2) мемлекеттік нотариат кеңселерiнiң қызметiне басшылық жасау, жеке нотариаттың дамуына жәрдемдесу, жасалған нотариаттық әрекеттердiң заңдылығы мен мемлекеттік және жеке нотариустардың iс жүргiзу ережелерiн сақтауын бақылау;
2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау;
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) азаматтық хал актілерін тiркеу органдарының қызметiн қамтамасыз ету;
5) орталық атқарушы органдардың заң қызметiнiң жұмысын үйлестiру және оған әдiстемелiк басшылық жасау, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi аппараттарының заң қызметтерiмен өзара iс-қимыл жасау;
6) нотариат кеңселерiнiң, азаматтық хал актілерін тiркеу органдарының, адвокатураның жеке және заңды тұлғаларға көрсететiн заң қызметiнiң сапасын бақылау;
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) азаматтық хал актілерін жазу органдарының кадрларын аттестаттау, iрiктеу және орналастыру, осы органдарға ұйымдастырушылық, әдiстемелiк басшылық жасау, олардың қызметiнде бiрыңғай құқық қолдану iс-тәжiрибесiн қамтамасыз ету;
8) әдiлет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.
2. Әдiлет органдары құқықтық насихат саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) құқықтық насихатты ұйымдастыруды ведомствоаралық үйлестiру, заңдарға түсiндiрме беруге қатысу;
2) эталондық заң актілерін және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, ақпараттық және анықтамалық-әдiстемелiк материалдарды шарт негiзiнде, оның iшiнде құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесiн пайдалана отырып беру;
3) заң әдебиетi, құқықтық насихат проблемалары жөніндегі әдебиет тапсырысшысы.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 20-бап өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
20-бап. Әдiлет органдарының қылмыстық-атқару қызметi саласындағы функциялары
Қылмыстық-атқару қызметi саласында әдiлет органдары мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) соттардың сотталғандарға қатысты үкiмдерiн, қаулылары мен ұйғарымдарын орындау, қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде жазаны өтеудiң заңнамада белгiленген тәртібі мен шарттарының сақталуын қамтамасыз ету;
2) сезiктiлер мен айыпталушыларды қарап-ұстау;
3) соттардың үкiмдерiне, қаулылары мен ұйғарымдарына сәйкес сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiне орналастыруды ұйымдастыру;
4) сотталғандарға түзеу ықпалын, соның iшiнде психологиялық-педагогикалық әдiстердi қолдану арқылы жүзеге асыруды ұйымдастыру;
5) сотталғандардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру;
2008.24.06 № 46-IV ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6) қылмыстық-атқару жүйесінің органдарын, сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуіне арналған түзеу мекемелерін, түрмелерді және тергеу изоляторларын күзету;
2008.24.06 № 46-IV ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен мекемелеріндегі шұғыл жағдайды бақылау, қызметкерлердің, күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, айдап апару;
7) сотталғандарды босатуға дайындау жөніндегі жұмыстың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету, рақымшылық және кешiрiм жасау актілерін атқару, қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының сотталғандардың түзелу нәтижелерiн нығайту, оларды еңбекке орналастыру және тұрмыстық жайластыру жөнiнде басқа да құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету;
8) жедел-iздестiру қызметiн және анықтауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
9) сотталғандардың жалпы білім алуы мен кәсiби оқуын ұйымдастыру;
10) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын және денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету;
11) қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу мен оңалтуды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
12) қылмыстық-атқару жүйесiн дамыту, нығайту мен жетiлдiру бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру;
13) қоғамдық және дiни бiрлестiктердi қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiне тарту;
14) қызметкерлердiң кәсiби даярлығын, құқықтық және әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз ету;
15) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қылмыстық-атқару қызметi саласындағы ғылыми зерттеулерiн үйлестiру.
