1) 4 және 5-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Yкіметі:
1) электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
2) электр энергетикасын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын әзiрлейдi;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік энергетикалық қадағалау туралы ережесін бекiтедi;
4) есептiк тарифтi айқындау, шектi және жеке тарифтердi бекіту тәртібін бекiтедi;
5) үлгiлiк инвестициялық шартты, үлгiлiк келiсiмдi бекiтедi;
6) шектi тарифтердi бекiтедi;
7) электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын бекітеді;
8) электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекітеді;
9) электр энергиясының теңгерімді нарығының жұмыс істеуі қағидаларын бекітеді;
10) электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын бекітеді;
11) Қазақстанның біртұтас электр энергетикасы жүйесінде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөніндегі қағидаларды бекітеді;
12) энергетикалық сараптама жүргізу қағидаларын бекітеді;
13) электр энергетикасы саласындағы техникалық регламенттердi бекiтедi;
14) электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекітеді;
15) электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекітеді;
16) электр қондырғыларын орнату қағидаларын бекітеді;
17) электрмен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықтарды бекітеді;
18) электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекітеді;
19) жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекітеді;
20) жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы қызмет көрсету нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын бекітеді;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электр энергиясын сауда-саттықтарда (аукциондарда) өткiзiлетiн, сатып алынатын мүлiк (активтер) тiзбесiне енгізу туралы шешiм қабылдайды;
22) электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету қағидаларын бекітеді;
23) электр-желілік қағидаларды бекітеді;
24) тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын бекітеді;
25) тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекітеді;
26) энергетикалық кәсіпорындар үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекітеді;
27) шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидаларын бекітеді;
28) аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекітеді;
29) біртұтас электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларын бекітеді;
30) техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын бекітеді;
31) энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ережені бекітеді;
32) жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидаларын бекітеді;
33) электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
34) жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі туралы ережені бекітеді;
35) Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;
36) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
37) электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидаларын бекітеді;
38) сарапшы ұйымдарды және дайындаушы зауыттарды тарта отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылыстарының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйіне мерзімді тексеру жүргізу қағидаларын бекітеді;
39) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi орган:
1) электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырады;
2) электр энергетикасын дамыту бағдарламаларын әзiрлейдi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
3) электр энергетикасы саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлейдi;
4) электр энергетикасы саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
5) өз құзыретi шегiнде электр және жылу энергиясын өндiру, беру және тұтыну саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлейдi;
6) энергия өндiрушi, энергия берушi, энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың технологиялық мұқтаждықтарына электр және жылу энергиясын жұмсау нормаларын регламенттейтін нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi;
7) жабдықтарды жобалау, салу, олардың пайдаланылу және техникалық-экономикалық сипаттамалары саласындағы нормативтiк техникалық құжаттарды әзiрлейдi;
8) тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын әзiрлейдi;
9) тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзiрлейдi;
10) электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын әзiрлейдi;
11) электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзiрлейдi;
12) энергия өндiрушi ұйымдар тобын қалыптастырады;
13) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексеру жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;
14) жүйелiк операторды және электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы нарығының операторын айқындайды;
15) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiмен электр байланысы жоқ аймақтар үшiн электр энергиясының көтерме сауда нарығы жұмыс iстеуiнiң және оны ұйымдастырудың ерекшелiктерiн айқындайды;
16) электр энергиясының теңгерімді нарығының жұмыс істеуі қағидаларын әзiрлейдi;
17) электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын әзiрлейдi;
18) Қазақстанның біртұтас электр энергетикасы жүйесінде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөніндегі қағидаларды әзiрлейдi;
19) энергетикалық сараптама жүргізу қағидаларын әзiрлейдi;
20) электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын әзiрлейдi;
21) электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзiрлейдi;
22) келiсiмдерде көзделген инвестициялық мiндеттемелердi және инвестициялық шарттарда көзделген инвестициялық бағдарламаларды энергия өндiрушi ұйымдардың орындауына мониторинг жүргiзедi;
23) энергетикалық сараптама жүргiзуге ұйымдарды және электр зертханаларын аккредиттеу әдiстемесiн, тәртібі мен мерзiмдерiн айқындайды;
24) энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттаудан өткізу әдiстемесiн, тәртібі мен мерзiмдерiн айқындайды;
25) электр қондырғыларын орнату қағидаларын әзiрлейдi;
26) электрмен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықтарды әзiрлейдi;
27) электр энергиясын пайдалану қағидаларын әзiрлейдi;
28) жылу энергиясын пайдалану қағидаларын әзiрлейдi;
29) жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы қызметтер көрсету нарығын ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі қағидаларын бекітеді;
30) электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын әзiрлейдi;
31) электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету қағидаларын әзiрлейдi;
32) электр желілік қағидаларды әзiрлейдi;
33) инвестициялық бағдарламаларды әзiрлеуге арналған техникалық тапсырманы әзiрлейдi;
34) энергетикалық кәсіпорындар үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын әзiрлейдi;
35) шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидаларын әзiрлейдi;
36) аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын әзiрлейдi;
37) біртұтас электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларын әзiрлейдi;
38) техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын әзiрлейдi;
39) энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ережені әзiрлейдi;
40) жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидаларын әзiрлейдi;
41) энергия өндiрушi ұйымдармен келiсiмдер және инвестициялық шарттар жасасады;
42) жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі туралы ережені әзiрлейдi;
43) Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын әзiрлейдi;
44) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын әзiрлейдi;
45) электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидаларын әзiрлейдi;
46) сарапшы ұйымдарды және дайындаушы зауыттарды тарта отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылыстарының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйіне мерзімді тексеру жүргізу қағидаларын әзiрлейдi;
47) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
2) 7-бап мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3) 14-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
4) 15-баптың 3-тармағындағы «заңнамасында белгіленген» деген сөздер «Үкіметі белгілейтін» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 16-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Электр энергиясының бөлшек сауда нарығына қол жеткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Электр энергиясын кепiлдiкпен берушiні және оның жауапкершілігіндегі аймақты айқындау тәртібі электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларымен белгіленеді.»;
6) 20-баптың 1-тармағы алып тасталсын.
