1. Жария етуге жатпайтын сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтерді жария ету, сол сияқты Қазақстан Республикасының сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері заңнамасын өзге де бұзу, -
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекет, -
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 358-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 314-III (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 358-бап өзгертілді
358-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де уәкiлеттi органдардың салық заңнамасында белгiленген мiндеттердi орындамауы
1. Салық заңнамасына сәйкес осы бөлiкте көрсетiлген органдар бюджетке аударуға тиiс салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын жергiлiктi атқарушы органдардың немесе уәкiлеттi органдардың аудармауы, уақтылы немесе толық аудармауы -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық заңнамасында салық қызметi органдарына табыс ету үшiн айқындалған мәлiметтердi жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де уәкiлеттi органдардың табыс етпеуi, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жергiлiктi атқарушы органдардың немесе уәкiлеттi органдардың бiржолғы талондарды бермеуi және (немесе) белгiленген құннан аз беруi, сол сияқты салық заңнамасында бiржолғы талондарды беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптарды сақтамауы, -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, (әрекетсіздік) -
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 358-1-баппен толықтырылды; 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 358-1-бап өзгертілді
358-1-бап. Заң актілерінде көзделген жағдайларда жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi есепке алу мен одан әрi пайдалану ережелерiн бұзу
1. Заң актілерінде көзделген жағдайларда жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi уәкiлеттi органға толық және (немесе) дер кезiнде тапсырмау, -
жеке тұлғаларға - сегіз, лауазымды адамдарға - он бес, заңды тұлғаларға қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Заң актілерінде көзделген жағдайларда жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және сату тәртібін сақтамау, сондай-ақ осындай мүлiктi сатудан түскен соманы мемлекеттік бюджетке дер кезiнде аудармау, -
лауазымды адамдарға - он бес, заңды тұлғаларға қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 12.07.01 ж. № 240-II; 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 359-бап өзгертілді
359-бап. Салық құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария ету
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді осындай мәліметтер туралы өзіне белгілі болған адамдардың кәсіптік немесе қызметтік қажеттіліксіз жария етуі, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 360-бап өзгертілді
360-бап. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың) салықты және басқа да мiндеттi төлемдердi бюджетке өндiрiп алмай, сондай-ақ мұндай төлемдi растайтын құжаттар алмай тұрып, белгiлi бiр iс-әрекеттердi жүзеге асыруы
1. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың) салықты және басқа да мiндеттi төлемдердi бюджетке өндiрiп алмай тұрып, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген заңдық мәнi бар iс-әрекеттердi жүзеге асыруы, -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың) растайтын құжатты алу заң актілерінде көзделген жағдайларда, салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң төленгенiн растайтын құжатты алмай тұрып, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген заңдық мәнi бар iс-әрекеттердi жүзеге асыруы, -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III Заңымен 361-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
361-бап. Салық есебiне тұрудан бас тарту немесе салық есебiне тұру мерзiмiн бұзу
1. Салық төлеушiнiң тiркелу есебiне немесе салық төлеушiнiң қосылған құнға салық төлеушi ретiнде есепке тұрудан бас тартуы, сол сияқты салық органы лауазымды адамының салық заңдарында белгiленген мұндай тiркеу (есеп) мерзiмiн бұзуы, -
