9. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемiн алу құқығынсыз қызметтен босату кезiнде бiржолғы жәрдемақылар төлеумен қатар құқық қорғау органдарының (кеден органдарын қоспағанда) орта, аға және жоғары басқарушы құрамының қызметте болудың шектi жасына толғаннан кейiн, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттарды қысқартуға байланысты қызметтен босатылған адамдарына арнаулы атақтары немесе сыныптық шендері үшiн қосымша төлемдерi қызметтен босатылған күннен бастап бiр жыл бойы сақталады. Төлемақыларды қызметкердiң соңғы қызмет орны бойынша құқық қорғау органының қаржылық бөлiмшесi жүзеге асырады.
Бұл ретте, егер көрсетiлген мерзiм iшiнде қызмет атқарып жүрген құқық қорғау органдарының басқарушы құрамы адамдарының арнаулы атақтары немесе сыныптық шендері үшiн қосымша ақылары өсетiн болса, тиiсiнше еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы алу құқығынсыз қызметтен шығарылған құқық қорғау органдарының (кеден органдарын қоспағанда) орта, аға және жоғары басқарушы құрамы адамдарына төленетiн осы қосымша төлем мөлшерi де ұлғаяды.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды
10. Құқық қорғау қызметін өткеру кезеңінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасымен наградталған құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жұмыстан шығарылған кездегі біржолғы жәрдемақы мөлшері айлық ақшалай қамтымның екі есе мөлшеріне ұлғайтылады.
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 82-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
82-бап. Құқық қорғау органдарында қызмет етудiң шектi жасы
1. Құқық қорғау органдарында қызметте мынадай шектi жасқа:
1) қоса алғанда майорға, кiшi кеңесшiге дейiн - қырық сегіз жасқа;
2) подполковниктер, кеңесшiлер - елу жасқа;
3) полковниктер, аға кеңесшiлер - елу бес жасқа;
4) жоғары басшы құрамдағы адамдар алпыс жасқа дейiн бола алады.
1-1. 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Лауазымдарға тағайындау құқығы берiлген құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшы жоғары кәсiптiк даярлығы, атқаратын лауазымы бойынша жұмыс тәжiрибесi бар және денсаулық жағдайы бойынша қызметтi өткеруге жарамды қызметкерлерге олардың келiсуiмен қызмет мерзiмiн бір жылдан бес жылға дейiн ұзартады.
Айрықша жағдайларда, тиiстi лауазымдарға тағайындау құқығы бар құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшының шешiмi бойынша қызметкерлерге бұл мерзiм сол тәртiппен бір жылдан бес жылға дейiн, ал ғылыми дәрежелерi немесе атақтары бар жекелеген қызметкерлерге - бес жылдан он жылға дейiн қайта ұзартылуы мүмкiн.
Қызметте қалдыру мерзiмiн ұзарту туралы шешiм қызметкердi осы Заңда көзделген негiздер бойынша құқық қорғау органдарынан шығару мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.
Қызметкерлердің қызмет өткеру мерзімін ұзарту құқық қорғау органдарындағы қызметтің бүкіл кезеңінде екі реттен асырмай жүзеге асырылады.
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қызметте болудың шекті жасына толған, денсаулық жағдайы бойынша қызмет өткеруге жарамды прокуратура органдарының қызметкері Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе уәкілетті басшының шешімі бойынша Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін қызметін жалғастыруға құқылы.
Бұл ретте зейнеткерлік жасқа толғанға дейін қызметте қалдыру мерзімін ұзарту туралы шешім қызметкерді осы Заңда көзделген негіздер бойынша прокуратура органдарынан шығару мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.
12-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен 83-бап өзгертілді (2023 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
83-бап. Құқық қорғау органдарын қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Құқық қорғау органдарын қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен мемлекеттік бюджет қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасында айқындалған Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 84-бап өзгертілді
84-бап. Өтпелі ережелер
Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлерге осы арнаулы атақтарда, сыныптық шендерде еңбек сіңірген мерзімі осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған заңнамаға сәйкес есептеледі.
Осы Заңның 9-тарауының күші зейнетақымен қамсыздандыру, жеңілдетілген салық салу, олардың еңбекке уақытша жарамсыз кезеңіндегі ақшалай үлес төлеу, тұрғын үйді күтіп-ұстау және коммуналдық қызмет ақыларын ақшалай өтемақы төлеу бөлігінде кеден органдары қызметкерлеріне қолданылмайды, ал прокуратура органдарының қызметкерлеріне 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылады.
Осы Заңның күші, осы Заңның 3, 4, 5, 9, 45-1-баптарын, 60-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 7) және 8) тармақшаларын, 61-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5,) 6) және 8) тармақшаларын, 69-бабының 3) және 3-1) тармақшаларын, 72-бабының 5-тармағын, 75-бабын, 80-бабы 1-тармағының 12-1) тармақшасын, 83-бабын қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерьлік қызметіне және оның қызметкерлеріне қолданылады.
Осы Заңның 59-бабының, 60-бабы 1-тармағы 1), 5) және 6) тармақшаларының, 1-1, 1-2 және 2-тармақтарының, 61-бабының 1-тармағы 2), 2-1) және 7) тармақшаларының, 2-тармағының және 62-бабының күші Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерьлік қызметінің қызметкерлеріне олардың мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ете отырып, үкіметтік курьерлік байланысты жүзеге асыру жөніндегі қызметтік міндеттерін орындауына байланысты қолданылады.
Құқық қорғау қызметіне кірген кезде қатардағы, кіші және орта басшы құрамның лауазымдарына конкурстық негізде орналасу 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылады.
Осы Заңның 41-бабының 5-тармағы ол қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған құқықтық қатынастарға да қолданылады.
2012 жылғы 1 қаңтарға дейін қызметтен шығарылған прокуратура органдары қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген жыл сайынғы арттырулар ескеріле отырып, қызметтен шығарылған күнге белгіленеді, төлем еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасалған күннен бастап жүзеге асырылады.
Ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі, қаржы полициясы, азаматтық қорғау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының 2003 және 2016 жылдар аралығындағы кезеңде қызметтен шыққан, жұмыстан шығарылған күні жиырма бес және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, соның кемінде он екі жыл және алты айын үзіліссіз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерьлік қызметтегі қызмет құрайтын және құқық қорғау органдарында қызметте болудың шекті жасына жету бойынша не штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты жұмыстан шығарылған қатардағы және кіші басшы құрамдардағы қызметкерлердің еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне құқығы бар. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері қызметтен шығарылған күнге белгіленеді және төлем Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген арттырулар ескеріле отырып, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасаған күннен бастап жүзеге асырылады.
Осы Заңның 66-бабы 9-тармағының күші қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкерлердің 2022 жылғы 1 қаңтарда жесір əйелдері (тұл ерлері) мен балалары болып табылған адамдарға да қолданылады.
85-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2011 жылғы қаңтардың 6-сы.
№ 380-IV ҚРЗ