1) 1-баптың 1-тармағының 20), 21) және 23) тармақшаларындағы «денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеуді:
1) Қазақстан Республикасының Президенті;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
3) уәкілетті орган;
4) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген құзыреті шегінде өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.»;
3) 6-бапта:
2) тармақша «актілерді» деген сөзден кейін «, санитариялық қағидаларды, гигиеналық нормативтерді» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 27-2) тармақшамен толықтырылсын:
«27-2) медициналық көмек көрсету тәртібін бекітеді;»;
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«28) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
4) 7-баптың 1-тармағында:
4) тармақша алып тасталсын;
5) тармақшадағы «, гигиеналық нормативтерді, нормативтік құжаттарды» деген сөздер алып тасталсын;
71) тармақшадағы «бекіту жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.» деген сөздер «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 72) тармақшамен толықтырылсын:
«72) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу және бекіту жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.»;
5) 9-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
«19) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
6) 14-баптың 4-тармағындағы, 21-баптың 7-тармағының 20) тармақшасындағы, 40-баптың 2-тармағындағы,42-баптың 3-тармағындағы, 43-баптың 2-тармағындағы, 45-баптың 4-тармағындағы, 46-баптың 2-тармағындағы, 47-баптың 3-тармағындағы, 48-баптың 2-тармағындағы, 49-баптың 3-тармағындағы, 50-баптың 2-тармағындағы, 52-баптың 4-тармағындағы, 53-баптың 3-тармағындағы, 55-баптың 2-тармағындағы, 56-баптың 2-тармағының үшінші бөлігіндегі және 3-тармағындағы, 58-баптың 5-тармағындағы, 59-баптың 2-тармағындағы, 67-баптың 3-тармағындағы, 68-баптағы, 69-баптың 3-тармағындағы және 5-тармағының екінші бөлігіндегі, 75-баптың 1 және 2-тармақтарындағы, 78-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі, 79-баптағы, 84-баптың 2-тармағындағы, 115-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы, 155-баптың 4 және 10-тармақтарындағы, 156-баптың 3-тармағындағы «уәкілетті орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 80 және 81-баптардың 1-тармақтарындағы «уәкiлеттi орган белгiлеген» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 88-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігіндегі «уәкiлеттi орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 144-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерді қоспағанда, санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттарын әзірлеу мен бекітудің тәртібін уәкілетті орган бекітеді.»;
10) 159-бапта:
2-тармақтың 8) тармақшасындағы «уәкiлеттi орган белгiлейді» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «уәкiлеттi орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген талаптарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы «уәкiлеттi орган белгiлеген» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақта:
бірінші абзацтағы «уәкiлеттi орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 10) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап он сегіз ай өткеннен кейін қолданысқа енгізілді
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) сурет (пиктограмма, графика) және жазулар түрiнде орындалуға тиіс.».
10. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы алпыс сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«60-1-бап. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы»;
10-тармақтың 2) тармақшасы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді
2) 60-баптағы «Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында» деген сөздер «(немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) мынадай мазмұндағы 60-1-баппен толықтырылсын:
«60-1-бап. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы
Кеден органдарының арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларымен өзара қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының халықаралық шартында және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен белгiленедi.»;
4) 234-баптың 3-тармағының төртінші бөлігі алып тасталсын;
10-тармақтың 5) тармақшасы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді
5) 306-баптың 2-тармағы «шарттарында» деген сөзден кейін «және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 352-баптың 10-тармағы алып тасталсын.
11. «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» 1992 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 4, 84-құжат; 1995 ж., № 20, 120, 121-құжаттар; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат):
1) 6-1-бап мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
2) 6-2-бап мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
12. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Ішкі әскерлері туралы» 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 290-құжат; № 24, 592-құжат; 1993 ж., 8, 179-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 20, 257-құжат; № 24, 336-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 155-құжат; 2007 ж., № 15, 107-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат):
1) 7-бап мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
2) 8-бап мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
3) 9-бап мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
4) 11-бап мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
13. «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 15, 363-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат):
1) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау, сақтау және пайдалану саласындағы лауазымды адамдар және мемлекеттік басқару органдарының жүйесі Қазақстан Республикасындағы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау, сақтау және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқаруды:
1) Қазақстан Республикасының Президенті;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
3) уәкiлеттi орган;
4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.»;
2) 17-бапта:
1) тармақшадағы «айқындайды» деген сөз «әзірлейді» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындаудың тәртібін және пайдалану режимін бекітеді;
10) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
3) 18-бапта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
екінші бөлік мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
4) 19-бапта:
13) тармақшадағы «бекітеді» деген сөз «әзірлейді» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
14. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 1993 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 1, 1-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 24, 180-құжат; 2009 ж., № 18, 86-құжат):
1) 23-бап мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
2) 24-бапта:
тақырыбындағы «өкiлеттiктерi» деген сөз «құзыреті» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыруды және оларға жеке куәлiк пен паспорт берудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы азаматтарының ұрлатқан, жоғалтқан жеке куәлiктерi мен паспорттары бойынша деректер қорын қалыптастырады және олар туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне хабарлайды, сондай-ақ осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды орындайды.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Көлiк саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды, Қазақстан Республикасы көлiк кешенiнiң қызметiн үйлестiру мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiндегi бақылаушы органдарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiнде жәрдемдеседi, сондай-ақ осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды орындайды.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
15. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 23-24, 507-құжат; 1995 ж., № 23, 146-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 18, 111-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 8, 44-құжат):
1) 9-бап мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.»;
2) 10-бапта:
тақырыбындағы «өкілеттіктері» деген сөз «құзыреті» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
3) 11-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті өкілді және атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
4) 12-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті өкілді және атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
5) 13-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті өкілді және атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
16. «Жеке тұрғын үй құрылысы туралы» 1994 жылғы 3 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 20, 248-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 209-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
16-баптың бірінші бөлігіндегі «үйлерді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiленген тәртiппен республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары тағайындайтын қабылдау комиссиясы пайдалануға қабылдайды» деген сөздер «үйлер «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес пайдалануға қабылданады» деген сөздермен ауыстырылсын.
17. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат):
1) 8-бапта:
тақырыбындағы «функциясы, өкiлеттiгi және құқықтары» деген сөздер «функциялары мен өкілеттіктері» деген сөздермен ауыстырылсын;
ф) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«ф) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар мен өкiлеттiктерді жүзеге асырады.»;
2) 56-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкi осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес валюталық реттеу мен валюталық бақылау саласындағы өзге де функцияларды орындауға құқылы.»;
3) 62-бапта:
тақырыбындағы «негізгі» деген сөз алып тасталсын;
екінші бөліктің 4) тармақшасындағы «алуға өкiлеттi.» деген сөздер «алуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген функцияларды жүзеге асыруға өкілетті.».
18. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат):
5-бап мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
19. «Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат):
1) 4-баптың төртінші бөлігінде:
«үлгілік ұйымдық құрылымы мен штат санын» деген сөздер «штат саны лимитін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«үкіметі» деген сөз «Үкіметі» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 4-5-баппен толықтырылсын:
«4-5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету тәртібін белгілейді;
2) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алу, сақтап қою, сақтау және алып жүру, есепке алу, тасымалдау, әкелу, әкету тәртібін белгілейді;
3) азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды пайдалану арқылы жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету тәртібін белгілейді;
4) есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында объектiлердi және үй-жайларды пайдалану тәртібін белгілейді;
5) атыс тирлерi (атыс орындары) мен стендтерiн, штемпель-граверлiк кәсiпорындарды ашу және олардың жұмыс істеу тәртібін белгілейді;
6) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытындылар беру тәртібін белгілейді;
7) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
3) 5-1-бапта:
1-тармақтың 40) тармақшасындағы, 2-тармақтың 26) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздер «осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында» деген сөздермен, «өкiлеттiктердi» деген сөз «функцияларды» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
4) 11-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 33-5) тармақшамен толықтырылсын:
«33-5) жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алу, сақтап қою, сақтау және алып жүру, есепке алу, тасымалдау, әкелу, әкету;
азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды пайдалану арқылы жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету;
есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында объектiлердi және үй-жайларды пайдалану;
атыс тирлерi (атыс орындары) мен стендтерiн, штемпель-граверлiк кәсiпорындарды ашу және олардың жұмыс істеуі;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытындылар беру қағидаларын әзірлеуге;».
20. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар):
1) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ұлттық қауiпсiздiк органдарына осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен өзге де мiндеттер жүктелуi мүмкiн.»;