25-бап. Арнаулы атақтарда немесе сыныптық шендерде еңбек сiңiрген жылдары мерзiмдерiн тоқтата тұру
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қызметкерлерге кезектi арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер тиiсiнше құқық қорғау органының қарамағында болған кезде лауазымға тағайындалғанға дейiн, алынбаған тәртiптiк жазасы болғанда, қайта аттестаттау кезiнде атқаратын лауазымына сәйкес келетiнi туралы мәселе шешiлгенге, қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылғанға, ақтау үкiмi заңды күшiне енгенге, қызметтiк тергеп-тексеру аяқталғанға дейiн берiлмейдi.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тәртiптiк жаза қолданудың құқыққа сыйымсыздығы туралы шешiм шығарылған немесе қайта аттестаттау кезiнде атқаратын лауазымына сәйкес келетiнi туралы мәселе шешiлген, қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған немесе ақтау үкiмi заңды күшiне енген жағдайда қызметкерлерге кезектi арнаулы атақ немесе сыныптық шен атқаратын штат лауазымы бойынша атаққа немесе сыныптық шенге кезекті атақ немесе сыныптық шен сәйкес болған кезде, оны беру мерзімі басталған кезден бастап беріледі.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 26-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
26-бап. Көтермелеу тәртібімен арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер беру
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені және қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін көтермелеу тәртібімен полковникті қоса алғанға дейінгі басшы құрамның кезекті арнаулы атағы немесе сыныптық шені мерзімінен бұрын (өзінде бар арнаулы атақта немесе сыныптық шенде еңбек сіңірудің белгіленген мерзімі өткенге дейін) не атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен бір саты жоғары берілуі мүмкін.
Кезектен тыс арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер құқық қорғау органдарындағы ұзақ және мінсіз қызметі, аса күрделі тапсырмаларды орындауға байланысты қызмет бойынша жоғары нәтижелері үшін көтермелеу тәртібімен беріледі.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер мерзiмiнен бұрын арнаулы атақта немесе сыныптық шенде еңбек сіңірудің белгіленген мерзімдерінің кемінде жартысы өткенде беріледі.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Ғылыми немесе академиялық дәрежесi не ғылыми немесе академиялық атағы бар, бұл ретте құқық қорғау органының бiлiм беру ұйымында штаттық лауазымда қызмет атқаратын басшы құрам адамдарына кезектi арнаулы атақ немесе сыныптық шен арнаулы атақта немесе сыныптық шенде еңбек сiңiрудiң белгiленген мерзiмi өткенде атқаратын лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен бiр саты жоғарылатып берiлуi мүмкiн.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен бір саты жоғары кезекті арнаулы атақ немесе сыныптық шен өзінде бар арнаулы атақта немесе сыныптық шенде еңбек сіңірген жылдарының белгіленген мерзімі өткен соң беріледі.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Кезектен тыс арнаулы атақ немесе сыныптық шен өзінде бар арнаулы атақта немесе сыныптық шенде еңбек сіңірген жылдарының белгіленген мерзімі өткен соң, бірақ өзіндегі арнаулы атағынан немесе сыныптық шенінен бір сатыдан асырмай және атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген шекті арнаулы атаққа немесе сыныптық шенге қарамастан беріледі.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Кiшi басшы құрамдағы арнаулы атақтарды - уәкiлеттi басшы, ал орта және аға басшы құрамдағы арнаулы атақтарды немесе сыныптық шендерді кезектен тыс, мерзімінен бұрын немесе бiр саты жоғары құқық қорғау органының басшысы бередi.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
6. Кезектен тыс, мерзімінен бұрын немесе бір саты жоғары арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер қызметкерге:
1) алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде;
2) өзіне қатысты қызметтік немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезеңінде берілмейді.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
7. Кезектен тыс немесе мерзімінен бұрын не бір саты жоғары арнаулы атақтармен немесе сыныптық шендермен көтермелеу барлық негіздер бойынша құқық қорғау қызметінің бүкіл кезеңі ішінде екі реттен артық жүргізілмейді.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 27-бап жаңа редакцияда
27-бап. Арнаулы атақтарды немесе сыныптық шендерді төмендету, арнаулы атақтардан немесе сыныптық шендерден айыру
1. Арнаулы атақты немесе сыныптық шенді бір сатыға төмендетуді:
1) кіші және орта басшы құрамдар атағындағы қызметкерлерге - уәкілетті басшы;
2) аға басшы құрам атағындағы қызметкерлерге - құқық қорғау органының басшысы тәртіптік жазалау шарасы ретінде қолданады.
