6-баптың 1-тармағының 28) тармақшасындағы, 9-баптың 5-тармағындағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
47. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат):
13-баптың 16) тармақшасындағы, 19-2-баптың 4-тармағындағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
48. «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 5, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 16, 100-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18; 84-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
5-баптың 2-тармағының 11) тармақшасындағы, 5-1-баптың үшінші бөлігіндегі «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
49. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
1) 8-бапта:
1-тармақтың 8-3) тармақшасындағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 9-6) тармақшамен толықтырылсын:
«9-6) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының біліктілік талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;»;
2) 28-1-баптың 2-тармағындағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.».
50. «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
1) 1-баптың 1-тармағының 15), 29), 39) тармақшаларындағы, 15-баптың 3-тармағындағы, 17-баптың тақырыбындағы, 2), 6), 11), 12), 14), 15) тармақшаларындағы, 19-баптың 3-тармағындағы, 20-баптың 8-тармағындағы, 45-баптың 7-тармағындағы «бақылау», «бақылауды» деген сөздер тиісінше «бақылау және қадағалау», «бақылауды және қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-тараудың тақырыбындағы, 6-баптың тақырыбындағы, бірінші абзацындағы, 16-баптың 1, 2 және 3-тармақтарындағы «бақылау», «реттеу мен бақылаудың» деген сөздер тиісінше «бақылау және қадағалау», «реттеудің, бақылау мен қадағалаудың» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 7-бапта:
тақырыбындағы және 1-тармағындағы «және бақылау» деген сөздер «, бақылау мен қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші бөлігіндегі «бақылау» деген сөз «бақылау мен қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлігіндегі «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 9-бапта:
1-тармақта:
2) және 16) тармақшалары «бақылауды», «бақылау» деген сөздерден кейін тиісінше «және қадағалауды», «және қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақшадағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 5) және 7) тармақшалары «бақылауды» деген сөзден кейін «және қадағалау»» деген сөздермен толықтырылсын.
51. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
1) 5-баптың 10-1) тармақшасындағы, 6-баптың 3-тармағындағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-баптың тақырыбындағы, 1, 2, 3, 8, 9, 10, 11-тармақтарындағы, 19-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «қадағалау мен» деген сөздер алып тасталсын;
3) 6-баптың 2-тармағының бірінші абзацындағы, 11-тармағының 6) тармақшасындағы «қадағалауды», «қадағалауындағы» деген сөздер тиісінше «бақылауды», «бақылауындағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
52. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат, № 5, 23-құжат):
9-баптың 1-тармағының 51) тармақшасындағы, 49-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
53. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
7-баптың екінші бөлігінің 8) тармақшасындағы, 39-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
54. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
7-баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасындағы, 37-баптың 3-тармағындағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
55. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат):
6-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «ветеринариялық-санитариялық, фитосанитариялық және техникалық бақылауды» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық қадағалауды, фитосанитариялық және техникалық бақылауды» деген сөздермен ауыстырылсын.
56. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат, № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; №11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; 2010 жылғы 24 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 23 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биоотын өндірісі және оның айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 6) және 15) тармақшалары алып тасталсын;
2) 2-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
3) 29-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы, 42-баптың 1 және 2-тармақтары, 44-баптың 2-тармағы «бақылау», «бақылауды» деген сөздерден кейін тиісінше «және қадағалау», «және қадағалауды» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«33-бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау және қадағалау
1. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау және қадағалау, егер өнімдерге, процестерге қойылатын, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптар, сондай-ақ жекелеген өнім түрлерінің, процестердің сәйкестігін растау жөніндегі қойылатын талаптар мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізу үшін жеткіліксіз болған жағдайларда белгіленеді.
2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау мынадай:
1) ұйымдастыру және жүргізу тәртібі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалатын тексеру нысанында;
2) ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын алдын алу-профилактикалық сипаттағы бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.»;
5) 8-тарау алып тасталсын;
6) аталған Заңға қосымша алып тасталсын.
57. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат):
1-баптың 9) тармақшасындағы «бақылау-қадағалау» деген сөздер «бақылау» деген сөзбен ауыстырылсын.
58. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат):
8-баптың 19) тармақшасындағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
59. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар):
6-баптың 7), 8) тармақшаларындағы, 8-баптың 6) тармақшасындағы, 42-баптың 4-тармағының бірінші және екінші бөліктеріндегі «қадағалау» деген сөз «бақылау» деген сөзбен ауыстырылсын.