21-бап. Әдiлет органдарының санаткерлiк меншiк құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы функциялары
Әдiлет органдары санаткерлiк меншiк құқықтарын қамтамасыз ету саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) санаткерлiк меншiктi қорғау саласындағы заңдардың қолданылу практикасын қорыту, сондай-ақ осы саладағы заңдарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
2) санаткерлiк меншiк объектiлерiн құқықтық қорғау және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен басқа да жұмыстарды ұйымдастыруды және жүргiзудi қамтамасыз ету;
3) санаткерлiк меншiк объектiлерiн қорғау және пайдалану мәселелерi жөніндегі халықаралық ынтымақтастық;
4) туындыларды пайдаланушылардың авторлық құқық пен сабақтас құқықтар нормаларын сақтауына және авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды қорғау саласындағы халықаралық шарттардың орындалуына байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу;
5) мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқарушы ұйымдардың қызметiн бақылау;
6) ресми тiзiлiмдерде авторлық құқықты тiркеу;
Авторлық құқық және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты қараңыз
7) мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқарушы ұйымдардың және туындылар мен сабақтас құқық объектiлерiн пайдаланудың тиiстi әдiстерiн пайдаланушылардың арасында жасалған лицензиялық шарттарды тiркеу, мемлекеттік тiркеу куәлiктерiн беру;
8) туындыларды пайдалану құқықтарының импорты мен экспортын ұйымдастыруға жәрдемдесу;
9) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне, селекциялық жетiстiктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына қорғау құжаттарын беруге түскен өтiнiмдердiң тiркелуiн қамтамасыз ету;
10) қорғау құжаттарын беруге түскен өтiнiмдерге сараптама жүргiзудi ұйымдастыру, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнiң, селекциялық жетiстiктердiң, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзу, қорғау құжаттарын беру және оларды күшiнде ұстау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
11) патенттiк iс саласындағы сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдардың қызметiн бақылау;
12) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн, селекциялық жетiстiктердi, интегралдық микросхемалар топологияларын пайдалануға арналған лицензиялық шарттардың, ашық лицензиялардың және қорғау құжаттарын басқаға беру шарттарының тiркелуiн қамтамасыз ету;
13) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2009.10.07 № 179-ІV ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды
14) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу.
2010.28.12. № 368-IV ҚР Заңымен 21-1-баппен толықтырылды
21-1-бап. Әділет органдарының атқарушылық құжаттардың орындалуын, республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету саласындағы функциялары
Әділет органдары атқарушылық құжаттардың орындалуын, республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету саласында мынадай:
1) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету (ұйымдастырушылық, әдістемелік қамтамасыз ету, бақылау, атқарушылық іс жүргізу бойынша шағымдар мен өзге де өтініштерді қарау, борышкерлердің тыйым салынған мүлкімен жұмыс);
2) жеке сот орындаушылары мен олардың алқаларының қызметін ұйымдастыру (біліктілік, тәртіптік комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, конкурс өткізу, жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялау, лицензиядан кейінгі бақылау, олардың қызметін бақылау, жеке сот орындаушыларының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар мен өзге де өтініштерді қарау);
3) атқарушылық құжаттарды орындау саласында шет мемлекеттердің атқарушылық іс жүргізу қызметтерімен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық;
4) жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті (тәркіленген мүлікті) есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру функцияларын жүзеге асырады.
22-бап. 2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 22-1-баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 22-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22-1-бап. Авторлық құқық пен сабақтас құқықтар, өнеркәсіптік меншік, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхемалар топологиясы объектілерінің пайдаланылуына мемлекеттік бақылау
1. Авторлық құқық пен сабақтас құқықтар, өнеркәсіптік меншік, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхемалар топологиясы объектілерінің пайдаланылуына мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2010.20.01. № 239-ІV ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
23-бап. Әдiлет органдарының өзге де функциялары
1. Әдiлет органдары 15-22-баптарда тiзбеленген функциялардан басқа мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) адам мен азаматтың, ұйымдар мен мемлекеттiң құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн сақтау және қорғау;
2) өздерiне басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдар берген, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердiң, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтердiң қорғалуын қамтамасыз ету;
3) әдiлет органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдау, қарау және қабылданған шешiмдер туралы өтiнiш жасаушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен мерзiмде хабарлау;
4) өз қызметi саласында Қазақстан Республикасы заңдарын қолданылу практикасын талдау және қорыту және оларды жетiлдiру, Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнiнде тиiстi ұсыныстар енгізу;
5) стратегиялар мен бағдарламалардың iске асырылуын қамтамасыз eту;
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
6) қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен мекемелерiнде заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету;
7) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдарға ғылыми-әдiстемелiк және құқықтық көмек көрсету;
7-1) халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметінің мәселелері бойынша әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру және құқықтық көмек көрсету;
8) зияткерлiк меншiк саласында Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуы тұрғысында жеке және заңды тұлғаларды тексерудi жүзеге асыру.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялау саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы бойынша нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен жариялауды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметін тексеруді жүзеге асыру.
2. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда әдiлет органдары сыйақы мөлшерi мен оны төлеу шарттарын белгiлейдi.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
3. Қылмыстық-атқару жүйесінің мемлекеттік мекемелері негізгі қызметіне жатпайтын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді іске асырады.
Қылмыстық-атқару жүйесі мемлекеттік мекемелерінің негізгі қызметіне жатпайтын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесіне соларда ұсталатын күдіктілердің, айыпталушылардың, сотталғандардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ұйымдастыру кезінде азық-түлік өнімдерін, алғашқы қажеттілік заттарын, киім-кешек, аяқ киім, газеттер, журналдар, әдебиет, дәрі-дәрмектер және қосымша емдік-профилактикалық көмек көрсету үшін медициналық мақсаттағы өзге де құралдарды қосымша сатып алуға, ұзақ мерзімді кездесулер ұсынуға және қосымша емдеу-профилактикалық қызмет пен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өзге де қызметтер көрсетуге, сондай-ақ күдіктілер мен айыпталушылар үшін қосымша ақылы тұрмыстық қызметтер жасауды ұсынатын жұмыс пен көрсетілетін қызметтер жатады.
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-бап. Әдiлет органдары мен олардың лауазымды адамдарының құқықтары
Әдiлет органдары мен олардың лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде:
1) орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар мiндеттi түрде орындауға тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға;
2) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ведомствоаралық үйлестiру мен бақылауды жүзеге асыруға;
3) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі қажетті ақпаратты және материалдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;
4) орталық мемлекеттік органдарда, сондай-ақ мәслихаттар мен әкiмияттарда мемлекеттік тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық актiлердi тексерудi жүзеге асыруға;
5) Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 56-бабында белгiленген тәртiппен азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн, сондай-ақ қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделердi қорғау үшiн сотқа талап қойып жүгiнуге;
6) өздерiне берiлген мүлiктi басқаруды жүзеге асыруға;
7) лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық талаптарды сақтауы жөніндегі қызметiне бақылауды жүзеге асыруға;
8) бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi бойынша ұсыныстар енгізуге;
2007.11.01. № 218-III ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетуге;
9) баспа қызметiн жүзеге асыруға;
10) 2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
11) 2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 12) тармақша өзгерді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
12) заңда белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасап, iстердi қарауға, өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк жазалар қолдануға;
13) 2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
14) Қазақстан Республикасының заң актілерiмен берiлген өзге де өкілеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 24-1 баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді); 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) тақырыбы өзгертілді
24-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерi:
1) сотталғанның жеке басының өзіндiк-психологиялық ерекшелiктерiне зерттеу жүргiзуге және түзеу ықпалын, соның iшiнде психологиялық-педагогикалық әдiстер қолданып жасауға;
2) сотталғандарды түзеу мекемелерiнiң кәсiпорындарында немесе басқа да ұйымдарда, еңбекке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еңбекке ақы төленбейтiн жұмыстарға тартуға;
3) режимдiк талаптар белгiленген мекемелер аумағында және оған iргелес аумақтарда тұратын адамдарға, олардың заттарына, көлiк құралдарына тексеру жүргiзуге, азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеруге, сондай-ақ тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасына белгiленетiн тыйым салынған заттар мен құжаттарды алып қоюға;
4) көлiк қозғалысын уақытша шектеуге немесе тоқтатуға, ерекше жағдайлар режимiн енгізу кезiнде азаматтарды мекеме аумағына, сондай-ақ оған iргелес аумаққа жiбермеуге немесе онда қалуға не ол жерден кетуге мiндеттеуге;
5) қылмыстық-атқару инспекциясының есебiнде тұрған адамдардың жұмыс орны мен оқу орны бойынша оларға байқау мен бақылау жасау мақсатында олар тұратын тұрғын үй-жайларға, оларға тиесiлi жер учаскелерiне, кез келген меншiк нысанындағы кәсiпорындар мен ұйымдардың өндiрiстiк және өзге де үй-жайларына кiруге;
6) есепте тұрған адамдарды қылмыстық-атқару инспекциясына алып келудi жүзеге асыруға;
7) қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiн жария ету және бас бостандығынан айыру орындарынан, тұтқыннан немесе қамаудан қашып шыққан адамдарды iздестiру үшiн бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға;
