2005 ж. 23 ақпанға дейін қолданылған 374-баптың редакциясы
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 374-бап өзгертілді
374-бап. Қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдарды бұзу
1. Қоғамдық бiрлестiктiң басшылары мен мүшелерiнiң осы қоғамдық бiрлестiктердiң жарғыларымен белгiленген мақсаттары мен мiндеттерiнiң шегiнен шығып кеткен немесе Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдарын бұзатын iс-әрекеттер жасауы, -
ескерту жасауға немесе қоғамдық бiрлестiктiң басшы органы құрамына кiретiн адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қоғамдық бiрлестiктiң Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуы не осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде нақ сол iс-әрекеттердi қайталап жасауы, -
қоғамдық бiрлестiк қызметiн алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұрып, қоғамдық бiрлестiктiң басшы органының құрамына кiретiн адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
осы қоғамдық бiрлестiктiң қызметiне тыйым салуға әкеп соғады.