2. Арнаулы атақтардан немесе сыныптық шендерден айыру мына қызметкерлерге қатысты тәртіптік жазалау шарасы ретінде қолданылады:
1) полковникті, аға кеңесшіні қоса алғанға дейін - құқық қорғау органының басшысы;
2) жоғары басшы құрамға Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен - Қазақстан Республикасының Президенті жүзеге асырады.
3. Арнаулы атақтағы немесе сыныптық шендегі еңбек сіңіру мерзімі арнаулы атақты немесе сыныптық шенді төмендету түрінде тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы бұйрық шығарылған күннен бастап үзіледі және арнаулы атақты немесе сыныптық шенді қалпына келтіру туралы бұйрық шығарылған күннен бастап қалпына келтіріледі.
Атқаратын штаттық лауазымына қарамастан арнаулы атағы немесе сыныптық шені төмендетілген қызметкерлер атқаратын лауазымына қарамастан бұрынғы арнаулы атағына немесе сыныптық шеніне құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшының бұйрығымен, бірақ арнаулы атақ немесе сыныптық шен төмендетілген күннен бастап кемінде алты ай өткеннен кейін ғана қалпына келтіріледі.
4. Қызметкерге бұрынғы арнаулы атағы немесе сыныптық шені қайта қалпына келтірілгенге және оған кезекті арнаулы атақ немесе сыныптық шен берілгенге дейін арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен қайта төмендету жүргізілмейді.
2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 28-бап өзгертілді; 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 28-бап жаңа редакцияда
28-бап. Соттың айыптау үкімімен арнаулы атақтардан немесе сыныптық шендерден айыру
1. Қызметкерлерге қатысты арнаулы атақтардан немесе сыныптық шендерден айыру туралы соттың заңды күшіне енген айыптау үкімін орындауды:
1) капитанға дейін, 1-сыныпты заңгерді қоса алғанда - уәкілетті басшы;
2) полковникке дейін, аға кеңесшіні қоса алғанда - құқық қорғау органының басшысы жүзеге асырады;
3) жоғары басшы құрамға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен заңсыз айырған жағдайда соттың шешіміне сәйкес бұрынғы арнаулы атағын немесе сыныптық шенін қалпына келтіру туралы бұйрықты құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы қабылдайды.
3. Арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен заңсыз айырылған кезең қалпына келтірілген арнаулы атақта немесе сыныптық шенде еңбек сіңірген мерзімге кіреді. Арнаулы атағынан немесе сыныптық шенінен заңсыз айырылған адамдарға материалдық залал толық көлемде өтеледі.
5-тарау. ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНДА ЛАУАЗЫМҒА ТАҒАЙЫНДАУ, ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА
АУЫСТЫРУ ЖӘНЕ ӨСІРУ
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 29-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 29-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
29-бап. Құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрам лауазымдарына орналасудың жалпы қағидалары
1. Қатардағы, кiшi, орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдар орналасуға жататын лауазымдарды және осы лауазымдарға сәйкес келетiн арнаулы атақтарды немесе сыныптық шендердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау органының басшысы айқындайды.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Орта, аға және жоғары басшы құрам лауазымдарына тағайындалатын адамдар оларға арнаулы атақ, сыныптық шен берiлгенге немесе құқық қорғау органдарының кадрларына қабылданғанға дейiн атқаратын лауазымы бойынша қызметтiк мiндеттерiн атқарады.
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Адам мансаптық өсудің барлық кезеңдерінен міндетті түрде өтіп, қойылатын біліктілік талаптарына қатаң сәйкес келген жағдайда лауазымға тағайындауды, қызметі бойынша жоспарлы ауыстыруды құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы жүргізеді.
Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша құқық қорғау органының басшысы бекітеді.
Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын құқық қорғау органдарымен келісу бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
4. 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Орта және аға басшы құрамдағы адамдарды лауазымға тағайындау және қызметі бойынша ауыстыру кезiнде оларды негiзгi мамандығы бойынша не бар тәжiрибесiне сәйкес пайдалану қамтамасыз етiледi, ал олар үшін жаңа мамандықтағы лауазымдарға пайдалану қажет болған кезде олар тағайындау алдында тиiстi курстарда (жиындарда) қайта даярлықтан өтуге тиiс.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
5-1. Құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының профессорлық-оқытушылық және ғылыми құрамдарының штаттық лауазымдарына қызметкерлерді тағайындау мүмкін болмаған кезде құқық қорғау органы басшысының шешімімен осы лауазымдарға еңбек шарты бойынша аталған лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін өзге де адамдар, оның ішінде уақытша тағайындалуы мүмкін. Бұл ретте жұмыскердің лауазымдық айлықақысы профессорлық-оқытушылық және ғылыми құрамдардың атқаратын штаттық лауазымы бойынша белгіленеді.
Профессорлық-оқытушылық және ғылыми құрамдардың штаттық лауазымдарына уақытша тағайындалған жұмыскерлер осы лауазымдарға қызметкерлер тағайындалған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыстан шығарылады.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтер және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйелерде орналастырылады.
7. Құқық қорғау органын уақтылы және толық жасақтау үшін кадр қызметі құқық қорғау органының басшысы бекітетін әдістемеге сәйкес кадрлық болжамды жүзеге асырады.
8. Құқық қорғау қызметінің учаскелерінде, бағыттарында іс-қимылдарды ретке келтірудің ұтымды дәрежесіне қол жеткізу мақсатында құқық қорғау органының басшысы айқындайтын тәртіппен жұмыс стандарттары (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгіленеді.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды
9. Прокуратура органдарының орта және аға басшы құрамның басшы лауазымдарына тағайындалатын адамдарға үш айға дейін сынақ мерзімі белгіленуі мүмкін.
30-бап. Қызмет бабында ауыстыру
1. Қатардағы және кiшi басшы құрамдағы адамдарды қызмет бабында ауыстыру:
1) жоғары тұрған лауазымдарға - қызмет бабында өсіру тәртібімен;
2) тең дәрежелi лауазымдарға - басқа лауазымдарға орналастыру қажет болған не оларды iскерлiк және жеке қасиеттерiн ескере отырып, неғұрлым орынды пайдалану, жаңа мамандыққа даярлау үшiн, сондай-ақ отбасы жағдайына, денсаулық жағдайы немесе жасына қарай осы адамдардың келісімiмен;
3) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсуiне байланысты - атқаратын штаттық лауазымынан босатыла отырып, сондай-ақ білім беру ұйымын бiтiргеннен кейін лауазымға тағайындалған кезде;
4) төмен тұрған лауазымдарға:
штаттар қысқарған кезде немесе құқық қорғау органын қайта ұйымдастыру кезiнде - осы адамдарды тең дәрежелi лауазымдарға ауыстыру мүмкiн болмаған жағдайда және олардың келісімiмен;
денсаулық жағдайы бойынша - әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы (қаулысы) негiзiнде және қызметкердің келісімімен;
аттестаттаудың қорытындысы бойынша анықталғандай, қызметiне сәйкес келмеген кезде;
тәртiптiк жаза қолдану тәртібімен;
өз қалауы бойынша жүргiзiледi.
2. Орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдарды қызмет бабында ауыстыру:
1) жоғары тұрған лауазымдарға - қызмет бабында өсіру тәртібімен;
2) тең дәрежелi лауазымдарға - ұйымдық-штаттық іс-шаралардың жүргiзiлуiне байланысты, жұмыс тәжiрибесiн ескере отырып, мамандығына қарай неғұрлым орынды пайдалану үшiн, ротация тәртібімен, атқаратын лауазымының өкілеттіктері мерзімінің аяқталуына байланысты, сондай-ақ олардың тiкелей және уәкілетті басшыларының келісімiмен өз қалауы бойынша;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсуiне, мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуына байланысты - атқаратын штаттық лауазымынан босатыла отырып, сондай-ақ білім беру ұйымын бiтiргеннен кейін лауазымға тағайындалған кезде;
4) төмен тұрған лауазымдарға:
штатты қысқарту немесе құқық қорғау органдарын қайта ұйымдастыру кезiнде - осы адамдарды дәрежесi тең лауазымда пайдалану мүмкiн болмаған жағдайда және олардың келісімiмен;
денсаулық жағдайы бойынша - әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы (қаулысы) негiзiнде;
өз қалауы бойынша;
аттестаттаудың қорытындысы бойынша анықталғандай, қызметiне сәйкес келмеген кезде;
тәртiптiк жаза қолдану ретiнде;
5) мемлекеттік органдарға және халықаралық ұйымдарға іссапармен бару тәртібімен жүргiзiледi.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдар Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының білім беру ұйымына басшылыққа және арнайы пәндер бойынша педагогтік қызметке тағайындалған кезде олардың білім беру ұйымына тағайындалғанға дейiнгi негiзгi соңғы лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысы сақталады. Әрбiр нақты жағдайда лауазымдық айлықақыны сақтау туралы шешiмдi лауазымға тағайындалғанға дейiн білім беру ұйымы басшылығының ұсынуы және құқық қорғау органы орталық аппаратының кадр қызметінің қорытындысы бойынша құқық қорғау органының басшысы қабылдайды.
Сақталған лауазымдық айлықақыны төлеу лауазымы төмендетiлген кезде тоқтатылады.
4. Төмен тұрған лауазымдарға ауыстырылған қатардағы және басшы құрамдағы адамдар, осы Заңның талаптары ескеріле отырып, кейiннен қызмет бабында өсе алады.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдарды басқа лауазымдарға, сондай-ақ басқа жерге ауыстыру қажет болған кезде бұл туралы шешімді осы адамдардың даярлығы мен қызмет тәжірибесін, сондай-ақ олардың және олардың отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдердің болмауын ескере отырып, олардың келісімімен тиісті уәкілетті басшылар қабылдайды.
5. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды қызмет бабында ауыстыру туралы шешiм, ауыстыру негiздемесi көрсетiле отырып, құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшысының бұйрығымен ресiмделедi.
6. Қызмет бабында ауыстырылған орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдар, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында немесе емделуде жүрген жағдайларын қоспағанда, iстерді тапсырғаннан кейiн, бірақ бұйрықты алған күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей жаңа қызмет орнына iссапарға жiберiлуге тиiс.
7. Құқық қорғау органының штаты қысқартылған кезде қызметкер ұсынылған лауазымға орналасудан бас тартқан жағдайда, ол осы Заңға сәйкес жұмыстан шығарылуға тиіс.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 31-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31-бап. Ротация
1. Құқық қорғау органдарында қызмет өткеру кезінде кәсіби әлеуетін анағұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органының басшылық лауазымдарын атқаратын қызметкерлерін ротациялау жүзеге асырылады.
Басшылық лауазымдардың тізбесін құқық қорғау органының басшысы айқындайды.
Құқық қорғау органының басшылық лауазымдарын атқаратын, ротацияланатын қызметкерлерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде жекешелендіру құқығынсыз қызметтік тұрғын үй беріледі.
2. Ротация құқық қорғау органы басшысының шешімімен жоспарлы негізде бес жылда бір рет жүзеге асырылады. Қабылданған шешім бұйрықпен ресімделеді. Қызметке басқа жерге ротацияға - қызметкердің жазбаша келісімімен, ал қызмет мүддесі үшін - лауазымда болу мерзіміне қарамастан және қызметкердің келісімінсіз жол беріледі.
Ротация мынадай схемалардың бірі бойынша жүргізіледі:
1) деңгейаралық («орталық-өңір», «өңір-орталық»);
2) өңіраралық («өңір-өңір»);
3) сектораралық («орталық-орталық»).
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мүгедектігі бар балалары, оның ішінде асырап алған балалары (қорғаншы болып табылатын) немесе асырауында қарт ата-анасы не онымен тұрақты бірге тұратын және бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар отбасы мүшелері бар лауазымды адамдар басқа жерге көшумен байланысты ротацияға жатпайды. Көрсетілген мән-жайлар құжат түрінде расталуға тиіс.
4. Ротацияға жататын басшылық лауазымдардың тізбесін және оларды ауыстыру тәртібін құқық қорғау органының басшысы айқындайды.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 32-бап жаңа редакцияда
32-бап. Құқық қорғау қызметінің жоғары тұрған, тең дәрежелі немесе төмен тұрған лауазымдары
1. Құқық қорғау қызметінің лауазымы, егер оған құқық қорғау қызметіндегі бұрынғы лауазымы бойынша арнаулы атағына немесе сыныптық шеніне қарағанда неғұрлым жоғары шекті арнаулы атақ немесе сыныптық шен көзделген болса, ал арнаулы атақтары немесе сыныптық шендері тең дәрежелі болғанда - құқық қорғау қызметінің лауазымы бойынша неғұрлым жоғары айлықақы көзделген болса, жоғары тұрған лауазым болып есептеледі.
2. Құқық қорғау қызметінің лауазымы, егер оған құқық қорғау қызметіндегі лауазымы бойынша арнаулы атағы немесе сыныптық шені және айлықақысы құқық қорғау қызметіндегі бұрынғы лауазымы бойынша арнаулы атағына немесе сыныптық шеніне және айлықақысына тең көзделген болса, тең дәрежелі лауазым болып есептеледі.
3. Құқық қорғау қызметінің лауазымы, егер оған құқық қорғау қызметіндегі бұрынғы лауазымы бойынша арнаулы атағына немесе, сыныптық шеніне қарағанда неғұрлым төмен шекті арнаулы атақ немесе сыныптық шен көзделген болса, ал арнаулы атақтары немесе сыныптық шендері тең дәрежелі болғанда - құқық қорғау қызметінің лауазымы бойынша неғұрлым төмен айлықақы көзделген болса, төмен тұрған лауазым болып есептеледі.
33-бап. Қызмет бабында өсіру
2018.12.07. № 180-VІ Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қызметкерлерді қызмет бабында өсіру олар қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, сондай-ақ іскерлік және жеке қасиеттері, қызметтік жұмыс нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.
Қызметкерлерді басшы лауазымдарға өсіру кадр резервінде тұрған қызметкерлер қатарынан не конкурстық негізде жүргізіледі.
2018.12.07. № 180-VІ Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдар тізбесін, жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен тәртібін құқық қорғау органының басшысы айқындайды.
Жоғары тұрған басшы лауазымға арналған конкурсқа құқық қорғау органының, оның ведомстволарының, мекемелерінің, білім беру ұйымдарының, аумақтық немесе оларға теңестірілген бөлімшелерінің қызметкерлері қатысуға құқылы.
Құқық қорғау органының, оның ведомстволарының, мекемелерінің, білім беру ұйымдарының, аумақтық немесе оларға теңестірілген бөлімшелерінің қызметкерлері арасында конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылар болмаған кезде конкурс өткізіледі, оған басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатыса алады.
Конкурсты барлық құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
2. 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 33-1-баппен толықтырылды; 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 33-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
33-1-бап. Құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резерві
1. Құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резерві құқық қорғау органдарының жоғары тұрған бос басшы лауазымдарына орналастыру үшін қызметкерлерді сапалы іріктеу мақсатында қалыптастырылады.
Құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резервін қалыптастыру тәртібін және оның лауазымдар тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервінде тұрған қызметкерлер болжанған басшы лауазымдарға тағайындау үшін қажетті кәсіби дағдыларды, басқарушылық құзыреттілікті жетілдіру үшін прокуратураның білім беру ұйымында кәсіби қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өтеді.
34-бап. Кадр резерві
1. Құқық қорғау органының кадр құрамын қалыптастыру, лауазымдардың жасақталуын қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органында кадр резерві жасалады.