2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы саласындағы техникалық реттеу және метрология жөніндегі жұмыстарды басқаруды жүзеге асырады;
3) уәкiлеттi органмен келiсе отырып, уәкiлеттi органға мұнай өнiмдерiн өндiру және өткізу көлемдерi туралы ақпаратты автоматты түрде берудi қамтамасыз ететiн бақылаушы есептеу аспаптарын қолданудың тәртібі мен талаптарын белгiлейдi;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган мүдделi мемлекеттік органдармен келiсе отырып, кедендiк, қорғау, демпингке қарсы және өтем баждары ставкаларының экономикалық негiздемесiн әзiрлейдi, сондай-ақ осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы кезiнде Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4. Көлiк саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды, Қазақстан Республикасының көлiк кешенi қызметiн үйлестiрудi және реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган мұнай өнiмдерiн тасымалдау кезiнде тасымалдаушылардың технологиялық талаптарды қамтамасыз етуiн бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
5. Осы бапта көрсетілген мемлекеттік органдар, сондай-ақ кеден iсi жөніндегі уәкiлеттi орган уәкiлеттi органға мұнай өнiмдерiн өндiрудiң және (немесе) олардың айналымының көлемi туралы мәлiметтердi және өзге де қажеттi ақпаратты бiртұтас деректер базасына бередi.».
80. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат):
1) 11-бап мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
2) 18-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Есептiң нысанын және оны жасау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.».
81. «Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 88-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат):
1) 3-баптың 1-тармағы «реттеудi» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының Президенті,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 4-бап мынадай мазмұндағы 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді табыс ету нысанын, тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;
7) темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияларды табыс ету нысанын, тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;
8) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
3) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi орган:
1) өз құзыретi шегiнде темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу саласында Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн шығарады;
2) темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымы көлемдерiнiң теңгерiмiне бақылау, есеп жүргiзедi және талдау жасайды;
3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес темекi өнiмдерiн өндiруге лицензиялар бередi;
4) мемлекеттік органдармен темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын бақылауды жүзеге асыру жөнiнде өзара iс-қимыл жасайды;
5) темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеудi жүзеге асыру үшiн темекi өнiмдерiн өндiрушiлерден өз құзыретi шегiнде қажеттi мәлiметтер сұратады;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
82. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат):
3-баптың 2-тармағының 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«23) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
83. «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар):
9-баптың 3-тармағы «10-13-баптарында» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде» деген сөздермен толықтырылсын.
84. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар):
1) 12-баптың 16) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының» деген сөздер «өзіне Қазақстан Республикасының» деген сөздермен, «көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады» деген сөздер «жүктелген өзге де функцияларды орындайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 19-2-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы «Қазақстан Республикасының заңдары» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары» деген сөздермен толықтырылсын.
85. «Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы» 2003 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 19-20, 149-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 2007 ж., № 4, 95-құжат):
1) 6-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
2) 7-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3) 8-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
86. «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» 2003 жылғы 4 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 21-22, 150-құжат; 2007 ж., № 2, 14-құжат; № 20, 153-құжат; 2009 ж., № 2-3, 14-құжат):
1) 12-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
2) 13-бап мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
«20) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
87. «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат):
1) 3-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) маңдайша - сауда жасау (қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау) субъектісі тауарларды сататын, қызметтер көрсететін және жұмыстарды орындайтын жерлердегі жылжымайтын объектілерде орналастырылатын, оның эмблемасын, тауарлық белгілерін, брендтерін қоса алғанда, осындай субъектінің атауы мен қызмет түрі туралы ақпарат;»;
2) 11-бапта:
1-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету саласының кәсіпорындары орналастыратын мынадай жарнама объектілері:
маңдайша;
жайма сөрелер мен терезелерді безендіру;
жұмыс режимі туралы ақпарат;
үй-жайлардың ішкі безендірілуі сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiне жатпайды.»;
үшінші бөлiктегі «Сыртқы» деген сөз «1-2. Сыртқы» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «он күннің» деген сөздер «бес жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 17-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-2-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары:
1) елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат береді;
2) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың және (немесе) олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарнама қызметі мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;
3) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Жарнама саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында жүзеге асырылады.
Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.».
88. «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 176-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат):
6-бап мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.».
