15-2) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу қағидаларын әзірлеу;
15-3) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жүргiзу құқығына емтихан қабылдау және куәлiк беру қағидаларын әзірлеу;»;
3) 7-бапта:
2-тармақта:
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) өңірдің агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық тәжiрибенi тарату және енгізу жөнiндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;»;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) өңірдің агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту;».
103. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат):
1) 6-баптың 7 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Заңды тұлға құрмаған дара кәсiпкерлер және жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, осы баптың 3 және 8-тармақтарына сәйкес шағын және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалар орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.
8. Жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын және мынадай критерийлердің біріне немесе екеуіне де сәйкес келетін: жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны екi жүз елу адамнан артық немесе жыл бойғы активтерiнің жалпы құны республикалық бюджет туралы заңда белгiленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептiк көрсеткiштен асатын заңды тұлғалар iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.»;
2) 11-баптың 7-тармағындағы «Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген,» деген сөздер алып тасталсын;
3) 14-бап мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
«24) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
4) 15-бапта:
21) тармақшадағы «жыл сайынғы» деген сөздер «жартыжылдық» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:
«22) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
5) 16-бап мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
6) 17-бап мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
7) 18-бапта:
2-1-тармақтың 6) тармақшасы «кредиттер» деген сөзден кейін «, лизингтік мәмілелер» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта:
бірінші бөліктегі «Шағын және орта кәсіпкерліктің» деген сөздер «Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
1) тармақша алып тасталсын;
3) тармақшада:
«шағын» деген сөз «жеке» деген сөзбен ауыстырылсын;
«банктерден» деген сөзден кейін «және өзге де заңды тұлғалардан» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшадағы «шағын» деген сөз «жеке» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «шағын» деген сөз «жеке» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2) және 6-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне ақпараттық-талдамалық қолдау көрсету;
6-2) қаражатты екiншi деңгейдегi банктерде және өзге де заңды тұлғаларда негізделген түрде орналастыру жолымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында, арнаулы қордың ішкі нормативтік құжаттарында тікелей көзделген өзге де тәсілдермен жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру;
6-3) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық институттар беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау;»;
8) 19-баптың 3-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігі алып тасталсын;
9) 27-баптың 7-тармағының бірінші бөлігі «бойынша» деген сөзден кейін «үш жұмыс күні ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 33-бапта:
1-тармақ «Қазақстан Республикасының заңдарымен» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен» деген сөздермен толықтырылсын;
103-тармағының 10) тармақшасы үшінші және төртінші абзацтарының ережесі салықтық қатынастар саласында жеке кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен қойылатын талаптарды белгілеу бөлігінде 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптар тек қана Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары деңгейінде белгіленеді.»;
11) 43-баптың 3-тармағында:
бірінші бөліктегі «үш күннен» деген сөздер «үш жұмыс күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын.
104. «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2006 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 5-6, 35-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 4-5, 29-құжат):
6-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
105. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 10, 51-құжат; 2007 ж., № 17, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат):
1) 5-баптың 2-тармағының 11) тармақшасындағы «жәрдемдесу болып табылады.» деген сөздер «жәрдемдесу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктер болып табылады.»;
2) 6-бап мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктері.».
106. «Өзара сақтандыру туралы» 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 13, 84-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
5-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.».
107. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат):
1) 6-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқару
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқаруды:
1) Қазақстан Республикасының Президенті;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
3) аумақтық бөлімшелері бар ведомствосын қоса алғанда, уәкілетті орган;
4) қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдар;
5) осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасының заңға тәуелді актілерімен айқындалған өз құзыреті шегінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдары жүзеге асырады.»;
2) 33-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы «Қазақстан Республикасының заңдары» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 40-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нормадан асып түсетiн жасанды жолмен жасалатын шуылға және өзге де дыбыстық әсерлерге;».
108. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 101-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 17, 79-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат):
1) 3-баптың 4) тармақшасындағы «бекіту жатады.» деген сөздер «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.»;
2) 3-1-бап мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3) 4-бап мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
109. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 24, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 49-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат):
1) 5-баптың 1-тармағы «басқаруды» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының Президенті,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 6-баптың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
3) 8-бап мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
4) 9-бап мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
5) 28-3-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Фильмге прокаттау куәлiгiн алған және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында фильмдер прокатын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар көрермендi фильмнiң индексi туралы хабардар етуге мiндеттi.»;
4-тармақтағы «уәкiлеттi орган бекiткен стандарттарға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын талаптарға» деген сөздермен ауыстырылсын.
110. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар):
1) 6-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.»;
2) 8-баптың 8) тармақшасындағы «орналастыруды жүзеге асырады.» деген сөздер «орналастыруды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
111. «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 13-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
1) 1-баптың 27) және 28) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«27) мемлекеттік органдардың бiрыңғай көлiк ортасы - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, ведомствоаралық ақпараттық-коммуникациялық желiден тұратын, басқару және ұйымдастыру мақсаттарын iске асыруға және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын қоса алғанда, мемлекеттік органдардың өзара іс-әрекетіне арналған, сондай-ақ «электрондық үкiметтiң» электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiнiң өзара iс-әрекетін қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желiсi;
28) мемлекеттік органдардың бiрыңғай көлiк ортасының операторы - мемлекеттік органдардың бiрыңғай көлiк ортасының аппараттық-бағдарламалық кешенi бар және мемлекеттік органдарға, аумақтық бөлiмшелер мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға байланыс қызметiн көрсететiн, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;»;
2) 5-бапта:
9) тармақшадағы «операторын» деген сөзден кейін «және мемлекеттік органдардың бiрыңғай көлiк ортасының операторын» деген сөздермен толықтырылсын;
17) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
«19-1) бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютерлiк жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны беру қағидаларын бекіту;»;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.»;
3) 6-бапта:
2) тармақша «Қазақстан Республикасының заңдары» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары» деген сөздермен толықтырылсын;
28) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:
«30-1) бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютерлiк жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны беру қағидаларын әзірлеу;»;
4) 7-баптың 6) тармақшасындағы «қамтамасыз ету жатады.» деген сөздер «қамтамасыз ету;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.».
112. «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 15-құжат; 2009 ж., № 9-10, 48-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
1) 5-баптың 1-тармағы «бақылауды» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 7-бапта:
бірінші бөлік «әзірлейді» деген сөзден кейін «, сондай-ақ өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сай болуын растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекітеді.»;
3) 8-баптың 1-тармағында:
4) тармақшадағы «бекітеді» деген сөз «әзірлейді» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
113. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат):
1) 5-бап мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
2) 6-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
114. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
1) 19-баптың 7-тармағындағы «құрылуы мүмкiн» деген сөздер «құрылады» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 20-бапта:
1-тармақ «реттеуді» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін бекітеді;
2) қаржылық есептілікті депозитарийге табыс ету тәртібін бекітеді;
3) кәсіптік ұйымдарды, сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекітеді;
4) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
5-тармақта:
2) тармақшадағы «айқындайды» деген сөз «әзірлейді» деген сөзбен ауыстырылсын;
11) тармақшадағы «бекітеді» деген сөз «әзірлейді» деген сөзбен ауыстырылсын;
18) тармақшадағы «белгiлейдi» деген сөз «әзірлейді» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:
«22) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
6-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.»;
3) 21-баптың 8-тармағының 4) тармақшасындағы «таратуға құқылы.» деген сөздер «таратуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі материалдарды қарауға қатысуға құқылы.»;
4) 22-баптың 3-тармағының 4) тармақшасындағы «уәкiлеттi орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын.
115. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2007 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 14, 104-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат):
1) 8-баптың 5) тармақшасындағы «бекіту жатады.» деген сөздер «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.»;
2) 9-баптың 9) тармақшасындағы «айқындау жатады.» деген сөздер «айқындау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.».
116. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 128-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат):
6-баптың 2) тармақшасындағы «әзірлеу жатады.» деген сөздер «әзірлеу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.».
117. «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 130-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
1) 6-бапта:
4) тармақшада:
тоғызыншы абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтармен толықтырылсын:
«мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын;
мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын;
шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеудің технологиялық процесін ұйымдастыру қағидаларын;
мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу қағидаларын;
мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу қағидаларын бекіту.»;
8) тармақшадағы «жүзеге асыру жатады.» деген сөздер «жүзеге асыру;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) мыналарды:
шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидаларын;
шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің нысандарын (үлгісін);
мақта талшығының сапасы паспортының нысандарын (үлгісін) бекіту;
10) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.»;
2) 7-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мақта нарығына мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу;»;
6) тармақшаның бірінші абзацындағы «техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның келiсiмi бойынша» деген сөздер «мыналарды» деген сөзбен, төртінші абзацындағы «әзірлеп, бекіту» деген сөздер «әзірлеу» деген сөзбен ауыстырылсын;
16) тармақшадағы «белгілеу» деген сөз «әзірлеу» деген сөзбен ауыстырылсын;
18) тармақшада:
сегізінші абзац алып тасталсын;