8) қылмыстық-атқару қызметiне байланысты мәселелердi шешу үшiн соттарға, прокуратураға және өзге де органдар мен ұйымдарға өтiнiш жасауға құқылы.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерi өз құзыретi шегiнде:
1) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдар мен олардың аумағында, сондай-ақ оған iргелес аумақта тұратын азаматтардың мiнез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға;
2) қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде ұсталатын адамдардан Қазақстан Республикасының заңдарында және сот үкімінде оларға жүктелген мiндеттердi орындауын талап етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдарды тiркеудi, сондай-ақ оларды дактилоскопиялауды, суретке түсiрудi, олардың бейне түсiрiлiмiн, дыбыс жазбасын жүзеге асыруға;
4) жүргiзiлетiн тәрбиелеу iс-шараларына сотталғандарды мiндеттi түрде қатыстыруға;
5) алкогольдi ішімдiктердi, уытты, есiрткi және өзге де психотроптық құралдарды пайдалану фактілерін анықтау мақсатында қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес куәландыру жүргiзуге;
6) әкiмшiлiк немесе қылмыстық заңнаманың күшi қолданылуға жататын iс-әрекет жасаған адамдарды қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемесiне iргелес аумақта ұстауға және iшкi icтep органдарына апаруға, олардың жеке басына тексеру жүргiзуге;
7) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға;
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
8) қылмыстық-атқару жүйесінде төтенше оқиға жағдайларына қызметтік тексерiс жүргiзуге, олардың себептерiн анықтауға және талдауға, мұндай жағдайларды болғызбау жөнiнде шаралар қолдануға;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен анықтауды жүзеге асыруға мiндеттi.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 24-2-баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 24-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24-2-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялау саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялау саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
4-тарау. Әділет органдарының кадрлары және олардың құқықтық жағдайы
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
25-бап. Әдiлет органдарының кадрлары
Әдiлет органдарының кадрларын әдiлет органдарының мемлекеттік қызметшiлерi болып табылатын қызметкерлерi, қылмыстық-атқару жүйесінің осы Заңға сәйкес өзге құқықтық мәртебесi бар қызметкерлерi, сондай-ақ еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттелетiн өзге де адамдар құрайды.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 25-1 баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді)
25-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң персоналы
Қылмыстық-атқару жүйесiнiң персоналын:
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) қылмыстық-атқару жүйесінің белгіленген тәртiппен арнаулы атақ берiлген қызметкерлерi;
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілер;
3) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiмен және органдарымен еңбек қатынастарында тұратын қылмыстық атқару жүйесiнiң қызметкерлерi құрайды.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 25-2 баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді); 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.10.12 № 228-ІV ҚР Заңымен 25-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
25-2-бап. Қылмыстық атқару жүйесіне қызметке қабылдау
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қылмыстық-атқару жүйесіне қызметке жасы он сегiзден кем емес, өзiнiң жеке, моральдық, iскерлiк, кәсiби қасиеттерi, денсаулығы мен дене бiтiмi, білім деңгейi бойынша өзiне жүктелген лауазымдық мiндеттердi атқаруға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
Қылмыстық-атқару жүйесіне қызметке кіру азаматтар міндетті арнайы тексеруден өткен жағдайда жүзеге асырылады.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң білім беру ұйымдарына оқуға орта білімi бар, денсаулық жағдайы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет өткеруге жарамды адамдар қабылданады. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң білім беру ұйымдарының күндiзгi бөлiмдеріндегі оқу уақыты әскери қызмет өткеруге теңестiрiледi. Бұл ретте қылмыстық-атқару жүйесiнiң білім беру ұйымдарына оқуға түскен адамдармен келісім-шарт жасалады, онда білім беру ұйымын бiтiргеннен кейiн қылмыстық-атқару жүйесінде қызметті одан әрi өткеру шарттары мен мерзiмдерi көзделедi.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және кiшi басшы құрамдағы лауазымдарына - отыз екi жастан аспаған, орта және ата басшы құрамдағы лауазымдарына қырық жастан аспаған адамдар қабылданады. Жекелеген жағдайларда осы жас шегi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнің шешiмiмен өзгерiлуi мүмкiн.