89. «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 5, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 16, 100-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
1) 4-1-бап мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
2) 5-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
90. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат):
33-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«33-2-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылау
1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асыралады.
3. Тексерудің өзге де нысандары сауда объектісіне бару арқылы жүзеге асырылады және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын бақылауға бағытталған.
4. Тексерудің өзге де нысандары жеке, заңды тұлғалардың өтініштері немесе облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.
5. Тексерудің өзге нысандарының қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларын мөлшерінен асыру анықталған жағдайда бұзушылықты дереу жою туралы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша нұсқама шығарылады.
6. Тексерудің өзге де нысандарының нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтарды дереу жою туралы нұсқаманы орындауды бақылау «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес өткізілетін жоспардан тыс тексеру арқылы жүзеге асырылады.».
91. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
1) 2-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) байланыс қызметтерiн көрсету - байланыс операторларының пайдаланушыларға экономикалық қызмет түрлерінің жалпы өнім жіктеуішінде көрсетілген байланыс қызметтерiн көрсетуге негiзделген қызметi;»;
2) 4-баптың 2-тармағы «басқаруды» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының Президенті,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 7-бапта:
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) күзетілетiн аймақтарды белгiлеу тәртiбі мен олардағы жұмыс режимiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желiлерiн күзету қағидаларын бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 14-5), 14-6), 14-7) және 14-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-5) жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) иелiкке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн есептеуді жүргізу тәртібін бекіту;
14-6) трафиктi өткізу мен өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желiлерін қосу және олардың әрекеттестігі қағидаларын бекіту;
14-7) байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын бекіту;
14-8) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектронды құралдарын тіркеу және пайдалану қағидаларын бекіту;»;
4) 8-баптың 1-тармағында:
8) тармақшадағы «радиоәуесқойлық қызметтің радиоэлектронды құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын тіркеу және пайдалану тәртібін,» деген сөздер алып тасталсын;
13) тармақша «пайдалану» деген сөзден кейін «және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
14) тармақша алып тасталсын;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктер жатады.»;
5) 9-баптың 2-тармағында:
1) тармақшадағы «және қабылдау» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) азаматтық мақсаттағы иелікке берілген радиожиiлiктер белдеулерiнің электрондық дерекқорын жүргізу;
10) радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін жылдық төлемді есептеу әдістемесін бекіту.»;
6) 10-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
7) 11-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі «реттеу дегеніміз» деген сөздер «реттеуді радиожиілік органдары жүзеге асырады, бұл» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ алып тасталсын;
5-тармақтағы «уәкілетті орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 12-баптың 3-тармағындағы «айқындайды» деген сөз «әзірлейді» деген сөзбен ауыстырылсын;
9) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Нөмірлеу ресурсын бөлу мен оларды пайдалануды реттеу және нөмірлер беру
1. Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Уәкілетті орган нөмірлеудің бөлінген және резервтік ресурстарының тізілімін жүргізеді.»;
10) 15-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсаттары үшін байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану кезінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыратын органдардың және ұйымдардың өзара іс-әрекет жасасу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
11) 21-баптың 2-тармағының бірінші абзацындағы және 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «уәкілетті орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 22-баптың 4-тармағындағы «тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерінде» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 25-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Байланыс операторлары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн қағидаларға сәйкес қосу және трафикті өткізу қызметтерiн көрсетуге мiндетті. Байланыстың басым операторларын қосудың үлгілік шарттары уәкілетті органмен келісіледі.»;
14) 26-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Телекоммуникация желiлерiнiң операторлары өз желiлерiнде байланыс қызметтерiн пайдаланушылардың әрқайсысына қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын еркiн таңдаудың техникалық мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.»;
15) 27-баптың 3-тармағындағы «уәкілетті орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 35-баптың 2-тармағындағы «уәкiлеттi орган бекiтетiн» деген сөздер алып тасталсын.
92. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат):
4-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы «қарау жатады.» деген сөздер «қарау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.».
93. «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат):
1) 1-бапта:
25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«25) қарап шығу - уәкiлеттi органның объектiнi қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарына сәйкестiгi тұрғысынан тексеруi;»;
29) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi туралы заңнамасының» деген сөздер «Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 7-баптың 2-тармағы «басқаруды» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының Президенті,» деген сөздермен толықтырылсын.
94. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 95-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат):
4-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
95. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат):