайда - осы баптың 1-тармағында көзделген салықтық өтінішті алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
2) тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда - осы баптың 1-тармағында көзделген салықтық өтінішті алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
3) тіркеу карточкасында сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда - осы баптың 1-тармағында көзделген салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасының есепке қойылған жерi бойынша салық органы жүргізеді.
Осы тармақшада көзделген жағдайда, салық төлеуші салықтық өтінішке мына құжаттардың бірін:
1) сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін;
2) сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың түпнұсқасын көрсеткен жағдайда - оның көшірмесін қоса береді.
Бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын ауыстыру үшін салық органына табыс етілген салықтық өтінішке сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың көшірмесі, оны осындай салық органына ауыстыру не осы Кодекске сәйкес құжатқа сәйкестендіру нөмірін енгізу мақсатында басқа құжатқа қайта ресімдеу үшін табыс еткен жағдайда, қоса берілмейді.