3-тармақта:
2) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
«24) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
39. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат):
1) 6-бап мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) кәсiби және аудиторлық ұйымдардың есептiлiк тiзбесiн, нысандарын және оны табыс ету мерзiмдiлiгiн бекітеді;
5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
2) 7-бапта:
13) тармақшадағы «айқындайды» деген сөз «әзірлейді» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
«19) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3) 21-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы «уәкілетті орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын.
40. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат):
1) 11-баптың 6-тармағы және 14-баптың 1-тармағы алып тасталсын;
2) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Мұрағат ісін мемлекеттік реттеу
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асыратын мұрағат iсiн мемлекеттік реттеу мәселелерiне:
1) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, басқа да мұрағат құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік мұрағаттардың толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларын бекіту;
2) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту;
3) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін олардың сақталу мерзімдерін көрсете отырып бекіту;
4) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларын бекіту;
5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.
2. Уәкілетті орган жүзеге асыратын мұрағат ісін мемлекеттік реттеу мәселелеріне:
1) мұрағат ісі мен құжат жасауда бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын басып шығару қағидаларын бекіту;
3) Орталық сараптау-тексеру комиссиясы және орталық мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік мұрағаттардың сараптау-тексеру комиссиялары туралы ережелерді бекіту;
4) Қазақстан Республикасында мұрағат ісін дамыту және құжаттама жүргізу бағдарламаларының жобаларын әзірлеу және оларды іске асыру;
5) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексеру жоспарларын әзірлеу және бекіту;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын мұрағат анықтамаларына және мұрағат құжаттарының көшiрмелерiне апостиль қою;
7) Ұлттық мұрағат қорының құжаттары бойынша ақпараттық желі және деректер қорын құру;
8) мемлекеттік мұрағаттардың қызметі үшін оңтайлы жағдайлар жасау;
9) автоматтандырылған мұрағаттық технологиялар әзiрлеу мен енгізуді ұйымдастыру;
10) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын басып шығаруды ұйымдастыру, сондай-ақ құжаттарды мемлекеттiң, қоғамның және азаматтардың сұрауларын қанағаттандыру үшiн пайдалану;
11) Ұлттық мұрағат қорын және Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын қалыптастыру мен олардың жұмыс істеуі, Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету;
12) республикалық меншіктегі тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау және пайдалану;
13) Қазақстан Республикасының тарихы жөніндегі шет елдердегi мұрағат құжаттарын жинау мен оларды елге қайтару;
14) мұрағаттану, құжаттану және қосымша тарихи пәндер саласындағы ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік қызметті дамыту, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін пайдалану;
15) мұрағат ісін басқару және жүргізу органдарының қызметіне әдістемелік басшылық жасау және оны үйлестіру;
16) іс жүргізу мәселелеріне салааралық ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасау және іс жүргізудің жай-күйі мен құжаттардың сақталуын бақылау;
17) осы Заңның, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысынан мұрағат ісі саласындағы бақылау;
18) мұрағат iсi жөніндегі халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының өкiлдiгін қамтамасыз ету;
19) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асыратын қатынастарды мемлекеттік реттеу және мұрағат iсiн басқару мәселелерiне:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында мұрағат iсiнде және құжат жасауда бiрыңғай мемлекеттік саясатты iске асыру;
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік мұрағаттарының сақтауына қабылданған Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастыру;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік мұрағаттарында сақталатын Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүргiзу және олардың сақталуын қамтамасыз ету;
4) коммуналдық меншiктегi тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау мен пайдалану;
5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында мұрағат iсiн дамыту және құжаттама жүргiзудiң өңірлік мемлекеттік бағдарламаларын iске асыру;
6) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;
7) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік мұрағаттарында сақталатын Ұлттық мұрағат қорының құжаттары бойынша деректер қорын қалыптастыру;
8) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында орналасқан, Ұлттық мұрағат қорын толықтыру көздері болып табылатын ұйымдарда iс жүргiзудiң жай-күйiне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасау және бақылау жасау;
9) жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын орындауды ұйымдастыру;
10) сараптау-тексеру комиссиясы туралы ереженi бекіту;
11) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшiн пайдалану;
12) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тарихы бойынша мұрағат құжаттарын жинау және қайтару;
13) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.».
41. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат):
1) 14-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі, 15-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі, 16-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «қару айналымын бақылау саласындағы уәкiлеттi орган белгілейді», «қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкiлеттi орган», «қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкiлеттi орган белгілеген» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды», «Қазақстан Республикасының Үкіметі», «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 28-бапта:
тақырыбындағы «өкілеттігі» деген сөз «құзыреті» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
3) 29-бапта:
тақырыбындағы «өкілеттігі» деген сөз «құзыреті» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
42. «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат; № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 6, 49-құжат):
1) 1-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) карантинге жатқызылған өнiм (карантинге жатқызылған жүктер, карантинге жатқызылған материалдар, карантинге жатқызылған тауарлар) (бұдан әрі - карантинге жатқызылған өнiм) - карантиндi объектiлердi (карантинді зиянды организмдерді) тасығыштар болуы және (немесе) олардың таралуына әсер етуі мүмкін, карантинге жатқызылған өнiм тізбесіне енгізілген және оларға қатысты карантиндік шаралар қабылдау қажет болатын өсімдіктер, өсімдіктен алынатын өнім, ыдыс, орам, жүктер, топырақ, организмдер немесе материалдар;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) карантинге жатқызылған өнiмнің тізбесі - өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын карантинге жатқызылған өнiмнің тізбесі;»;
2) 6-1-бап мынадай мазмұндағы 8), 9), 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) карантиндi объектiлермен залалданған, залалсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнiмдi алып қою және жою жөніндегі қағидаларды бекiтедi;
9) әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге қойылатын фитосанитариялық талаптарды бекітеді;
10) карантинге жатқызылған өнімнің тізбесін бекітеді;
11) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
3) 7-баптың 1-тармағында:
6) тармақшадағы «бекiтедi» деген сөз «әзірлейдi» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге қойылатын фитосанитариялық талаптарды әзірлейді;
6-2) карантинге жатқызылған өнімнің тізбесін әзірлейді;»;
7) тармақшадағы «бекiтедi» деген сөздің алдынан «әзірлейдi және» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 31) тармақшамен толықтырылсын:
«31) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
4) 8-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау объектілеріне баруға және оларда Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуы тұрғысынан зерттеп-қарауды жүргізуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алуға;»;
5) 9-1-бап мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
43. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 4, 102-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 6, 41-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 128-құжаттар; 2010 ж. № 3-4, 11-құжат; № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат):
1) 5-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.»;
2) 7-бапта:
тақырыбындағы «өкілеттігі» деген сөз «құзыреті» деген сөзбен ауыстырылсын;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
3) 8-бапта:
тақырыбындағы «өкілеттігі» деген сөз «құзыреті» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
4) 9-бапта:
тақырыбындағы «өкілеттігі» деген сөз «құзыреті» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.».
44. «Демпингке қарсы шаралар туралы» 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 19, 654-құжат; 2006 ж., № 1, 3-құжат; № 3, 22-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат):
6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкiлеттi орган өзiне осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде берiлетiн өкiлеттiктер шеңберiнде iс-қимыл жасайды.».
45. «Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 649-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 15-16, 71-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат):
7-бапта:
1 және 3-тармақтар «қатысады», «қамтамасыз етеді» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады» деген сөздермен толықтырылсын;
2, 4 және 5-тармақтар «қатысады», «жүзеге асырады» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады» деген сөздермен толықтырылсын.
46. «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 655-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 24, 129-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат):
3-1-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.».
47. «Қазақстан Республикасының патент заңы» туралы 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 718-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат):
4-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.».
48. «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 720-құжат; 2004 ж., № 5, 27-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат):
1) 1-баптың 22) тармақшасындағы «уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен» деген сөздер алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:
«3-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) этил спиртін өндірудің технологиялық желілерін спирт өлшейтін аппараттармен, алкоголь өнімін (шарап материалдарынан және сырадан басқа) өндіруді - уәкілетті органға нақты уақыт режимінде өндіру көлемі туралы деректерді автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін есептеуші бақылау аспаптарымен жарақтау жөніндегі талаптарды, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін және этил спирті мен алкоголь өнімінің есепке алынуын жүзеге асыруды бақылау тәртібін бекітеді;
2) этил спиртін және алкоголь өнімін өндірудің паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін бекітеді;
3) этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету тәртібін бекітеді;
4) этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын бекітеді;
5) этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларын бекітеді;
6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
3) 4-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде және өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында:
1) өзге де мемлекеттік органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердiң жеке және заңды тұлғаларының арасынан консультанттар мен сарапшыларды тартады;
2) дәм айыру комиссиясы туралы ереженi, дәм айыру қағидаларын бекiтедi;
3) осы Заңның 5-бабына сәйкес алкоголь өнiмiн белгiлi бiр түрге жатқызады;
4) этил спиртін өндірудің технологиялық желілерін спирт өлшейтін аппараттармен, алкоголь өнімін (шарап материалдарынан және сырадан басқа) өндіруді - уәкілетті органға нақты уақыт режимінде өндіру көлемі туралы деректерді автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін есептеуші бақылау аспаптарымен жарақтау жөніндегі талаптарды, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін және этил спирті мен алкоголь өнімінің есепке алынуын жүзеге асыруды бақылау тәртібін әзірлейді;
5) этил спиртін және алкоголь өнімін өндірудің паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін әзірлейді;
6) этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету тәртібін әзірлейді;
7) этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын әзірлейді;
8) этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларын әзірлейді;
9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
4) 11-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы және 12-1-баптағы «уәкiлеттi орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын.
49. «Субсидиялар және өтем шаралары туралы» 1999 жылғы 16 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 20, 732-құжат; 2006 ж., № 1, 3-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат):
6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкiлеттi орган өзiне осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде берiлетiн өкiлеттiктер шеңберiнде iс-қимыл жасайды.».
50. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
1) 4-2-бап мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
2) 4-3-бап мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3) 4-4-бап мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
51-тармақ алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді
51. «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 773-құжат; 2001 ж., № 13-14, 170-құжат; 2003 ж., № 4, 24-құжат; № 18, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 61-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат):
1) 5-баптың 1-тармағында:
бірінші абзацтағы «мынадай өкiлеттiктер жүктеледi» деген сөздер «мыналар» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 10-2) тармақшамен толықтырылсын:
«10-2) мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту тәртібін айқындау;»;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жүктеледi.»;
2) 9-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі «Мемлекеттік» деген сөзден кейін «әкімшілік» деген сөзбен толықтырылсын.
52. «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 21, 776-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат):
3-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.».
53. «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1065-құжат; 2003 ж., № 15, 129-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 77-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):