136. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
1-баптың 21) тармақшасы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің» деген сөздерден кейін «немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының» деген сөздермен толықтырылсын.
137. «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiн қолданысқа енгізу туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 15, 72-құжат):
8, 9 және 11-баптар алып тасталсын.
138. «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат):
76-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын.
139. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат):
1) 10-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Бақылау және қадағалау органдары:
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген;
егер объектінің (субъектінің) тұрған жері бойынша құқықтық статистика органдарын оған барғанға дейін бір тәулік бұрын міндетті түрде хабардар ете отырып, бару рұқсат беру құжаттарын алумен байланысты болған;
құрылыс-монтаждау жұмыстарының ғимараттар мен құрылыстардың тіреу және қоршау конструкцияларын тұрғызу мен өзгертуге қойылатын талаптарға сәйкес келуіне инспекция жүргізу;
әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын бақылау жағдайларын қоспағанда, бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын қажеттілік пен жеткіліктілік қағидаттарына сәйкес бақылау объектілеріне (субъектілеріне) бармай жүргізеді.»;
2) 12-баптың 3-тармағында:
7) тармақшадағы «базарларда» деген сөз «жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды өткізетін ішкі сауда объектілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:
«17) кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін сатуды, кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болу тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
18) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр станцияларының энергетикалық жабдықтарын, 0,4 киловольттан асатын электр желілерін, белгіленген қуаттылығы 100 Гкал/сағаттан астам магистралдық жылу желілері мен қазандықтарды пайдалану және олардың техникалық жай-күйі жөніндегі талаптарды сақтауға байланысты бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.»;
3) 13-баптың 3-тармағындағы «жыл сайынғы» деген сөздер «жартыжылдық» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 16-бапта:
4-тармақта:
«жыл сайынғы» деген сөздер «жартыжылдық» деген сөзбен ауыстырылсын;
«10 желтоқсанына дейiнгi» деген сөздерден кейін «және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақта:
«жыл сайынғы» деген сөздер «жартыжылдық» деген сөзбен ауыстырылсын;
«25 желтоқсанына дейiнгi» деген сөздерден кейін «және ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейінгі» деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Жоспардан тыс тексеруге нақты жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты анықталған және осы жоспардан тыс тексерудi тағайындауға негiз болған фактiлер мен мән-жайлар жатады.»;
11-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тексеруді тағайындау туралы акті тіркелетін жерден тексеру жүргізілетін жерге дейін жүз километрден асатын арақашықтық бақылаушы және тіркеуші органдар орналасқан жерден едәуір шалғайда орналасу болып есептеледі.»;
5) 24-баптың 4-тармағындағы «үш күндік мерзімде» деген сөздер «үш жұмыс күнінен кешіктірмей,» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) аталған Заңға қосымшада:
1-тармақтың 92) тармақшасындағы «сақтауда жүзеге асырылады.» деген сөздер «сақтауда;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 93), 94), 95) және 96) тармақшалармен толықтырылсын:
«93) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын сақтауда;
94) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында;
95) ветеринария саласында;
96) өсімдіктерді қорғау және олардың карантині саласында жүзеге асырылады.»;
2-тармақтың 9) тармақшасындағы «өсімдіктерді қорғау және оның» деген сөздер «өсімдіктер» деген сөзбен ауыстырылсын.
140. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 2, 25-құжат):
2-баптың 3-тармағының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік техникалық байқаудан өткізудің тәртібі мен мерзімін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.».
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 1-баптың 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 8 және 127-тармақтарын;
2) 1-баптың 9-тармағы 10) тармақшасының осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап он сегіз ай өткеннен кейін қолданысқа енгізілетін сегізінші және тоғызыншы абзацтарын;
3) 1-баптың 10-тармағының осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 2) және 5) тармақшаларын, 51-тармағын, 56-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 103-тармағының 10) тармақшасы үшінші және төртінші абзацтарының ережесі салықтық қатынастар саласында жеке кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен қойылатын талаптарды белгілеу бөлігінде 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2011 жылғы шілденің 5-і.
№ 452-IV ҚРЗ