1) 23-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.»;
2) 24-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.».
69. «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 7-8, 77-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 9, 44-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар):
6-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.».
70. «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар):
1) 1-бапта:
7) тармақша «Қазақстан Республикасы заңдарының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) пестицидтерді (улы химикаттарды) тipкeу сынақтары - биологиялық, шаруашылық, уыттылық, гигиеналық және экологиялық бағалауды қамтитын, пестицидтерді (улы химикаттарды) пайдаланудың орындылығы мен қауіпсіздігін растау рәсімі;»;
2) 5-баптың 6) тармақшасындағы «бекіту кiредi.» деген сөздер «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) пестицидтердi (улы химикаттарды) тіркеу, өндірістік сынақтарын жүргізу және мемлекеттік тiркеу қағидаларын бекіту;
8) фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды табыс ету тәртібін бекіту;
9) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау кіреді.»;
3) 6-баптың 1-тармағында:
2-1) және 4) тармақшалардағы «мен бекіту» деген сөздер алып тасталсын;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды табыс ету тәртібін әзірлеу;»;
26) тармақшадағы «бекіту кiредi.» деген сөздер «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын:
«27) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.»;
4) 9-баптың 5) тармақшасындағы «лицензиялау кіреді.» деген сөздер «лицензиялау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.»;
5) 14-6-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес тіркеу және өндірістік сынақтардың қорытындылары бойынша жүргізіледі.»;
6) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
«15-1-бап. Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау (мемлекеттік фитосанитариялық бақылау)
1. Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау (мемлекеттік фитосанитариялық бақылау) тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
7) 20-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндiрістік сынақтары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiрушiлердiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi.».
71. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат):
1) 5-бап мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау.»;
2) 6-баптың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«16) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.».
72. «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» 2002 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 145-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 62-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар):
6-баптың 2-тармағында:
9) тармақшадағы «заңмен белгiленген» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.».
73. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат):
1) 1-бапта:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар - мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) талаптарды белгілейтін, сондай-ақ ветеринариялық нормативтердің негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылатын нормативтік құқықтық акт;»;
9) тармақшадағы «уәкілетті орган белгiлеген» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-баптың 12) тармақшасындағы «бекіту кіреді.» деген сөздер «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13), 14), 15), 16), 17), 18) және 19) тармақшалармен толықтырылсын:
«13) Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру тәртібін айқындау;
14) тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру тәртібін бекіту;
15) сәйкестендіру есебін қоса алғанда, ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, табыс ету тәртібін бекіту;
16) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту;
17) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң сынамасын іріктеу қағидаларын бекіту;
18) ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау қағидаларын бекіту;
19) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау кіреді.»;
3) 8-бапта:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды және ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;»;
21) және 30) тармақшалардағы «бекіту» деген сөз «әзірлеу» деген сөзбен ауыстырылсын;
29) тармақшадағы «айқындау» деген сөз «әзірлеу» деген сөзбен ауыстырылсын;
34) тармақшадағы «тәртібін айқындау» деген сөздер «қағидаларын әзірлеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
42) тармақшадағы «әзірлеу кіреді.» деген сөздер «әзірлеу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 43), 44), 45), 46) және 47) тармақшалармен толықтырылсын:
«43) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу және бекіту;
44) сәйкестендіру есебін қоса алғанда, ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) нормаларды, ветеринариялық есепке алу мен есептілік нысандарын әзірлеу және бекіту;
45) сәйкестендіру есебін қоса алғанда, ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, табыс ету тәртібін әзірлеу;
46) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тіркеу тәртібін әзірлеп, бекіту және жүргізу;
47) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.»;
4) 10-бапта:
1-тармақта:
2) тармақшадағы «режимiн және» деген сөздер «режимiн немесе» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) тармақшадағы «жүргізу кіреді.» деген сөздер «жүргізу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
«18) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.»;
2-тармақта:
9) тармақшадағы «режимiн және» деген сөздер «режимiн немесе» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) тармақшадағы «беру кіреді.» деген сөздер «беру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын:
«21) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.»;
5) 10-1-баптың 7) тармақшасындағы «режимiн және» деген сөздер «режимiн немесе» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 13-баптың 2-тармағы «білімі бар» деген сөздерден кейін «және ветеринария саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тіркелген» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 14-бапта:
тақырыбындағы және мәтініндегі «Ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылау» деген сөздер «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ «Қазақстан Республикасы заңдарының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын орындау жөніндегі қызметiн бақылауды;»;
8) 14-1-бапта:
тақырыбындағы және мәтініндегі «Ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауды», «мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау», «ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауды», «ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауға», «ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылау», «Ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын объектілерді мемлекеттік бақылаудың», «Ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылау» деген сөздер тиісінше «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды», «мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау», «мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды», «мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға», «мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау», «Ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудың», «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