салық органы басшысына айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
салық органының басшысына айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.10.07 № 176-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 362-бап өзгертілді
362-бап. Төтенше жағдай режимiн бұзу
Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттік орган белгiлеген режимдi бұзу немесе талаптарды мына бөлiктерiнде орындамау:
1) келу және кетудiң ерекше режимi;
2) белгiлi бiр жеке тұлғалар үшiн белгiленген мерзiмге белгiлi бiр жерден, өзiнiң пәтерiнен (үйiнен) кетуге тыйым салу, сондай-ақ сол жердiң тұрғындары болып табылмайтын қоғамдық тәртiптi бұзушыларды олардың есебiнен өздерi тұрақты тұратын жерлерiне немесе төтенше жағдай жарияланған жердiң аймағынан шығарып жiберу туралы нұсқау;
3) жиналыстар, митингiлер, шерулер мен демонстрациялар, сондай-ақ ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық iс-шараларды өткізуге тыйым салу;
4) ереуiлдер өткізуге тыйым салу;
5) қарумен, күштi әсер ететiн химиялық және улы заттармен, сондай-ақ алкогольдік iшiмдiктермен және құрамында спиртi бар заттармен сауданы шектеу немесе тыйым салу;
6) карантин және басқа да мiндеттi санитариялық эпидемияға қарсы iс-шараларды өткізу;
7) көбейту техникасын, сондай-ақ радио,- және теледидар хабарларын тарату аппаратурасын, дыбыс,- және бейне жазу техникасын пайдалануға шек қою немесе тыйым салу; дыбыс күшейткiш техникалық құралдарды алып қою туралы нұсқаулар; бұқаралық ақпарат құралдарына бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар;
8) байланысты пайдаланудың айрықша ережелерi;
9) көлiк құралдарының қозғалысын шектеу және оларды тексеруден өткізу;
10) коменданттық сағат уақытында жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын арнайы берiлген рұқсаттарсыз және құжаттарсыз көшелерде немесе өзге де қоғамдық орындарда жүруiне не жеке басын куәландыратын құжаттарсыз өз үйiнен тыс жерде болуына тыйым салу, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен 362-1-баппен толықтырылды
362-1-бап. Терроризмге қарсы операциялар жүргізу аймағында құқықтық режимнің бұзылуы
Құқықтық режимді бұзу немесе терроризмге қарсы операциялардың жариялануына байланысты белгіленген талаптарды:
1) келудің және кетудің ерекше режимі;
2) жергілікті жерлердің жекелеген учаскелерінде және объектілерде жеке тұлғалардың болуына тыйым салу, сондай-ақ көлік құралдарын сүйреп әкетуге кедергі жасау;
3) жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеруге, жеке тексеріп қарауға және жеке адамның заттарын тексеріп қарауға, көлік құралдарын тексеріп қарауға кедергі жасау;
4) байланысты пайдаланудың айрықша ережелері;
5) егер кешеуілдеу адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіруі мүмкін болса, жедел медициналық жәрдемді қажет ететін адамдарды емдеу мекемелеріне жеткізу, терроризм актісі жасалған жерге бару үшін, сондай-ақ терроризм актісін жасады деп күдік келтірілген адамдардың ізіне түсу және оларды ұстау үшін көлік құралдарын алып қоюға кедергі жасау;
6) қауіпті өндірістік объектілердің қызметін тоқтата тұру;
7) терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген аумақ шегінде тұратын жеке тұлғаларды уақытша көшіруге кедергі жасау;
8) карантин енгізу, санитариялық-эпидемияға қарсы, ветеринариялық іс-шараларды және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
9) жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі немесе иелігіндегі және пайдалануындағы тұрғын үйлер мен өзге де үй-жайларға және оларға жеке меншік құқығымен немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскелеріне кіруге кедергі жасау;
10) қару-жарақ, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар, күшті әсер ететін химиялық және улы заттар саудасын шектеу немесе оған тыйым салу, дәрілік, есірткілік, психотроптық заттар мен прекурсорлар, этил спирті мен алкогольдік өнімдер айналымының айрықша режимін орнату бөлігінде орындамау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қауіпті өндірістік объектілердің қызметін тоқтата отырып, екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III Заңымен 363-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