60. «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 13-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат):
4-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі, 6-баптың 18) тармақшасындағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
61. «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 15-құжат; 2009 ж., № 9-10, 48-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23- құжат; № 17-18, 111-құжат):
8-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы, 16-1-баптың 2-тармағындағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
62. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат, № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат):
20-баптың 5-тармағының 21) тармақшасындағы, 20-1-баптың 2-тармағындағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
63. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 128-құжат):
12-баптың 3-тармағының үшінші бөлігіндегі «бақылауының» деген сөз «бақылауы мен қадағалауының» деген сөздермен ауыстырылсын.
64. «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 130-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат):
7-баптың 21) тармақшасындағы, 9-тармақтың 5-тармағындағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
65. «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 132-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат):
6-баптың 12) тармақшасындағы, 12-баптың 2-тармағындағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
66. «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 133-құжат; 2009 ж., № 18, 86-құжат):
5-баптың 5) тармақшасының тоғызыншы абзацы, 6-баптың 3-тармағының 1), 2), 3), 5), 6), 9), 10), 11), 12), 13), 16) тармақшалары, 4-тармағы, 8-бап, 10-баптың 2) тармақшасы, 20-баптың 3-тармағы «бақылануға», «бақылауды», «бақылау» деген сөздерден кейін тиісінше «және қадағалануға», «және қадағалауды», «және қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын.
67. «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 134-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
1) 8-баптың 3) тармақшасы, 9-бап «бақылауды», «бақылау» деген сөздерден кейін тиісінше «және қадағалауды», «және қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 8-баптың 13) тармақшасындағы, 9-баптың 3-тармағындағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 17-баптың 13-тармағындағы «бақылау» деген сөз «қадағалау» деген сөзбен ауыстырылсын.
68. «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 137-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
6-баптың 8) тармақшасындағы, 8-баптың 3-тармағындағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
69. «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 138-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат):
1) 6-баптың 1-тармағында:
тақырыбы және бірінші бөлігі «бақылау» деген сөзден кейін «және қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлігіндегі «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 13-баптағы «бақылауды» деген сөз «қадағалауды» деген сөзбен ауыстырылсын.
70. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
5-баптың 45) тармақшасындағы, 59-баптың 8-тармағының екінші бөлігіндегі «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
71. «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 59-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
6-баптың 4) тармақшасындағы, 30-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі және 2-тармағындағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
72. «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 65-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат):
9-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
73. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 127-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
8-баптың 6) тармақшасындағы, 20-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
74. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 9-10, 46-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
4-баптың 3-1) тармақшасындағы, 25-баптың 2-тармағындағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
75. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат):
118-баптың 3-тармағының бірінші сөйлеміндегі «Жеке кәсiпкерлiк туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
76. «Қазақстан Республикасында әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат):
1) 2-тараудың тақырыбындағы «және бақылау» деген сөздер «, бақылау және қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 9-бапта, 12-баптың тақырыбында, 14-баптың 1-тармағының 1, 31), 32), 33), 34), 35), 36) тармақшаларында, 2 және 3-тармақтарының бірінші абзацтарында, 15-баптың 1) тармақшасында, 17-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 6) тармақшасында, 51-баптың 4-тармағында, 90-баптың 7-тармағында, 105-баптың 4 және 5-тармақтарында «бақылауды», «бақылау» деген сөздерден кейін тиісінше «және қадағалауды», «және қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 10-бапта:
тақырыбы, 1, 2, 3 және 6-тармақтары «бақылау», «бақылауды», «бақылау жүргізудің», «мен бақылаудың» деген сөздерден кейін тиісінше «және қадағалау», «және қадағалауды», «және қадағалаудың» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың бірінші бөлігінде:
1) тармақшадағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «бақылаудың» деген сөз «бақылау мен қадағалаудың» деген сөздермен ауыстырылсын.
77. 2010 жылғы 24 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 23 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Биоотын өндірісі және оның айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
6-баптың 13) тармақшасындағы, 7-баптың 8) тармақшасындағы, 19-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «Жеке кәсiпкерлiк туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2011 жылғы қаңтардың 6-сы.
№ 378-IV ҚРЗ