«Қазақстан Республикасы заңдарының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ветеринария саласындағы, оның ішінде лицензияланатын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;»;
5) тармақшадағы «орны ауыстырылатын (тасымалданатын)» деген сөздер «тасымалданатын (орны ауыстырылатын)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген объектілерді қоспағанда, осы баптың 1-тармағының 1) - 11) тармақшаларында көрсетілген объектілерде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды тиісті аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары тексеру нысанында және өзге де нысандарда, оның ішінде ілеспе ветеринариялық құжаттарды қарау жолымен жүзеге асырады.»;
3-тармақта:
«жануарларды өсіру, дайындау (сою), сақтау, пайдалану, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты» деген сөздер «жануарларды өсіру, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындау (сою), сақтау, пайдалану, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарда,» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жүктердің орнын ауыстыру» деген сөздер «жүктерді тасымалдау (орнын ауыстыру)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы заңдарының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының» деген сөздермен толықтырылсын;
«өзге де нысандарда» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақта:
бірінші бөліктегі «Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы нормаларының» деген сөздер «Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік «Қазақстан Республикасы заңдарының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ «Қазақстан Республикасы заңдарының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың екінші бөлігі «Қазақстан Республикасы заңдарының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 20-баптың 2-тармағындағы, 21-баптың 5-тармағындағы, 23-баптың 4-тармағындағы «уәкілетті орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 22-баптың 3-тармағының 3) және 5) тармақшаларындағы «Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының» деген сөздер «ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 26-баптың 2-тармағындағы «уәкілетті орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 32-баптың 1-тармағындағы «уәкілетті орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын.
74. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 16, 152-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
1) 4-бап мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
2) 5-бап мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»
3) 6-бап мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
4) 7-бап мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
5) 8-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
75. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; № 17, 81-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
7-бапта:
1-тармақтың 8) тармақшасындағы «бекіту жатады.» деген сөздер «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.»;
3-тармақтың 4) тармақшасындағы «жүзеге асыру жатады.» деген сөздер «жүзеге асыру;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.».
76. «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 16-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар):
1) 5-бап мынадай мазмұндағы 12), 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:
«12) бiрегей және элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді, тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды, байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау тәртібін бекiтедi;
13) сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егiп бағалауды, зертханалық сорттық сынақтардан өткізудi, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру тәртібін бекiтедi;
14) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
2) 6-баптың 1-тармағында:
6) тармақшадағы «жөніндегі нормативтік актілерді бекiтедi» деген сөздер «тәртібін әзірлейді» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-2) тармақшаның бесінші абзацындағы «тәртібін бекітеді» деген сөздер «тәртібін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«сортты егiстердi байқаудан өткізу тәртібін бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егiп бағалауды, зертханалық сорттық сынақтардан өткізудi, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сорттық егiстердi байқаудан өткізу, жерге егiп бағалау, зертханалық сорттық сынақтардан өткізу, тұқым сапасына сараптама жасау тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 32) тармақшамен толықтырылсын:
«32) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3) 6-1-бап мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
4) 8-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы «Қазақстан Республикасы заңдарының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының» деген сөздермен толықтырылсын.
77. «Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 17-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат):
8-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 5), 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) почта байланысы қызметiн көрсету қағидаларын бекiтедi;
6) почта желiлерi арқылы жiберу шектелген бұйымдар мен заттардың тiзбесiн бекiтедi;
7) почта жөнелтілімдерiнде почта штемпелін қолдану тәртібін бекітеді;
8) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
2-тармақта:
4), 12) және 14) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын:
«21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
78. «Соғыс жағдайы туралы» 2003 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 4, 22-құжат; 2005 ж., № 14, 56-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат):
1) 9-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
2) 10-бап мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.».
79. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 6, 33-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2010 ж., № 20-21, 119-құжат; № 22, 128-құжат):
1) 3-баптың 1-тармағы «реттеудi» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының Президенті,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 4-бап мынадай мазмұндағы 10), 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
«10) ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, оларға тапсырыс беру, алу, беру, есепке алу, сақтау және табыс ету қағидаларын бекітеді;
11) декларацияларды табыс ету нысанын, тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;
12) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
3) 5-бапта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, оларға тапсырыс беру, алу, беру, есепке алу, сақтау және табыс ету қағидаларын әзірлейді;»;
6) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
4) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдардың құзыретi
1. Техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкiлеттi орган:
1) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгiленген талаптарға мұнай өнiмдерiнiң сәйкестiгiн бақылауды жүзеге асырады;