363-бап. Төтенше жағдай кезiнде құқық тәртібін бұзуға итермелейтiн iс-әрекеттер
Төтенше жағдай жарияланған жерде жасалған құқық тәртібін бұзуға немесе ұлттық және дiни алауыздық туғызуға итермелейтiн iс-әрекеттер, жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың өздерiнiң заңды құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыруына белсендi кедергi жасау, сонымен қатар қоғамдық тәртiптi қорғау бойынша қызметтiк мiндеттерiн немесе қоғамдық борышын орындаушы iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерiнiң, әскери қызметкердiң, билiк немесе жұртшылық өкiлдерiнiң заңды өкiмдерi мен талабына қасақана бағынбау, не қоғамдық тәртiптi және азаматтардың тыныштығын бұзатын iс-әрекеттер жасау, сондай-ақ әкiмшiлiк қадағалау туралы заңдарды бұзу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 364-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 364-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
364-бап. Түрлi-түстi көшiру құралдарын есепке алу, сақтау немесе пайдалану ережелерiн бұзу, штемпельдi-гравюралық кәсiпорындар ашу ережелерiн бұзу
1. Түрлi-түстi көшiру (жедел полиграфиясы, көшiру-көбейту техникасы, тамшылы-ағылмалы, лазерлi принтерлер және сканерлер) құралдарын есепке алу, сақтау немесе пайдалану ережелерiн бұзу, -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан қырыққа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың штемпельдi-гравюралық кәсiпорындар ашу ережелерiн бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен 365-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
365-бап. Құқық бұзушылық жасауға итермелеген себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қолданылған шаралар туралы хабарламау және (немесе) шаралар қолданбау
Ұйым басшысының және басқа лауазымды адамдардың қылмысқа немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөнінде қолданылған шаралар туралы хабарламауы, сол сияқты шаралар қолданбауы істі қараған органдардың (лауазымды адамдардың) ұсыныстары бойынша -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 366-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
366-бап. Әкiмшiлiк қадағалау туралы заңдарды бұзу
1. Өзiне қатысты қадағалау белгiленген адамның әкiмшiлiк қадағалау туралы заңдарды бұзуы, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, ал егер iстiң мән-жайы бойынша және тәртiп бұзушының жеке басын ескере отырып бұл шаралардың қолданылуы жеткiлiксiз деп танылатын болса, -
он бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
367-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде, тергеу изоляторларында отырған адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру
Қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде, тергеу изоляторларында отырған адамдарға алкогольдiк iшiмдiктер, дәрiлiк және мас қылатын әсерi бар басқа да заттарды, ақша, азық-түлiк тағамдарын, бұйымдарды және бұл мекемелерде сақтау мен пайдалануға тыйым салынған басқа да нәрселердi тексеруден жасырып беру немесе кез келген тәсiлдермен беруге әрекет ету, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 368-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 368-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
368-бап. Азаматтық қаруларды сатып алу, сақтау, алып жүру, беру немесе сату тәртібін жеке тұлғалардың бұзуы
1. Жеке тұлғалардың iшкi iстер органдарының рұқсатынсыз азаматтық қаруларды сатып алуы, сақтауы, алып жүруі, басқа адамға беруi немесе сатуы, -
қаруы тәркiлене отырып немесе онсыз айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
қаруы тәркiлене отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Азаматтық қаруларды өз еркімен тапсырған адам, егер оның әрекеттерінде өзге де құқық бұзушылық құрамы болмаса, әкімшілік жауаптылықтан босатылады.
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 368-1-баппен толықтырылды (2008.01.01. бастап қолданысқа енді)
368-1-бап. Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету тәртібін бұзу
1. Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдарды сату, экспонттау құқығына лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалардың оларды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету тәртібін бұзуы, —
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдар тәркілене отырып, жеке тұлғаға — айлық есептік көрсеткіштің бірге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — бестен жетіге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), —
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің екіден үшке дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан отыз беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 369-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 369-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
369-бап. Азаматтық, қызметтiк қаруды, оған арналған патрондарды сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау ережелерiн бұзу
1. Қару сақтауға, алып жүруге iшкi iстер органдарының рұқсаты бар жеке тұлғалардың азаматтық қаруды, оған арналған патрондарды сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау ережелерiн бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Олардың сақталуына жауапты ұйым қызметкерлерiнiң қызметтiк қаруды, оған арналған патрондарды сатып алу, сақтау немесе тасымалдау ережелерiн бұзуы, сол сияқты олардың қызметтiк қаруды және оған арналған патрондарды өз мақсатында пайдаланбауы, -
азаматтық қаруының өтемi төленiп алып қойылып немесе онсыз айлық есептiк көрсеткiштiң бестен он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 370-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
370-бап. Газ қаруын заңсыз қолдану
1. Газ қаруын заңсыз қолдану, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
қаруы тәркiлене отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 371-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
371-бап. Азаматтық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) мерзiмдерiн не оны есепке қою ережелерiн бұзу
1. Азаматтық қаруды тiркеудiң (қайта тiркеудiң) белгiленген мерзiмдерiн немесе тұратын мекен-жайлары өзгерген кезде iшкi iстер органдарында оны есепке қою ережелерiн бұзу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -";
қаруы тәркiлене отырып немесе онысыз айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 372-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
372-бап. Азаматтық қаруды, оған арналған патрондарды сату үшiн өткізуден жалтару
Азаматтық қаруды, оған арналған патрондарды сақтауға рұқсатты iшкi iстер органдары алып қойған жеке тұлғалардың оларды сату үшiн өткізуден жалтаруы, -
қарудың өтемiн төлеп алып қоя отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2005.08.07 № 67-III (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 373-бап. өзгертілді
373-бап. Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, тосқауылдар мен демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудiң тәртібі туралы заңдарды бұзу
1. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, тосқауылдар, демонстрациялар не өзге де көпшiлiк iс-шараларын ұйымдастыру немесе өткізу тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу не оларды ұйымдастыруға немесе өткізуге кедергi жасау, сол сияқты заңсыз жиналыстарға, митингiлерге, шерулерге, демонстрацияларға не өзге де көпшiлiкке арналған iс-шараларға қатысу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштің жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Рұқсат етiлмеген жиналысқа, митингке, тосқауылға, демонстрацияға не өзге де көпшiлiк iс-шараларына қатысушыларға ұйымның басшыларының және басқа да лауазымды адамдарының үй-жай не өзге де мүлiктер (байланыс құралдарын, көбейту техникасын, жабдықтар, көлiк) беруi немесе осындай iс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу үшiн өзге де жағдайлар туғызуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Әкiмшiлiк жаза шаралары қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде жиналысты, митингтi, шерудi, демонстрацияны ұйымдастырушы қайталап жасаған нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 374-бап өзгертілді; 2005.23.02 № 33-III ҚР Заңымен 374-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2005.08.07 № 67-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 374-бап жаңа редакцияда ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 374-бап. өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
374-бап. Қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдарды бұзу
1. Қоғамдық бiрлестiк басшыларының, мүшелерiнiң не қоғамдық бiрлестiктiң осы қоғамдық бiрлестiктердiң жарғыларында белгiленген мақсаттары мен мiндеттерiнiң шегiнен тыс iс-әрекеттер жасауы, -
қоғамдық бiрлестiктiң басшыларына - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестіктің мүшелерiне - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiкке айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейінгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қоғамдық бiрлестiк басшыларының, мүшелерінің не қоғамдық бiрлестiктiң Қазақстан Республикасының заңдарын бұзатын іс-әрекеттер жасауы, -
қоғамдық бiрлестiктiң қызметiн үш айдан алты айға дейінгi мерзiмге тоқтата отырып, қоғамдық бiрлестiктің басшыларына - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiктiң мүшелерiне айлық есептік көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
қоғамдық бiрлестiктiң қызметiн үш айдан алты айға дейiнгі мерзiмге тоқтата отырып, қоғамдық бiрлестiктiң басшыларына - айлық есептiк көрсеткіштің жүз елуге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiктің мүшелеріне айлық есептiк көрсеткіштің жүзге дейінгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, сол сияқты осы баптың үшінші бөлігінде көзделген бұзушылықтарды жоймау, -
қоғамдық бiрлестіктің қызметiне тыйым сала отырып, қоғамдық бiрлестiктің басшыларына - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiктің мүшелерiне айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.