мынадай мазмұндағы тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтармен толықтырылсын:
«мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларының;
мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларының;
мақта өндеу ұйымдарына қабылдап алу кезінде шитті мақтаның сапасын сараптауды субсидиялау қағидаларының;
шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеудің технологиялық процесін ұйымдастыру қағидаларының;
мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу қағидаларының;
мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу қағидаларының жобаларын әзірлеу;»;
21) тармақшадағы «бекіту жатады.» деген сөздер «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:
«22) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.»;
3) 8-баптың 8) тармақшасындағы «ұйымдастыру жатады.» деген сөздер «ұйымдастыру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.»;
4) 9-баптың 1-тармағы «Қазақстан Республикасы заңдарының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 16-баптың 2-тармағындағы «уәкiлеттi орган белгiлейдi» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді» деген сөздермен ауыстырылсын.
118. «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 132-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
1) 5-бап мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
2) 6-бап мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
119. «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 133-құжат; 2009 ж., № 18, 86-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар):
1) 5-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау.»;
2) 6-бапта:
1-тармақтың сегізінші абзацындағы «бекіту жатады.» деген сөздер «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
«17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.»;
4-тармақ «қадағалауды» деген сөзден кейін «, сондай-ақ осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 7-бап мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.».
120. «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 134-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
1) 7-бап мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау.»;
2) 8-баптың 13) тармақшасындағы «бекітуді жүзеге асырады.» деген сөздер «бекітуді;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3) 9-баптың 1-тармағындағы «Қазақстан Республикасының заңдарының» деген сөздер «Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының» деген сөздермен ауыстырылсын.
121. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат):
1) 13-бап мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:
«25) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
2) 14-баптың бірінші бөлігінің 11) тармақшасындағы «бақылау жасауды жүзеге асырады;» деген сөздер «бақылау жасауды;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;».
122. «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 137-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
1) 5-баптың 3) тармақшасындағы «үйлестіру жатады.» деген сөздер «үйлестіру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.»;
2) 6-баптың 8) тармақшасындағы «бекіту жатады.» деген сөздер «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.».
123. «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 138-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
1) 4-баптың 3) тармақшасындағы «айқындау жатады.» деген сөздер «айқындау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.»;
2) 5-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасындағы «әзірлеу жатады.» деген сөздер «әзірлеу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.»;
2-тармақтың 3) тармақшасындағы «бекіту жатады.» деген сөздер «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.»;
3-тармақтың 3) тармақшасындағы «келісу жатады.» деген сөздер «келісу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретiне ойыншықтардың психологиялық-педагогикалық сараптамасын жүргiзу тәртібін бекіту, ойыншықтардың қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi келiсу және осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.».
124. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат):
1) 4-бапта:
6) тармақшадағы «, бекіту» деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 24), 25), 26), 27), 28), 29) және 30) тармақшалармен толықтырылсын:
«24) білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекітеді;
25) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекітеді;
26) білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекітеді;
27) білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар берудің тәртібін бекітеді;
28) жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерін лауазымдарға конкурстық тағайындау қағидаларын бекітеді;
29) қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
30) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
2) 5-бапта:
бірінші абзацтағы «функцияларды» деген сөз «өкілеттіктерді» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «және бекітеді» деген сөздер алып тасталсын;
11), 16), 17) және 36) тармақшалардағы «бекітеді» деген сөз «әзірлейді» деген сөзбен ауыстырылсын;
25) тармақшадағы «оқытудың кредиттік технологиясы және қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ережелерін бекітеді;» деген сөздер «оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидаларын бекітеді және қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидаларын әзірлейді;» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 6-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
2-тармақтың 25) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«25) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3-тармақтың 28) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«28) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
4-тармақтың 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«22) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
125. «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 59-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
1) 5-баптың 2) тармақшасындағы «айқындау жатады.» деген сөздер «айқындау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы
3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.»;
2) 6-бап мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
126. «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 65-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
1) 2-баптың 17) тармақшасындағы «уәкiлеттi органдар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 4-бапта:
1-тармақтың 6) тармақшасындағы «уәкілетті органдар белгілеген» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Уәкiлеттi органдар осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актiлерiнде көзделген өзге де өкілеттіктердi орындайды.»;
3) 6-баптың 4-тармағындағы «уәкілетті органдар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын.
127-тармақ 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
127. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiн (Салық кодексi) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат):
1) 25-баптың 8-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
2) 35-бапта:
«2011 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңде» деген сөздер алып тасталсын;
«уәкілетті орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын.
128. «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; 2010 ж.,№ 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат):
39-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын:
«27) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
129. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 127-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
1) 7-бап мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекітеді;
6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
2) 8-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлейді;»;
2) тармақшадағы «арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын,» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3) 9-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын әзірлейді;»;
2) тармақшадағы «арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын,» деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақшаның төртінші абзацындағы «іс-қимылды жүзеге асырады.» деген сөздер «іс-қимылды;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
4) 10-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) білім беру саласындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын әзірлейді;»;
2) тармақшадағы «арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын,» деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақшаның бесінші абзацындағы «іс-қимылды жүзеге асырады.» деген сөздер «іс-қимылды;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
5) 11-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
130. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 9-10, 46-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
1) 3-бап мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
2) 4-бап мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
131. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 13-14, 61-құжат):
1) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) жаңартылатын энергия көздерін дамыту мен пайдаланудың салалық (секторлық) бағдарламаларын бекітеді;
3) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін қабылдайды;
4) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді;
5) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша техникалық-экономикалық негіздемелерді және объектілерді салу жобаларын келісудің және бекітудің тәртібін, мерзімдерін бекітеді;
6) жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыру тәртібін бекітеді;
7) электр немесе жылу желілеріне қосудың және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді қосудың ең таяу нүктелерін айқындаудың тәртібі мен мерзімдерін бекітеді;
8) электр энергиясын білікті энергия өндіруші ұйымдардан сатып алудың тәртібін айқындайды;
9) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
2) 6-бапта:
4) тармақшадағы «және бекітеді» деген сөздер алып тасталсын;
8) және 10) тармақшалардағы «айқындайды» деген сөз «әзірлейді» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3) 7-бап мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
132. «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат):
16-бап мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
133. «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» 2009 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 24, 123-құжат):
1) 5-бапта:
тақырыбы «органдар» деген сөзден кейін «, лауазымды адамдар» деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Президенті;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
3) өз құзыреті шегінде орталық атқарушы органдар;
4) өз құзыреті шегінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету саласындағы қызметті жүзеге асыратын органдар мен лауазымды адамдар болып табылады.»;
2) 6-баптың 3) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының» деген сөздер «өзіне Қазақстан Республикасының» деген сөздермен, «көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады» деген сөздер «жүктелген өзге де функцияларды орындайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 7-баптың 7) тармақшасындағы «функцияларды» деген сөз «өкілеттіктерді» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 8-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
134. «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 5, 22-құжат; № 15, 71-құжат):
12-баптың 21) тармақшасы «Қазақстан Республикасы заңдарының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының» деген сөздермен толықтырылсын.
135. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 9, 43-құжат):
1) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актiлерiне және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
2) 4-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.».