96. «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 104-құжат):
1) 3-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
2) 4-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
97. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 105-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар):
1) 5-бап «реттеуді» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының Президенті,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 7-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.».
98. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
«23-1) дериват - жануардың туынды түрі және одан және оның туынды түрінен өндірілген өнім.»;
2) 6-2-бапта:
тақырыбы «органдары» деген сөзден кейін «мен лауазымды адамдар» деген сөздермен толықтырылсын;
мәтіні «органдарына» деген сөзден кейін «және лауазымды адамдарға Қазақстан Республикасының Президенті,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 8-бапта:
16) тармақша «объектілерін» деген сөзден кейін «, олардың бөліктері мен дериваттарын» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 17-2), 24-1), 24-2), 24-3) және 24-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«17-2) жануарлар дүниесін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу енгізу туралы шешім қабылдайды, тиісті ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізілуге тиіс биологиялық негіздеменің негізінде оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілейді;»;
«24-1) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ережені бекітеді;
24-2) жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын, оның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерiн әкелуге және әкетуге рұқсат беру тәртібін бекітедi;
24-3) жолдаманың үлгі нысанын, сондай-ақ оны беру тәртібін бекітеді;
24-4) дериваттар тізбесін бекітеді;»;
25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«25) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
4) 9-баптың 1-тармағында:
14) және 19) тармақшалардағы «бекiтедi» деген сөз «әзiрлейді» деген сөзбен ауыстырылсын;
15) тармақшадағы «туынды түрлерін» деген сөздер «дериваттарын» деген сөзбен ауыстырылып, «рұқсаттар беру тәртібін айқындайды және» деген сөздер алып тасталсын;
43) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«43) жануарлар дүниесін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу енгізу жөнінде ұсыныс жасайды;»;
мынадай мазмұндағы 43-1) тармақшамен толықтырылсын:
«43-1) дериваттар тізбесін әзірлейді;»;
5) 10-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
6) 46-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«46-бап. Жануарлардың санын реттеудiң тәртібі
Жануарлардың санын реттеудiң тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
7) 52-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы «Қазақстан Республикасының заңдары» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары» деген сөздермен толықтырылсын.
99. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат):
1) 6-бапта:
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілетті органды (ұйымды) айқындау;»;
мынадай мазмұндағы 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
«14) өнiмдi таңбалау тәртібін белгiлейдi;
15) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
2) 7-бапта:
екінші бөліктің 7) тармақшасындағы «белгiлейдi» деген сөз «әзірлейді» деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкiлеттi орган осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3) 8-баптың 6) тармақшасындағы «заңнамасында» деген сөз «заңдарында» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 30-баптың 2-тармағындағы «уәкілетті орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 40-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы «Қазақстан Республикасының заңдары» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары» деген сөздермен толықтырылсын.
100. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 1-2, 1-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 5, 43-құжат; № 8, 64-құжат):
1) 8-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
2) 9-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3) 22-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
«17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
101. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
1) 6-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
2) 7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3) 8-бап мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
4) 9-бап мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
5) 10-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
6) 11-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
102. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат):
1) 5-баптың 15) тармақшасындағы «айқындау кіреді.» деген сөздер «айқындау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15-1), 15-2) және 15-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«15-1) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тiркеу қағидаларын бекіту;
15-2) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тiркеу қағидаларын бекіту;
15-3) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу қағидаларын бекіту;»;
16) тармақшадағы «өкілеттіктерді» деген сөз «функцияларды» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 6-бапта:
1-тармақта:
14-1) тармақша алып тасталсын;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тiркеу қағидаларын әзірлеу;»;
мынадай мазмұндағы 15-1), 15-2) және 15-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«15-1) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлеу;