2) 12-баптың 22) тармақшасындағы «ұсынуға міндетті.» деген сөздер «ұсынуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
«23) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыруға міндетті.»;
3) 13-бап мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
«23) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.».
21. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 18, 143-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат):
5-3-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.».
22. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 11-12, 263-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 145-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; 2004 ж., № 11-12, 67-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат):
1) 10-бап мынадай мазмұндағы он тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
2) 11-бап мынадай мазмұндағы жиырма үшінші абзацпен толықтырылсын:
«осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3) 12-бап мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
«осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
4) 13-бапта:
екінші бөлік мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;»;
үшінші бөлік мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
23. «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 273-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 13-14, 54-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 2, 25-құжат):
1) 6-бапта:
тақырыбындағы «өкілеттігі» деген сөз «құзыреті» деген сөзбен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы «қарауына» деген сөз «құзыретіне» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы он үшінші және он төртінші абзацтармен толықтырылсын:
«көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау қағидаларын бекіту;
өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау;»;
2) 7-бапта:
тақырыбындағы «өкілеттіктері» деген сөз «құзыреті» деген сөзбен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы «өкiлеттiктерiне» деген сөз «құзыретіне» деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы «тәртібін белгілеу» деген сөздер «қағидаларын әзірлеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы он төртінші абзацпен толықтырылсын:
«осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.»;
3) 8-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.».
24. «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 20, 728-құжат; № 23, 931-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; № 24, 177-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 13, 67-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар):
1) 1-баптың 13) тармақшасы «Қазақстан Республикасы заңдарының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 5-бапта:
мынадай мазмұндағы он сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекітеді;»;
жиырмасыншы абзацтағы «өкілеттіктерді» деген сөз «функцияларды» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 6-бапта:
2) тармақшадағы «бекiтедi және келiседi» деген сөздер «әзірлейді» деген сөзбен ауыстырылсын;
14) тармақша алып тасталсын;
4) 7-баптың тақырыбындағы «өкілеттіктері» деген сөз «құзыреті» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 9-5-баптың 4-тармағының бірінші абзацы, 3) және 4) тармақшалары «Қазақстан Республикасының заңдары», «Қазақстан Республикасы заңдарының» деген сөздерден кейін тиісінше «, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары», «, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының» деген сөздермен толықтырылсын.
25. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 9-құжаттар; № 5, 43-құжат):
1) 10-1-бап мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру тәртібін белгілейді;
7) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
2) 10-2-бапта:
24-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 31) тармақшамен толықтырылсын:
«31) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
26. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат):
1) 10-1-бап мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
2) 10-2-бап мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3) 10-3-бапта:
тақырыбындағы «(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдары:
1) тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту бағдарламаларын бекiтедi;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
27. «Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 9, 93-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат):
1) 18-бап мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
2) 19-бап мынадай мазмұндағы он тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3) 20-бап мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
4) 21-бап мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
«осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
5) 22-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
28. «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 17-18, 108-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат):
1) 7-бапта:
тақырыбындағы «өкiлеттiгi» деген сөз «құзыреті» деген сөзбен ауыстырылсын;
25) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының» деген сөздер «өзіне Қазақстан Республикасының» деген сөздермен, «көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады» деген сөздер «жүктелген өзге де функцияларды орындайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 7-1-баптың 10) тармақшасы және 8-баптың 9) тармақшасы «және» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасы» деген сөздермен толықтырылсын.
29. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 140-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 6, 49-құжат):
24-баптың 1-тармағындағы «табыс етудiң тәртібін халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен келiсiм бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган» деген сөздер «жасаудың тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын.
30. «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» 1997 жылғы 11 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 202-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
1) 25-бап мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
2) 25-2-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3) 25-3-бап мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
31. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат):
32-бап мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
«17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
32. «Халықтың көші-қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 341-құжат; 2001 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 285-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 6, 76-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 23, 117-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат):
29-3-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруды;»;
2) тармақшаның бесінші абзацындағы «жасауды қамтамасыз етеді.» деген сөздер «жасауды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.».
33. «Энергия үнемдеу туралы» 1997 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 343-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
1) 6-бап мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
2) 7-бап мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
«осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3) 8-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
34. «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 17-18, 73-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 86-құжат; № 13, 100-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 13-14, 55-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 22, 94-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 7, 54-құжат):
15-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі алып тасталсын.
35. «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 48-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар):
1) 5-бапта:
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) иондаушы сәулелендiру әсерiне байланысты аурулардың тiзбесiн және себептiк байланысын анықтау тәртібін айқындайды;
2) радиациялық қауіпсіздік саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді;
3) атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;
4) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
1-2-тармақ алып тасталсын;
2-тармақта:
бесінші абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
2) 6-бапта:
тақырыбындағы «өкілеттігі» деген сөз «құзыреті» деген сөзбен ауыстырылсын;
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «өкілеттігіне» деген сөз «құзыретіне» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.»;
екінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «өкілеттігіне» деген сөз «құзыретіне» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.».
36. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
1) 7-баптың 3) және 7-3) тармақшаларындағы «уәкiлеттi орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 14-баптың 1-тармағының 21) тармақшасындағы «беруге құқылы.» деген сөздер «беруге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:
«22) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.»;
3) 14-1-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «хабардар етуге міндетті.» деген сөздер «хабардар етуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.»;
4) 18-4-бапта:
3-тармақта:
бірінші бөліктегі «уәкілетті орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «талап» деген сөз «тәртіп» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «уәкiлеттi орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын.
37. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 220-құжат; 2001 ж., № 23, 318-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
1) 10-бапта:
бірінші абзацтағы «функцияларды» деген сөз «өкілеттіктерді» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
«20) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
2) 10-1-бап мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
38. «Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 221-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2002 ж., № 10, 106-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 5-6, 30-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
5-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымын мемлекеттік реттеу және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті мемлекеттік орган тиiстi мемлекеттік органдармен келiсім бойынша әзірлеген есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл саласына қатысушы заңды тұлғалар қызметiнiң тәртібін регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi.»;